Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

 Қазақ тілі | ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Мазмұны

Кіріспе.....................................................................................................................3

I тарау. Жаңа оқу - әдістемелік кешенінді мектеп тәжірибесіне еңгізу
маңызы..................................................................................6
1.1. Жаңа оқу - әдістемелік кешенге түсінік және оның атқаратын
қызметі..................................................................................6
1.2. Бастауыш сынып оқыту процесіне жаңа оқу - әдістемелік кешенді
енгізудің мүмкіндіктері мен шарттары.............................18

II тарау. Қазақ тілі пәні бойынша жаңа оқу - әдістемелік кешенін жүзеге
асыру жолдары ...................................................................26
2.1. Қазақ тілі оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің мазмұны мен
құрылымы...........................................................................26
2.2. Мұғалімдер тәжірибесі .................................................................................37

Қорытынды............................................................................................................46
Пайдалынған әдебиеттер......................................................................................47


I ТАРАУ. ЖАҢА ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДІ МЕКТЕП ТӘЖІРИБЕСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ
МАҢЫЗЫ

1.1. Жаңа оқу - әдістемелік кешенге түсінік және оның атқаратын
қызметі

Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік- эконмикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік кеңістігіне енуіне байланысты қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білік беру саясатының жүзеге асыруын және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.Қоғамның білім беру жүйесіне қойып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асыруы өз кезегінде жаңа буын оқулықтар мен
оқу- әдістемелік кешенді алып келді.
«Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында» бастауыш мектептің маңызы мен қызметі, оның білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас
болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді делінген.
Бастауыш мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің. Белгілі қызметін атқарады, оның құрлымы мен мазмұны, оқыту әдістері, оқу-әдістемелік кешендері жаңартылды. Оқу - әдістемелік кешен деп дидактикалық - әдістемелік құралдардың жиынтығын атайды.Оның өзегі оқушының танымдық әрекетіе басқарудың әдістемелік жүйесі тұтастығын қамтамасыз ететін оқулық болып табылады.
Оқулық – оқу-әдістемелік кешеннің дидактикалық өзегі. Оқулық - оқушыларға білім берудің негізгі көзі.
Оқулықтың атқаратын үш міндеті – оқушыға білім беру, ой - өрісін дамыту және тәрбиелеу, әр сыныптың мектептегі оқыту жүйесіндегі қойылган мақсатына қарай айқындалады. Өйткені, оқулық сол сыныпқа
арналған бағдарламада көрсетілген материалдан ғана емес, сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс істеу бағдарламасын, игерген білімдерін өзіндік бақылау жүйесінен тұрады. Онда оқушының оқу материалымен істелетін жұмыстарды (мысалы: оқып шығу, бұрын алған материалдарына сүйеніп, тапсырманың тастап кеткен тұстарын толтыру, сұрақтарға жауап беру немесе бірнеше жауаптың ішінен дұрысын табу т.б) белгілі бір тәртіппен орындау жөнінде де нұсқау берілген.
Оқулықтың атқаратын міндеттері үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын өз төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді.
Барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарлама мақсаттары-на қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп,оқулықтың бұл қызметі мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына, оқушылардың ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне,алған білімдерін тереңдете түсулеріне және ол білімдерді практикада қолдана білу шеберліктерін қалыптастыуға арналған.
Бастауыш мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады,оның құрылымы мен мазмұнын оқыту әдістері, оқу әдістемелік кешендері заман талабына сай жаңартылды.
Білім беру ісі қай кезде болсын озық ойшылдар мен елбасыларының ерекше назарында болған. Бұл жүйе – көп салалы, өте күрделі жүйе. Ғылымның негізі білімде болса, білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Сондықтан біз елдің келешегін, мемлекетіміздің дамып гулденуін діттер болсақ, ең алдымен: «Орта мектепте білім беру жайы қандай деңгейде» - деген сұрақты алға тартуымыз қажет. Ал білімнің қайнар көзі – оқулықта екенін әсте естен шығаруға болмайды.
Елімізде білім беру жүйесін реформалауда атқарылып жатқан ауқымды іс-шаралардың қатарында жаңа буын оқулықтарын шығару міндеті тұрды. Үкіметтің арнайы қаулысымен 1996 жылдың 26 қыркуйегінде бекітілген жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басын шығарудың мақсатты бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаға сәйкес 2000-2001 оқу жылында еліміздің барлық 1-4 сынып оқушылары жаңа буын оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Бұл - қазіргі уақытта мыңнан аса оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер тугел қамтамасыз етілді деген сөз .
Жалпы қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып,оқулық жазу ісі ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылында едәуір жандана түсті. Бұл кезде қазақ зиялыларының әмбебап дарынды және қоғамдық – саяси белсенділігі кушті, қуатты шоғыры қалыптасқан еді.Олардың көпшілігі алғашқы қадамдарын мұғалімдіктен бастаған,ағарту ісіне жетік кісілер еді. Олар халықтың болашағын жас ұрпақты оқытып,оларға жаңаша білім,тәрбие беретін ұлттық мектеппен байланыстыра қарастырды. Қазақ топырағындағы ояну кезеңнің ең көрнекті кемел тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектеп-оқу таза ана тілінде жүретін мектеп болу керек, ондағы оқу мазмұны халық білімін, бағзыдан бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүр, тәрбие жол-жосығымен, бостандыққа ұмтылған мақсат – мұратыменетене қабысып жатуы,заманауи білім беруі керек» деп жазды. Ғұламаның 1910 жылы жарық көрген тұңғыш басылым Әліппесі мен 1912-1914 жылдары басылып шыққан «Оқу кітаптарында» жоғарыда аталған талаптар басшылыққа алынған.
Қазақ даласында ағартушылар идеялары өріс алып, оқуға ұмтылыс арта түскенімен, ұлт мектептерінің дамуы өте баяу болды, оқулықтар мен оқу құралдары да талап деңгейінен төмен, кездейсоқ, жүрдім-жаздым жазылады.
Оның басты себептерінің ьірі- патша үкіметінің ұлттық оянуға түрткң болатын үрдістерге жол бермей,бүратана халықтарды орыстандыру бағытын
күейте түсуі еді. Қазан университетінің профессоры, миссионер Н.М.Ильминский «Мектеп ашу арқылы бөгде халықтарды оқыту жүйесін алға қоятын мақсаты - оларды орыстандыру және тіл жағынан да, дін жағынан да орыстарға мүлде қосып жіберу» деп, тап сол кезеңде жазған болатын (Бейсембаев К. Из истории общественной мысли Казакстана – второй половины ХХ века, Алма-Ата, 1957,142-бет.).
Жоғарыда айтқанымыздай алпыс жылдан аса уақыт бойы Карпат тауларынан Чукоткаға дейін, Челюскин мүйісінен Кушкаға дейінгі алып елде қоғамдық даму деңгейі, мәдениеті мен ұлттық менталитеті, дүние танымы әр – түрлі көптеген ұлттар өмір сүрді. Бірақ, олардың мектептерінде бұл ұлттар жайлы білім нанымы мүлдем аз, тіпті мүлде жоқ, тек қана ірі қала мектептерінің ерекшеліктерінбілетін авторлар дайындаған оқу жоспары,оқу бағдарламалары, оқулықтар мен басқа да оқу құралдары пайдаланылды. Бұл өз кезегінде орыс тілінен басқа ұлт мектептеріндегі оқушылардың білім сапасына теріс ықпалын тигізді.
Осындай жағдайдаы ескере отырып, республика ғалымдары еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму тенденциясын, республикамыздың аймақтық ерекшеліктерін, әлемдік деңгейдегі білім беру бағытының даму ерекшеліктерін, ескере отырып, базистік оқу жоспарын дайындап мектепке енгізуді бірте-бірте жүзеге асырып келеді. Біздің базистік оқу жоспары-ның Ресейдегі сәйкес құжаттан айырмашылығы үлкен. Сондықтан, бұл нормативті құжат негізінде дайындалған оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің Ресейдегі осы аттас мәселелерден айырмашылығы үлкен. Соған қарамай, кейбір мектептерде Ресей оқулықтарын пайдалану жағы бар. Мұнда Ресей оқулықтарын пайдаланудың тәуелсіздігімізге, ішкі ісімізге қол сұғу жағын ескермей-ақ, таза педагогикалық, әдістемелік жағын математиканың мысалында қарап көрейікші. Ресейде қазір бастауыш математикаға арналған оқулық көп. Бірақ, ол оқулықтардың өзіндік ерекшеліктері бар. Мұнда тіпті адамның, жер-судың, тау-тастың, ауыл-қаланың, аттары немесе мақалада айтылған рубль-теңге сияқтылар жайлы мәселені есептемегеннің өзінде олардың мектептерінің құрылымы біздікімен барлық кезде сәйкес емес. Сондықтан, біздің кітап дүкендеріміздегі кейбір Ресей оқулықтары үш жылдық бастауыш мектепке арналған және мұндағы ең бір ескеретін жәй, мектепке арналған және мұндағы ең бір ескеретін жай,олардың кейбіреуі- байқау оқулықтары. Мысалы:
1.В.В.Давыдов, С.Ф.Горбов. Г.Г.Микулина. О.В.Савельева.
Әйгілі ақын М.Жұмабаев 1921жылы «Бостандық туы» газетінде жарияланған «Жазылшақ оқу құралдары һөм мектебіміз» деген бағдарламалық мақаласында:»Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай құрылуына барып тіреледі. Мектебімізде таза, сау,берік һәм өз жонымызға қабыстын, үйлесетін негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» деп, сол кезеңдегі қазақ зиялыларының ортақ ойын білдірді. Жас кемеңгер М.Әуезов: «Ел болам десең -бесіңді түзе!» деген қанатты сөзін де осы кезеңде айтқан еді. Бірақ зиялылардың ұйытқы тобы- 20-жылдардың аяғына қарай ұзамай шеттеліп,оның ақыры жаппай қадалауға ұласты. Соның салдарынан оқулық жазу ісі іркіліске ұшырады ал олардың «ұлт жанына қабысуы» туралы мәселе жайына қалды.
1926 жылы қабылданған еңбек мектебінің жарғысы бойынша
Қазақстандағы білім беру жүйесі КСРО—лық ортақ жүйеге көшірілді. Осы тәртіп, негізінен,кеше Кеңес Одағы тарап кеткенге дейін сақталды.
Ғасыр басынан бергі 40-50 жыл ішінде тәжірибелі де білімді көрнекті қазақ оқығандары жазған оқулықтар мен оқу құралдары «зиянды дүниелер» ретінде кезек-кезегімен жинап алынып немесе жойылып жіберіліп отырды. Сөйтіп қазақ оқулықтарын жасаудың жарты ғасырға жуық тәжірибесі де, мазмұндық-әдістемелік сабақтастығы да еленбей қала берді. Соның салдарынан қазақ тілінде оқулық түзеудің біртұтас әдістемелік-дидактикалық ұстанымдары көпке дейін жасалмады, әр автор оқулықты өз білгенінше жазды.
КеңесОдағы кезінде қолданылған ана тілі мен әдебиетінен басқа оқулықтардың бәрі дерлік аударма оқулықтар еді. Орыстың үлкен оқымысты, тәжірибелі педагогтары жазған ол оқулықтардың ғылыми-әдістемелік сапасының жоғары болғанын жоққа шығарудың жөні жоқ. Қазақ жастарының бірнеше ұрпағы солардың аудармаларынан оқып, пән негіздері бойынша тиянақты, терең білім алып шықты. Әйтсе де, жоғалтқандары да аз емес. Әлгі оқулықтарды оқып отырып, олар өздерінің қазақ деген жұрттың перзенті екенін, елінің тарихы мен салт-дәстүрі, даңқты ата-бабалары, сүйікті атамекені, тіпті қазақы аты-жөні барын еске түсірерліктей де ештеңе кездестірмеді. Төл оқулықтар-дың өзінде орыс тіліндегідей жазылатын әрі айтылатын жат жұрттық сөздер, жер-су, кісі аттары өріп жүрді. Тіліміз қатты шұбарланып, жанға жағымды байырғы әуен-мақамы бұзылды. Мәңгүрттік дерт осылайша шым-шымдап бойға жұға берді.
Дегенмен қазақ тілінде оқитын орта мектептер мен жекелеген факультеттерге арнап шын мніндегі сапалы оқулықтар жазған аса көрнекті ғалымдар: Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов, Е.Бекмақанов, Б.Кенжебаев, М.Ақышжанов, М.Ғабдуллин, Т.Тәжібаевтің, оларға ілесе шыққан дарындар: С.Қирабаев, З.Қабдолов, А.Нұрқатов, К.Аханов, Ә.Хасенов,Х.Әбілқаевтің, гуманитар емес саланың қазақша ғылыми тілін қалыптастырып, аударма-түсіндірме сөздіктерін түзеп, оқулықтарын сапалы етіп аударған белгілі ғалымдар: О.Жәутіков, Б.Бірімжанов, Т.Дарқанбаев, М.Ысқақов, Т.Мұсақұлов, Р.Бөкейхановтар-дың еңбегін ерекшелеп атамау әділеттік болмас еді. Олар өз оқулық-тары арқылы егемендікке ие болар ұрпақтарды даярлауға үлкен үлес қосты. Ендеше ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қазақтың кемеңгер зиялылары көтерген оқу құралдарының «ұлт мінезді» болуы жайын-дағы өміршең идеяларын, уақыт өзгерістерін ескере отырып, жүзеге асыратын кез енді туды.
Оқытудың мектептік, сыныптық жүйесі өмірге келгелі, адамзат өзінің ұзақ тарихында жинақтаған бағалы білім, тәжірибелерін, ашқан ғылыми жаңалықтарын, жасаған рухани-мәдени құндылықтары мен тәрбие, өнеге үрдістерін жеткіншек ұрпағына шама-шарқына шақтап, сатылап жеткізудің, амалдап үйретудің оқулықтан қолайлы құралын ойлап тапқан ешкім жоқ. Білім берудің компьютерлік, аудиовизуал-дық және басқа жаңа құралдары кеңінен, тіпті жаппай іске қосылып отырған біздің дәуірде де мектеп оқулығының рөлі арта түспесе, кемімейтіні даусыз.
Білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле-жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Осы екі арна мемлекеттік оқу бағдарламасында, сол негізде оқу құралдарын да көрініс тауып, тоғыстырылуы қажет. Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дамытуда да жаңа буын оқулықтарымыз үлкен рөл атқаратын болады. Алмұндай ауқымды, тарихи мәнге ие міндеттің үрдісінен шығу және оны біршама қысқа мерзімде ойдағыдай іске асыру біз ойлағандай оңай шаруа емес. Оқулық шығаруға қажетті объективті және субъективті шарт-жағдайлары сайма-сай өркениетті елдердің өзінде жаңа оқулықты құрастыра бастаудан оны пайдаланушыларын-оқушылар мен оқытушыларға жеткізуге дейін, шамамен, бес жылдай уақыт кететін көрінеді.
Көрнекті француз педагогі Р.Сегэн өзінің мектеп оқулықтарын талдауәдістемесі арналған іргелі еңбегінде қолжазбаны дайындау, редакциялау, басып шығару мен тарату 6 жыл керек депті. Мұндай пікірді орыс ғалымдары қолдайды. Ал француз тілінен орысшаға аударылып басылған «Мектеп оқулықтарын әзірлеу және талдау» (1998 ж.) атты көлемді зерттеудің авторлары алғашқы материал жинау және жоспар құруды, авторлар ұжымын жасақтап, оларды оқулық құраструға үйретуді де әзірлік кезенге жатқызып. соның бәріне кететін уақытты ұзарту түседі.
Жаңа сапалы пән оқулықтарын түзу үшін, ғылымның не маман педагогтың қолына құлшынып қалам алуы ғана жеткіліксіз. Іс жүзінде атына заты сай оқулық жазу – орасан қиын іс ал оған қойылатын талаптар - өз алдына бір ғылым. Оқулық теориясын, оқулық жазуға қойылатын дидактикалық талаптарды үңіле зерттеп,сол негізде жазбақшы оқулығына қатысты тыңғылықты әзірлік жұмысын жүргізбей тұрып, кімде болса, төтеден киіліп, сапалы оқулық хазып шығам десе, онысы көпіршілік. оқулық жазудың машақатын басына өткерген әйгілі ғалым, академик А. Колмагоров оның қиындығын жаңа бір реактивтік ұшақ құрастырып шығумен теңнген екен. мұның қаншалық дәл сәтті салыстыру екенін оқырманөзі пайымдай жатар, бірақ оның жеткіншек ұрпақ алдыңғы авторлық жауапкершілікті анық сезінуден туған аталы сөз екені даусыз.
Авторлар көптеген мәселелерді өз түсінігі ауқымында шеше отырып, негізінен, бұрынғы немесе қазір Ресейде орыс тілінде жазылып, жарық көріп жатқан оқулықтарды бағдар етуде. Ал ресейліктердің өздері, атап айтқанда, жаңашыл озат ұстаздары соңғы 20-30 жылда оқу сапасы нашарлап, оқушылардың үлгірімі төмендеп кеткенін негізгі себебін оқулықтарының сапасыздығынан көреді.
Бұл орайда ана тілімізде оқулық жазудың бұрын-соңды тәжірибелнрін зерттеп, жинақтаудың да берері аз болмас еді. Өкінішке орай, бұл жөнінде әзірге, тиіп-қашты ғана сөз болып жүр, қазақ тілінде оқулық жасаудың ғылыми ұстанымдарын арнайы зерттеген еңбектер жоқ. Егемен ел ретінде өзіміздің ұлттық төл оқулықтарымызды шығаруға кіріскен қазіргі кезде бұл оқулық, әсіресе айқын байқалуда.
Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
Әрбір комплекске кіретін ең негізгі деген оқу - әдістемелік құралдардың тізімі:
1.
2. Оқу әдістемелік.
3. Оқулық
4. Оқу құралдары (хрестоматия, анықтамалықтар, жазу дәптері, күнделік)
5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар.
6. Көрсетілім материалдары (кесте, карта, сурет, муляж, табиғи материалдар).
7. Аудивизуальды құралдар.
8. Оқулыққа әдістемелік нұсқау.
Оқулық теориясы саласындағы іргелі зерттеулер авторларының айтуынша да және баспа тәжірибесінде сан рет өзіміздің де көзіміз жетіп жүргендей, оқулық түзеушіге пәнді терең және жетік білуінің өзі де еске
жеткіліксіз, оқулық авторы мұның сыртында жан-жақты білімдер, ой-өрісі кең оқымысты, жалпы оқулыққа, оның ішінде өзі жазғалы отырған пән оқулығына қойылатын дидактикалық-әдістемелік талаптардан жете хабардар адам болу тиіс. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиясы жөнінде терең түсінігі, бағдарламада көрсетілген білімдерді анықта тұжырымды, тартымды да жүйелі жеткізе алатындай қалам шеберлігі де болуы керек. Бұларға қоса, кейбір пән оқулықтары үшін автордың мақсатты түрде айлар, айлар, жылдар бойы жинап-теріп, талғап-іріктеген сапалы да мол материалы болмаса, басқа шартты толық болмағанымен, діттеген мақсатын ойдағыдай іске асыра алмауы әбден мүмкін.
Оқулық жазуға ыждағатты арнайы әзірлік қажетекеніне мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, егемендік алғалы бері республикамызда ғылымның әр саласына жататын пәндер бойыншакөптеген жана оқулықтар жазылып, жарық көрді.Олардың авторлары ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары мен тәжірибелі мектеп мұғалімдері, еліміздің бетке ұстар оқымстылары бар. Бірақ сол оқулықтардың кейбіреуі туралы қолжазба күйінде де, жарық көргеннен кейін де сын-ескертпелер айтылғанын, тіпті аударма оқулықтармен ауыстырғандары да барын құпиялардың қажеті жоқ. Ал ғылымда зор атағы бар көрнекті ғалымдарымыздың қаламынан шыққан қолжазбалардың да бәрі бірдей рецензенттер мен редакторларды селт еткізіп, тамсандыра қойған жоқ. Сонда бұны немен түсіндіруге болады? Оқулықтардың кейбірі авторларлардың тақырыптарды жете игермеуіне, жазуға шорқақтарына, қазақша сөз қорлығының тапшылығына және т.б. байланысты кедір бұдырлау, жүйесісдер аударма сияқтылау болып кетсе, тағы іреулері пәнді емес, ғылымды баяндаған монографияларға ұқсанқырап кетеді. Алғалқыларында дидактикалық шарттылықтарды сақтауға тырысушылық болғанымен мағына бұлдырлығы, түрлі ұғым, анықтама, заңдарды дәлелдеп тұжырымдауды орашолақтық орын алса , сонғылаында әдістемелік талаптарды жөнді ескерілмеген болып шығады.
Оқулықта ғылым негіздерін, оның зандары мен әдістерін жай ғана баяндап қоюмен іс бітпейді, бұл жағынан бұның басқа кітаптардан айырмашылығы: Оқулық, ең алдымен, теориялық материалды оқытуды мақсатына сай талғап, іріктеп алуымен, білімдерді баяндап жеткізудің өзіндік әдістемелік формасымен және бірізділігімен, тәрбиелік мақсаттағы материалдың болуымен, пәннің маман емес оқырманға – оқушыға арналғанын ескерумен ерекшеленеді.
Оқулық сонымен қатар әйтеуір бір оқырманға емес, белгілі бір дәрежеде дайындығы бар, белгілі бір оқу сатысындағы, яғни белгілі бір сыныптағы оқушыларға арналады. Оқулықтың атқаратын үш міндеті: білім беру, дамыту, тәрбиелеу – міне, осы сыныптың мектептегі оқыту жүйесіндегі реттік орнына карай айқындалады. Өйткені оқулық сол сыныпқа арналған бағдарламада керсегілген материалдан ғана емес, сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс істеу бағдарламасынан, игерген білімдерін езіндік бақылау жүйесінен тұрады. Онда оқушының оқу материалымен істелетін жұмыстарды
(мысалы, оқып шығу, бұрын алған мағлұматтарына сүйеніп, тапсырманың тастап кеткен тұстарын толтыру, сұрақтарға жауап беру немесе бірнеше жауаптың ішінен дұрысын табу, т.б.) белгілі бір тәртіппен орындау жөнінде де нұсқау беріледі.
Оқулық қатаң түрде бағдарлама байынша жазылады . онда қамтылатын материал бағдарламада көрсетілгеннен көп те, аз да болмауы тиіс. Тек кейбір жағдайда ғана автор оқулық мазмұнының логикасынан туындайтын азды-көпті орынды ауытқуларға баруы мүмкін. Әйтпесе, оқулықты бағалауда: онда пәнді оқып – үйренудің бағдарламада тұжырымдалған жалпы мақсатының көрініс тапқан-тапағаны : пәннің тәрбиелік жағынан қаншалық қамтылғаны : ғылымның тәжрибесімен байланысын көрсететін материалдың бар-жоғы: бағдарламада санамалап көрсетілген материалдардың бәрінің кірген-кірмегені : оқу материалын баяндаудың бірізділігі (бағдарлама бойынша) мен белгіленген көлемнің сақталған – сақталмағаны тәрізді мазмұндық және әдістемелік тұтастықты білдіретін шарттар негізге алынуы тиіс.
Әрине материалдың ғылыми деңгейі, бағдарламалық қағидаларды баяндау мен ашып түсіндірудегі әдеби (жазу) және әдістемелік шеберлік: материалды білім сатысы мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай тапқырлықпен әрі иланымды етіп жаза білу, фактілік материалдарды әрбір параграфқа шақтап өрі дұрыс сұрыптап ала білу: оқулықтың сол сыныптың басқа оқулықтарымен (мысалы, физика мен химия, әдебиет пен тарих, әдебиет пен тіл тарих пен география, т.б.) және төменгі, жоғары сыныпқа арналған сол пән оқулықтарымен байланысы, сөздік құрамы, сөйлемдік құрылымы ( сөздің тура немесе аыспалы мағынада көбірек қолданылуы, жәй, құрмалас,күрделі,аралас құрмалас сөйлемдерді қолдану, т.б.) стилі (баяндау,суреттеу,сипаттау тәсілдерін, бейнелі, көркем айшықты сөздерді орынды қолдану, т.б.) және т.б. оқулық сапасын анықтайтын басты критерийлер болып табылады .
Оқытудың бірден-бір мақсаты -өзіне тән педагогикалық тәсілдер арқылы жеткіншек ұрпақты адам баласының өзінің ұзақ тарихында жинақтаған білім, тәжрибесімен қаруландыра отырып, сол қоғамның мұраттарына сәйкес тәрбиелеу жеке тұлға етіп қалыптастыру. Бұл мақсат, негізінен, оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Соған орай оқулық әдебиет өзі ұсынатын білімдерді дидактикалық талаптарға сүйеніп,айырықша ыждағатпен елеп – екшелеп алады да, өмірдің ( табиғаттың) өзінде солай болғандай етіп жүйелейді. Мұны оқытудың білім беру\, дамыту, тәрбиелеу ұстанымдарына сай жүзеге асыру - өз алдына бір ғылым. Бұл ғылымнан оқу құралдарын жасауға қатысы бар адамдардың бәрі ( афторларды жасақтап,оқу құралдарын әзірлеу үрдісін басқарушылар афторлар, арнаулы редакторлар .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру