Экономика | Кәсіпорынның табыстылығын талдау

 Экономика | Кәсіпорынның табыстылығын талдау

Мазмұны

Кіріспе ..........................................................................................3-4

I. Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу
көздері ............................................................................................5-14
1.1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметі мен принцип -
тері .............................................................................................5-7
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу
көздері ......................................................................................8-11
1.3. Кәсіпорынның инвестициялық қызметі және
экономикалық қорлар.........................................................12-14
II. Кәсіпорынның табыстылығын талдау ...............................15-34
2.1. Кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін тал-
дау ..........................................................................................15-16
2.2.Табыстылықтың абсолютті көрсеткішінтерін тал -
дау ..........................................................................................17-25
2.3.Табыстылықтың салыстармалы көрсеткіштерін тал -
дау ..........................................................................................26-34
III. Кәсіпорынның қаржылық ресурс көздерін арттыру
мақсатындағы іс – шараларды жетілдіру ........................35-39

Қорытынды.................................................................................40-41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................42


I. Кәсіпорын қаржысы және оның ресурстарының қалыптасу көздері
1.1. Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері мен принциптері

Қаржы – ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне кіретіндер:
- мемлекеттік қаржылар (республикалық бюджет, халықты әлеуметтік сақтандыру қоры және бюджеттен тыс қорлар: зейнетақы қоры, халықты жұмыспен қамту қоры және т.б)
- жергілікті қаржылар (жергілікті бюджетке түсетін қаржылар).
- кәсіпорын қаржылары.
Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің бірыңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.
Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады. Мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгйінде қалыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігігің 70 – 80 проценті салық түсімдері есебінен құралады.
Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері:
- бөліп – тарату;
- бақылау.
Қаржының бөліп – тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп – тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.
Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан тұрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда құрылады.
Бақылау маңызды екі мәні бар:
- бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері;
- қаржылай ықпалдар.
Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық – жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б) жүзеге асырылады.
Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- қаржылық – шаруашылық қызметтегі дербестік;
- өзін – өзі қаржыландыру және басқару;
- жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік;
- қол жеткен нәтижелерді еселей түсу;
- қаржы резервтерін жасау;
- қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау;
- мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау;
- кәсіпорын қызметтеріне қаржылықбақылау жасау.
Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:
- контрагентпен алғашқы табыстарды қалыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде құру және пайдалану (жарғылық капиталы, өндірісті дамыту қор, көтермелеу, ынталандыру қорлары және т.б) жөнінде;
- кәсіпорындармен – қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім – шарт міндеттерін бұзған жағдайда айып пұлдар төлеттіру және төлеу, әртүрлі пай жарналарын енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде девидендтер алу және т.б);
- өнімді тұтынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорында келісімдерді нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;
- сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;
- банктер жүйесімен алынған соммаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу – кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;
- мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әртүрлі ссалықтар, алымдар, жарналар жүйесін енгізу арқылы жүргізіледі;
- бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы.
- Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұныны құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістік жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.
Қаржы механизмі – бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі 5 элементтердің жиынтығы:
- қаржы әдістері;
- қаржы тетіктері;
- құқықтық қамтамасыз ету;
- нормативтті қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету.
Қаржы әдістері – бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады:
- бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі,
- екінші нарықтық қатынастар бойынша.
Қаржы тетігі – бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс - әрекеттерінде қолдана білу.
Құқықтық қамтамасыз етуге:
- заң актілерінің;
- қаулылардың;
- жарлықтардың;
- басқа да құқықтық құжаттардың орындалуы жатады.
Нормативті қамтамасыз ету мыналар арқылы көрінеді:
- инструкция;
- нормативтер;
- нормалар;
- тарифтік ставкалар;
- әдістемелік нұсқаулар мен көрсеткіштер
Ақпараттық қамтамасыз етуге:
- экономикалық;
- коммерциялық;
- қаржылай;
- басқа да ақпараттар беру кіреді.
Қаржылық ақпараттарда:
- қаржы тұрақтылығы жөнінде мәліметтер;
- әріптестер мен бәсекелестердің төлем қабілеттілігі, бағасы, курсы, дивиденттері;
- тауарлар мен қорларда және валюта нарығындағы проценттері;
- биржалық жәен биржадан тыс нарықтағы істері жөнінде;
- шаруашылық субъектілерінің қаржылық және коммерциялық қызметтері жөнінде хабарлар болуы керек.
Ақпаратты иемдену нарықтағы жағдайды анықтауға бірден – бір пайдалы септігін тигізеді.
1.2. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының пайда болу көздері

Қаржы ресурстары – бұл кәсіпорынның өз қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ағымдағы шығындар мен өндірісті кеңейтуге жұмсалған шығындарды өтеу, қаржыға қатысты міндеттерді және еңбеккерлерді экономикалық жағынан ынталандыру ісін жүзеге асыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар қаржы ресурстары:
- өндірістен тыс саланың объектілерін дамытуға;
- тұтыну;
- жинақтау;
- арнайы резерв қорларын толықтыруға жұмсалады.
Қаржы ресурстарының алғашқы қалыптасуы кәсіпорынның мекеме болып құрылған, яғни жарғылық капитал жинаған кезіне сай келеді.
Жарғылық капитал – бұл құрылтайшылар үлесінің негізінде құрылған кәсіпорынның мүлкі.
Қаржы ресурстары негізінен пайданың есебінен қалыптасады. Сонымен қатар:
- тозығы жеткен (істен шығарылған) мүліктерді сатудан түскен түсімдер;
- тұрақты пассивтер;
- әр түрлі мақсатты түсімдер;
- ұжым мүшелерінің әртүрлі жарналары мен үлестерінен құрылады.
Тұрақты пассивтерге қатыстылар:
- жарғылық, резервтік және т.б капиталдар;
- ұзақ мерзімді қарыздар;
- кәсіпорынның айналымдағы несиелік қарыздар.
Қомақты қаржы ресурстары:
- кәсіпорынды құру немесе оны қайта құру кезеңінде;
- акция, облигация және басқа да құнды қағаздарды сату;
- құнды қағаздар және басқа да эмитенттердің дивидендтері мен проценттерінен;
- қаржы операцияларынан түскен табыстар мен несиелерден пайда болады.
Кәсіпорын қаржы ресурстарын:
- өздері мүше ассосиациялары мен концерндерден;
- өздері бағынышты ұйымдардан;
- мемлекеттік басқару органдарынан бюджеттік жәрдем түрінде;
- сақтандыру ұйымдарынан алуы мүмкін.
Қайта бөлу кезінде қалыптасқан қаржы ресурстарының бұл топтарында сақтандыру қорынан түскен төлемдердің көлемі барған сайын артып отырады, ал түсімнің шығындар тізімі қатаң шектелетін бюджеттік және салалық көздері азайып отырады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану мына бағыттарда жүзеге асады:
- өнімдерді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға қатысты ағымдық шығындар;
- өндірісті ұлғайтуда және оны техникалық жағынан жаңғыртуда, материалдық емес активтерді пайдалануда инвестицияланған қаражаттарды капиталға қосу;
- құнды қағаздарға қатысты қаржы ресурстарын инвестициялау;
- қаржылық, банктік төлемдер, бюджеттен тыс қорларға тиісті жарналар төлеу;
- әр түрлі ақша қорларын және олардың резервтерін құру, сыйлықтар беру және басқа сол сияқты әлеуметтік сипаттағы төлемдерді жасау;
- қайырымдылық мақсаттағы демеушілік көмектер беру.

1- сурет Қаржы ресурстары

Жалпы қоғамдық өнім
С v М
Материалдық шығындар Қажетті өнім Қосымша өнім


Өзіндік құн (шығындар)
Амортизация-
лық аударым
Айнал-
ымда-
ғы қа-ражат-
Мате-
риал-
дық
шығын-
дар құ-
рамын-
дағы тө-лемдер
Ұлтт Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар
(әлеуметтік салық) Таза табыс



Халықтан алынатын салықтар
Қарыздар мен лотореялар
Ерікті жарналар


Жанама салықтар
( қосылған құнға
салынатын салық,
акциздер,
басқалары)

Роялти, бонустар
Табиғи ресурстар үшін төлемдер
Баждар, лицензиялар үшін төлемдер
Тіркеу алымдары Табиғатты қорғау қорына төленетін төлем
Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер

Сыртқы көздерден түсетін түсімдер

Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы
2 - сурет
Кәсіпорынның қаржы ресурстары


Меншіктік және басқа да қаржылар негізінде келтірілгендер Қаржы нарығында жұмылдырылғандар
Қайта бөлу ретінде түсетіндер
- негізгі қызметінен түскен пайда
- кеткен мүлікті сатудан түскен пайда
- өткізуден тыс операциялар пайдасы
- орнықты пассивтер
- мақсатты түсімдер
- ұжым мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары
- меншікті құнды қағаздарын сату
- дивидендтер және құнды қағаздар проценті
- несие - сақтандыру өтемі
- концерн, ассоциация, салалық құрылымдардан түсетін қаржы ресурстары
- үлестік жарналарды қалыптастырудағы қаржы ресурстары
- бюджеттік демеу қаржысы
3 – сурет Кәсіпорындарда қаржы ресурстарының құрылымы мен көздері.
Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық 3 элементі: «с», «v», «м», болып табылады (1-суретте көрсетілген), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әртүрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, «С» элементін кеңейту үшін қосымша қаржы ресурстар тарту керек. «V» элементі қызметкерлердің жеке табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытты көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін); сақтық төлемдері (сыйақылар); басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар). «М» элементі табыс, өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде және микродеңгейде іс - әрекет ететін көздер болып бөлінеді:
Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- Жалпы ішкі өнім
- Ұлттық байлық
- Тартылған ресурстар
Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері болып:
- меншікті қаржы ресурстарының көздері
- өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру