Экономика | Кәсіпорында кадрлармен жұмыс және оның негізгі түрлері
Мазмұны
Кіріспе…………..……………………………………………………….…3
I. Жұмыс күші факторының мәні мен маңызы.
1.1. Жұмыс күші туралы түсінік және оның маңызы. ………………..4
1.2. Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі. ……...…6
1.3. Кәсіпорындағы жұмыс күші факторының құқықтық жағдайы….8
II. Кәсіпорында кадрлармен жұмыс және оның негізгі түрлері.
2.1. Кәсіпорындағы кадр саясаты……………………………………...10
2.2. Еңбек қарым-қатынасы……………………………………………16
2.3. “Интер-мода” ЖШС-ның жүмыс күшін талдау………………….18
III. Кәсіпорындағы кадрлар потенциалын жоғарылату.
3.1. Персоналды іріктеп алу мен дайындаудағы негізгі функциясы..32
3.2. Персоналдың кәсіби дайындығын жетілдіру жолдары…………40
Қорытынды………………………………………….……….…………43
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………...44.....
1.1. Жұмыс күші туралы түсінік және оның маңызы.
Нарықтық экономика жағдайында қандай да бір кәсіпорын, өнеркәсіп болмасын өз жұмысын қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра отырып, пайда табу мақсатында өнім өніру және қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады. Осы мақсатта әрбір кәсіпорын еңбек өнімділігін жоғарылату керек. Ал еңбек өнімділігін жоғарылату үшін оған бірнеше факторлар әсер етеді. Кәсіпорын үшін жұмыс процесіне қатысатын әрбір фактордың өзіндік мәні мен мазмұны болады.
Кәсіпорын үшін еңбек өнімділігін жоғарылатуға қатысатын ең маңызды факторлардың бірі - жұмыс күші факторының мәніне тоқталып өтейік.
Экономикалық теорияда “Жұмыс күші” - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығын білдіреді және бұл кәсіпорындарда қызмет істейтін адамдармен тікелей байланысты. Нарықтық экономика жағдайында “еңбекке қабілеттілік” жұмыс күші ретінде тауарға айналады. Бірақ, бұл әдеттегі тауар емес. Оның басқа тауарларға қарағандағы айырмашылығы - біріншіден, жұмыс күші өзіне қарағанда құнды көп жасайды; екіншіден, жұмыс күшін қатыстырусыз кез келген өндірісті жүзеге асыруға болмайды; үшіншіден, жұмыс күші негізгі және айналым өндірістік қорлардың тиімді пайдаланылуына, жалпы алғанда шаруашылық жүргізудің экономикалық тиімділігіне байланысты болады.
Сондықтан да әрбір кәсіпорын өзінің экономикасын тиімді жүргізу үшін жұмыс күшінің мұқтаждығын қанағаттандыру арқылы тауар өндіру мен қызмет көрсетуде тиімді, өнімді жұмыс жүргізуді қолға ала отырып, кәсіпорындағы кадрлар жағдайын тиімді реттеп отыру керек.
Сондықтан әрбір кәсіпорында кадр саясаты әзірленіп,ол іске асырылуы қажет. Сөйтіп, мына төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғаны жөн:
• жұмысқа қабілетті және іскер ұжым құру;
• кәсіпорынның білікті қызметкерлерінің деңгейін арттыру;
• жынысы және жасының құрамына қарай оңтайлы еңбек ұжымын құру;
• қолынан іс келетін, өзгеретін мән-жайға оралымды әсерін тигізетін, сезінетін, жаңа алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді өндіріске енгізу кезінде істің есебін білетін жоғары кәсіптік басшылық етуші буынды құру.
Өндірістік процеске қатысуына байланысты кәсіпорынның жеке құрамы екі топқа бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер және бейөнеркәсіптік.
Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерге жататындар: тікелей өндіріспен және оған қызмет көрсетушілер.
Бейөнеркәсіптік қызметкерлерге - өндіріспен және оған қызмет көрсетумен тікелей айналыспайтындар жатады. Негізінен олар: кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық пен балалар және дәрігерлік-санитарлық мекемелердің қызметкерлері кіреді.
Өз кезегінде өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер олардың орындайтын жұмысына байланысты мына төмендегі санаттарға топтастырылады: жұмысшылар, басшылар, мамандар, қызметкерлер.
Жұмысшыларға жататындар: кәсіпорындарда тікелей материалдық құндылық немесе өндірістік және көлік қызметін көрсетумен айналысатындар. Жұмысшылар, сондай-ақ негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізіне жататындар: тікелей өнімді шығарумен айналысатын жұмысшылар, көмекші өндіріске қызмет көрсететіндер.
Мамандарға жататындар: бухгалтерлер, экономистер, техниктер, механиктер, психологтар, социологтар, суретшілер, тауар мамандары, технологтар және т.б.
Қызметкерлерге жататындар: жабдықтау агенттері, машинисткалар, хатшы - машинисткалар, кассирлер, іс-қағаздарын жүргізушілер, экспедиторлар, тізімдеушілер және т.б.
Басшылар - бұл кәсіпорындарда басшылық қызметті атқаратын қызметкерлер (директорлар, бас мамандар т.б.)
Жұмыс күші адамның табиғи және ой қабілеттілгінің жиынтығы, оның еңбекке деген қабілеттілігі. Жақсы іріктелініп алынған кәсіпорынның еңбек күші кәсіпорынның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл кәсіпорын басшылығының түпкі ойын ұғыну, түсіну және оларды іске асыруға қабілетті пікірлес және серіктес команда болуы тиіс. Бұл кәсіпорын қызметінің табысына және кәсіпорынның өркендеуіне кепілдік береді.
Адам факторының ықпалы кәссіпорын жұмысының икемділігін арттыруда негізгі аспектілері мыналар болып табылады: кадрларды іріктеу және жылжыту; кадрлар дайындау және үздіксіз оқыту; қызметкер құрамының тұрақтылығы және икемділігі; қызметкерлер еңбегін материалдық және моральдік бағалылығын жетілдіру.
Нарықтық жағдайда кәсіпорындарда еңбек ресурстарына деген көзқарастар өзгеріп отырады. Жұмыскер - өндіріс процесінде бір ғана факторына емес, ал кәсіпорын басшылығы тарапынан түпкілікті қамқорлықтың мақсаты мен көзіне айналады.
Әрбір кәсіпорында кадр саясатының бағдарламасы болғаны жөн. Оның негізгі бағыттары мыналарды қамту қажет:
• жұмыс күшінің саны және кәсіпқой біліктілік жағынан қажеттілікті анықтау;
• арнайы нысандарды тарту;
• кадрларды пайдалануды жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу.
Егер де бұрын кәсіпорындарда кадрларды іріктеу, орналастыру және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға қамқорлық жасалынған болса, ал қазіргі кезде аса маңызды әлеуметтік проблема - ең алдымен жұмыстан босап қалғандарды жұмысқа орналастыру қажет. Сонда ғана біз еліміздегі білікті мамандар мен іскер кадрларды тиімді пайдалана отырып, болашақта еліміздің экономикасын өркендете аламыз. Ал бұл халықтың әлеуметтік –экономикалық мәселелерді шешуде бірден-бір жол болып саналады.
1.2. Қазақстандағы еңбек нарығы және оның жұмыс істеуі.
Жұмыс күші - болашақ тауар ретінде өзін еңбек нарығына өткізеді және өзінің әлеуметтік- экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайдалануды көрсетеді. Нарықта еңбекақы мөлшері және жұмыспен қамтылу жағдайы тіркеледі.
Жұмыспен қамтылу - бұл еңбекақы алу (еңбек табысы) негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамдардың іс-әрекеттері.
Еңбек нарығының мөлшері еңбек ресурстары мен өндіріс күшінің даму ауқымы арқылы анықталады. Кез келген тауарлы рынок өзіне тән кез келген өзге тауарлы нарыққа қарағандағы өзгешелігінің өзгеше белгісі, ол жалдау және жұмыс күшін пайдалану негізінде қызметкерлердің, жұмыс беретіндердің еркіндігі, сонымен қатар мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілділікті қамтамасыз ету пайда болады.
Жұмыс күші нарығы инерциялық қағида бойынша ол өндіріс сияқтанған жылдамдықпен қайта құрылуға қабілетсіз. Кәсіпкерлік құрылымы, сыныптаманың деңгейі және еңбек нарығының басқа да сипаттамасы біршама баяу өзгереді, өндірістің қажеттілігінен артта қалады. Осының нәтижесінде институционалдық жұмыссыздықтың ерекше алуан түрлілігі байқалады. Институционалдық бос жұмыс орындары жөнінде жетілдірілмеген ақпараттың болуынан пайда болған жұмыссыздықты айтуға болады.
Еңбек нарқы кез келген тауарлы нарық сияқты сұраныс пен ұсынысқа негізделген. Сұраныс - бұл жағдайда қажеттілік нысаны ретінде бос жұмыс орындары мен жұмыстың орындалуында бой көтереді, ал ұсыныс қамтылмаған жұмыс күшінің немесе жұмыс орнын өзгерту тілектерінің болуы.
Сұраныс пен ұсыныс қызметкерлер арасында осы немесе басқа да жұмыс істейтін жұмыс орындары және жұмыстарды орындау, сол сияқты жұмыс берушілердің арасында керекті жұмыс күштерін жұмылдыру, қалай өзінің сандық, солай сапалық құрамы жағынан бәсекелестік күрес арқылы іске асады.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса аса күрделі өтпелі кезеңді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді.
Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Себебі, алға қойған саяси-экономикалық және әлеуметтік қатынас негізінен туындаған оның ерекшеліктерін бейнелейтін сапа белгісі. Жұмыспен тиімді қамту әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Міне, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай. Оның мәні рентабельділігі төмен кәсіпорындардың бағытын өзгерту немесе мүлде тарату, нарықтық жағдайға байланысты өндірісті қысқарту, сұраныстың кемуі, өндірістердің салалық құрылымының өзгеруі және басқа да әлеуметтік-экономикалық процесстер салдарынан халықтың еңбекке жарамды бөлігінің жұмыспен қамтамасыз етілмей отырғаны белгілі.
Еңбек нарығында еңбек ресурстарын мемлекеттік реттеу мына негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1. Тауар және қызмет көрсету көлемін ұлғайту бағдарламалары арқылы, жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекеттік және жеке сектордағы жұмыс істейтін адам санын көбейту, әсіресе кіші және орта бизнеспен, кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар санын көбейту.
2. Жұмыс күшін дайындау мен қайта дайындау және кадрлардың квалификациясын қазіргі талаптарға байланысты қайта квалификациялау бағдарламасын жасау.
3. Отандық кәсіпорындарда және шетелдік фирмалармен біріккен және басқаруды шетелдіктерге берген кәсіпорындарға өзіміздің жұмыс күштерін орналастыру бағдарламасы.
4. Жұмыссыздарды әлеуметтік сақтандыру бойынша бағдарлама.
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы және еңбекпен қамтамасыз ету заңдылығының негізінен назар аударсақ, 1999 жылы 10 желтоқсанда қабылданған ҚР дағы “Еңбек туралы ” Заңы. Бұл Заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру процесінде туындайтын еңбек қатнастарын реттейді. Сонымен қатар 1998 жылы 30 желтоқсанда қабылданған “Жұмыспен қамтамасыз ету туралы” Заңы негіздері бойынша жетілдіруді қарастыратынын байқаймыз.
Мемлекет еңбек нарығын реттеуде мынадай іс-шаралар жасау керек:
1. Жұмыспен қамту сферасына байланысты заңдық-нормативтік базаны құрып, оны жетілдіру;
2. Тұрғындарды жұмыспен қамту концепциясына ғылыми негізделген мемлекеттің бағдарламаларын және саясатын анықтау.
3. Қазақстан Республикасының еңбек нарығының моделін және негізгі параметрлерін таңдау.
4. Ұзақ және орта мерзімді еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамту стратегияларын жасау.
5. Тұрғындардың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін әлеуметтік экономикалық және ұйымдық механизмін құру.
1.3. Кәсіпорындағы жұмыс күші факторының құқықтық жағдайы.
Жалпы еңбек құқығы адамның қоғамдық қызметінің негізгі түрін еңбекке қатысуын жанама түрде реттеп отырады. Яғни еңбек нарығындағы түрлі қарым-қатынастар жиынтығын құрайды.Бұл қатынастар жұмыс беруші мен қызметкердің арасында қалыптасады және жұмысқа алу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы төлеу мен еңбек тәртібі еңбекті қорғау және басқа да бірқатар мәселелер бойынша түрлі әлеуметтік байланыстарды қамтиды.
Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері Конституциямызда ҚР Президенті қол қойған арнайы бекітілген еңбек туралы заңы жұмыс істеуде. Атап айтсақ, ҚР Еңбек туралы Заңы 1999 жылы 10 желтоқсан күні қабылданды және 2000 жылы 1-қаңтардан бастап заңдық күшіне енді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек құқығын заң жүзінде реттеп отыру қажет. Мұнсыз олардың көкейкесті мүдделерін қорғау мүмкін емес. Олай болса қызметкердің құқықтарына тоқталамыз.
ҚР Еңбек туралы Заңының 7 - бабына сәйкес қызметкерлердің мынадай құқықтары белгіленген:
• жұмыс берушімен осы Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен жеке еңбек шартын жасасуға, өзгертуге және бұзуға құқылы;
• тең еңбегі үшін қандай да болсын кемсітусіз тең ақы алуға құқылы;
• қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларында жұмыс істеуге құқылы;
• егер басқа заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кәсіподақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға құқылы;
• демалысқа шығуға құқылы;
• өзінің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеттіруге құқылы;
• кепілдіктер мен өтемақылар алуға құқылы;
• еңбек дауларын тараптардың келісуімен немесе сот тәртібімен шешуге құқығы бар;
• жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атына өкілдік ететін лауазымды адамның өкілеттілігін растауды талап етуге құқылы;
• ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға құқылы;
• өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.
Қызметкерлердің міндеттері:
• жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға;
• еңбек тәртібін сақтауға;
• жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге;
• еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігін және өндірістік санитария жөніндегі ережелердің талаптарын орындауға;
• жеке еңбек шартына сәйкес өзіне тапсырылған қызметтік коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
• адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қатер төндіретін ахуал туындағаны туралы хабарлауға міндетті.
Еңбек жағдайының өзгеруі.
Кәсіпорындарда өндірістің өзгеруіне және жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты сол кәсіп мамандық біліктілік қызмет бойынша жұмысты жалғастыру кезінде еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек жағдайларының өзгеруі туралы қызметкер 1 ай бұрын хабардар болуы тиіс. Еңбек жағдайлары өзгерген жағдайда өзгерген жеке еңбек шартына тиісінше толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Жеке ең бек шартында келісілген және оның денсаулығына зиян келтірмейтін, сол кәсіпорындағы басқа жұмысшыларға ауыстыруға құқығы бар.Жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындауға байланысты еңбекте мүгедек болуына, кәсіптік ауруына немесе өзге де зақым келуіне байланысты қызметкерлерлерді еңбек қабілеттілігі қалпына келгеншенемесе мүгедектігінен айыққанша бұрынғы жаллақысымен жаңа жұмыстағы жалақысының айырмасын қосымша төлей отырып, неғұрлым жеңіл жұмысқа ауыстыруға міндетті.
Қызметкердің еңбегіне ақы мерзімдік, кесімді түрде немесе еңбекке ақы төлеудің өзгн де жүйелері бойынша төленеді. Сонымен қатар қызметкердің жалақысы орындалатын жұмыстың саны мен спасына, күрделілігіне қарай белгіленеді.
Еңбек нормалары (жұмыс істеу, уақыт, қызмет көрсету нормалары ) еңбек шығынының өлшемі болып табылады және қызметкер үшін тнхниканың, технологияның, еңбек өндірісін ұйымдастырудың қол жеткен деңгейіне сәйкес белгіленеді. Еңбек нормаларын енгізуді, ауыстыруды және қайта қарауды жұмыс беруші жүргізеді. Еңбектің жаңа нормаларының енгізілетіні туралы қызметкерлерге кемінде бір ай бұрын хабарлануы тиіс. Қызметкерлердің жұмыс істеу нормаларын орындауы үшін жұмыс беруші қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті.
Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік және қызмет жағдайларына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтықта, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа да мән-жайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.
2.1. Кәсіпорындагы кадр саясаты.
Қоғамдық өндірістің басты факторларының бірі - жұмыс күші. Нарықты экономикаға негізделген тауарлы өндірісте жұмыс күші - тауар. Бірақ оның басқа тауарлардан ерекшелігі:
• Біріншіден, ол өзінің құнынан анағұрлым артық тұратын құн құрайды;
• Екіншіден, онсыз кез-келген кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндіктері ешбір жүзеге аспайды;
• Үшіншіден, барлық өндірістік және айналым қорларын пайдаланудың тиімділігі де, міне, осы жұмыс күшіне тікелей байланысты.
Кәсіпорын жағдайында жұмыс күшін мақсатқа сай жұмсау, оны тиімді пайдалану дегеніміз кадр саясатын дұрыс жүргізу деген сөз.
Оның негізгі бағыттары:
• Жұмыс күшінің саны мен сапасы, олардың негізгі және қосымша нысандары;
• Жұмыс күшін пайдалануды жетілдіру, бұл бағыттағы жұмыстардың жәйін талдау;
• Орын алған кемшіліктерді жоюды көздейтін шаралар қабылдау.
Кәсіпорын қызметкерлері:
• Тізімдік;
• Өнеркәсіптік - өндірістік қызметкерлер;
• Өнеркәсіптен тыс қызметкерлер болып бөлінеді.
Кәсіпорын жұмысшыларының тізімдік құрамы - бұл негізгі және одан басқа қызметтерге байланысты, бір күн және одан да ұзақ мерзімге тұрақты және уақытша жұмысқа қабылданғандар.
Тізімдік құрамға енгізілетіндер:
• Нақты жұмыс істейтіндер;
• Жұмысқа жай ғана орналасқандар немесе белгілі бір себептермен жұмыста болмағандар (қызметтік іссапар) және жыл сайынғы еңбек демалысындағылар;
• Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаушылар;
• Денсаулығына байланысты жұмысқа келмегендер;
• Жүктілігі бойынша демалыс алғандар;
• Жалақы төленбейтін уақытша демалыс алғандар;
• Кәсіпорынның балансы негізінде мамандығын көтеруге байланысты оқытындар;
Бір күн немесе бір аптаға толмайтын мерзім бойы жұмыс істейтіндер.
Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер - өндірістік іс-әрекеттерге, өндірістік қызмет көрсетуге тікелей қамтылғандар:
• Негізгі және көмекші цехтың жұмысшылары;
• Зауыттың басқару аппаратындағы лаборатория қызметкерлері;
• Ғылыми-зерттеу және тәжірибелі - конструкторлық бөлім қызметкерлері;.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Кәсіпорында кадрлармен жұмыс және оның негізгі түрлері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Экономика курстық жұмыстар, Кәсіпорында кадрлармен жұмыс және оның негізгі түрлері