Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 Экономика | КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері
1.2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің құжат арқылы рәсімделуі
1.3 «Мирас Строй LTD» ЖШС технико - экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты

2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Жұмысшылар мен қызметкерлер бойынша еңбекақы есебі
2.2 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі
2.3 Қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......


1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері


Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме ағымдық (операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Он екі ай аралығында өтеуге жататын міндеттемелер қысқа мерзімді ретінде танылуы үшін төмендегі жағдайлар орындалуы керек:
- міндеттемелерді орындаудың алғашқы мерзімі он екі айдан асса;
- міндеттемені қайта қаржыландыру немесе төлем жүргізу кестесін өзгерту туралы келісім баланс күнінен соң және шығарылымның қаржылық есептемесі бекітілгенге дейін жасалса.
Ағымдағы міндеттеменің пайда болуына алып келетін өткен оқиға міндеттелген оқиға деп аталады. Міндеттелген оқиға компанияда осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған міндеттемені өтеудің нақты баламасының жоқтығы болып табылады. Бұл:
- компания міндеттемені өтеуге заң бойынша мәжбүр болған жағдайларда ғана жүргізіледі;
- енгізуден туындаған міндеттеме жағдайында оқиға (компанияның іс-әрекетімен болуы мүмкін) басқа тараптарда компанияның өз міндеттемелерін орындағаны туралы негізделген күтулер тудырады.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктен алынған қысқа мерзімді несиелер, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер және кредиторлық берешектер жатады.
Банктен және банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді несиелер. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешіміен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Банк несиені бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі үшін табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса, онда кәсіпорынның берген өтініші оң шешімін табуы мүмкін. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызады. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу (заем). Ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен алынған қарыздарды көрсету үшін 3020 шоты көзделген. Онда алынған қысқа мерзімді қарыздар шетелдік және ұлттық валюталарда көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысу. ҚР еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы – бұл жұмыскерлердің нақтылы атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбекақы – оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбекақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді және салықтармен реттелінеді.
Еңбекақы түрінде табыстарға жалақының, сыйақының, қосымша еңбекақының, үлес ақының, қалам ақының, шәкірт ақының және жалдау (мердігерлік, өзара шарт, келісім) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына, оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез келген түрлері жатады.
Еңбекақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын көруге болады. Еңбекақының атқаратын бес қызметі болады:
1) Ұдайы өндіру қызметі. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен минималды көлеміне байланысты бекітілген.
2) Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3) Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4) Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5) Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні – төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді

Сурет 1 – Еңбекақының атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
Көбінде еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атқаратын қызметтерімен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар қызметтерін жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше қызметтерімен байланысты.
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлеге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорларды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр куатын, суды, газды және т.б. босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу және т.б.) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Бюджетпен есеп айырысу. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар дегеніміз – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
Жеке табыс салығы 10% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан ұсталады. 10% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- дивидендтер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттер кірмейді);
- ұтыс;
- заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марпаттау сомасы кірмейді);
- бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы [7].
3130 «Қосылған құн салығы». Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналамына қосылған, сату айналасына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құн салығы болып табылады, сондай-ақ ҚР аумағына туарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын құрайды (ҚҚС босатылған айналымды қоспағанда)
3140 «Акциздік салық» – сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебиттеліп, 3140 шотының, «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебиттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
3150 «Әлеуметтік салық». Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметік салықтың есебі, 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотын жүреді. Әлеметтік салық ставкасы 11 пайызды құрайды.
3160 «Жер салығы». Бюджетке төленетін жер салығынның есебі 3160 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
3170 «Көлік құралдарына салынатын салық». Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады [6].
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалды және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.
40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7440 «Жалпы және әкімшілік шығыстарының» шоты дебиттеледі де және 3140 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шотының 3170 «Көлік құралдарына салынатын салықтар» деп аталатын субшоты кредиттеледі [3].
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі 3390 «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жабдық міндеттеме» деп аталтын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Аванс – ақшалай міндеттеме есебіне алдын-ала төленген сома. Аванстың төленуі келісім шарттың жасалғанын растай алмайтын, бірақ алдын-ала төленген сома бірнеше функцияларды орындайды, олар:
- белгілі бір мөлшерде келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- міндеттеменің бар екендігін растайды.
- жалпы төлем соманың белгілі бір мөлшері болғандықтан аванс төлемдік қызмет атқарады.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемакысы бойынша есеп айырысу үшін 3510 «Тауарлык-материалдық босалкыларымен жабдықтау үшін алынған аванстар» және 3510 «Орындалатын жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттары пайдаланылады [5].
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.
Алынған аванстар және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210 шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі .

1.2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің құжат арқылы рәсімделуі


Бухгалтерлік есепті бухгалтерия өз бетінше құрылымдық бөлімше ретінде іске асырады, осы орайда бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі нормативті-құқықтық құжат болып саналады. Бухгалтерия қызметкерлерінің лауазымды міндеттері лауазымдық нұсқаулармен реттеледі.
Мүліктермен міндеттемелер бойынша шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебі «1С» компьютерлік бағдарлама пайдалануымен теңгемен жүргізіледі.
Шаруашылық операцялардың іске асырылуы – бастапқы құжаттарды қабылдап, тіркеп, есепке кірістіру бухгалтерияның ішкі бақылауымен жүргізіледі, және келесі шарттар орындалуы керек:
- әр бір жасалған шаруашылық операция дәлелденіп жасалуы;
- әр бір жасалған шаруашылық операция мерзімдегі заңға сайлығы;
- шаруашылық операциялардың жасалуына есепшілердің қабілеттерімен міндеттерінің өкілеттілігі;
- құжатталу мен жүйелік жазбалардың өңделуіне басшылар жағынан бақылануы және басқарылуы;
- активтерге қатысты шектелу – қорғау жүйесі (кәсіпорынның активтеріне бәріде қатысты бола бермейді, жекелеген жауапты тұлғалар ғана);
- тексерушілер тәуелсіз болуы – тәуелсіз бақылау.
Шаруашылық операциялар қозғалысы бухгалтерлік есептің типтік шот жоспарына бойынша жүргізіледі.
Әр бір шотқа ақпарат жинақталуы шот және субшот бойынша жасалады.
Ал, аналитикалық есеп кәсіпорынның қажетіне қарай, кәсіпорынның мүліктер түріне байланысты (негізгі құралдар, материалдар, шығындар түрлері бойынша, өнімдер, есептемелер, резервтер және басқада) жасалады.
Серіктестіктің шаруашылық операцияларына бастапқы құжаттарды бухгалтерия реттеп жинақтайды. Әр шаруашылық операцияға 2007ж. 21.06. 216 ҚР ҚМ «Бастапқы құжаттардың формаларын бекіту» бұйырығымен қарастырылған құжаттар толтырылады - осылар негізінде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.
Қаржы-есептілік құжаттарға және ұйымдастыру-бұйыру құжаттарға қол қою құқықылы қызметкерлер тізімі кәсіпорын басшысымен белгіленеді.
Бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттарға міндетті түрде тексеру жасалады (формасы) дұрыс және толық толтырылуы, мазмұны бақыланады (көрсеткіштерімен заңдылығы) және есептелуі тексеріледі. Бұрын қате жасалған құжаттарға анықтама арқылы түзету жасалады.
Бухгалтериядағы құжат айналымы кесте бойынша жасалады. Кестенің орындалуына және құжаттардың дұрыс, уақытылы қозғалыстарына қол қойған қызметкерлер жауапты болады.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру