Қылмыстық құқық | Жаза жүйесі, түсінігі және мәні

 Қылмыстық құқық | Жаза жүйесі, түсінігі және мәні

Жаза жүйесі түсінігі және мәні
Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;
3 бет
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негізгі жазалар:
a) Айыппұл салу;
b) Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір – қызметпен айналасу құқығынан айыру;
c) Қоғамдық жұмыстарға тарту;
d) Түзеу жұмыстары;
e) Әскери қызмет бойынша шектеу;
f) Бас бостандығына шектеу;
g) Қамау;
h) Тәртіптілік әскери бөлімде ұстау;
i) Бас бостандығынан айыру;
j) Өлім жазасы қолданылуы мүмкін;
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын, жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдану» 24 маусым 1993 жылғы №3 қаулысының 16 – тармағында
4 бет
«Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне бас назар аударғаны жөн. Өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу оны даралай көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі», - делінген. Сондықтан да қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша жазаларды қолдану немесе қолдану мүмкіндігі көрсетілсе, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қолданған шешімнің тұжырымдарын үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылданбауына сілтеме жасайды. Кінәлі сотталған кезде ол жауапқа тартылған қылмыстың заңның баптарында қосымша жаза қолдану міндетті деп көрсетілсе, сот оны Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған жағдайда ғана сілтеме жасай отырып,
қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған жазаны қолданбауы мүмкін.
Қосымша жаза жеке – дара тағайындалмайды, ол тек қана негізгі жазаға қосылып тағайындалады. Сотталғандарға негізгі жазадан басқа мынадай қосымша жазалар:
a) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, биліктік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;
b) мүлкін тәлкілеу қолданылуы мүмкін (39-бап , 2 -бөлігі)
Үшінші топқа негізгі де, қосымшада жаза ретінде қолданылатын жазалар жатады.
5 бет
Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде тағайындалуы да немесе басқа жазаға заңда белгіленген реттерде қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен, қолданылып жүрген қылмыстық заңда мазмұны мен мәні әртүрлі жаза түрлері көрсетілген. Бұл жазаларды дұрыс қолдану - қылмыспен тиімді күрес жүргізудің негізгі шартты болып табылады. Енді осы жазаның жекелеген түрлеріне сипаттама берейік.
6 бет
Айыппұл
Айыппұл қылмыттық кодексте көзделген шекте сотпен белгіленіп тағайындалатын ақша сомасын өндіріп алу. Айыппұл жазаның негізгі де, қосымша да түрі бола алады. Белгілі бір лауазымнан немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру. Белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру немесе белгілі бір лауазымды құқығынан айыру мемлекеттік қызметте жергілікті өзін - өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруына белгілі бір кәсіптік немесе өзгеде қызметпен айналасуына тиым салу. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейін, ал қосымша ретінде алты айдан үш жылға дейін белгіленеді.
Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде қылмыстық заңның санкцияда ол туралы арнайы көрсетілген ретінде немесе Қылмыстық кодестің 55-бабының тараптарына жеңілірек жаза тағайындау кезінде қолданылады.
Жазаның бұл түрі қосымша жаза ретінде істелген іс - әрекет сараланатын қылмыс құрамының санкцияларында арнайы көрсетілген жағдайда немесе заңның санкциясында көрсетілмесе де кінәлінің істеген іс - әрекетінің мәніне қарай сот оны белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру қажет деп тапса қолданылады. Мысалы, медицина қызметкерлерінің мамандық міндеттерін тиісті орындаудың салдарынан адамның еңбек қабілетінің үштен бір бөлігі тұрақты жоғалса немесе ұзақ уақытқа денсаулығы бұзылып,
7 бет
айыппұлға немесе бас бостандығына шек қоюға жазалаумен бірге қосымша жаза ретінде дәрігерлік қызметпен белгілі бір уақытқа шұғылдану құқығынан айыру жазасын тағайындауға болады.
Сонымен осы Қылмыстық кодекстің 41 – бабының талабына сәйкес сот белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан бұл жаза түрі заңның санкциясында көрсетілмесе де оны қолдау қажеттілігі үкімде көрсетіле отырып қолдануға құқылы. Сотталған адамдар сот белгілеген мерзім ішінде бұрынғы істеп жүрген жүйесінде мүлдем жұмыс істемеу туралы тыйым салу заңда көрсетілмеген. Мысалы, белгілі сот үкімі бойынша қойма меңгерушісі лауазымын атқаруға тыйым салынған адам, сол жүйеде жүк тиеуші, күзетші және басқа материалдық игіліктерді басқаруға қақысы жоқ жұмыспен айналысуға құқылы немесе дәрігерлік қызметпен шұғылдану құқығынан белгілі бір мерзімге айырылған адам сол салада басқа жұмысты, атап айқанда, санитарлық, шаруашылық меңгерушісі, лаборатория қызметкері сияқты жұмыстарды атқаруға құқылы. Белгілі бір лауазым иесі болу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жазасын орындаудың тәртібі мен шарттары арнаулы Ережеде көрсетілген.
Қылмыстық жазаның осы түрін қолдану барысында жазаның орындау мерзімін есептеудің маңызы аса зор.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге қамауға алу, тәртіптік әскери бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде тағайындау кезінде ол жазалардың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген сәтінен бастап есептеледі. 8 бет
Жазаланудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза түрі ретінде белгілі бір қызметпен айналасу құқығынан айыру тағайындалған жағдай, сондай-ақ шартты түрде сотталған кезде мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап есептеледі.
Осы жаза қолданылған сот үкімі күшіне енгеннен кейін ол қасақана орындалмаса оған кедергі жасаған адам Қылмыстық кодекстің 362 – бабы бойынша жауапқа тартылады....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру