Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза түрлері

 Қылмыстық құқық | Қылмыстық құқықтағы жаза түрлері

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................3
1. Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы................5
Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы .................5
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері .....................................................11
2. Қылмыстық заң бойынша жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың сиппатамасы ...............................................................18
Қорытынды.....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................25

Кіріспе
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланған. Конституцияда баян етілген адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары, занды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруды қылмыстық заңда ерекше маңызды рөл атқаруда. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүдделерін қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті, сондай-ақ мемлекетімізді одан әрі қарқынды дамуына кедергі етіп жатқан теріс құбылыстар да бар. Бұл теріс құбылыстардың бірі – қылмыстылық болып табылады. Мемлекетіміз қылмыстылықпен күрес жүргізуде көптеген шаралар жүргізуде. Дегенмен де қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізудің бірден-бір тәсілі ретінде – кінәлі адамға заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық жаза тағайындаумен тікелей байланысты болып табылады.
Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар сот тәжірибесінде де, ғылым саласында да көп кездесетін аса күрделі де маңызды мәселелердің бірі. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар қылмыстық құқық теориасындағы қылмыстық жаза тағайындау институтының ең маңызды түсінігі болып табылады. Алайда, қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар теориалық тұрғыда әлі де болса өз шешімін толық таппаған.
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін, істің мән –жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, заң талаптарын бұлжытпай орвндауға тиіс.
Қылмыстық құқық бойынша жаза тағайындағанда негізінен кінәлінің жеке дара жауапкершілік принципі басшылыққа алынады. Сотталушының нақты қылмысты істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған істеген қылмысы үшін жауаптылық көрсетілген заңның тиісті баптарындағы шекті мөлшерде ғана жаза тағайындайды. Мұндай да жаза әділ, әрі заң талаптарына толық сай болуы үшін, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықты және жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлар жан – жақты ескерілуі тиіс.
Сот әділдігін сот жүзеге асыратын болып табылатындықтан, сот өзі шығарған үкімінің әділ болуы үшін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, жаза тағайындағанда ғана әділеттілікке жетуге болады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі №949 Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында» атап көрсеткендей:
Қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғарғы құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастылығын тану негізге алынуы деп көрсетілген.
Бұл Тұжырымдамада қылмыс жасаған барлық азаматтардың шыққан тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына немесе кез келген басқа да жағдайларға қарамастан заң мен сот алдында бірдей екендігін білдіретін заң мен сот алдындағы азаматтардың теңдігі және қылмыстың қоғамға қаіптілігінің сипаты мен дәрежесін, қылмыскердің жеке басының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән – жайларды ескере отырып, соттардың әділ жаза белгілеуі тиіс екендігін білдіретін әділеттік айтылып көрсетілген.
. Қылмыстық құқықтағы жаза ұғымы және оның маңызы
1.1. Қылмыстық құқықтағы жаза институтының даму тарихы
Қазіргі таңдағы жаза деген ұғым байырғы кездегі әдет – ғұрып нормалары сияқты қылмыстық құқық нормаларында көрініс табады. Жаза дегеніміз – ол мемлекеттің қолындағы маңызды құрал болып табылады, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті үйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, мемлекеттің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңымен қорғалатын мүдделерін, азаматтардың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтардан қорғайды.
Сондай – ақ жаза дегеніміз - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады.
Жаза қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың нысаны болып табылатындықтан, мемлекетпен жеке адамның арасындағы туындаған шиеленісті жоятын, құқықтық тәртіптің қалыпты жағдайын қалпына келтіретін, тұлғаны әлеуметке қауіпсіз ететін, бірден бір тиімді құрал ретінде қарастырылады.
Бәрімізге белгілі, жауаптылықты дифференциялау құқықтық мелекеттің терең, мәнді сипаттамасы болып табылатын негізгі қағида әлеуметтік әділеттілікке негізделген жалпы құқықтық қағида ретінде қарастырылады. Дегенмен де, қылмыстық құқықта – жауаптылық көп жағдайда жаза арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да, жазаны кең әлеуметтік құқықтық категория – қылмыстық жауаптылықты дифференциялаудан ажырату туралы сөз қозғағанымыз жөн.
Құқық қолдану деңгейінде жазаны дифференциялау мәселесі – сот нақты істің мән – жайларын және кінәлінің тұлғасын жан – жақты түрде зерттеп және бағалағаннан кейін, нақты жағдайда қылмысты жауаптылықты жүзеге асырудың тиімді нысаны – құқық бұзушыға жаза тағайындау және оны орындау барысындағы жазаны жекелендіруден тұратын, жауаптылықты жекелендіру қажеттілігін білдіреді.
Қылмыстық құқықтағы жазаны жекелендіру қағидасын жүзеге асыру дегеніміз – жазаны тағайындау барысындағы соттардың жасалынған қылмыстардың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін, кінәлінің тұлғасын және істің мән – жайын, жеңілдететін және ауырлататын мән – жайлардың болуын, кінәліні әлеуметтік ортасынан оқшауламай түзеу мүмкіндігін ескеруді білдіреді.Жазаны қатаң жекелендіру – онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыстарды абайсыздықпен жасаған тұлғалардың оқшаулау элементсіз жазаны өтеу мүмкіндігінен де көрінеді.
Жауаптылықты жекелендіру қағидасы заңнамаға тек арнайы субъектіге тағайындалатын жаза түрлерін (мысалы, әскери қызыметшіге – тәртіптік әскери бөлімде ұстау) енгізуден де көрінеді. Сондай –ақ, жауаптылықты жекелендіру жеңіл жаза тағайындаудан, шартты түрде соттаудан да көрінеді.
Сонымен, жазаны жекелендіру қағидасы қылмыстық құқықта тек декларативті ғана емес, оны жүзеге асырудың қажетті нормативтік құралдарымен қамтамасыз етілген қағида ретінде қарастырылады.
Қылмыстылық пен күрес – қазіргі заманның күрделі мәселелерінің бірі. Қылмыстылық - әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны туындататын әлеуметтік себептерді залалсыздандырып қана, қылмыстылықты бір деңгейде ұстап тұруға болады. Сондықтан да, қылмыстылық пен күресте жаза бірден – бір негізгі құрал емес және де жазаны қолдану арқылы қылмыстылықты жою мүмкін емес.
Мемлекет жазаны қолдануға ең соңғы кезекте келуі керек. Мемлекет өз азаматтарына өзін - өзі қамтамасыз ететіндей, қылмыстылықты азайтуға әкелетіндей мәдениет деңгейіне жетуге жағдай туындатуы керек. Өркениет деңгейі қылмыстылықтың деңгейін анықтауда елеулі рөл атқарады.Өркениеттің нағыз көрсеткіші – мемлекеттің байлығы, қалардың көлемі емес, ел тәрбиелейтін адамның кейпі. Кез – келген мемлекеттің экономикалық жағдайы оның адамдарының күнделікті әлеуметтік халімен байланысты. Мемлекет әр отбасы, адам үшін жауапты, бірақ ол әрқашан регламентация, бақылау емес, тек көмек, қамқорлық болуы керек.
Қылмыстық жауаптылық институтына қарағанда қылмыстық құқықта қылмыстық жазаның теориялық мәселелері кең көлемде қарастырылған. Жаза түсінігінің мәселесі теориялық, тәжірибелік аспектіде өте маңызды болғандықтан, қылмыстық құқықтың оқулықтарында және курстарда толық және жан – жақты түрде бейнеленген.
Қылмыстық құқықтың әлеуметтік – сақтандырушы функциясын жүзеге асыруда көмекші құрал ретінде қарастырылатын жаза институты қылмыстық құқықтың маңызды институттарының бірі болып табылады.
Қылмыстық құқықтың тиімділігі туралы сұрақтар, әр уақытта қылмыстық жазаның тиімділігі туралы мәселерге тіреліп, жазаның мақсаттарын дұрыс анықтауға тікелей тәуелді болады.
“Қылмыстық заңнама негіздерін” қабылдағанға дейін “қылмыстық жауаптылық” және “қылмыстық жаза” ұғымдарының айырмашылықтары туралы сұрақтар арнайы зерттеудің пәні болып табылған емес. “Жазадан” бөлек “қылмыстық жауаптылық” ұғымы алғаш рет тек 1958 жылы “Қылмыстық заңнама негіздерінде” пайда болды.
Бұрын қолданыста болған қылмыстық заңнамаларда, оның ішінде 22 шілде 1958 жылғы Қазақ ССР-нің Қылмыстық Кодексінде жазаның анықтамасы берілмеген болатын. Жазаның ең мәнді деген белгілері қылмыстық құқықтың бірқатар нормаларында көрсетіліп кетті де, заңнаманың ережелері және сот тәжірибесінің негізінде жазаның анықтамасы қылмыстық құқық теориясымен берілді.
“КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамасының негіздерінің” 20 бабының мазмұның аша отырып, И.С.Ной үш ережені көрсетеді: “...біріншеден, онда әлеуметтік институт ретінде жаза туралы белгілі бір мәлімет бар; екіншіден, жазаны қолдану барысында қол жеткізілетін нәтиже анықталады; үшіншіден, берілген нәтижеге қол жеткізілуге байланысты жүргізілетін қызметтің бағыты мен сипаты анықталынады”.3
Алғаш рет жазаның заңнамалық анықтамасы 1991 жылғы Негіздердің 28 бабында “Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған, адамға сот үкімі арқылы мелекет атынан тағайындалатын, заңда қарастырылған сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін шектеу немесе айырудан тұратын, мәжбүрлеу шарасы” деп беріледі.
Жазаның басқа да анықтамалары былай деп берілді: “Жаз қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға заңға сәйкес және сот үкімі арқылы мелекет атынан тағайындалатын, және оның қылмыстық қызметіне теріс бағаны білдіретін мәжбүрлеу шарасы.”4
Назар аударарлық анықтама ретінде А.И.Чучаевтің анықтамасын келтіруімізге болады, яғни қылмыстық жаза – қылмыстық заңмен белгіленген және сотталғандардың құқықтары мен мүдделерін айыру және шектеуден тұратын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы; жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға ғана мемлекет атынан сот үкімі арқылы тағайындалады.5
Мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы әртүрлі.
Қылмыстық жаза – мемлекеттік мәжбүрлеудің ең маңызды шараларының бірі. “Қылмыстар жазалар туралы” Чезаре Беккарианың трактатында “тек заңдар ғана қылмыс үшін жазаны белгілей алады, ал оларды шығару билігі тек заңшығарушыға тиесілі... Ешқандай судья әділеттілікті бұзбай, қоғамның басқа мүшелеріне жаза белгілей алмайды. Заңның шегінен шығатын жаза, заңмен белгіленбегендіктен әділетсіз болып табылады” депкөрсетілген.
Көптеген ғалымдар қылмыстық жазаға әртүрлі мағынадағы анықтама берді.
“Жаза” түсінігіне анықтама беру үшін, оның мәнің, мазмұның, белгілерін сипаттау керек. Ғалымдар жазаның “мазмұны” мен “мәнінің” түсінігінің әртүрлі екендігін көрсетеді.
Профессор Н.А.Стручков осы екі түсінік “жаза мазмұны – нақты қылмысқа тән сазайын тарттыру, ал жаза – жалпы сазайын тарттыруды білдіреді” деген.
Профессор Л.Ч.Сыдыкова “егер жазаның мәні- кең әлеуметтік – құқықтық түсінік болса, оның мазмұны (сазайын тартыру) – тар тусінік; қылмыскер тартылатын нақты құқық бұзушылықтан көрінетін тек қылмыстық құқықтық түсінік” деп көрсетеді. Сонымен бірге, ол “қылмыстықжаза мәні қылмыскерге әсер етудің бір түрі ретіндегі қылмыстық жаза туралы қоғамның көзқарасының дамуының осы кездегі сипатын құрайды” әділ байлам жасайды.
Жаза қылмыскердің істеген қылмысы үішн мемлекеттің жағымсыз бағалауын көрсететін және қылмыскердің бостандығын, құқығын шектейтін
не оны өтеуде одан айыратын, заңда көрсетілген күштеу (сазайын тарттыру) шарасы ” деп көрсетілген.6
Бізше, күште әсерінің шарасының мақсаты бағытталуы жазаның мазмұнына кіреді, себебі оның мәні – қылмыстық-құқықтық емес,әлеуметтік- құқықтық түсінік. Ал жаза мақсаты – қылмыстық-құқықтық түсінік. Егер қылмыстық жазаның мәні – қылмыскерге әсер ету әдісінің бірі ретіндегі қоғамның теориялық көзқарасының осы даму этапы болса, онда мақсатты бағыттылық жаза мазмұнына кіреді, яғни күштеу әсерінің кешені қылмыстық жазаның жүзеге асырылуын шектейтін белгілі бір тәжірибелік әрекеттермен байланысты. Осыдан жаза мақсатына жетсек, онда жаза ретінде қолданылатын күштеу шаралары тоқтатылуы керек. Бұл сот тағайындаған жазаны өтеу уақытынан шартты түрде бұрынырақ босату болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық теориясында жазаға берілген маңызды теориялық көзқарастарды жинақтай келе, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заң деңгейінде “іс – қимылдың қылмыстылығы, оның жазаланушылығы және басқа да қылмыстық – құқықтық нәтижелері осы Кодекспен анықталынады” деп көрсеткен.
Қолданыстағы ҚР ҚК 38 бабында “Жаза сот үкімі арқылы тағайындалатын, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға тағайындалады да, осы Кодекспен көрсетілген сотталған адамның құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеуді білдіреді” деп көрсетілген.
Көңіл аударатын мәселе, заңшығарушы жазаның түсінігін аталған баптың бірінші бөлімінде береді де, жазаны қолданудың мақсаттарын дербес тармақта көрсетеді.
Норманың бұл редакциясы, бұрын қолданыста болған 1959 жылғы ҚазССР-нің Қылмыстық заңында орын алған қиыншылықтардан арылуға мүмкіндік береді.
“Жазаның мақсаттары” деп аталынатын 20 бапта “жаза жасалынған қылмыс үшін сазайын тарттыру а жасалынған қылмыс үшін сазайын тарттыру ғана емес, сондай-ақ келесі мақсаттарды көздейді...”
Біздің көзқарасымыз бойынша, аталған баптың мағыналық мазмұны дұрыс берілмеген, себебі, әртүрлі ұғымдар – жазаның мазмұны мен мақсаты бір деңгейде қарастырылған. Заңшығарушы арқылы жаза “сазайын тарттыру” ретінде түсінілген.
Заң мәтінінен “сазайын тарттыру” терминінің алынып тасталуы формальді сипатқа ие. 1919 жылғы Басшылық негіздердің 10 бабында өш алуды жоққа шығаратын қағида бекітілген болатын: “Жаза тиімді болуы
қажет және де азаптаудың белгілерінсіз, қылмыскерге тиімсіз және артық азаптарды келтірмеуі қажет”.
Жазаның мәнін тану қиындығы – жазадағы сазайын тарттырудың орнын анықтаумен ғана емес, сазайын тарттырудың табиғатына деген ғалымдардың әртүрлілігімен де байланысты.
Заң әдебиеттерінде жазаның мәні ретінде сазайын тарттырудың мазмұнына байланысты біркелкі көзқарас жоқ. Көптеген авторлар сазайын тарттыруды сотталғандарға жаза арқылы келітірілетін азаптар мен шектеулер деп түсінеді. М.Д.Шаргодский былай деп жазған: “Жаза қылмыскерді, оған тиесілі қандай-да болмасын құндылықтардан айыру болып табылады да, қылмыскерге және оның іс-қимылына деген мемлекеттің теріс бағасын білдіреді. Жаза қолданылған адамына қатысты жапа шектіруді білдіреді. Жазаның осы қажетті белгісі, оны сазайын тарттыру етеді”.7 Көріп отырғанымыздай, аталған анықтамада айырулар мен жапа шектірулерге басты назар аударылған. Кеңестік қылмыстық құқық курстарында жазаның мемлекеттік – мәжбүрлеу сипатына және жазаның мақсаттарына көңіл аударылған.8
Б.С.Утевский сазайын тарттыруды мәжбүрлеу ретінде анықтаған.9 Б.С.Никифоров сазайын тарттыруды бұндай кеңілтелген түсіндіруіне қарсы шыға отырып, “сазайын тарттыру - өзінің сипаты және ұзақтығына байланысты қылмыскермен жасалынған зұлым іске, қылмысқа пара-пар жапа шектіруге мәжбүрлеуге” деп көрсетеді.10
Жоғарыда аталған көзқарастарды сынай отырып, И.С.Ной былай деп көрсетеді: “...сазайын тарттыру жасалынған қылмыстың ауырлығына сәйкес болады, егер де кісі өлтіру үшін өлім жазасы қарастырылса, бірақ та, біздің заңнамада өш алу қағидасы көрсетілмейді, ал кісі өлтіргендігі үшін өлім жазасының қолданылуы өш алуды емес, жалпы сақтандыруды білдіреді”.11
Қолданыстағы Қылмыстық Кодекстегі “мемлекеттік мәжбүрлеуді” “әлеуметтік қорғау шараларымен”, “сот-түзеу сипатындағы әлеуметтік қоғау шараларымен” теңестіруге болмайды. Заңда көрсетілгендей, мемлекеттік мәжбүрлеу сотталғандарды құқықтарынан айыру немесе шектеуден тұрады.
ҚР ҚК 39 бабында жаза болып табылатын, барлық мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Яғни, мәжбүрлі әсер етудің басқа шаралары қылмыстық жазаның күшіне ие емес.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру