Философия | Әбу Насыр Әл-Фараби

 Философия | Әбу Насыр Әл-Фараби

Мазмұны
Кіріспе ......................................................................................................................................3
І. Тарау.
1.1. Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері...............................................................................5
1.2. Әбу Насыр Әл-Фараби және оның әлем ғылымына қосқан үлесі......................12
1.3. Фараби және педагогика философиясы....................................................................14
ІІ. Тарау.
2.1. Ирандағы Әл-Фараби туындысы...............................................................................17 2.2. Әл-Фарабидің Индияда болған оқиғасы Don Robercon.........................................20
2.3. Орта ғасыр ғылымдарының Әл-Фараби туралы ой-пікірлері............................22
Қорытынды...........................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Тарихты білмей тұрып қазіргінің қадіріне жету, болашақты болжау қиын дейтін өз қағидасы бар. өміріміздің даму барысын дұрыс түсініп ғылымның бүгіні мен ертеңін танып, бағдарлап отыруда ғылым тарихы маңызды орын алады. Расында адамзаттың жинақталған материалдық байлықтары қандай ұшан теңіз болса, оның рухини байлығының қоры да сондай көп. Бұлардың бәрі – баршаға бірдей ортақ қазына. Сол мәдени мұраны талдап, іріктей білу, оны қастерлеп бағалай білу, халыққа жеткізу – кейінгі ұрпақтың абыройлы міндеті. Осы кездегі өркені өскен сан салалы ғылым мен мәдениетті жасауға талай елдің, талай ұрпақтың таңдаулы өкілдері қатысты. Орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламаның бірі – қазақ топырағынан шыққан данышпан Абу Насыр Әл –Фараби. Фараби және оның шәкірттерінің ғылым мен мәдениетті дамутудағы орнын анықтау, ғылыми мұраларын мұқият зерттеу өте үлкен маңызды жұмыс. Бұл жағдайда білім паздар өте ертеден-ақ аңғарған сияқты. Сондықтан да болу керек, дүние жүзінің әр түрлі халықтарынан шыққан оқымыстылар Әл-Фараби мұраларын мың жыл бойы зерттеп келеді. Әдебиетпен ауызша шығармалардан баска Қазақстанда ғылыми білімнің дамуы да кең тараған. Астрономия, география және басқа да аратылыстану ғылымдары туралы көшпенділердің білімі орта ғасырларда ғылыми тракататтар түрінде кең тараған. Өкіншке орай соның көп бөлігі бізге дейін жеткен жоқ. Бізге Қазақстаннан шыққан көптеген есімдер белгілі, бірақ солардың ішінде Абу Насыр Аль Фарабидің жөні бөлек. Әл Фараби заманында бүкіл ОртаАзия мен Түркістан Араб халифатының ықпалында болған. Соған байланысты қала халқы сауда саттық мәселесінде ислам қалыптасып, дамуына зор үлес қосқан араб, парсы, түркі тілдерін қатар қолданған. Соның ішінде рухани, ғылыми тіл араб тіл болған. Сондықтан осы қалада сауат ашып, осы қалада білімге, ғылымға деген құмарлығы оянған Әл- Фарабидің осы үш тілді жетік білуі заңдылық еді. Ол кейін білім ғылым іздеп, көп жерді аралайды. Ақыры сол кезде әлемнің ғылым дүниесінің орталығы болған Бағдадқа келіп, сонда тұрақтап қалады. Сол кездің әйгілі ғалымдарымен кездесіп, олармен сырлас болады. Грек, латын, санскрит және басқа тілдерді үйренеді. Ол өз заманындағы дамыған ғылым салаларының бәріне, өнеріне өзіндік үлес қосып, елеулі із қалдырады. Одан қалған ғылыми еңбектердің өзінің саны жүзден астам. Сол еңбектерді ғылым салаларына қарай бөлетін болсақ, олар мынандай: астрономия, астрология, математика, логика, музыка, медицина, табиғат ғылымдары, социология, лингвистика, поэзия риторика, философия болып келеді. Қазақстан ғалымдары да бұл салада біраз жұмыстар істеді. Орыс және қазақ тілдерінде Фарабидің философиялық және әлеуметтік- этикалық трактаттарының жинақтары, орыс тілінде математикалық, тарихи философиялық ,логикалық , жаратылыстану -ғылыми еңбектері , Птолемейдің «Алмагестіне» түсініктемелері жарық көрді.Ғұламаның философиялық , ғылыми еңбектерін зерттеуді , түсіндіруді , насихаттауды нысана еткен көптеген ғылыми зерттеу , кітаптар , мақалалар көркем әдеби туындылар басылып шықты. Бұлардың ішінде осы еңбек авторының «Әл-Фараби» , «Фарабидің математикалық мұрасы» (орыс тілінде) , «Сөнбес жұлдыздар» , «Фараби еңбектеріндегі астрономия мәселелері» (орыс тілінде ) , «Фарабидің педагогикалық мұрасы» (орыс тілінде) монография , кітаптары , «Фараби Бағдат шаһарында» атты повесі , көптеген мақалалары бар.Фарабидің философиялық және қоғамдық саяси еңбектерін , көзқарастарын талдауға орын бір шама аз берілді. Фарабидің төл еңбектерінің халық арасында көп белгісіз болып отырғанын ескеріп, біз оның ғылым мен өнер туралы мұраларына арналған тарауларда, көбінесе, ғалымды ана тілімізде сөйлетуге көп көңіл бөлдік.Бұл ұлы ғалымның өзінің ой- парасатын, ойлау, пайымдау, баяндау жүйесін ғана емес, сол замандағы рухани мәдениеттің жай- жапсарын, ерекшеліктерін дұрыс аңғаруға, түсінуге қолайлы болар деп ойлаймыз. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғалымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұзтазы Аристотельдің еңбектерін қызыға оқыған. Әл-Фараби логика, музыка, астрономия және басқа ғылымдар бойынша еңбектер жазған. Әл-Фараби жиһан кезікті ұнатқан. Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той – думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын жазған. Күндіз ол көбінесе қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған. Сондай-ақ өзі де «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Мәселенің түп мазмұны», «Ғылымдардың шығуы», «Бақытқа жету» сияқты т.б. көптеген трактаттар жазған.
І. Тарау.
1.1. Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері
Абу Насыр ибн Мухамед Тархан ибн Узлаг Әл-Фараби 870 жылы Отырар қаласында қыпшақтың әскери қолбасшысының жанұясында туылған. Абу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйеренді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды. Кәмелеттік жасқа толған соң ол, оқуын жалғастыру үшін жетекші ғылыми орталықтарға барады. Осы мақсатпен Шаш (Ташкент), Самарқантта, Исфаханда,, Хамадан және тағы басқа көптеген қалаларда болады. Сол замандағы ғылым ммен мәдениеттің дамғын орталықтарының бірі Халифат астанасы Бағдат қаласында ұзақырақ болады. Осы жерде өз білімін толык жетілдіреді және көптеген көрнекті ғалымдармен танысып, олардың арасында жетекші орынға ие болады. Бірақ бұл жағдай діни-ғалымдардың көре алмаушылығын туғызып, олармен көзқарасы жараспаған Әл-Фараби Бағадатты тастап Хорасанға кетуге мәжбүр болады. Өмірінің ақырғы күндерін Аллепо және Дамаскіде өткізді Әл-Фараби энциклопедисть ғалым ретінде ғылымның барлық саласына елеулі еңбек сіңірді.Ол барлық ғылымды теориялық (логика, жаратылыстану, математика) жіне практикалық (этика, саясат) деп екіге бөледі. Оның қолынан музыка теориясы, физика, заң, әлеумет, астрономия, медицина, логика, философия ғылымдарына арналған көптеген трактаттар шықты. Аристотель оқуыларын дамыта және жалғастыра отырып Әл-Фараби көзі тірісінде ақ “Екінші ұстаз” (Аристотелден кейінгі) деген атақ алады. Арабияның орта ғасырдағы ғылымы осы Әл-Фарабидің еңбектері негізінде қалыптасады және оның ықпалымен Ибн Рушид, Ибн Сина, Омар Хаям, Роджер Бекон, Леонардо да Винчи және көптеген ғұламалардың көзқарастары қалыптасқан. Фараби еңбектерінің жалпы саны жүзден асады. Зерттеушілердің айтуынша Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шәкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақта арабша нұсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл енбектерін Европа ғалымдары кең түрде пайдаланған. Ал араб ғалымдары Фараби тірі кезінде де, өлгеннен кейін де оны өздерінің ұстазы деп білген.Әсіресе, оның еңбектерін Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған. Фараби еңбектерінің кейбіреулері кейінгі кездерде неміс, ағыл-шын, француз тілдеріне аударылған. Мысалы Дерлангер Б. өзінің "Араб музыкасы" атты француз тілінде шыққан енбегінде Фарабидың "Қитаби музыка ал-кабир" деген еңбегін толық келтірген. Фарабидың бұл еңбегі дүние жүзінде музыка жөнінде жазылған еңбектердің ең ірісі болып табылады. Немістің белгілі ориенталисы Диатерци 1890-1895 жылдары Лейденде Фараби жөнінде еңбектер шығарған және Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған. Европа тілдерінде шыққан "Ислам энциклопедиясы" атты жинақтарда да әл-Фараби туралы үлкен мақалалар басылған. Шығыс елдерінде Фараби туралы жазылған еңбектер көп. Со-лардың ішінде араб тілінде шыққан "Салсалати Таржим ал ғалам" жинағында. Шамсутдин Сахидын "Хамус ал ғалам" атты түрік тіліндегі еңбегінде, тағы басқаларында Фараби туралы бірсыпыра мәліметтер келтірілген. Бұл еңбектерде Фарабидың суреттері де бар. "Айқап", "Шора" журналдарында да Фараби жөнінде аздаған тиіп қашпа мәліметтер айтылады. Кейінгі кезді алатын болса. Фараби туралы біраз сөз Ә.Кольманның еңбегінде (Алматы, 1942), С.Н. Григориянның еңбектерінде (Москва, 1958, 1960), М.Ысқақовтың 1960 жылы Алматыда шыққан "Қазақтың байырғы каленьдары" атты енбегінде едәуір мәліметтер келтірілген. Фараби жөнінде 1958 жылы ағылшын тілінде шығатын "Мұсылман дүниесі" ("Мuslim Word”) атты журналда материал жарияланған. Онда Каирдағы Американ университетінің жанындағы Шығыстану мектебінде оқылған лекция талданды. Ал, ол лекцияда Аристотель, әл-Фараби және Ибн-Сина — үшеуінің дүниенің жаралуы жөніндегі көз қарастары және аль-Газалидің оларға қарсы пікірлері айтылады. Фараби жөніндегі қазіргі бізге белгілі болып отырған мәліметтер осындай. Жоғарыда айтылған Фараби туралы шет тілде шыққан материалдардың бірсыпырасын Қазақ ССР Ғылым Академиясының кітапханасы кейінгі екі жыл ішінде жинастырып отыр. Олардың ішінде шет мемлекеттерден алдырылған Фарабидың аса құнды еңбектерінен жасалған фотосурет кітаптары мен микрофильдер, "Ғылым меруерті", "Ғылымдардың шығуы", "Қайырлы қаланың адамдары" деген сияқты еңбектер бар. Жалпы алғанда қазір біздің қолымызда Фараби еңбектері мен ол туралы жазылған еңбектердің екі томдық материалы бар. Көп еңбекпен жиналған осындай кұнды материалдарды тездетіп іске асыру қажет. Біз қазір олардың кейбіреулерінен шама келгенше қазақша және орысша тілге аудара бастадық. Бірақ бұл іс жеке-жарым адамның колынан келе бермейді. Кітапхана мұнан былайда Фараби еңбектерін жинай беруі керек. Ал біздің ғалымдарымыз бұл іске ат салысулары қажет. Қолда бар еңбектерді баспаға дайындау істерінде ұйымдастырған жөн.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша еске сала кететін мынандай бір жайлар бар. Біріншіден, Фарабидің ізімен іс қылған Абу Али Сина, Бируни сияқты ғалымдардың еңбегі көптеген том болып шығып отыр. Олар туралы өзбек, тәжік, ғалымдары көптеген еңбектер жазды. Фараби жөнінде ондай ешнәрсе жоқ. Екінші жағынан Фарабидің туған жері Отырар қаласы Шығыстың жорығында қиратылған болса, әлі сол қалпында жатыр. Үстіміздегі жылдан бастап соны қазу, ескі мұраны зерттеу істері басталмақ. Үшіншіден, дүние жүзіне аты әйгілі ғалым Фарабидың мұрасын зерттеу біздің зор міндетіміз. Енді бірнеше жылдан кейін ұлы ұстаздың туғанына 1100 жыл толады. Соған қарсы осы істер жедел қолға алынғаны жөн.
Фараби туралы, оның енбектері мен өмірбаяны жөнінде қысқа мақалалар мен хабарлар бірнеше жерде жарияланып келді. Бірақ та, осы ұлы данышпанның нағыз өзінің ғылыми еңбегі қолға түспей келген болатын. Кейінгі 2-3 жыл ішінде Қазақ Ғылым академиясы шетелдерден және СССР кітапханаларынан осы кісінің едәуір еңбектерін қолға түсірді. Фараби еңбектері жүзден асады екен. Сол еңбегінің тізімін басы мен аяғынан үзінді беріп отырмыз.
1979 жылы қазақ тілінде тұңғыш рет талантты әдебиетші Аян Нысаналиннің аударуымен "Жазушы" баспасында ұлы бабамыздың "Трактат және өлеңдер" деген атпен кішкене жинағы жарық көрді. Мұнда келтірілген Фарабидің қысқа да болса нұсқа трактаты ''Өлендер өнерінің қағидалары" деп аталады. Бұл шығарма атынан көрініп тұрғандай поэзияның теориялық негіздерін баяндауға арналған. Трактат былай басталады: "Рахматы күшті раббымның атынан, бұл зерттеудегі негізгі мақсатымыз - тынық ой маржанын сүзіп, онымен - «танысқандарға философтың поэзия туралы айтқандарын түсінуге қол ұшын беру еді.
Ары қарай Фараби араб, парсы және басқа тілдердегі өлең өнеріне де көңіл бөліп отырады, ақындық пен әуендіктің байланысын да назардан тыс қалдырмайды. Ол былай дейді: "Біздің жазбамыздың осы жеріне жеткенде ақындық түйіндеудің әр қилы түрін белгілеу ләзім. Акындық түйіндеуді өлшеміне, яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке, немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты.
Фараби музыканттар сияқты ақындарды, поэзия өнерін қууышыларды да талантына, арқалылығына, логикалық қисынды, тұжырымды, үйлестікті сақтау - сақтамауына байланысты үш топқа бөледі. Ол бұл туралы былай деп жазады: "Ақындарды үш топқа бөлген абзал. Біріншісіне табиғи дарыны өлеңді жазып, келісті оқуға қабілеті барлар жатады, олар поэзияның көптеген түрінде, не қайсыбір жеке түрінде бейнелілікке, тамаша теңеулер құруға керемет бейім тұрады. Бұл ақындар қандай болғанда да өлең өнерінің сын-сипатымен онша таныс емес, тек аса алғырлығы мен бейімділігі арқасында жырлары ұшқыр, жүрекке жылы тиіп жатады. Бұл ақындардың туындылары мүлде кемеліне келмегендіктен һәм өнерден берік қоныс теппегендіктен, шын мәніндегі екі ой қорытындысынан үшінші қорытынды тудыратындар қатарына жатпайды...
Екінші топтағы ақындар - өлең өнерімен толық таныс: қай тәсілді таңдамасын олар қағиданың да, бейнелеу құралының да қайсысына болсада жетік келеді. Бұндайларды екі қорытындыдан үшінші қорытынды жасайтын ақындар сапына толық жатқызуға болады.
Үшіншілерінің қатарына алғашқы екі топтағының шығармаларына еліктейтіндер жатады. Олар әлгілердің бейнелеу мен теңеудегі ізденістерін дамытып отырса да, поэзияның қағидаларына онша қанық емес".
Фарабидің өлеңдерін логикалық арқауы мен көркемдік өрнегінің өзара сай келіп, қиюын тауып жатуы туралы бұл қағидалары мың жыл өтіп барып Абайдың поэтикалық принциптерінен де бой керсетеді.
Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған лайыкты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды: "Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды ерекше себептерге байланысты - өзі білмейтін түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ".
Ұлы бабамыздың поэзия өнері, шайырлық туралы көсемдігі мен жол бастаушылығын замандастары жоғары бағалап, оған үлкен құрмет көрсеткен, оны "ақындар падишасы" деп марапаттаған. 1944 жылы Бейрутта философия, әдебиет тарихшысы Махмуд Аббастың "Әл-Фарабдың" ("Екі Фараби" немесе Фараби мен Ибн Сина дегенді білдіреді) атты монографиялық зерттеу кітабы жарыкқа шықты. Мүнда Фарабидің ғылым, өнер қамқоршысы болған Сирия әкімі Сайфад-Дауланың маңына топтасқан білімпаздар шоғырының ішінде шоқтығы биік болғанын растап, дәлелдер келтіреді.
Фарабидің бір пара өлеңдері әлем (космос), ондағы адамның орны мен өмірінің мәнісі туралы философиялық рубайлар түрінде болып келеді.
Жайнаған бейне бір гүл әлем сыры.
Құбылған мөлдір нәзік гауһар нұры.
Даналар талай нысан таққанымен
Тапқан жоқ тектер тегін әлі бірі.
Ей, қарындас! Қашыңдар жалған жолдан.
Ақиқатты шығарма әсте қолдан.
Бұл дүние мекенің сыйға берген,
Жер нүктеге телміріп болма алаң.
Біз бір мейман бұл жайда аз-ақ күндік,
Болымсызға таласып күн өткіздік,
Анталасып аптықта тар қапасқа,
Адамға әлем мекен, ол мәңгілік...
(Аударған А. Машақов)
Ғұламада лирикалық сарында жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер де баршылық. (Бұл және кейінгі өлеңдерді аударған А. Нысаналин).
Қайтейін мен көк жиек көңілімді.
Келер күнге үмітпен жол ашамын.
Қос шөлмекпен өткіздім өмірімді.
Соны медеу етеді болашағым.
Бір шөлмекте көк сия толып тұрса,
Екіншіде шарап бар жайы мәлім.
Даналықты сиямен молықтырсам,
Шарабымен шерімнен айығамын.
Фараби де адам, пенде, оның да алыста ел-жұрты ауыл-аймағы бар, өмір өтпелі, қоршаған надандық, өзімшіл пенде:...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру