Экономика | Еңбекақы төлемі

 Экономика | Еңбекақы төлемі

Мазмұны
Кіріспе.
Еңбекақының экономикалық мәні..............................................................4
І.Теориялык бөлім.
1.1 .Еңбекакы төлеудің маңызы, түрлері жэне оларды ұйымдастыру.....6
1.2.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу....................................................11
1.3. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы заң»............................14
II. Талдау бөлім.
2.1. Еңбекақы төлемінің жүйесі мен нысаны.............................................18
2.2. Еңбекакы төлеудің құқықтық мәселелері............................................23
2.3. Жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқу болғандағы
еңбекке ақы төлеу.........................................................................................26
2.4. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі
макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесіндегі еңбекақы.......................29
2.5. Статистикалық мәліметтер...................................................................32
III. Есептеу бөлімі.
3.1. Орташа жалақыны есептеу тәртібі.......................................................35
3.2. Өндірістегі еңбекақы түрлерінің есептелу тәртіптері........................37
Қорытынды....................................................................................................43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................45

Кіріспе
Еңбекақының экономикалық мәні.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің (тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі. Міне, сондықтан да, мұны еш уақытта да естен шығаруға болмайды.
Еңбекақы бұл - мемлекет белгіленген нормаларға сәйкес түпкі нәтижелеріне, санына және сапасына байланысты еңбектері үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар төлейтін ақшалай төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына, тең және және оның ақшалай түрі болып табылады. Былайша айтуға болады — еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.
Батыстың экономикасы дамыған елдерде бұл ұғым "еңбекақы" және "ақшалай сыйақы" түрінде болады. Әдетте еңбекақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақы қысқа мерзімді шектеулі (1 күн, 1 ай) болады және оның деңгейі кәсіпорын немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады.
Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгіленеді.
Еңбекақы төлеудің негізінде еңбекақы төлеудің шекті өнімділігімен шектелінетін, өндіріс факторы ретіндегі еңбектің құны жатыр. Шекті өнімділік теориясына сәйкес қызметкер еңбекақының орнын толтыратын өнім өндіруге міндетті, олай болса еңбекақы қызметкердің еңбек тиімділігіне тәуелді. Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесінде адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін, жақсартудан тұрады.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып, саналады. Жұмыс беруші әсіресе бүйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы кәсіпорын қызметкерлері үшін маңызды ынта және еңбек төлемінің нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік қызмет атқарады.
1.1. Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.
Әлеуметтік-экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Жұмыс беруші үшін еңбекақы өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әлауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады.
Қазіргі нарықта экономика жағдайында еңбекке ақы төлеу күрделі құбылыс болып отыр. Ең алдымен ол нақты жалақының барлық салада төмендеуі орташа жалақымен күн көру шегінің қатынасы жұмыс күшінің табиғи құны дұрыс бағаланбайды. Екіншіден, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы үлкен дифференциациясы пайда болды. Үшіншіден, ынталандырушы, қозғаушы күш болудан қояды. Ол ынталандыру саясатын жеткізуге кедергі келтіреді.
Кәсіпорындар мен жұмыскерлер үшін жалақыны жүйелі түрде төлеу үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жағдайдың себептерін анықтап, бұл күрделіліктен шығудың мүмкін жолдарын қарастыру қажет, яғни еңбекақы төлеуді жетілдіру қазіргі уақытта өткір мәселе болып отыр. Еңбекақы төлеуді, ұйымдастыру дегеніміз - кәсіпорынның жұмыскерлерінің еңбекақыларының түрлері мен жүйесін анықтау, кәсіпорынның жұмыскерлерімен мамандарының жеке жетістіктері үшін қосымша ақы анықтау және бөлу.
Қазіргі еңбекақы жұмыскерлер табысының негізгі бөлігін құраушы болғандықтан еңбекке ақы төлеу түрімен олардың еңбектерімен материалдық ынталандыру формасы болып табылады. Сондықтан жалақыны дұрыс ұйымдатыру еңбек өнімділігінің өсу қарқына әсер тигізеді. Табыстар мен жалақы облысында саясаттың үш түрі бар:
1. Салықтар көмегімен құнсыздануға бақылау жасау.
2. Табыстарды мемлекеттік ережелер негізінде реттеу.
3.3 жақты қатынас саясаты.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нышандары бар. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалану мүмкіндік беретін акшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нышаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың механизмі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі. Еңбекақының негізгі қызметті орындауына байланысты. Еңбекақыны ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғалушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік, беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады.
Еңбекақының көлеміне қызметкердің иемденетін ақшасының мөлшері ғана емес, сонымен қатар оның ол ақшаға нені сатып ала алатындығы да себепші бола алады. Сонда ақшаның сатып алу қабілеттілігі нақты еңбекақы мен номиналдық еңбекақының ара қатынасы арқылы анықталынады. Кәсіпорын қызметкерлерге еңбекақыны мемлекеттің бекіткен ең төменгі деңгейінен жоғары төлеуге міндетті.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынандай төлемдер жатады:
♦ Мерзімдік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
♦ Еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерге және т.б. күндерде жұмыс жасағаны үшін төленетін төлемдер;
♦ Қызметкердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;
♦ Сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б. Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім-шарттарда және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
♦ Демалыс уақыттарына ақы төлеу;
♦ Мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
♦ Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы, үзілістері үшін ақы төлеу;
♦ Жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану. Жұмыстың негізгі түрлерінің толық сипаттамасынан тұратын және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған тарифтік біліктілік анықтамасының негізінде жүргізіледі. Анықтаманы және оның қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітіледі.
Тарифтік мөлшерлеме (еңбекақы) — бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, күн, ай) біліктіліктің айқын күрделілігінде еңбек нормасын орындаған қызметкерлердің еңбекақысының белгіленген мөлшері.
Тарифтік тор — бұл разрядтардың және оған меншіктелінген тарифтік коэффиициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың саны және тарифтік коэффициенттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әртүрлі саласында орын иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.
Өнеркәсіптің көпшілік салаларында жұмысшының біліктілігіне тәуелді саналатын, алты разрядты тарифтік торды қолдану ұсынылған.
Мамандарға, қызметшілерге және басшыларға еңбекақы төлеу кезінде лауазымды жалақының жүйесі қолданылады. Лауазымды жалақы қызметкерлердің атқаратын қызметтеріне байланысты бекітілген еңбекақының абсолюттік еңбек мөлшері.
Еңбекақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты:
♦ Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі;
♦ Кәсіпорынның кадр саясаты;
♦ Аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық;
♦ Мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестердің ықпалы (әсері);
♦ Қоғаммен байланысты кәсіпорындардың жалпы хал-ахуалы.
Кәсіпорында еңбекақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру, қызметкерлердің еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруға, олардың еңбек нарығында бәсекелестік, қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды.
Еңбекақыны үйлесімді түрде үлестеуді ұйымдастырудың мақсаты — кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің жалпы нәтижесінде қызметкер қабілетінің қосқан еңбек үлесіне сәйкес келуін қамтамасыз ету, яғни еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемінің арасында сәйкестік орнату.
Еңбекақыны ұйымдастыру
Еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі принцптері:
♦ Төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
♦ Еңбекақының кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау;
♦ Нақты еңбекақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни, жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;
Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны еңбекақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.
Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі элементтері:
♦ Еңбекақы қорын қалыптастыру;
♦ Еңбекті нормалау;
♦ Тарифтік жүйені сақтау;
♦ Еңбекақы жүйесін және оның негізгі нысандарын анықтау.
Еңбекақы қоры еңбекақының және әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтамасыз ету үшін белгіленген қаржы көздерінің болуын көздейді.
Еңбекті нормалау ең алдымен еңбектік сапасын бағалауға, сонымен қатар қызметкерлердің кәсіпорын қызметінің жалпы нәтижесіндегі үлестерін есепке алуға мүмкіндік береді.
Тарифтік жүйе нақтылы еңбек түрлерінің өлшемі, ол әртүрлі еңбектің күрделілігі мен орындалу шарттарын бақылап отырудың негізі.
Тарифтік жүйенің негізгі элементтері:
■ Тарифтік кесте кәсіпорынның салалық қатыстылығына және жұмыс разрядын есепке алғанда еңбекақыда саралауды белгілеу;
■ Тарифтік ставка — бірінші разрядты еңбекке тиісті көлемнің абсолютті шамасын уақыт өлшемімен анықтау (күн ,сағат);
■ Тарифті-біліктілік анықтамасы, күрделілігіне қарай әр алуан жұмыс түрлерінің тиісті топтарға жіктелуі;
■ Еңбекақының аудандық көрсеткіштері - әр алуан табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай өмір құнының өтем айырмашылықтары;
■ Қоса атқарылатын кәсіби қызметке үстеме төлем — қызмет көрсету аясын кеңейтуге, кезектен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күнгі жұмыстарға, зиянды, екінші және үшінші ауысым жұмыстарына және басқаларға тарифтік ставкалар бойынша қосымша төленетін төлемдер.
Еңбекті тарифтеу және тарифтелу разрядының, қызметкерлерге иемденіп кетуі қызметкердің біліктілігіне, ұсынылған талаптарымен көрсетілген.
1.2. Еңбекақыны жоспарлау және реттеу.
Нарық жағдайында тауар ретінде еңбек өнімінің нарығы мойындаған еңбекақы төлемі жұмсалған шығындарға емес, еңбектің нәтижесіне төленеді. Тауарларды өткізуден түскен қаражаттар тауар өндірушілердің еңбегінің саны мен сапасын бағалаудағы және олардың жеке табыстарының негізгі көін бағалаудағы жоғарғы белгі болып табылады. Қазіргі уақытта, Қазақстанда еңбекақыны реформалау (өзгерту), мемлекеттің кепілделген ең қысқа күнелту деңгейін қамтамасыз етумен және ақы төлеудің жоғарғы деңгейінен, шектеулерді жүйелі түрде алып тастаумен байланысты. Еңбек қатынастарын реттеудің нормасы болып тарифтікі келісімнің және ұжымдық келісім-шарттың негізінде жасалған жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың арасындағы, жұмысшылар мен қызметшілердің арасындағы еңбекақы төлеу бойынша келісім-шарттың қағидасы табылуы керек.
Реформада міндетті төлемге жататын мемлекеттік әлеуметтік норматив тәрізді еңбекақының ең аз мөлшері бекітілген. Ең төменгі еңбекақы ең төменгі тұтыну бюджетінің негізінде тағайындалады және әлеуметтік факторларға байланысты сараланады.
Ең төменгі еңбекақының экономикалық мағынасы өнімді еңбектегі және жұмыс күшін ұдайы өндірудегі жұмысшының қабілеттілігін қолдануды білдіреді. 1992 жылдан бастан экономиканың барлық салаларына бірыңғай тарифтік тор еңгізу керек туралы еңбекақыны төлеудің сұрақтарымен Үкімет қанша айналысса да, еңбекақы ұйымдастырудағы кемшіліктердің пайда болуы заң және нормативтік актілердің жоқ болуына байланысты. Әрине,....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру