Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің несиелеуінің шетелдік тәжірибесі.

 Банк ісі | Екінші деңгейлі банктердің  несиелеуінің шетелдік тәжірибесі.

КІРІСПЕ
Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауға және оның мәнін ашуда елеулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы-алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субьектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәнін ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.
Несие құнның белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді. Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатынасушыларының иелігіне түскен жоқ. Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несие тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу обьектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субьектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субьектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар айналысы негізінде жүреді.
Несие бәрінен бұрын тауар өндірісі процесінде пайда болатын оның негізгі өндірістік қатынастармен анықталатын қоғамның әлеуметтік байланыстарының белгілі бір типі. Сондықтан несие экономикалық категория ретінде тек өндірістік қатынастар шеңберінде ғана сипатталуы мүмкін. Бұл несиені экономикалық мазмұны, көзқарасы тұрғысынан қарастыруға қатысты. Несие әлеуметтік байланыстың белгілі бір типі бола отырып, өндірістік қатынастар тобына жатады.
Екінші деңгейлі және банктік емес ұйымдармен несиенің екі формасы беріледі: банктік және коммерциялық. Сонымен бірге несиенің келесідей түрлері бар: тұтыну, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық, банкаралық несиелер. Оның ішінде мен дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікті кепілдікке ала отырып берілетін ипотекалық несиені, шағын және орта бизнесті дамытуға берілетін несие, халық тұтынатын тауарларды сатып алуға берілетін бөлшек несие және микронесиені қарастырдым.
1 Несиенің формалары, түрлері және олардың жіктелуі
Несиенің экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір обьектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатыстысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Экономикалық әдебиетте, әдетте несиенің екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар несие формаларына: тұтыну, мемелекеттік, халықаралық, фирмалық және т.б жатқызады.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Коммерциялық несие - бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз кпиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты - тауарларды өткізуді жылдамдату.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген сомманы уақытында төлейтіндігін күәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі аясы тар мақсат емес, ол сатып алу-сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта жеке анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілген тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ әдетте анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Коммерциялық несие көбіне бағынышты роль атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғылыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді кейінге қалдыру - банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді. Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің ролін төмендетеді.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл енсие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші:банк және арнайы қаржы мекемелері болса,ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен айналысатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысында қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебеп болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық салаларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген. Кредитордың мақсаты - пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, едәуір сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Қазіргі уақытта ол мәміленің екі қатысушыларымен банкирлер және жұмыс істеп жүрген капиталисттермен шектеліп қалмайды. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Банктік мекемелерде қарыз алушыларға ақшалай қаражаттарды берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.
Несиелік мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар берілген қарыздардың көлемдері де өзгереді. Несиелік операциялардың көлеміне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Біріншіге банктің қолында бар ресурстардың көлемі жатады. Ресурстардың өсуіне сәйкес оның несиелік мүмкіндіктеріне әсер етеді және активтік операциялардың ұлғаюына жағдай жасайды.
Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың бірден бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына да белсенді ақшалай - чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу кезінде қарыз капиталы нарығының коньюктурасын айқындаушы негізгі фактор болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып табылады.
Кредитор ретінде банктердің рөлі біршама төмендеуіне қарамастан, ол едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп айтуға негіз жоқ. Өйткені көптеген кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте,банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
Тұтыну несиесі - бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие. Тұтыну несиесінің негізгі міндеті - тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау көрсету. Бұл несие бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан - тауар айналымының ұлғаюымен несиенің көлемі де өседі, өйткені тауарларға болған сұраныс несиеге де сұраныс тудырады; екінші жағынан-тұрғындарды несиелеудің өсуі төлем қабілеттіне сұранысты күшейтеді. Бұл тәуелділік, әсіресе қазіргі нарықтың тауарлармен толығу жағдайында көрінеді.
Несиенің бұл түрін әр түрлі елдерде салыстыру оның дамуының әр түрлі деңгейін көрсетеді. Италия мен Жапонияда тұрғындардың жалпы қарыз сомасының қатынасы, осы елдердің жалпы ішкі өнімдеріне 10% деңгейінде, ГФР және Францияда -30%, ал Ұлыбритания мен АҚШ-та - 60%-дан жоғары. Тұтыну несиесі негізінен қымбат тұратын тауарларды сатып алу кезінде: автомобильдерді, электр тұрмыстық құрал-жабдықтарды және т.б пайдаланылады. Тауар қымбат болған сайын, несие де жиі қолданылады. Капиталистік елдерде несие көлемінің жартысынан көбі автомобильдерді сатудың үлесіне тиеді. Қалған тауарлар көбінесе қолма қол түрде сатып алынады.
Қазіргі уақытта дербес несиені пайдалану ережелері анағұрлым біркелкі бағытталынған. Бұған несиелік карточкаларды жаппай қолдану жағдай жасады. Олардың барлығын ортақ сипат біріктіреді, яғни тауарды болашақта төлемін төлеу бойынша сатып алу мүмкіндігі туады.
Тұтыну көптеген елдердің экономикасында үлкен роль атқарады, сондықтан ол мемлекеттік органдар тарапынан белсенді реттеуге ұшырайды. Бұл реттеуді екі түрге бөлуге болады: беру деңгейі және пайдалану деңгейі бойынша. Беру сатысында мемлекет тұтынушыларды несиелеуді кейде қолдап, кей кезде тежейді. Банктер және қаржылық компаниялар қызметтерінің бұл түріне несиелік шектеу әрекеті таралады.
Экономикалық құлдырау және әлсіз сұраныс жағдайында мемлекеттің саясаты елде іскерлік белсенділікті ынталандыруға болады. Бұл үшін тұтыну несиесіне жеңілдік жағдайлар енгізілген: тауар бағасының қолма-қол түрде төленетін бөлігін қысқарту,несиенің мерзімін ұзарту, оның құнының төмендетілуі. Дамыған елдерде тұтыну несиесінің маңызы өте зор. Ол тұрғындардың тауарларға сұранысын ынталандырады және олардың өндірісі мен өткізілуінің ұлғаюына жағдай жасайды. Тұтыну несиесін көбінесе табыс деңгейі орташа жұмысшылар мен қызметкерлер пайдаланады, бірақ ұзақ пайдаланыстағы тауарларды несиеге алу жеке тұлғаларға қолма-қол мәміле арқылы алғанға қарағанда едәуір қымбатқа түседі.
Тұтыну несиесі жеке тұлғаларға ұзақ мерзімді банктік қарыз формасында тұрғын үй алуға және салуға берілуі мүмкін. Қазақстанда осы үшін мамандырылған Мемлекеттік тұрғын үй құрылыс банкі құрылған.
Жаңа тұрғын үй саясатының Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес азаматтарға қызмет көрсету үшін Тұрғын үй құрылыс банкінде қарыз-жинақ шоттары ашылады. Қарыз-жинақ шоттарын құрылысты бастауға, аяқталмаған құрылысты жалғастыруға, жарналарды жинау мен, тұрғын үй сатып алуға және осы мақсаттарға жеңілдік несиелерін беру үшін пайдаланады.
Мемлекеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы. Мемлекеттік несиенің негізгі формасы-мемлекеттік займдар, сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер ресми түрде бюджетті уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде бюджет тапшылығына байланысты шығарылады.
Халықаралық несие-валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар мен қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Қазақстан Республикасының жетекші халықаралық қаржылық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформалар жүргізу үшін қосымша қаржылық көздерге қол жеткізіге мүмкіндік берді.
Ипотекалық несие-жылжымайтын мүдіктерді: жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін несие.
Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретінде несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие оның бір түрі.
Түрдің формадан айырмашылығы – диалектика категориясы болып табылмайды, ол несиені ерекше түрдегі экономикалық қатынастар ретінде түсінуді анықтайтын жіктеудің категориясы болады.
Осыған байланысты несие түрлері төмендегідей жіктеледі:
1) мерзімдері бойынша:
а\қысқа мерзімді(1 жылға дейін);
ә\орта мерзімді(1 жылдан 3-5 жылға дейін);
б\ұзақ мерзімді(3-5 жылдан жоғары);
2) несиелеу обьектілері бойынша:
а\негізгі қорларға берілетін несие;
ә\айналым қорларына берілетін несие;
3) несиелеу әдістері бойынша:
а\қалдық бойынша несиелеу. Айналым бойынша сауда және жабдықтаушы өткізуші ұйымдар несиеленеді, ал қалғандарында айналым бойынша да, қалдық бойынша да несиелеудің элементтері бар.
Мысалы, тұтыну несиенің түрлері тауарлы және ақшалай болуы мүмкін, ал халықаралық несиені төмендегідей жіктеуге болады:
1) несиелеу обьектісі бойынша:тауарлы және қаржылық
несиелер;
2) эконом калық мазмұны бойынша:сыртқы сауда
операцияларымен байланысты коммерциялық және
қаржылық кез келген мақсат үшін пайдаланылады;
3) несие субьектілері бойынша:жеке, үкіметтік және
халықаралық қаржылық ұйымдар беретін;
4) мерзімдері бойынша:қысқа мерзімді, орта мерзімді,
ұзақ мерзімді.
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша;
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы - материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар және т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті. Мұндай несиелеу әдісінде несие компенсациялық сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылды.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозгалысы материалдың құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уакыт бойынша ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылды. Сөйтіп, айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған.
Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір-ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның рөлі арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты өзінің тәжірибелік маңызын жоғалтты, өйткені 80-ші жылдардағы банкті реформалаудың бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп ауқымды объектілерді несиелеуден (қалдық бойынша, сол сияқты айналым бойынша да) біртұтас несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша несиелеу жиынтық қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай-ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді. Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда және жабдықтау-сату ұйымдары несиеленеді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру