Экономика | ЕДБ несиелік операциялары

 Экономика | ЕДБ несиелік операциялары

Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………........4
1-тарау. Несие туралы ұғым
1.1. Несиенің мәні және қажеттілігі…………………………...……..5
1.2. Несинің қызметтері………………………………..................…...7
2-тарау. ЕДБ несиелік несиелік операциялары
2.1. Несиенің формалары және олардың жіктелуі….........................14
2.2. Несиелік саясаты және оның элементері………................….....19
2.3. Несиелік механизмнің мазмұны………………................……...21
2.4. Банктік несиенің түрлері……………………………...........…....23
2.5. Несиелеу субъектілері мен объектілері...............……………....24
2.6. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері………….............……...25
2.7. Несилеу әдістері……………………………...............…………..30
2.8. Несиелу механизмі және несиелік процесс...................…..…....42
2.9. Несиелік тәуекелді басқару…………………………….......…....45
3-тарау. Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау
Жүйесі
3.1. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері ...................................49
3.2. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін
бағалау көрсеткіштері...................................................................53
3.3. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау ................................60
3.4. Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы
шетел тәжірибесі ..........................................................................70
Қорытынды………………………………………….............………72
Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………….................…...76

Кіріспе
Несие- нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте, үкімет те сондай ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынаң қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
1.Несие туралы ұғым
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар.
Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элемнеттерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынстар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер , мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады .
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті , несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың каммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
1.2 Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:
• қайта бөлу;
• айналыс шығындарын үнемдеу;
• айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру ;
• капиталдың шоғырлануын жеделдету;
• ғылыми – техникалық прогресті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінең туындайды. Шаруашылық субъктілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсіуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орның толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын унемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орның уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайтып отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми – техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай - ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
2. ЕДБ несиелік операциялары
2.1. Несиенің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - комерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады .
Ко ммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Комарциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай - ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады .
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несилік шарт немесе несилік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы - несиелік мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• жабдықтау - сату ұйымдарына;
• кооперативтерге;
• жеке кәсіпкерлерге.
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
ІІ. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатың;
• айналым қаражатына жұмсалатын;
ІV. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
• кепіл хатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
• сенім (бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелеріш інара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2- санатты күмәнді, 3- санатты күмәнді, 4- санатты күмәнді, 5- санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
VІ. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VІІ Берілу шартына қарай:
1. Тутыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие
2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үй, өндіріс ғимаратын, жерді және т.с.с.).кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге бершлетін несие.
3. Овердравт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бщйынша өтелетін қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне бертін несиесі.
7. Ломбардтық несие - таз іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие - құрал- жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.
9. Рамбурстық несие - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат пен дайын өнідерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдалынатын несие.
10. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арсындағы уақыт бойынша экспорттау мен импорттауға;алшақтықты жабуға арналған несие.
VІІ. Несиелеу объектісіне қарай:
• меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
• материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
• сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды
• тез азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүлікткер алуына;
• ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
• театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығындары арасындағы маусымдық үзілістерге;
күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
өтелетін тиімділігі жоғары шараларға;
Тұтыну несиесінің басты тағандайылыуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан, таур айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәелділік, әсіресе бүгінгі таурлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10 %-ын, Германия мен Францияда - 30 % -ын, ал Ұлыбритания мен АҚШ- та 60 %- ын құрайды екен.Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ең қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиқаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объетивті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді.Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру