Банк ісі | ҚР Банктік құрылымы мен дамуы

 Банк ісі | ҚР Банктік құрылымы мен дамуы

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................2
I ҚР Банк жүйесі
1.1. ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы....................................................................6
1.2. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері..............................10
II ҚР Банктік құрылымы мен дамуы
2.1. Банк операциялары......................................................................................13
2.2. Банктің қаржылық операциялары..............................................................15
2.3. Қазақстандағы банк жүйесіне «скорингті» қолдану.................................25
2.4. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарының дамуының кейбір мәселелері..............................................................................27

Қортынды...........................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер.................................................................32


І ҚР Банк жүйесінің даму тенденциясы

Банк жүйесінің маңызды элементі – банктер болып табылады.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ олардың қандай операцияларды орындағандығы туралы да толық мәліметтер қалдырмаған секілді.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең басты, Италияның жекелеген қалаларында (Венеция) ХIV-XV – ғғ. пайда болған олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезінде, яғни тауар-ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болынған делінді.
XVI-XVIIғ.ғ Венецияда, Генуеда, Миланда, Амстердамда, Тамбургте Нюрбиргте саудагер клиттер арсында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиролбанктер құрылды. Жироибанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металлдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізілді өздерінің бос ақша қаражаттарын жиролбанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.
Ал кейбір мамандар, банкті одан да ерте мерзімде – феодализм тұсында пайда болған дейді. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінше пайда болғандығын білдіреді.
Дегенімен де, деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
«Банк» сөзі «banсo» деген ағылшын тілінен аударғанда «айырбас столы» дегенді білдіреді. Бұл «айырбас столы» тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мекемелер мен қалалардың, жекелеген тұлғаларының әр түрлі манеталармен жасалған ол уақытта металдардың бір тұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысында әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға мамандалып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды сонлай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастайды. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналды.
Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттілігін түсінеді.
Ежелгі банктер несиелік банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызыметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттердің шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк – Ағылшын банкі 1694 жылы құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.
1716 – 20 ж.Франциядағы Джона Ло банкінің ықпалы зор болды. Ол алғаш рет ақша эмиссиясын жүзеге асырды. Оның шығарған банкноттары айналым барысында мемлекеттік қағаз ақшаға айналды. Басты мақсаты пайда табуды көздеген банк өнеркәсіппен сауда капиталистерінің мол ақша қаржыларын өзіне тарта бастады. Олар қарызға металл ақша беруден енді ірі өндірушілерге борышқорлық міндеттемелер арқылы кредит беруге және клиентінің ағымдағы есепшотына ақша аударуға көшті, сөйтіп қарыз капиталының қозғалысын ұйымдастыратын ерекше қаржы кәсіпорыны ретінде өріс алды. ХХ ғасырдың басында банк ісі мен өнеркәсіптің шоғырлануы және монополиялануы банктердің ролін едауір өзгертіп, банк белгілі бір салаға не кәсіпорынға жүйелі түрде кредит беруге көше бастады.
Олар көбіне, ұзақ мерзімді қарыз беруге (8 – 10 жылға дейін) ұмытылды.
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енді, нәтижесінде Ресейлік орталық - өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы одан ары кеңейді.
Банк капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХIХ ғасырдың аяғы таман қамтиды.
Ресейдің мемлекеттік банкі 1860 жылы өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, комерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысымен көбін тартып отырған. Басқа мемлекеттердің орталық эмиссиялық банктерінен Ресей мемлекеттік банкінің айырмашылығы, сол сияқты өнеркәсіп сауда және дайындау ұйымдарын да қатар несиелеумен айналысқан.
Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан тереториясында ірі сауда-өнеркәсіп қызметтерінің орталығы болып саналатын. Оралда (1876), Қызылорда(1881), Семейде (1887), Омбыда (1895) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912) ашылып жұмыс жасды.
Ірі комерциялық банктер қайтарымда саналатын Сібір сауда-банкісінің (1872) филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аудандарында, Омбыда (1894), Семейде (1898), Қызылорда (1905), Верныйда (1908), Ақмолаға (1909), Қостанайда (1911) орналасты.
ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ең басты Қазақстандағы банктер –бұл мемлекеттік банктер болды және олар төмендегідей операцияларды жүзеге асырды:
- векселдерді есепке алу;
- тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
- тауар құқықтарын кепілге ала атырып, ссуда беру;
- қайта есеп жүргізу;
- вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
- бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
- ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру;
- барлық есеп-судалық операциялармен айналысу;
- меншікті бағалы қағаздар шығару;
- салымдық және ағымдығы шоттар ашу. Векселдерді есепке алу операцияларымен айналысу мемлекттік банктің 1960 жылғы жарғысына сай көзделген.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің филиялдарының қызметі активті операциялары бойынша вексельдерді еске алу; тауарларға және тауарлық құжаттарды есепке ала отырып, ссуда беру; бағалы қағаздармен жасалатын операциялар қамтылды.
Тауарларды есепке алу арқылы ссуда беру екі формада жүзеге асады:
1) Заттай, яғни кепілдікке берілген тауарлар шотымен басыла отырып сақталынады, немесе оларды жауапты адамдардың сақтауына қалдырады.
2) Жеке – заттай, яғни бұл жағдайда тауарларға кепіл берушінің жауапты сақтауына болады.
1909 – 1913 жж. өнеркәсіптік орлеу жылдарында мемлекеттік және акционерлі-коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие беру қоғамдары және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды.
Қазақстанда Ресейдің басқа аудандармен салыстырғанда өзара несие беру қоғамы кеш пайда болды.
1.1. ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де Қазақсандағы банк жүйесінің бір тармағы ретінде қызмет етті. Қазақстанда КСРО Мемлекеттік банкінің 260, жинақ кассасының 4147 мекемесі жұмыс істеді. Тек Қазақстан дербес мемлекетке айналғаннан кейін ғана елдің жеке банк жүйесі құрылды, шетелдік ірі банктердің өкілдіктері ашыла бастады. (Дүниежүзілік банк, Дойче банк т.б.)
Қазақстанда 1995 ж. басталған банк реформасының нәтижесінде қос деңгейдегі банк жүесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚР Ұлттық банк. Оның міндеттері, қызметінің бағыттары, құқықтық мәртебесі және уәкілеттігі ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы» Заң күші бар Жарлығында (30.03.1995) белгіленген. Өзге банктердің бәрі банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейіне жатады. Көбінесе олар «коммерциялық банктер» деп аталады. Себебі, олардың жарлық қолары мемлекеттік меншіктен шығарылып, жарналық акционерлік капиталдан құрылады. Ұлттық банк эмиссиялық айналымға ақша шығаруға, реттеп отыруға құқылы. Сондай-ақ, коммерциялық банктер мен олардың бөлімшелері үшін міндетті экономикалық нормативтерді белгілейді, қызметтерін бақылайды және ақша мен алтын қорын сақтайды.
Екінші деңгейдегі банктер халық шаруашылығы мен халыққа сан-салалы қызмет көрсететін коммерциялық-несиелік мекемелерге айналдырылған. Қазақстанда алғанқы коммерциялық банктер (Интеринвесбанк, Крамдбанк) 1989 жылдан пайда бола бастады. 1992 ж. олардың саны 232-ге жетіп, 1994 жылы күрт қысқарды. 1994 жылдың басында Ұлттық банк пен Үкіметтің арнайы ақша – несие саясатының нәтижесінде (жарғылық капиталды өсіру арқылы) бактер саны бұрынғыдан да азайып, олардың өзіндік капиталы 53,7%-ке (41,2 млрд. теңге), активтердің жалпы көлемі ұлттық валюта есебінде 22-мллд-тан асты (1999, қаңтар). Ұлттық банктің перспективалық жоспарында банктерді одан әрі шоғырландыра түсу көзделген. Осыған орай олардың жарлық капиталдың ең төменгі мөлшерін 300 млн. Теңгеге жеткізіп, оны бірте-бірте 1 млрд. теңгеге дейін өсіре беру межеленген.

ҚР соңғы жылдардағы банк жүйесі туралы мәлімет
1 кесте. ҚР-ғы несие жүйесі туралы мәліметтер кезеңнің соңында
Несие жүйесінің элементтері 12.2001 12.2002 06.2003
Екінші деңгейлі банктер 44 38 35
Оның ішінде
мемлекеттік 2 2 2
Мемлекетаралық 1
Шетел капиталының қатысуымен 16 17 16
Оның ішінде 100%,50% дан ас 9/6 9/6 10/4
Оның ішінде елшілес банктер 11 11 10

1 кестеден көріп отырғанымыздай, банктердің саны жылдан жылға азаюд 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты.
Еліміздегі барлық несие жүесін реттеуші ұйым ролін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алды.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу ғана емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында;
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында;
- орталық банктің функцияларын бір тұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
2004 жылдан бастап, «Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті – еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынандай қосымша міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден тұрады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінше;
- ҚР төңірігінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен
Қазақстан Ұлттық Банк – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді Ұлттық банк басқару органына. Басқарма және директорлар кеңесі жатады.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиалы Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. Ұлттық банктің орталық аппаратында мынандай департаминттер мен дербес басқармалары бар:
- зерттеу статистика департаминті;
- шетел операциялары басқармалары;
- монитарлық операциялар департаминті;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- қолма – қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаминті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаминті;
- персаналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Қазақстан Ұлттық банк құрлымына мынандай дербес бөлімшелер де кіреді:
- мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілдігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сапайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырылысу орталығы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
2004 жылдан бастап, Үкіметтің қауылысымен Ұлттық банктің құрлымынан қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызыметіне бақылау және қадағалау жөніндегі қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның құрлымына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаминттері кіреді.
Ұлттық банк мынандай классикалық қызметтерді атқарады:
- ақшаны емиссиялау;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- төлем жүйесін ұйымдастыру;
- төлем балансын құру;
- валюталық реттеу және валюталық бақылау.
Ұлттық банк мынандай операцияларды жүргізді:
- бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді есепке алады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаз, басқа да құндылықтарды сақтануға және басқаруға қабылдайды;
- қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асыру;
- қажет кезінде банктерді және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып векселдерді береді.
1.2. Қазақстан Республикасының банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер – бантік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастп қалыптасы, яғни Қазақстандық банктік жүйенің небары он бес жылдық ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру