Дінтану | Ислам діні
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Қоғамның рухани дамуындағы Ислам дінінің орны мен ролі
3. Дін дегеніміз не?
4. Ислам экстремизм мен терроризмге үндей ме?
5. Исламның фанатизм мен терроризмге көзқарасы қандай?
6. Ислам уммасының болашағы зор
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер

Қазақстан тәуелсіздік алғалы 12 жыл ішінде өзінің нағыз демократшыл ел екендігін және де ішкі, сыртқы саясатының адамгершілігімен сүйіспеншілігін көрсете білді. Республика халқының рухани өмірінде ірі өзгерістер өтіп жатыр, және де осы өзгерістерге басты себепкер еліміздің басшысы болғаны қуантады. Бірақ та, қанша дарынды болғанымен, бір адамның қолынан қоғамды өзгертуі мүмкін емес, өйткені қоғам жақсы жаққа өзгеруге өзі ұмтылу керек. Біз көп ұлтты елде тұрамыз, сондықтан халықаралық достыққа ұмтылуымыз керек, өйткені тек бейбітшілік заманда ғана әр халықтың рухани және үлесімді дамуына болады.
Жастар арасындағы болып жатқан: Нашақорлық, жезөкшелік, қылмыс істер аурулар -барлығы қоғамдық және экономикалық жағдайдың жайсыз және басқа қолайсыз жағдайларға байланысты деп ойлаймын. Шынында да осыншалықты жайсыздықтың барлығы әр адамның өзіне байланысты, өйткені өзімізді қоршаған әлемді өзгерту үшін, біз алдымен өзімізді өзгертуіміз керек.
Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар айтқан: "Біріншіден өзіңді өзгертуің керек, өйткені өзіңнің сырыңды түсіну - ол Аллаһ тағаланы түсіну деген сөз". Біз қауіпті жан-жағымыздан іздейміз, ал ол өзіміздің ішімізде. Бұл қауіптің түбірі-дұрыс емес көзқарастан, сөзден, қимылдан, және де сол қауіп адамның рухани көзқарасының өзгеруіне алып барады.
Ислам діні бұл өмірді бағалау керектігін, және де өз өмірі мен достарының, туыстарының жағдайын жақсарту керектігін айтады. Ислам діні барлық адамзатқа бірдей ереже жасап, барлығы биік ұмтылыста болу керектігін атайды. Ислам адам табиғатының барлық элементтер мен жан-жақты дамуында керек рухани және материалдық ерекшеліктеріне көңіл бөледі. Ол адамды биік ұмтылыстарға тартып, бірақ та материалдық түптерін тауып тастамайды. Ол адамнан таза және ұстамды болуды, сонымен қатар оның сұранысын қамтиды. "Аллаһтың құлдарына көркем етіп шығарған нәрсесін және берген жақсы несібелерін кім арам етті. Бұл несібе дүние тіршілігінде иман келтіргендер үшін" (7 сүре, 32 аят). Ислам діні біздің материалдық өмірімізде тек қана ойлар тізбегі ғана емес. Ислам - адам өмірінің көрсеткіші. Ол адамдардың адаммен қоғамды байланыстырып, оларды нендей рухани биіктіктерге көтереді. Ислам діні байлық пен бақты бақыттың түбірі деп санамайды. "Негізінде малдарыңды және балаларыңды сын деп біліңдер. Аллаһтың қасында зор сыйлық бар" (8 сүре, 28 аят). Адамның табиғатын шынайы талдап, ол өзінің уағыздарын жасайды. Сол уағыздары аркылы ол жекеше, қоғамдық, және ұлтаралық байланыстардың тұрақты болуын қамтиды. Ислам діні адамды материалдық және қаржылай мақсатына жетуді ғана ұйғармай, сонымен қатар рухани кеңістікке де жайғастырады. Ол жерде Құдай заңдары, мораль, рухани бастамалар басшылықты басқарады. Ислам дінінің заңдары басшылық етіп өздеріне адам табиғатын алады. Ислам діні кең пейілді рухани бай қоғамға ұмтылады. Сондықтан ол бір адамның ішкі өмірімен қоса, қоғамның сыртқы өмірін сатылайды. Ол кіші мен үлкеннің, табиғат заңымен рухани байлықты бірегей мен қоғамның, дінтану мен философияның арасына тәртіп келтіреді. Ислам діні адамдардың табиғат заңдарына қарсы шықпауына ықпал жасайды өйткені қарсы шығу деген адамның жасаған нәрселерінің тас-талқанын шығарады.
Ислам философиясы адамды қоршаған ортада биік бағалайды. Ол қоғамда материалдық жағдайдың жақсаруымен қатар, моральдық, рухани биіктіктерді заңдастырады. Әр адамның жағдайы жақсы биік деңгейде болғанымен тұрмай оның ойшыл, рухани, моральды, жағынан да биік көрсеткіштер болуы тиіс, өйткені олар әр адам қоғам үшін, қоғам әр адам үшін өмір сүру керектігін уағыздайды. Белгілі жазушы Бернард Шоу өзінің "Мұхаммед Аллаһтың елшісі" атты кітабында былай деген: "Мен ылғи Мұхаммедтің дінін, оның үлкен күші мен парасаттылығы үшін сыйлаймын. Менің ойымша біздің тағдырымыздың сан алуан кедергілерін шешуде, және мәдениетті ажырата білудегі жолдарды ең дұрыс деп шешетін осы бір ғана Ислам діні деп ойлаймын, және де Европалықтар бірінен кейін бірі келіп осы Ислам дінін қабылдайды деп көзім жетіп түр".
Халқымыз жыл сайын желтоқсанның 16-17 күндері мемлекетіміздің тәуелсіздігін алған күнін үлкен қанағаттанғандықпен мерейлене тойлайды.
Бұл тәуелсіздік – барлық халқымыздың, бүкіл ұлтымыздың басым көпшілігінің қаншама ғасырлар бойы, қаншалықты қиыншылықтар (Ақтабан шұбырынды, 300 жылға жуық бодандық, аштық нәубеті, қызыл қырғын, дінге қарсы қысым) болса да жүректерінен Алланы шығармай, Аллаға ғибадат құлшылық жасағандары үшін, хандарымыз бен билеріміздің, зиялыларымыздың, батырларымыздың еліміздің егемендіні үшін, халқымыздың бостандығы жолына сарп еткен жанқиярлық еңбектері үшін Алланың халқымызға, ұлтымызға тартқан сыйы. Ендігі жерде Алладан еліміздің осы егемендігін, мемлекетіміздің осы тәуелсіздігін баянды етуін күндіз-түні тілеуіміз керек.
Алланың мәрхаметінің арқасында Елбасымыз бастап, басқарып елімізде экономиканың нығаюына, халықтың әл-аухатының жақсаруында, білім менен ғылымның дамуында, мәдениетімізбен өнеріміздің өркендеуіне, отан қорғау саласында оң өзгерістер, қол жеткен жетістіктер бар.
Осы жетістіктеріміздің жетіле түсуі үшін, еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі нығая түсіп баянды болуы үшін халқымыздың, ұлтымыздың рухани жайы да Алла көрсеткен, Алла талап еткен жолмен өркендеп баии түсуі қажет.
Еліміздегі әрбір адамның жан дүниесі жаңа заманға сай жаңарып, пиғыл, пейіл, ықылас, ниет Алла нұсқаған адамгершіліктің жоғарғы дәрежесіне көтерілуі керек. Әрине бұл оңай нәрсе емес. Өйткені жүздеген жылдар патша, Кеңес үкіметтерінің ұлтымыздың ой өрісінен, жүрегінен ислам діні Аллаға сиынушылықты аластатуының, тек қана билеп-төстеушілерге табынушылықты қалыптастыруының салдарынан еліміздегі көпшілік адамдарда құлдық, жалданымпаздық, жағымпаздық мінез-құлық етек алды. Ал Кеңес Одағы күйрегеннен кейінгі өтпелі кезенде сауда-саттықтың, бәсекелестіктің, дүниеқоңыздықтың өрістеуінен кей адамдарда пайдакүнемдік, дөрекілік, өркөкіректік, қаскүнемдік мінез-құлық қалыптаса бастады.
Бір мезет идеологиядан тыс кеңістікте қалған халыққа исламға жат дінді уағыздаушылар белсене кірісе бастады. Бостандықты, демократия деген үғымды теріс түсінгендер араққұмарлыққа, нашақорлыққа, иманды-лыққа жат кәсіптерге, қылмыскерлікке бой алдырып, келеңсіздіктер кеңінен етек ала бастады.
Міне осы жағдай еліміздің егемендігіне, мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп туғызады. Сондықтанда осы қауіп-қатерге қарсы шаралар жүзеге асырылуы қажет. Бұған жеткізетін сара жол— Ислам діні.
Олай дейтініміз Алла Тағала Өзінің Қүран Кәрім Кітабында былай дейді: (Мухаммед Ғ.С.) бәрінен бет бұрып, жүзіңді Ислам дініне жөнелт. Алла жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Алланық жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі тусінбейді. (30-С. 30-А.) (407 бет).( Мақаладағы аяттар Халифа Алтай аударған Құран Кәрімнен, С -суре, А- аяттар).
Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Және де таза нәрселерден қорек берді. Міне осы Алла Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл әлемнің Раббы. Ол тірі Алладан басқа ешбір тәңір жоқ. Ендеше дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарынындар. Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббына ылайық. (40-С, 64, 65-А.) (474 бет). Міне осы аяттарда Алланың құдірет, хұзұр дәрежесі сипатталып, қоғамдағы адал ниетті, ақ пейілді адамдардың қандай болуы керектігі айқын айтылған.
Еліміздің егемендігі мен мемлекетіміздің тәуелсіздігі баянды болуы үшін әр азамат осы талапқа сай болуы қажет.
Ол үшін әркім Алладан осындай талаптың бар екендігін, оны орындау міндетті екенін түсініп, түйсінуі керек. Бұған қол жету үшін әр адам Алланың. Құран Кәрім Кітабын өзі оқып түсінуі қажет. Осы тұрғыдан еліміздің әрбір отбасында арап тілінде, қазақ тілінде, орыс тілінде (қазақ-ша жетік білмейтіндер үшін) текке берілген Құран Кәрім болуы ұйымдастырылса, мектептерде, институттарда дін тану сабақтарын өткізуді тиісті министрліктер жүзеге асырса өте дұрыс болар еді.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы еліміздегі дін мәселесіне қазіргіден де батылырақ иелік жасап, арнаулыда айқын жүйемен пәрменді түрде жүмыс жүргізсе дейміз.
Олай дейтініміз халқымыздың қазіргі кезеңде рухани қарулануға мұқтаждығы, сұранымы байқалады. Оның үстіне Алланың өзі жеткізген еліміздің егемендігі, мемлекетіміздің тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін де бұл жүмысқа үлкен қажеттілік туындап түр. Әр нәрсенің өзінің сәтті тұстары болады. Ислам дінін елімізде өркендетудің сәтті мезеті осы кез. Бұдан кеш уақытқа қалдыруға болмайды. Жүйелі түрде жүргізу дегенде көңіл аударатын кейбір мәселелер:
Алланың Құран Кәрім Кітабымен әрбір отбасын текке қамтамасыз ету;
Бұған қатты көңіл аударудың қажеттігін, әрбір адам Құран Кәрімді өз қолымен ұстап, өз көзімен бірнеше қайталап пейілмен, зейінмен, ынта қойып оқып шықса сонда оның мазмұнына, маңызына жете түсінеді. Алламен тікелей сөйлескендей сезінеді. Артық айтсақ Алладан кешірім сұраймыз. Моллалар мен имамдар жекелеген аяттарды айтып отырғанда кейбір адамдар оны молдалар өзінің кәсібін дәріптеп отырғандай көреді. Дінді дін үшін уағыздап отыр деп те есептейді. Өзі оқығанда Құран Кәрімдегі аяттар оқушы мұсылманның өзіне Алланың айтып отырғанын аңғарып мойындайды.
3. Дін дегеніміз не?
ДІН (араб.) — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы; адамзат танымының дүние мен жаратылысқа деген көзқарасты айқындайтын мифология, философия және ғылымнан ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау. Ислам философиясының түсіндіруінше, Дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие — Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім — оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді (қ. Ислам). Діни түрғыдан, Дін — бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды, болмысты толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым Діннің шығуы қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша 40 - 50 мың жыл бұрынғы палеолит (тас дәуірі), яғни алғашқы қауымдық қоғамның салыстырмалы түрде жоғары деңгейдегі даму кезеңіне жатқызылып отыр. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылықта қолданылған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ, діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құ-ралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдейді. Діннің шығуы адам ақыл-ойында теориялық ойлау және ойдың шынайы өмірден ажырау мүмкіндігінің пайда болуы деңгейімен де (Діннің гносеологиялық негізі) байланысты. Яғни жалпылама ұғым өзі белгілейтін нәрседен бөлініп, өзінше дербес өмір сүре бастайды, сондық-тан нақтылы бар нәрселердің адам санасында бейнеленуінің негізінде абстрактілі түсініктер де пайда болады. Бұл мүмкіндіктер адамның тек қана нақтылы іс-әрекеттерінің тұтас жиынтығымен, қоғамдық қатынастарымен (Діннің әлеуметтік негізі) байланыста ғана іске асады. Адамзат тарихының өн бойында Дін адам сенімінің сипатына және халықты қамтуына байланысты сан түрлі күйде болды. Бірінші жағдайға қатысты оның тотемизм, анимизм, натуризм, шаманизм, фетишизм, политеизм (көп-тәңірлі), монотеизм (біртәңірлі), деизм (әлемді жаратқан соң, оның одан әрі дамуына араласпайтын, белгілі бір тұлға кейпіндегі емес әлдебір бастапқы себепті мойындайтын ілім), т.б. түрлері пайда болды. Соның ішіндегі тарихи тұрғыдан Діннің неғұрлым ертедегі, ең алғашқы көріністері — сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.
Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау барлық Діндерге тән емес. Ол қазіргі Діндерден, мәселен, ислам, христиан, иуда Діндеріне тән, ал будда, даосизм Діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен Діннің тайпалық-халықтық (мыс., иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда Діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік Діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мыс., ислам Дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан Дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары, т.б. Діннің екі сипаты бар. Төменгісі — сыртқы, гибадат ету, ал жоғарғысы — имандылық. Имандылық барлық дерлік Діндерге ортақ, Діннің ішкі мәнін білдіреді, сондай-ақ, ғибадатты да қамтиды, адамның сыртқы және ішкі болмысын тәрбиелейді. Діннің имандылық сипатын қабылдайтындар бүкіл бол-мыстың себебінің, заңдылықтарының бар екенін толық түсініп, оларды танып-біліп, бойына сіңіріп және бұлжытпай орындауға ұмтылады. Барлық Діндердің ұқсастығы және негізгі мақсаты — бір Жаратушыға деген сүйіспеншілікке жету және оның мейірімі мен кешіріміне ие болу, рухани тазарып, жетілу. Олардың ішкі мәнінде ғана емес, салт-рәсімдерінде де көптеген ұқсастықтар бар. Мыс., тасбих тартып, Құдай-дың қасиетті есімдерін қайталау; ән айтып, билеп, зікір салып Құдайды мадақтау, ғибадат ету, дұға оқу, т.б. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш Дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, диалекткалық және тарихи материализмді философиялық негізіне айналдырған маркстік атеизм және бүкіл Дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады. Атеизм, әсіресе, кеңестік дәуірде, Кеңес Одағындағы халықтар арасында, соның ішінде Қазақстанда да мей-лінше күшейген еді. Ол халықты рухани тоқырауға ұшыратты. Қазақстан өз егемендігін алғаннан кейін қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. 1991 ж. "Дін бостандығы және діни бірлестіктер туралы" арнайы Заң қабылданды. Қазақстанда республика халқының басым көпшілігі ұстанатын басты Діндер — ислам және христиан Діндері болып табылады. Бұл негізгі Діндердің қызметтері жолға қойылып, мешіт, шіркеулер және діни оқу орындары, т.б. діни бірлестіктер жұмыс істеуде.

Ислам – рахымдылық, мейірімділік және кешірілімділік діні. Ислам әділдік пен бейбітшілікке үндеп, адам баласының бас бостандығы мен ар-ожданын қорғайды. Бұл жалаң ұрандар арқылы көпшілікті алдап, дінге еліктіру саясаты емес, керісінше Ислам дінінің бүкіл діңгегін құрайтын табанды негіздері. Құран Кәрімде айтылғандай, Аллаһ тағала Мұхаммедті (с.ғ.с.): "Жер жүзіне тек рақым етіп қана..."-жіберген (Әнбия сүресі, 107 аят). Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінің Хақ тағала ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Ислам діні жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Дінтану курстық жұмыстар, Ислам діні