Дінтану | Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

 Дінтану | Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал

Мазмұны
І. Кіріспе
І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал.
1.1 Қазіргі таңдағы Қазақстандағы діни жағдай.
1.2. Қазақстандағы діни бірлестіктер.
1.3. Қазақстан және ислам.
ІІ. Тарау. Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері.
2.1 Қазақстандағы миссионерлік ұйымдардың қызметі.
2.2. Адастырушы түрлі діни ағымдар.
2.3. Дін бостандығының Қазақстанның қоғамдық өміріне ықпалы.
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

І. Кіріспе
Қазақстан тәуелсіз ел болғанына 16 жылдай уақыт болды, осы уақыт ішінде республикада саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани салаларда түбегейлі өзгерістер болып өтті. Республика халқының демографиялық құрамы өзгерді, қазіргі уақытта қазақ халқы басым этнос болып табылады.
Егер, 1989 жылдың 1 қаңтарына карай 30 діни бірлестікке енетін 700 діни бірлестік болса, 2003 жылдың 1 қаңтарына қарай республикада 62 діни бірлестікке енетін 5000 қауым бар. Олардың 75 % мұсылман қауымы құраса, 1300 қауымды басқа діни бірлестіктер құрайды. Олардың ішінде Евангельдік христиан –баптистердің 378 қауымы болса, 222 –сі орыс православиялық шіркеуінің қауымдары. Республикада барлық халықтың 70 % жуығы мұсылмандар, православиялықтар – 28 %, католиктер – 1 %, протестантар – 0, 5 %, басқалары – 0,01 %.
Қазақстандағы үлкен қоғамдық өзгерістер дін еркіндігіне жол ашты. КСРО тұсындағы діни құғындаудан кейін 70 жыл бойы қысылған халыққа қалаған дінін ұстануға рұқсат берілді. Қазақстан қоғамы полиэтникалық және полидінді болып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері, өтпелі кезеңде көптеген діни бірлестіктер құрылып, көпшілігі жойылып кетті. Өзгерген жағдайда, түрлі дін үстанатын адамдардың бір-бірінің діни сенімін сыйлауға діни жанжалға жол бермеуге үйренуге тура келді. Қазақстан өкіметі діни келіспеушіліктердің болмауына барынша тырысып, осы бағытта дұрыс саясат ұстанып отыр.Қазақстан өкіметі діндер арасында бейбіт қарым-қатынас принциптерін еңгізіп, діни бостандықты қамтамасыз етуге кепіл болып отыр.
Қазіргі дүниеде діни шыдамсыздық салдарынан күн сайын мыңдаған адам зардап шегуде. Мысалға, айтсақ Үндістан тәуелсіздік алғалы бері, мұсылмандармен индуистер арасында үнемі қанды қақтығыстар болып 60 жылдан бері 10 мыңдаған адам қаза тапты. Таяу Шығыста араптар мен еврейлер арасындағы бітпес қарулы қақтығыстың негізінде діни келіспеушілік жатыр. Қазіргі кезде діни экстремизм мәселесі дүниежүзілік жаһандық мәселелердің қатарында.
КСРО құрамында болған Қазақстан халықтарының 70 жыл бойы жалпы болған атеистік ұстаным,діни дәстүрлерге үлкен соққы берген. Кеңестік атеистік идеология ұрпақтан ұрпаққа берілетін діни құндылықтардың көпшілігінің жоюлуына алып келді. Нәтижесінде, 1991 жылдан кейін Қазақстанда негізгі 3 әлемдік діннен бөлек, көптеген басқа діни ағымдар таратыла бастады. Негізгі діндердің өзін басқаша түсіндіретін діни ағымдар көбейіп кетті.
Діни дәстүрлердің болмауы көпшілік адамды, әсіресе жастарды діни экстремистік қауымдарға қосылуға жол ашты. Осындай жағдайда, Президент Н.Назарбаев басшылығымен діни экстремизімге және ұлтааралық және діни қақтығыстардың болмауына барлық күш салынуда.
Діндер бейбітшілік мақсатында сенушілер арасында жақсылықты уағыздау арқылы, түрлі ұлттардың адамдарының бір-бірінің діни сенімдерін құрметтеуге уағыздап, Қазақстанды гүлдендіруге шешуші көмек беруде. Осы шарттар Қазақстан Республикасының саясаты негізіне қойылып, ұлтааралық бейбітшілік және сенімнің тірегі болуда.
2003 жылдың 13 қаңтарында Алматыда Халықааралық діни конференцияда түрлі діни конфессиялар арасында бейбіт қатынастар, ынтымақтастық туралы дінаралық диалог болды.
Соңғы кездері, Қазақстанның діни өмірінде бірқатар діни экстремистік ұйымдардың қызметтерінің күшейгені байқалуда. Қазақстандағы бейбітшілік өмірді бұзуға тырысушылар діни қақтығыстарды көбейту арқылы өз мақсаттарын жүзеге асыруда тырысуда. Бірақ, ондаған жылдар бойы бірін-бірі құрметтеген түрлі діни сенімдерді ұстанатын Қазақстан азаматары бұл араңдаушылықтарға ерімей, Еліміздің қоғамдық тірегі мықты болып отыр.
Дәстүрлі діни ағымдар қазіргі таңда деттеген мақсаттарын жүзеге асырып, өз жоспарларын жасап келуде. Кез келген бұрышта әдемі күлкісімен жолыңды тосатын, түрлі-түсті кітапшалары арқылы «қайырымды және мәңгілік өмірге жетелейтін», майда тілімен ділің мен рухыңа қармақ салып жатқанын аңдатпайтын жат пиғыл, сұқ көздердің әрекетіне қоғам көзімізді үйретіп үлгерді. Әбден дандайсыған дәстүрлі емес діни ағым өкілдері «адамзатты белшесінен батқан күнәсінен арылтатын жалғыз бізбіз» деп ашық мәлімдеуге көшті. Оған осыдан 13 жыл бұрын айналымға енген «Діни бірлестіктер мен сенім бостандығы» туралы заң жобасының мән –мазмұнын өз мүмкіншіліктеріне толық пайдаланып отырғандығы белгілі. Статистика деректері «қазақ жерін мекендеп жатқан тұрғылықты халықтың 11 пайызы ата-бабасы тұтынған ана дінінен іргесін аулақ салып үлгерген» дейді. Мамандар «қазіргі қолданыста жүрген дінге қатысты заңнама тетіктері қазіргі ахуалмен сәйкес келе бермейді, олардың шектен шығып дандайсуының себебі сол» дейді. Оған негіз де жоқ емес. 1995 жылы Қазақстанда 8 мұсылмандық, 4 православиялық, 4 католиктік, 26 протестанттық бірлестіктер тіркелді. Ал бахай, кришнайт, мунийст тәрізді дәстүрлі емес діни ағымдардың тіркелгендерінің саны сол жылы 10 болса, 1996-1997 жылдары 40-тан асып кеткен.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Үкіметке сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Мұхтар Шаханов республика тәуелсіздік алған жылдан бастап Қазақстан көп конфессиялы елге айналғанын, ойдан-қырдан қашқан, тіпті бірқатар мемлекеттер есігінен сығалауға мұрсат бермейтін дәстүрлі емес ағымдардың быжынап ұя салатын жайлы мекеніне айналғанын ашып айтқан.
«Жат ағымдардан келетін қауіп-қатер соғыстан жүз есе қауіпті» дейді Мұхтар Шаханов. Миссионерлердің қажеттілігіне жыл сайын 12 млрд. доллар жұмсалады. Мол қаржының батпандай сұрауы бар. Не керек және нені көздеп жүргенін өздері де жоққа шығармайды. «Жаңа өмір» библия орталығы интернет-сайттарында жазылған мәлімдемелерінде Қазақстанды Орталық Азияда тамыр жаюға ең қолайлы және өздеріне ішкерілеп енуге рұқсат бермейтін Азияның кейбір аймақтары үшін жергілікті өкілдерінен дайындалған миссионерлерді аттандыруға қажет дәліз екенін айтқан. Байқап тұрсыз ба, «жергілікті ұлт өкілдері» деп қазаққа шоқтың қоламтасын маздататын көсеуі ретінде қарайды. Егер осы тақырыпта дау туа қалса, әлем алдында қазақты жаманатты етуге таптырмас дәлел.
Ал АҚШ-тың Лос-Анджелесіндегі евангелистер сектасының құзырындағы «Благодать» ұйымы бағдарламалық мәлімдемелерінде «Құдай сөзі арқылы Қазақстан халқының ақыл-ойын өзгертеміз» дейді. Мақсаттары 2010 жылға дейін бүкіл Қазақстан халқын евангелистік ағымға көшіру екенін жасырмайды да. Дәл осы бағытта жұмыстарын жалғастырып жатқан мектептер мен орталықтар саны 30-дың үстінде. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ел ішін кезіп жүрген ұзынқұлақ әңгімелер «көше-көшелерде кітап тарататын насихатшылардың айлық жалақысы 30 мыңның үстінде» дейді. Егер қатарын көбейтіп, соңына біреулерді ілестіре алса, үстеме сыйақысы тағы бар.
Дәл осы тәсілмен жұмыстарын жандандырып жатқан «Иегова куәгерлерінің» бір Алматыда ғана 30-дан астам оқу орталықтары толық бабында жұмыс істеп тұр. Салыстырмалы түрде қарасақ, Алматыда 14 шіркеу, 38 мұсылман мешіті бар. Егер жазатайым жолдан тайып, иегова куәгерлері мүшесі бола қалсаңыз, азаматтық, тіпті жанұя, жар алдындағы міндетіңізден бас тартасыз. Туған жер, Ел таңба, Әнұран, Ата Заң, бірге туған бауыр сіз үшін кім, не деген сұраққа жауап беріп тұрған зат есім ғана болып, тек қожайынының шашты басына ғана мансұқ тұтқан Айтматовтың Мәңгүртіне айналасыз. Бұл есігімізге батпандап еніп жатқан, мысқалдап шығу ойында, тіпті жоспарында жоқ рухани отаршылықтың бастапқы кезеңі ғана. Философия және саясаттану институты философия ғылымы және мәдениет бөлімінің меңгерушісі, профессор Анатолий Косиченко Ұлыбританияда 2002-2003 жылдары-ақ ешқандай дабыра қылмай-ақ, әлемдік қауымдастықтың ықтимал қарсылығына қарамай-ақ, 20-дан астам дәстүрлі емес діни ағымдар, бірлестіктердің жұмысына тыйым салғанын айтады.
Ал қазақ елінде тәуелсіздікке қол жеткен жылдары бірде-бір діни бірлестіктің лицензиясы қайтарып алынбаған. «Мұнымызға басқа не дейді» деген сол баяғы жалтақтық. Сол жалтақтықтың иегінің астында жат ағымдар, діни идеологиялық, тіпті ұлттық мүдделер мен әдет-ғұрыптар көпір үстінде теке тірес жағдайында тұр. Ол ушығып кетсе, саясат сахнасында әлдебіреулер үшін қолайлы тіркес – ислам фундаментализмінен келер қауіптен әлдеқайда қатерлі.
Қазіргі таңда адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар». Адамның қандай діни сенімде екені, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде президент Нұрсұлтан Әбішұл Назарбаев «Қазақстан-2030» деген Қазақстан халқына жолдауында «Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ»;-деген болатын.
(Қазақстан-2030. Қазақстан Республикасының президентінің халқына жолдауы.) Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған.
1. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конститутциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік нәссілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
2. Республика басқа мемлкеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азамматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол бермейді.
3. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі; сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісі арқылы жүзеге асырылады.
Он төртінші бабта былай жазылған:
«Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тегіне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды»!!
4. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіненұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездік пен зорлық зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Бірақ бүгінде 1992 жылы қабылданған «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңды 1995 жылы қабылдаған соңғы конституция негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде талқыланып жатыр.
Қазақстан Республикасы тәуілсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Маркстік –Лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрыңғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия мен дениминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңмен реттелген. Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінің қоғам орнындағы орны ерекше.
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтеріне қарағанда қазіргі Қазақстанда 24 этностан тұратын ІІ миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып, олар өз міндеттеріне сай қызметтер атқаруда.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарату ісі жетіле түсті. Елімізде жиырмадан аса медресе, 1977 жылдан бері Алматыда Ислам институты діни мамандар даярлауда. Арнайы дінтану факультеттері, Шымкенттегі Халықаралық Қазақ-Араб университеті сонымен қатар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университеттерінде бар.
Діни басқарма тарпынан «Ислам әлемі» (1997 жылдан) деген атаумен 2000 жылға дейін көпшілік бхаралық журнал шығарылып, кейін ол журнал « Ислам және өркениеті деп аталатын газет ретінде қайта жаңғырып көпшілік қауым игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар діни басқарма тағы да басқа бірқатар діни басылымдарды жарыққа шығаруда.
Діни басқарманы араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор, басмуфти Әбдісаттар Қажы Дербісәлі басқаруда.
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанымен жұртшылық арасында беделі зор. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шетелдік мұсылман елдері ресми тұрғыдан ынта білдіруде.
Мемлекет аумағы 1,052,540 шаршы милль, ал халық саны мемлекеттік агенттіктің 2006 жылғы қаңтар айындағы статистикасына сай 15, 219, 300 адам. Этникалық жағынан халқы көп тектес және әр түрлі діни топтар кездеседі. Көшпенділік және кеңес тұрмыс-салтының ішінара ықпалына байланысты кейбір тұрғындар өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Бірнеше зерттеушілердің пайымдауынша және жүргізілген сауалнамалардың көрсетуінше, халықтың діни сенімі және діни ғибадат ету рәсімдеріне қатысу деңгейі төмен. Үкімет тіркелген конгрегациялар мен ұйымдар саны жөнінде статистика жүргізеді, алайда әр бірлестіктің көлемі жөнінде мәлімет жоқ. Діни ұйымдар жайында соңғы толық және сенімді статистика көрсеткіштерін 1999 жылы өткен халық санағынан алуға болады. 1999 жылдан бері тіркелген, құрамы жағынан шағын конгрегацияға жататын топтардың саны айтарлықтай өскенімен, Қазақстан үкіметі белгілі бір дінге сенушілердің пайызы бірқалыпты деп санайды.
Халықтың жартысын құрайтын этникалық қазақтар мен 10 пайызын құрайтын этникалық өзбектер, ұйғырлар және қырғыздар Ханафи мектебінің суннидтеріне жатады. Халықтың 1 пайыздан кем бөлігі біріккен басқа исламдық топтарға шафид суннидтер (әдетте шешендер), шиаттар, суфисттер және ахмадилер жатады. Өздерін мұсылман деп танығандардың басым көпшілігі елдің Өзбекстанмен шекаралас оңтүстігінде шоғырланған. Құрамы едәуір үлкен этникалық орыстар, саны жағынан шағын украиндар мен беларустар православиялық христиандар болып табылады. Бұлардың барлығы бірігіп, халықтың үштен бірін құрады. Шамамен халықтың 1,5 пайызын этникалық немістер құрайды. Олардың көпшілігі римдік католиктерге немесе лютерандарға жатады.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматтарына сүйенсек, протестандық христиандардың конгрегациясы орыстардың православиялық конгрегациясынан саны жағынан жоғары, алайда протестандық дінді ұстанатындардың саны көп емес секілді. Осы құжат қамтитын уақыт барысында Қазақстан үкіметі 93 дәстүрсіз протестандық христиандардың шіркеуі және осы шіркеулерге қызмет ететін 45 шетел миссионері тіркелгенін хабарлады.
Елде баптистік екі топ: Евангелиялық христиандар мен баптистер шіркеулерінің кеңесі («Шіркеулер кеңесі») және Евангелиялық христиандар мен баптистер одағы («Баптистер одағы») болды. Алайда сенушілері 1000-ға жуық «Шіркеулер кеңесі» жөнінде нақты статистика болмағанымен, «Баптистер одағының» сенушілер саны 10 000-нан асты. Қазақстан үкіметі Баптистік одаққа қарайтын 198 шіркеуді және сол шіркеулерде қызмет ететін 22 шетелдік миссионерді санаққа алғанын хабарлады.
Басқа айтарлықтай көлемді конгрегацияларға пресвитериандар, лютерандар, йегова куәгерлері, жетінші күн адвентистері, пентекосталдар және басқалар жатады. Кішігірім методистер, меннониттер және мормондар қауымдастықтары тіркелген. Елде римдік католик архиепископының епархиясы болды. Оның құрамына елдің 2 пайызы кірді. Оның ішінде этникалық украиндар және немістер болды. Мемлекет елдің түкпір-түкпірінде тіркелген 83 римдік католик шіркеуі және соған қатысты ұйымдардың бар екенін хабарлады. Жыл барысында үкімет 198 римдік католик дін басын және миссионерін тізімге алды. Құрамының көп бөлігі этникалық украиндардан тұратын кішігірім грек католиктерінің қауымдастығы 3 шіркеуін тіркеді. Онда 9 шетелдік дін қызметшісі мен миссионер жұмыс атқаруда.
Халықтың 1 пайызынан кем бөлігін біріктіретін еврейлер қауымдастығының Алматы, Астана және Павлодар сияқты ірі қалаларда синагогалары жұмыс істеді. Алматыдағы раввиндер діни рәсімдерге келушілер мен діни білімге қызығушылар саны көбейгенін хабарлады. Үкімет 8 шетелдік раввин мен еврей миссионерін тіркегендігі жайында хабардар етті. Қазақстан үкіметі осы баяндамада қамтылған уақыт аралығында 58 дәстүрсіз діни тобын тіркеуге алды. Оның ішінде харе кришна, бахаис, христиан ғалымдары және унификация шіркеуінің өкілдері бар. Сонымен қатар, 4 буддист топтары да тіркелді.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматына сүйенсек, 2006 жылдың қаңтар айында елде 413 шетелдік миссионер қызмет етуде. Тіркеуден өткен миссионерлердің көпшілігі – Оңтүстік Корея, Ресей және басқа бұрынғы кеңес елдерінен келген христиандар. Ресми тіркелген 8 мұсылман дінін уағыздаушыдан басқа, бірнеше тіркеуден өтпеген миссионерлер елдің оңтүстігінде белсенді қызмет ететін көрінеді.
Тәуелсіздік жылдары азамат¬тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдары¬ның күшеюімен бірге қазіргі Қазақ¬стан үшін беймәлім, жаңа “дәс¬түрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Агапе” “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Бахаи” “Сайтан шіркеуі”, “Саен-тология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлес¬тіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шір¬кеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестант¬тық бірлестік жұмыс істейді. Қа¬зіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер ене¬ді: 5 буддистік қауым, 24 ин¬дуис¬тік, 12 кришнаиттік, 23 ба¬хаи, 2 трансценденталдық меди¬та¬ция қауымы, ұлы ақ бауыр¬лас¬тықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиан¬дықтың православиелік бағыт¬тары. Елімізде 1700-ге жуық мұ¬сыл¬ман бірлестіктері бар. Оның басым көпшілігі суниттік бағыт¬тағы бірлестіктер. Орыс право¬сла¬вие шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. Еліміздің бірнеше қаласында православие¬лік ғибадатханалардың құрылысы жүріп жатыр.
Кейінгі уақытта католик, про¬тестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. “Иегова куәлары” бірлестігінің миссио¬нерлік қызметі ерекше қарқын алу¬да. “Иегово куәлары” Қазақ¬стан¬дағы саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік қала¬сында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет орган¬дарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын адамдар 20 мыңға жуық.
1999 жылы діни бірлестіктер¬дің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді бірік¬тіреді.
Сонымен қатар елімізде про¬тес¬тантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі, елушілер (пятидесят¬ничество), методизм, меннонизм, пресветерианство .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру