Информатика | Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

 Информатика | Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар

Мазмұны

Кіріспе 3
I. Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқытудың теориясы 5
1.1 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясының
теориялық негіздері. 5
1.2 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясын қолдануда компьютерлік технологияларды құрал ретінде пайдаланудың қажеттілігі 7
1.3 Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар
(Модульдік оқыту) 13

ІІ. Инфорорматика сабақтарын түрлендірудегі жаңа технологиялар 25
2.1 Модульдік оқыту технологиясын қолданудың тиімді әдістері. 33
2.1.1 Paint графикалық редакторына кіріспе. N1-сабақ. 36
2.1.2 Radmin желілік программасы. N2-сабақ 39
2.1.3 Машықтану сабағы. N3 - N4 – сабақ. 40
2.1.4 «Брейнг-ринг» ойыны. N5-сабақ. 42
2.1.5 «Бақытты сәт» ойыны. N6-сабақ. 44
2.1.6 Жоба жұмыстарын орындау. N7-N8-сабақ. 47
2.1.7 Оқушылардың білімдерін бақылау. N9-N10-сабақ. 48

Қорытынды 53
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 55


I. ИНФОРМАТИКАНЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ

1.1 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясының теориялық негіздері.
Қазiргi заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық iлiмдер негiзiнде құрылған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Оқу процесiн технологияландыру басқа ақыл-ой талабына ғана негiзделген рационалистiк немесе технократтық деп аталатын дидактикалық парадигмамен әдiснамалық байланыста. Педагог рационалистердiң негiзгi мiндетi – оқу материалын меңгерудiң неғұрлым тиiмдi тәсiлдерiн iздестiру. Нақ осы модель төңiрегiнде оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мүмкiн жолдары пайда болып, ол кейiннен оқыту технологиясы ұстанымдарына жалғасты.
Педагогикалық технологияның ерекшелiгiн педагогикалық жүйенi жобалау тұрғысынан анықтау үшiн жобалаудың бiлiм беру аймағында оқыту жүйесi мен оның жекелеген компоненттерiн жасаумен шектелмейтiнiн ескеру қажет. Жобалау сонымен қатар оқушының интеллектуальдық даму заңдылықтарын, оқу iс - әрекетiнiң қалыптасу ерекшелiктерiн және педагогикалық басқарудың тәсiлдерiн зерттейтiн құрал ретiндегi әдiснамалық қызмет те атқарады. Оқыту технологиясының әдiснамалық қызметi жалпы стратегиялық үлгi – оқытуды жобалау, ұйымдастыру және жобаны жүзеге асыру арқылы анықталады.
Академик В.Л.Беспальконың анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжiрибеде жүзеге асырылатын белгiлi бiр педагогикалық жүйенiң жобасы. Ал педагогикалық жүйе дегенiмiз оқытудың әдiстемелiк жүйесi, формасы мен құралдары мен оған сәйкестi дидактикалық процестердiң жиынтығы. Педагогикалық жүйе педагогикалық технологияны жасаудың негiзi болып табылады. Педагогикалық технологияның әдiстемеден бiр ерекшелiгi- оқушының оқу – танымдық қызметiнiң құрылымы мен мазмұнын анықтайды. Технологияны пайдалану оқушылардың барлығының табысқа жетуiне әкеледi. Педагогикалық технология – оқушылардың жеке басын дамыту мен бiлiм беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтiң, iс - әрекеттiң жүйелi дамып отыратын жобасы.
Педагогикалық технология – педагогика ғылымының оқыту мақсатын, мазмұнын және әдiстерiн зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процестi жобалаушы бiр бөлшегi. Ол – бiлiм стандартында көзделген оқыту нәтижелерiн қол жеткiзу жолындағы мақсат, мазмұн, әдiстер мен құралдардың бiртұтас қызметiн бейнелейтiн процесс.
Қазiргi заманғы педагогикалық технология төмендегiдей негiзгi әдiстемелiк талаптарға сай болуы тиiс:
1. Технологиялық сызба (карта) технологиялық процестiң оны жеке функционалды бөлiктерге бөлу және олардың арасындағы логикалық байланыстарды белгiлеу арқылы көрсететiн шартты бейнесi болуы қажет.
2. Әр педагогикалық технология тәжiрибеде игерудiң белгiлi бiр ғылыми тұжырымдамасына негiзделуi тиiс: бiлiм беру мақсаттарына жету процесiнiң ғылыми негiздемесi болу керек.
3. Педагогикалық технологияның барлық жүйелiк сипаттары: процестiң логикасы, барлық бөлшектерiнiң өзара байланысы, тұтастығы болуы қажет.
4. Оқу процесiн жобалау, жоспарлау, мақсатын анықтау мүмкiндiктерi ескерiлуi керек: кезеңдi диагностика, нәтижелердi түзету мақсатында әдiстер мен құралдарды түрлендiру мүмкiндiгi қаралуы қажет.
5. Қазiргi заманғы педагогикалық технологиялар бәсекелестiк жағдайда қызмет етедi. Сондықтан, белгiлi бiлiм стандартына сай нәтижелi оқыту кепiлдiгiн берiп, нәтижесi тиiмдi, шығыны аз болуы керек.
6. Педагогикалық технологияны басқа бiлiм беру мекемесiнде басқа субúектiлердiң де қолдану мүмкiндiктерi ескерiлуi керек, яғни кең дәрежеде қолданылатындай болуы тиiс.
Педагогикалық технология оқу процесiнiң қойылған мақсатқа жетуiне кепiлдiк бередi. Мақсатқа жету үшiн керi байланыс болуы керек. Соған байланысты оқытуға технологиялық қатынаста төмендегiдей шарттарды көрсетуге болады:
а) мақсат қою және нақтылау, мақсатты нәтижеге табысқа жетуге орай айқындау;
ә) ағымдағы нәтиженi бағалау, қойылған мақсатқа жету жолында оқытуды өзгерту;
б) нәтиженiң қорытынды бағасы.
Мектепте оқыту технологиясы оқыту процесiне қажеттi психологиялық - педагогикалық iс - әрекеттердiң жүйелi кешенi - әдiс, тәсiл, амал, дидактикалық талап ретiнде пайдаланылады. Ол оқушылардың тәртiбiне, оқуға ынтасына, iс - әрекетiне игi әсер етедi және сонымен бiрге, мұғалiмдердiң педагогикалық iс–тәжiрибесiнiң нәтижелiгiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн оқу – тәрбие процесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Жоғарыда келтiрiлген түсiнiктерден, оқыту технологиясы дегенiмiз педагогикалық тәжiрибеде оқыту мен тәрбиенiң нақты көзделген мақсатына қол жеткiзу жолындағы тұтас дидактикалық жүйе құрайтын амалдар мен iс - әрекеттер тiзбегi екенiн көремiз.
Жалпы бiлiм беретiн мектептер үшiн педагогикалық технология мындай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиiс (В.П.Беспалько).
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоЮы қажет. Оқу процесiнiң нәтижелi болуына 100% кепiлдiк беруi қажет;
ә) оқушының өз бетiмен жасайтын оқу танымдық қызметiнiң құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесiнiң жобасына негiзделуi қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық нәтиже беретiн жолмен анықтап, оның меңгерiлу сапасын дәл тексерiп бағалауды қажет етедi;
в) практикада оқу процесiнiң толықтығын қамтамасыз етiлуi тиiс.
Қәзiргi таңда бiлiм беру iсiн реформалау “iзгiлендiру парадигмасы” негiзiнде бiлiм берудiң мазмұнды - әдiстемелiк негiзiн жүйелi өзгертуiн ғана емес, сонымен бiрге логикалық - әдiстемелiк негiздi жаңартуды анықтауды, педагогикалық жүйенiң жаңа парадигмасын жетiлдiрудi қажет етедi.
Бiлiм беру жүйесiн жаңартуда және жетiлдiруде алдымен жаңа негiзде әдiстемелiк жүйенi құру, содан соң дидактикалық процестi ескере отырып, педагогикалық жүйенi технологиялық негiзде құрған дұрыс деп есептеймiз. Мұндай жүйелiлiк тәжiрибеде барлық жаңа инновациялық идеялардың жүзеге асуына кепiлдiк беретiн саралап оқытудың педагогикалық түзу технологиясын құруға мүмкiндiк бередi.

1.2 Модульдеп оқыту педагогикалық технологиясын қолдануда компьютерлік технологияларды құрал ретінде пайдаланудың қажеттілігі
Оқытудың бұрынғы жүйесін сүйемелдеу бағытында ең тиімді технологияларға мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалдарды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с.) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалануға дағдыландырады. Осыларға қоса, мектептің жергілікті компьютерлік желісі болу және бұл желінің Интернет жүйесіне қосылуы мұғалімдердің жұмысын біріктіре отырып дайындауға мүмкіндік беріп, сабақ берудің жаңа технологиясын игеру ісін оқытушылардың өздеріне де өте қызықты етіп көрсете алады.
Үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру. Компьютерлік технологияларды осы мақсатта пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кейіннен де пайдалануға болатындай етіп, білім мекемелерінен алынатын білім мен дағдылану деңгейлерін нақты түрде стандарттау технологиялары2 (азғантай болса да) жайлы айтуға негіз бола алады. Өкінішке орай, біздің осы тәжірибелеріміз бақылау мақсатында АКТ-ны пайдалану бұрынғы оқу процесіне ешқандай жаңа өзгеріс енгізе алмайтынын көрсетті, өйткені бақылау ісі оқушылармен кері байланыс ұйымдастырудың алғашқы сатысы ғана болып саналады. Бұдан гөрі қомақтылау нәтижеге қол жеткізу үшін оқушылардың алған білімдеріндегі ақтаңдақтарды тиянақты түрде қадағалау негізінде білім тексеру процесін автоматтандыру керек екені белгілі болды.
Бұл процестің негізі мынада – мұғалім тексеру нәтижесі жайлы толық ақпарат ала отырып, балалардың әрқайсысына олардың қатесіне байланысты қағазға жазылған қосымша тапсырма береді. Бұларды орындау нәтижесін тағы да компьютерлік тест немесе мұғалімнің өзі тексеріп шығады. Мұндағы бір айта кететін жайт – соңғы бақылау баға қою мақсатында емес, оқушының қай тақырыпты қалай меңгергені жайлы мәлімет беретін дидактикалық тест алу мақсатында жүргізіледі. Осындай технология өзінің тиімділігін, әрі қызықтылығын көрсетті, оның мысалы ретінде орыс тілі ережелерін оқып үйрену кешенін пайдалануды келтіруге болады. Мұндағы негізгі мәселе объективтілік, сенімділік және дұрыстық (валидность) талаптарына сай келетін, ғылыми тұрғыдан негізделген компьютерлік тестер жасау керек екендігі белгілі болды.

Төменгі сынып оқушыларына арналған тренаж.
Төменгі сынып оқушылары бірнеше рет қайталай отырып үйренуді талап ететін оқу материалдарын жиі қолданады екен. Осылар үшін дидактикалық тренажер-ойындарды пайдалану (жас балалар компьютермен жұмыс жасауды көбінесе ойын ретінде қабылдайды) олардың оқу материалдарын қайталау ісін компьютерде ынталандыра жүргізу жолымен біраз жылдамдатуға мүмкіндік берді. Мысалы, «Петька атты сұрқоянның басынан кешкендері» деген дидиактикалық ойын тәжірибелері (арифметикалық амалдарға арналған тренажер) балалардың мысалдарды компьютердегі фондық есептер ретінде шексіз отырып шығаруға дайын екендігі байқалды және осылай үйрену оқу тиімділігін 3-5 есе арттырды.
Қосымша сабақтар. Балалардың бұрынғы білім деңгейлерінің әр түрлілігін «әлсіз» оқушылар үшін – коррекциялау топтарын құру арқылы, қалғандары үшін – үйірмелер мен факультативтер сияқты қосымша сабақтар ұйымдастыра отырып, олардың деңгейлерін біркелкілендіріп реттеуге болатынына көз жеткіздік. Шетел тәжірибелері көрсеткендей коррекция есептерінің бірсыпырасын компьютер арқылы шығару өте нәтижелі идея деген. Компьютер көрнекілігінің жоғары деңгейі, оқушылардың оның алдындағы шексіз «шыдамдылығы» және компьютер «жансыздығы» өте өзімшіл балалардың да компьютер көмегін үнсіз қабылдайтынын байқадық. Мұндағы пайдалы әсер коэффиценті өте жоғары, бірақ оның бірсыпыра қиындықтары да бар, олар: а) балалардың танымдық қасиетін басқаруға бағытталған, жақсы коррекция жасайтын программалар алу қиындығы; ә) мұғалімнің мұндай сабақтарды ұйымдастыруға, өткізуге көп уақыт жұмсайтыны және ондай сабақтарға төлемақы қарастырылмағандығы.
Оқыту. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады. Мысалы, біздің зерттеулеріміз а) теориялық материалдарды бірнеше бөлікке бөліп, оларды есте сақтау үшін бірнеше тапсырма орындалатын программаланған оқыту процесі жүргізілсе; ә ) бір компьютерге балаларды бірін-бірі үйретулері үшін өз таңдаулары бойынша екеуден отырғызса; б) оқытуға арналған есеп дұрыс құрастырылып, оның нәтижесін бақылау да объективті түрде жүргізілсе, жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40-50 %-ға артатынын көрсетті.
Егер компьютер сабақты жүйелі түрде өткізудің басты компоненті бола алатын болса, онда жоғарыда айтылғандарға төмендегілердей тағы да бірнеше технологиялар қосылады4.


Компьютерлік модельдермен жұмыс істеу.
Модельдермен жұмыс істеу, бір жағынан, балаларға таңдау еркіндігін («мен былай істесем, не болар екен») беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін оқу ісінің зерттеу компоненті болады, екінші жағынан, оқушыларға өз теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін береді. Модельді пайдаланудағы орындалуға тиіс ең басты шарт – ол құралдың оқыту есептеріне сәйкес келуі.
Компьютерлік технологиялардың құрал ретінде пайдаланылуы. Қазіргі таңда компьютерде осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Оқыту жүйесіндегі көптеген есептер оларды «қолмен» есептеу (қуатты калькулятор тәрізді) арқылы шығаруға бағытталған. Оларды шығару үшін компьютерді пайдалануға болады, бірақ ол онша қажет те емес. Тек ақпараттық коммуникациялық технологиясыз (компьютерсіз) ешқандай жұмыс атқаруға болмайтын жерлерді атап өткіміз келеді. Мысалы, ондай бағыт Миасс қаласының №18 мектебінде табылды деуге болады: онда орыс тілі мұғалімі стилистикадан факультатив жүргізеді. Факультативте кәдімгі мәтіндік редактор қолданылады. Ол кез келген мәтінді жылдам өзгертіп жазып бере алады. Компьютерді пайдаланбай, мұндай сабақты жүргізу мүмкін емес5 (мәтінді қайтадан қолмен бірнеше рет жазып көріңіз).
Компьютерді ақпарат дайындауға пайдалану. Мұндай бағыт жоғары оқу орындарында нақты бір салаға арналған керекті мәліметті тауып алу үшін қолданылады. Бұл тәсіл институт кітапханасында жоқ, ең керекті, әрі жаңа ақпарат алу үшін уақыт үнемдеу мүмкіндігін береді. Бірақ осы бағытта студенттердің өзіндік жұмысын орындауда басқаша құру мәселелері де туындайды. Мысалы, реферат жазу жұмысы өзінің қажет емес екендігін дәлелдеп береді. Интернеттегі мүмкін болатын барлық тақырыптарға арналған рефераттардың болуы олардың керектісін көшіріп алып, өз фамилияңды жазып, алғашқы бетті өзгертіп мұғалімге тапсыра салуға әкеліп тірелген жоқ па?!
Жобалар технологиясы. Бұл бағыт ақпараттық технологияларда және басқа салаларда да топтап оқыту кезінде қолданылады. Мұнда компьютер әрі құрал ретінде, әрі байланыс элементі ретінде де пайдаланылады.
Дистанциялық оқыту – ақпаратттық коммуникациялық технологиялық құралдар (компьютерлер, телекоммуникациялар, мультимедиа құралдары) және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу (күндіз, сырттай, экстернат) формасы. Бүгінгі таңда осы технология өте кең тараған, ол сырттай оқу жүйесіне балама (альтернатива), нақтырақ айтқанда, қосымша роль атқарып келеді. Дистанциялық оқытудың артықшылықтары: а) компьютерлік телекоммуникациялар оқу материалдарын тыңдаушыларға жылдам жеткізеді; ә)телеконференциялар арқылы нақты уақыт режимінде студенттердің мұғаліммен сұқбаттасуын ұйымдастыра алатын виртуальды класс жасау мүмкіндігі туды; б)ақпараттық коммуникациялық технологиялардың барлық қуатын оқытуға да, әрі оқушылармен кері байланыс жасауға да пайдалануға болады. Бұл технологияның біздің елімізде кең таралуы жайлы айту әзір ертерек, өйткені толыққанды дистанциялық оқыту туралы айту үшін оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс. Оның үстіне, байланыс арналарының да сапасы жоғары болуы керек, бізде ол жағы әзірге әлсіздеу. Дегенмен осы оқыту түрінің элементтері көбейіп, оны жақтаушылар саны күннен күнге көбеюде. Бұл технологияны жүзеге асырушылар білім сапасына байланысты оның көптеген проблемалары бар екендігін айтуда.
Қай бағытта жүруге болады: оқытудың жаңа технологияларын жасау. Мұнда екі жолды көрсетуге болады. Алғашқы тәсіл оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылатын жаңа ақпараттық технологиялар (келтірілген мысалда - компьютерлік модельдер) құралдарын кеңінен пайдалануды ұсынады. Осы тәсілде екі түрлі сабақ өткізу қарастырылған: жай сабақ (мұғалім, оқушылар, тақта, бор, презентация құралдары), және алдыңғы сабақтар нәтижесі бойынша жүргізілген лабораториялық практикум. Бұл тәсілдің сөзсіз артықшылығы болып оқушылар жұмысының зерттеу және шығармашылық компоненттеріне баса көңіл бөлуі саналады. Осының нәтижесінде, біріншіден, алынған білімнің практикада (мектеп сабақтарында бұған сирек мүмкіндік беріледі) қолданылуы қамтамасыз етіледі, екіншіден, ол оқушылардың зерделік дамуына бағытталған түрде жүргізіледі.
Осы тәсілдің кемшілігіне мыналар жатады: а) арнайы кәсіби ұжымдардың осындай кешендерді ғылыми тұрғыдан қарастырып жасау қажеттілігі (мұндай кешен мектеп қабырғасында жасала қояр ма екен); б)олардың техникалық және программалық жабдықтамалардың болуына аса тәуелділігі (оқыту бағасы тез көтеріліп кетеді); в) осындай кешендердің таралу механизмдерінің болмауы (қаржының аз болуына байланысты, осындай жасалған әзірлемелер туралы жедел мәлімет алуға болмайтындығына орай сатып алу/сату бірсыпыра қиындықтар туғызады); г) толықтыру, өзгерту жүргізу қиын (бірдеңені өзгерту өте күрделі іс немесе мүмкін емес, авторлармен тұрақты байланыс керек).
Екінші тәсіл (оның мысалы ретінде автор ұсынған тұтынушыларға арналған информатиканы айтуға болады) АКТ-ны білім беру технологиясы мен «толық игер моделі» (Б.Блум, т.б.) жүйесінде пайдаланатын оқу .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру