Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясының әдістері жайлы түсінік

 Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясының  әдістері жайлы түсінік

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................3-5
І бөлім. Дидактикадағы оқыту технологиясының
әдістері жайлы түсінік.
І.1. Дидактикадағы оқыту технологиясының мәні мен мазмұны...................6
ІІ.2. Дидактикадағы оқыту технологияларының түрлері...........................7-23
І бөлім. Қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолдану.....................24-28
ІІ.1.Деңгейлік саралап оқыту технологияларын
пайдалану ерекшеліктері….........................................................................28-30
ІІ.2. Топтап оқытуды оқыту процесіне ендіру мүмкіндіктері................30-33

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер


1. Дидактикадағы оқыту технологиясының мәнің мен мазмұны
1. «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарды жандандандыру
-салауаты өмір салтын қалыптастырудың негізі-дені сау, рухы мықты ұрпақты тәрбиелеу деп танылып, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жүргізу.
-Мұғалімдерді топтарға бөліп, компьютерлік сауатын көтеру, компьютердің мүмкіншіліктерін пән иелерінің тиімді пайдалану бағытында жүргізу, электронды оқулықтарды жүйелі пайдалануды жүзеге асыру.
2. Мемлекеттік білім стандартына сәйкес пәндер бойынша бағдарламаның орындалуына басшылық жасап, оқушылардың білім сапасының деңгейін үнемі назрда ұстау.
-Оқушылармен жүргізілетін бақылау жұмыстарының сапасын арттыру, тест арқылы білім деңгейін анықтап, тиісті қорытындылар шығару.
3. Жаңа педагогикалық технологияларды (ұжымдық, саралап, модульді оқыту) оқыту-тәрбие үрдісіне енгізу, мұғалімдердің шығармашылық жұмысын жетілдіру, озық тәжірибелерді падалану аясын кеңейту.
4. Оқушылар бойында адамгершілік, іскерлік, білімділік қасиеттерін жетілдіру. -Дені сау , рухы мықты ұрпақ тәрбиелеу, осы бағытта дене шынықтыру, валеология, АӘД оқу пәндерінің ролін арттыру.
5. Дарынды оқушылармен жұмысты жаңа сатыға көтеру, оқушылардың ғылыми жұмыстарын жүйелеу, олимпиядалардың сапасн көтеру.
6. Әр оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, олардың бойында іскерлік, білімділік дағдыларымен қатар туған елін , жерін , әдет-ғұрпын қастерлейтін мәдени-парасаттылық сезімдерін ояту.
7. Мектептің материалдық –техникалық базасын нығайту мақсатында:
-мектеп фойелерін тақырыптық безендіру; -пән кабинеттерін жабдықтау, оқу құралдарымен толықтыру;
Дидактикадағы оқыту технологиясының түрлері
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар.
Қазіргі кезендегі психологиялық педагогикалық әдебиетгер ғылыми-технологоиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына "жаңа компьютерлік технологияларды" енгізуімен бірге келген "технология" деген ұғым жиі кездеседі. ұылымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Англияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүниежүзі елдеріне тарады.
Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өңдірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларга үлігі ретінде табиғат шикізатын қайта өндеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім "шығуында" белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.
Әлеуметтік технология деп, онда бастапқыда соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технологня ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметгік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әсерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын-ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді аттап кетеді. Педагогикалық іс -әрекет саласына "технология" деген сөздікті енгізу "индустриялдық" технология (Ф.Б.Гильбрейт,
Ф.У Тейлор және т.б.) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметгің аймағында ғалымдар (В.П. Беспалько, П.И. Пидкасистый және т.б.) қолдайды. Білім беру салсындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс- әрекетін (Т.А. Ильина) ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсапең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Бірақ егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелінетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады. Ғылыми әдебиеттердегі бар терминде технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оку моделі жағына өлшем жасалған.
Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рейтингілік оқыту технологиясы және т.б.) (Г.К. Селевко).
Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгелі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытгалған. Концепция жасаушылардың "ұстаздар-оқушылар" жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешіліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетгке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да "технология" ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.
Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуальдық ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадигмасының нақтылғы; жалпы технология және оның ішінде жеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатынымен және қолданылатындығының саласынын ұғымына сипаттама болып отыр.
"Технология" деген термин гректің түп тамыры lechnе-өнер, шеберлік, кәсіп және 1ogos -ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік процестері жүргізудің тәсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдардың технологиясы, химиялық технология, құрлыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Бұл осы термин өнімді өндіру процесі барысында жүзеге асырылып шикізатты материалдарды немесе жартылай фабриканттарды өңдеудің жасаудың, жағдайларын қасиеттерін, формаларың өзгерту әдістерінің жиынтығы ретінде бірқатар басқаша анықталады. Технология ғылым ретінде міндеті-практикада өндіріс процестерінің ең тиімділерін анықтау мен қолдану мақсатында физкалық, химиялық , механикалық және тағы басқа заңдылыктарды анықтау. Міне осыдан бірқатар өте маңызды айқын анықтамалар туады: -технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстарымен қатынастарының жолын сипаттайтын заңдылықтарын білу керек; еңбек затын өндеу тәсілдерін білу; -еңбек затының жағдайын анықтай білу (диагностика); -еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін (әрекет тізбегін)жасау.
Негізінен ең алдымен көрсетілген технологияның белгілері педагогикалық еңбектің технологиясы дегеніміз не екенін анықтау береді.
Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінін дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. XV ЮНЕСКО - ның басты , конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудін нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.
"Білім беру" ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына-біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тұлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындыгын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол "педагогтар — оқушылар" жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.
Қазіргі уақытта "педагогикалық технология" ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көп тараған анықтама В.П. Беспалько ұсынған: ол педагогикалық технология оқу мен тәрбие процестерінің (теориялық негізделген) еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Педагогикалық технология қол жеткен жетістіктерді сатылы өлшеу мен қортынды бағалаудың объективті мүмкіншілігін жеткілікті дәрежеде сақтайтын мақсаттары мен тапсырылған оларға сәйкес ғылыми жобалардың болуын калайды. Бірақ бұл анықтамадағы көрсетілген бір-бірімен тәуелсіз және дербес өмір сүруін оқыту және тәрбие процесгері болады деген оймен келісу қиын. Тұлға дегеніміз тұтастай тұратын құрылым және ол біртұрас педагогикалық процеспен байланысты.(Ильин В.С.), демек педагогикалық технологияда осы педагогикалық процестің басты белгісіне сәйкес болуы керек.
Педагогикалық технологияға берілген баска да анықтама бар, ол: оқыту процесін жүзеге асырудың мазмұндық техникада (В.П.Беспалько), педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі), оқыту процесін ұйымдастырумен жүргізуді жобалау басрысындағы бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің моделі (В.М.Монахов), барлық сабақ беру процесін жасаудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі, білімді меңгерудегі техникалық және адам және олардың өзара әрекеттерін ескеру (ЮНЕСКО), мазмұнын қортындылау (Г.К. Селевко). В.Ң. Бордовская мен А.А. Реанның көрсетуінше білім беру технологиялары дегеніміз бұл білім беру процесіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-әрекеттеріне, ол мақсат мазмұн әдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылыгына сай нақтылы идея негізінде жасалынады.
Г.М Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдетгегі түсініктерден басқа-ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру процесі емес, ол кәсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларыында ескерілген іс-әрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.
В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген; ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету. Педагогикалық процестің белгілі бір принциптердің жүйесі негізінде жасалатындықтан, педагогикалық технология сол принциптерді сыртқы және ішкі іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде қарастырылуы олардың объективтік өзара байланысындағы ұстаз тұлғасының тұтасымен көрінетін бірізді жүзеге асыруға бағытталған. Міне педагогикалық технологияның сабақ беру мен тәрбие жұмысының әдістемесінен айырмашылығы, өзгешелігі осыдан тұрады. Егер "әдістеме" деген ұғым оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оны жүзеге асырушы әрекетінен тыс түтас комплексті қолдану ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру