Дінтану | Зороастризм

  Дінтану | Зороастризм

Мазмұны

1. Кіріспе.
1.1Зороастризм тарихы..........................................................................................3

3. Авестаның құрамы мен негізгі зерттелу кезеңдері.........................4
2.1 Авестаны зерттеудің бірінші кезеңі.............................................................5
2.2 Авестаны зерттеудің екінші кезеңі..............................................................6
2.3 Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі.............................................................6
2.4 Авестаны зерттеудің төртінші, қазіргі кезеңі............................................6

3. Зороастризм діни – мәдени жүйе.

3.1 Зороастризмнің мәдени бастаулары............................................................7
3.2 Заратуштра тарихи-мәдени тұлға..............................................................11
3.3 Зороастризмдегі құдай мен адам мәселесі................................................14
3.4 Зороастризм эсхотологиясы және жан туралы ілім...............................15

4. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері.

4.1 Ежелгі Қазақстан мен Иранның мәдени сұхбат аймағы...................19

4.2 Қазақтардың ілкі тектерінің діни жүйелеріндегі зороастризм нышандары...............................................................................................................21
4.3 Қазақ мәдениетінің рәміздік универсумындағы
зороастризм көріністері....................................................................................24
5. Қорытынды..........................................................................................27
6. Пайдаланған әдебиеттер....................................................................29



2. Авестаның құрамы мен негізгі зерттелу кезеңдері.

Зороастризмді және оның киелі кітабы - Авестаны зерттеуге жетелейтін көптеген себептердің бірі - оның ежелгі шығыстың және адамзаттың мәдени құндылықтарының ішінде алатын ерекше орны. Зороастризм мәселері 18-ғасырлар-ақ еуропа ғалымдарының назарын аударған еді. Олардың ішінде Х. Бартоломэнің, Дж. Дамстетердің, А. Дюперроның, Э. Уэсттің, М. Хаугтың есімдерін атап өткен жөн. Бұл ғалымдар зороастризм мен Авестаны зерттеуді ғылыми жолға қойды.
Айта кетуді қажет ететін бір мәселе зороастризм мен Авестаны тарихи-филологиялық, лингвистикалық тұрғыдан зерттеу басым болды. Тарихшылар Авеста деректерін көне иран қоғамының саяси-әлеметтік картинасын қалпына келтіру мақсатында қолданса, лингвистер оны үнді-еуропалық халықтардың тілдік байланыстарын, құрылымын айқындау мақсатында зерттеді. Бұл бағытта Авеста мен Ведаларды салыстырып зерттеу басым болды.
Кеңестік дәуірде зороаcтризмді зерттеуде Е. Э. Бертельс, И. С. Брагинский, В. И. Абаев, Э. А. Грантовский, И. М. Стеблин-Каменский, С. П. Толстов, ВУ.В Струве сияқты ғалымдардың еңбектерінің айырықша үлес қосқан.
Революцияға дейін жарық көрген еңбектердің ішінде А. Л. Погодиннің "Религия Зороастра" және оның орыс тіліне аударған проф. Джаксонның "Жизнь Зороастра" еңбектерін атап өтуге болады. А. Л. Полодин зороастризмді діни жүйе ретінде қарастыра отырып, оның тарихи-мәдени бастауларын, өзіндік ерекшеліктерін деректерге сүйеніп, оның өмірбаянын қалпына келтіруді мақсат етеді.
Зороастризмді жан-жақты қарастыруға бағытталған соңғы жылдары жарық көрген еңбектердің ішінде ағылшын ғалымы М. Бойстың "Зороастрийцы. Верования и обычай" атты монографиясы, Л. А. Лелековтың "Авеста в современной науке" атты диссертациялық зерттеуі айрықша орын алды. Ағылшын ориенталисі зороастризмнің пайда болуынан бастап қазіргі күндерге дейінгі даму кезеңдерін қарастырады.
Авеста бізге негізінен екі редакциясында келіп жетті. Алғашқысы авесталық деп аталатын тілде және ерекше авесталық әліпбиде жазылған дұғалар жиынтығы болып табылады. Бұл дұғаларды зороастрлықтар (парсылар) қазірде құдайға табынушылық кезінде оқиды. Бұл дұғалар жиынтығының оның негізгі құрамдас бөліктерімен аттас – парсы тілінде «Вендидад- Садэ» («Таза Вендидад») деп аталатын, яғни түсіндірмелер берілмеген бөлігі бар. Сонымен қатар оның құрамына «Висперед» пен «Ясна» кіреді. Барлық үш бөлік аралас, канондалған тәртіпте орналасқан.
Екінші редакциясы да негізінен осы бөліктерді қамтиды. Бірақ олар бірінші редакциямен салыстырғанда басқаша тәртіпте орналасқан және құдайға құлшылық ету кезінде оқу үшін емес, жүйелі түрде зерттеуге арналған. Авестаның бұл мәтіні орта парсылық аударма мен түсіндірмелерді де қамтиды. Аударма мен түсіндірме авесталық емес, пехлевилік әліпбиде жазылған және «Зенд» деп аталады. Сондықтан Авестаның екінші редакциясы «Авеста және Зенд» немесе «Зенд Авеста» деп аталады.
Авестаның екінші редакциясына төмендегідей бөліктер кіреді.
1. «Вендидад» - авесталық «Ви даэво датэм», яғни «дэвтерге қарсы кодекс» дегенді білдіреді. Зұлым күштерден бас тартып, әділетті Аша жолын орнатуға бағытталған заңдар мен жарғылықтарды бейнелейді. Негізінен Ахура-Мазда мен Заратуштра арасындағы диалогтар ретінде өрбиді, ритуалды тазалық пен күнәдан арылу туралы және тағы да басқа нұсқаулар мен жарғылықтарды қамтиды. 22 тараудан тұрады.
2. Висперед –авесталық Виспе ратаво- «барлық әміршілер», яғни ізгі мәндердің даналығы дегенді білдіреді. Негізінен құдайға немесе құдайларға құлшылық ететін өлең-дұғалардан тұрады, мазмұны жағынан «Яснаға» жақын. 24 тараудан тұрады, бірақ тараулар саны түрлі қолжазбаларда өзгеріп отырады.
3. «Ясна»- авесталық йаз- табыну, құрметтеу, йашт- жалбарыну, ритуал дегенді білдіреді. Құрбандық шалу мен құдайға құлшылық ету кезіндегі дұғаларды, құдайларға арналған мадақтауларды қамтиды. 72 тараудан, соның ішінде авестаның ең көне бөліктері саналатын гаттардың 17 тарауын қамтиды. Алайда кейбір яшттар мазмұны жағынан гаттардан да ертерек пайда болуы мүмкін.
4. Яшт- авесталық йаз- табыну, зороастризмдегі әртүрлі құдайларға арналған мадақтарды, 22 өлең-дұғаларды және көптеген мифологиялық элементтерді қамтиды.
5. Кіші Авеста- орта парсылық тілдегі бірнеше қысқса дұғалар мәтінін, Күнге, Айға, Ардвисураға және Варахран отына арналған дұғаларды және т.б. қамтиды.
Парсылық дәстүрге сай Авеста б.з.б. 1-ші мыңжылдықта пайда болған. Алайда Александр Македонский жорықтары барысында оның бір экземплярын гректер өртеп жіберген, ал екіншісін өз тілдеріне аударған. Артахшер Папакан тұсында аман қалған Авестаның бөліктері жинақталып, оларды бас абыз Тансар қайтадан қалпына келтіреді. Артахшердің ұлы Шапур (б.з. 243-273 жж.) канондалған Авестаға кірмей қалған астрологиялық, медициналық, математикалық, философиялық мазмұндағы үзінділерді қосып, түзетілген мәтінді Шиздегі кітапханада сақтауға бұйрық береді. Бұдан кейінде Авеста мәтініне түзетулер енгізіледі.
Араб жорықтары кезінде де басқа да исламдық емес кітаптар сияқты Авеста қолжазбалары өртеліп кетті, бұл туралы Бируни және тағы басқа авторлар мәлімдейді. Бізге келіп жеткен Авеста қолжазбасы 1278 жылмен, яғни Авестаның пайда болуының дәстүрлі уақытынан екі мың жыл кейін белгіленген. Міне осы жағдайлардың бәрі Авестаны зерттеушілер тарапынан қызу пікір-таластар тудырды.
Еуропаға Авеста туралы (дәліріек айтсақ оның кейбір бөліктерінің қолжазбалары туралы) деректер XYII ғасырдан бастап белгілі бола бастайды. Авестаның алғашқы манускриптері Оксфорд колледжінің кітапханасына жеткізіледі, алайда оны ешкім оқып шыға алмайды.
2.1 Авестаны зерттеудің бірінші кезеңі.
1723 жылы ағылшын Дж. Боучье Үндістаннан Авестаның «Вендидад-садэ» деп аталатын құнды манускриптін Еуропаға алып келеді. Бірақ француздың жас ғалымы Анкетиль Дюпперон (1731-1805) Авестамен кездейсоқ танысқанша ол оқылмаған күйінде қалады. Ол қайткен күнде де осы кітапты оқып шығамын деп өз алдына мақсат қояды. Сөйтіп, парсылардан авестаны оқып-түсіну үшін 1754 жылы Үндістанға аттанады. Ол парсылардың көмегімен авестаны оқып-үйреніп, толықтай аударып, 1771жылы жарыққа шығарады.
Бұл оқиға Авестаны зерттеудің бірінші кезеңінің бастамасы болды және ол 1826 жылға дейін жалғасты. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Риттер, Гёте, Гегель сынды ойшылдардың ежелгі иран діні мен философиясы туралы ой – пікірлері дәл осы Анкетиль Дюпперонның түсіндірмелеріннен бастау алады.
2.2 Авестаны зерттеудің екінші кезеңі.
Авестаны зерттеудің екінші кезеңі 1833-1880 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезең француз ғалымы Э. Бюрнуф еңбектерінен басталады. Ол Авеста мәтінінің «мәнін ашудың» ғылыми филологиялық тәсілін қалыптастырады және Дюпперон сияқты тұтастан жекеге қарай емес, жеке сөздерден тұтастыққа қарай біртіндеп көтерілу тәсілін басшылыққа алады. Грамматикалық және лексикологиялық талдаудың негізінде Авеста тілін санскритпен салыстыра отырып, әртүрлі манускриптерді бір-бірімен салыстырған ол мәтінді сынауды қолға алды, сөзден сөзге жылжи отырып оның мағынасын ашты. Бірақ Бюрнуф пехлевийлік аударманы емес, Нерйосангтың пехлевий тілінен аударған санскрит аудармасына сүйенді. Бюрнуф «Яснаның» тоғызыншы тарауының мәтінін аударып, оған қысқаша түсіндірмелер берді.
Екі бағыттың да ғылыми жетістіктерін және ғылыми-тарихи зерттеу принциптерін иран тілдерінің дамуының барлық сатыларына қатысты қолданған Х. Бартоломе еңбектері XIX-XX ғғ. аралығында қалыптасқан Авестаны зерттеудің үшінші кезеңінің басталғандығын сипаттайды.
2.3 Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі.
Бұл кезеңдегі маңызды еңбектер қатарына М. Хаугтың, Э. Уесттің, К. Гёльднердің, Дж. Дармстетердің шығармаларын жатқызуға болады. Дж. Дармстетердің Авеста гностицизм мен иудаизмнің ықпалында болған зороастрлық абыздардың кейінгі фальсификациясы деген пікірін авестологтардың баым көпшілігі мойындамағанымен, ол Авестаны зерттеудегі тарихи тәсілді қалыптастыруға зор еңбек сіңірді, көптеген ұғымдарды дұрыс түсіндірді. XX ғасырдың 30- жылдарына дейін созылған Авестаны зерттеудің үшінші кезеңі негізгі екі бағыттың - Х. Бартоломені жақтаушылар («гейдельберг мектебі») мен Андреас пен Вакернагельді қолдаушылар («геттинген мектебі») арасындағы пікір-таласпен сипатталады.
Андреас авесталық әліпбе салыстырмалы түрде кейін пайда болған деген жорамалды негіздеп, Авеста архетипін қайта қалпына келтіру туралы мәселені алға тартады.

2.4 Авестаны зерттеудің төртінші, қазіргі кезеңі.
XX ғасырдың 20-30- жылдарынан басталады. Бірқатар таласты мәселелер бойынша ғалымдар қазірде ортақ пікірге келген.
Мысалы, Заратуштра мен оның қолдашысы Виштаспа тарихта болған тұлғалар деп саналады. Алайда Авестадағы ерекше сөздер мен сөз тіркестерін, сондай-ақ «терминдерді» түсіндіру әлі де болса күрделі әрі талас тудыратын мәселе болып қалып отыр.
Қазіргі авестологияның жетістіктері И. Гершевичтің «Ежелгі Иран әдебиеті» атты еңбегінде салыстырмалы түрде толық баяндалған. «Зороастрдың өз үлесі» атты мақаласында ол зороастризмнің діни нанымдарының дамуындағы үш кезеңді: Заратуштраның өзіне тиесілі, гаттарда көрініс тапқан ерте кезең («заратуштранизм»); иран тайпаларының көне политеистік түсініктерін қамтыған және «Кіші Авестада», мысалы «Яшттарда» көрініс тапқан кезең («заратуштрицизм») және Сасанидтер әулеті кезінде мемлекеттік дін ретінде канондалған кезеңді («зороастрианизмді») атап көрсетеді.

3. Зороастризм діни – мәдени жүйе.

3.1 Зороастризмнің мәдени бастаулары.
Адамдардың рухани дамуында айрықша орын алатын ежелгі діндердің бірі-зороастризм. Діни жүйелер көне халықтар мәдениетінде жүйе құраушы рөл атқарады. Әрине, бұл діни жүйелер бір күнде бірден пайда болмайды. Олардың өзіндік даму тарихы, даму зандылықтары бар. Ал бұл заңдылықтарды ашу, даму тарихындағы кезендерді зерделеу, өз кезегінде сол ерте дәуірдегі адамдардың дүниетанымын, арман-мұраттарын, қарым-қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ діни жүйелелдің қазіргі заманға дейін сақталған көмескі нышандары мәдени бастаулар мен қазіргі мәдениет арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты көрсетеді. Көне мәдениет белгілері мәдени архетип ретінде халықтық рәсім-рәміздерде, салтөдәстүрлерде сақталады. Адам этностық, этноаралық мәдениет сұхбаты аймағында тұрған, мәдени қарым-қатынасиың субъектісі ретінде қалыптасады. Сондықтан, адамзатқа адамгершілік өлшемін ұсынған ұлы жүйе құрушылар мұрасын қарастырғанда мәдени сабақтастық пен мәдени жасампаздық диалектикасына назар аудару қажет. Міне, осы тұрғыда Заратуштра ілімін жан-жақты, толық, терең түсіну үшін, оның көзқарастарына әсер еткен ескі наным-сенімдерді, рәсім-рәміздерді зерттеудің маңызы зор болмақ.
Ғалымдардың басым көпшілігінің пікіріне сәйкес, Заратуштра жаңа діни жүйені ойлап тапқан жоқ, ол ескі наным-сенімдерді қайта қарап түбегейлі өзгерткен адам.Авеса мен зороастризмнің пайда болуы жөнінде ғылымда негізінен екі түрлі көзқарас қалыптасқан.
Бірінші бағытты барынша жинақтап тұжырымдасақ, негізгі деген мына пікірді аңғарар едік: Зороастризм Батыс Иранда, негізінен Мидияда пайда болған, мидиялықтардан зороастризмді парсылар қабылдаған, ал парсылар арқылы зороастризмшығысқа тараған. Бұл Авеста мен зороастризмнің пайда болуының Мидиялық немесе батыстық теориясы деп аталады. Оның көрнекті өкілдері А. Дюпперон, Дж. Дармстетер және т.б. болды. Олардың қатарына қазіргі шығыстанушылардың ішінен А. Мейе мен Э. Герцфельдты жатқызуға болады.
Бұған қарама-қарсы екінші бағыт - зороастризм мен Авестаның пайда болуының шығыстық немесе Бактриялық теориясы. Бұл теорияны қолдаушылар этимологиялық мектептің өкілдері, сонымен қатар Х. Бартоломэ, кейінгі уақыттарда Х. С. Нюберг. Бұл теорияны соңғы кездерде бірқатар бұрынғы кеңес ғалымдары да қабылдаған соңғы кездерде бірқатар бұрынғы кеңес ғалымдары да қабылдаған (В.В. Струве, Е.Э. Бертельс, М.М. Дьяконов және т.б.)
Сонғы кездердегі зерттеулер, тарих, діни-мифологиялық көзқарастар оның Орталық Азияда дүниеге енлгенін айқындайды. И. С. Брагинский Авестада басты ирандықтардың діни ерекшеліктерін сипаттайтын ешқандай белгінің жоқ екендігін және лингвистикалық деректердің Авеста тілінің солтүстік-шығыстық сипатта болғандығын атап көрсетеді
Авестада, Видевдаттың бірінші бөлімінде Ахура-Мазда жаратқан он алты елі аталады. Ахура-Мазда: "Мен жаратқан елдердің ішіндегі ең алғашқысы Вахави-Датия өзінінің бойындағы Арианам-Вайджа болды" дейді. Арианам-Вайджа-арийлер елі дегенді білдіреді. Арианам-Вайджа Ранга мен Варви өзендерінің арасына орналасқан кең байтақ ел. Мұндағы Ранганы зерттеушілер Еділ (Волга) өзенімен теңестіреді . Басқа деректерде жоғарыда аталған өзендер Ардви және Датья деп те аталады. С.Т. Кляшторный мен Т.И. Сұлтанов Ардви өзенін Каспийге келіп құятын Амудариямен, ал Датьяны Сырдариямен ткңестіреді. Ворукаша-Каспий теңізі, Чайчаста-Арал теңізі ме деген болжам айтылады . Кеңес зерттеушілерінің көпшілігінің пікірінше Яштар мен Гаттар б. э. д. III-VII ғасырлардағы Шығыс Иранның бақташы-егінші тайпаларының және Орта Азия халықтарының өмір салты мен идеологиясын бейнелейді . Жоғарыда аталған авторлардың пікірінше, Яшттар-андронов дәуірінің, арийлердің және арийлер мен бірге аталатын тайпалардың-тұрлар, хьондар, сайримдер, сайндар мен дахтардың эпосы мен мифтері. Алайда Авестаның контексіне қарағанда, арийлердің қоғамына қарсы қойылатые: Қазақстан мен Орта Азияның шығыс ирандық көшпелі тайпаларының бәрі "тұрлар" деген жинақталған атпен аталады. Кейбір зерттеушілер тұр халқын ежелгі грек деректемелері бойынша массагеттер деген атпен белгілі тайпалардың нақты тобымен байланыстырады.
В. В: Бартольд: ""арийлер елі" деген термин этнографиялық мағынада емес, тек саяси мағынада қолданылса керек. Аршакидтер династиясының үстемдігімен біріктірген ел осылай аталған" , - деген пікір айтады. Зерттеушілер ежелгі арий, тұр, хьон тайпаларының наным-сенімдерінң ұқсас болғандығын, олардың бірдей құдайларға табынып, құрбандық шалғандығын атап көрсетеді. Ал олардың арасындағы тайпааралық қақтығыстары Амудария мен Сырдария, Каспий мен Арал теңізі, Еділ өзені жағалауларында орын алса керек. Бұл қақтығыс негізінен тұрғылықты тұр тайпалары мен осы жерлерге қоныс аударған арийлік тайпалар арасында өрбіген деп топшылауға болады.
Яшт-жеке құдайларға арналған дұға.
Гаттар-Заратуштра пайғамбардың өлең түрінде жазылған діни уағыздары.
Бұл тайпалар барлық көне халықтар тәрізді табтғаттың тылсым күштерінде құдіреттілік бар деп түсініп, соларға табынған. Олардың ішінде су мен от ерекше орын алған, қысы суық, жазы құрғақ аймақтағы далалық өмір салты үшін бұл стихиялардың маңызы зор болды. Жауынсыз жаз, қарсыз қыс айлары халыққа өте ауыр тиген. Ондай жылды жұт деп атаған. Ерте көктемде бір қауым мүшелері өзен немесе бұлақ басына барып, су иесіне құрбандық шалып табынған, әсіресе, үлкен өзен, көлдерді ерекше қадір тұтқан. Сөйтіп су құдретіне бас иіп, сумен шайыну рәсімін жасаған. Суға шайыну авеста тілінде заотра деп аталған. Суға тассаттық беру үш элементтен, атап айтқанда сүттен және екі өсімдіктің жапырақтары мен шырынынан тұрған. Бұл жер шұрайлы, мал өнімді болсын деген ниетпен байланысты болса керек. Су мен өнімділік құдайына бесінші Яшт, "Ардвисур-Яшт" арналады.
Ахура-мазда аян берді,
Спитама Заратуштраға
Табын оған о, Спитама
Оған, мол сулы Ардвиге .
Суға тасаттық берумен қатар, таңсәріде қауым мүшелері сумен шайыну (исламдағы дәрет алу рәсімін еске түсіреді) рәсімін жасаған. Бұл судың тазартушылық, емдік қасиеті бар деген түсінікке негізделген болса керек. Су тек тәндік қана емес, сондай-ақ рухани тазарудың кепілі (қазақ халқында әлі күнге дейін сақталған сумен үшкіру, славяндардағы суда шоқыну және т.б. еске түсірелік). Суға шайыну (кезінде отбасындағы жасы үлкен адам дұға оқыған және суға шайыну рәсімін жасаған) дінбасылардың жасайтын рәсімінің маңызды құрамдас бөлігі болған деп жорамалдауға болады.
От-табынудың тағы бір маңызды объектісі.Отқа табыну барлық халықтарда кең таралған, еуразиялықтайпаларда да бұл құбылыс жиі кездеседі.
Отқа табыну, оның құдірет бар деп түсіну көне гелиопольдтік күнге табыну наным-сенімнің бір көрнісі, ерекше бітімі болуы ықтимал. Заратуштралыққа дейінгі діги дәстүрде отқа тасаттық беру, отқа арнап құбандық шалу де үш элементтен: таза құрғақ ағаштардан, хош иісті өсімдіктерден, аз мөлшерде мал майынан тұрған. Ошақтағы лтқа май құю, яғни отқа тасаттық беру түркілердің діни наным-сенімдерінде маңызды орын алған және қазірге дейін сақталған діни түсініктің берік, орнықты көріністерінің бірі болып табылады. Отқа май құю рәсімі ерекше маңыхды күндерде ғана жасалса керек. Мысалы: аруақтарды еске алу. Андронов мәдениетінде күнделікті тұрмыста пайдаланылатын ошақтармен қатар, діни рәсімдерді атқаруға арналған ошақтар болғандығын археологиялық қазба жұмыстары айқындап отыр.
От пен суға арнап құрбандық шалу пұттық құдайларға сыйыну рәсімдерінің негізін құрайды.
Зороастризмге дейінгі наным-сенімдерде ежелгі дін түрлері анимизм, тотемизм кең тараған. Құдайларға арнап құрбандық шалғанда дұға оқып барып қана малды бауыздайтын болған (қазақтарда сақталған бата жасау рәсімін еске түсіреді). Бұл жанның мәңгілігі және табиғаттағы тіршілік атаулы бір-бірімен тығыз ьайланыста болады деген сеніммен байланысты. Дұға оқып, бата жасау мал иесінен рұқсат сұрауды білдірсе керек. Бұл сенімге сәйкес құрбандыққа шалынған мал жаны оларға қамқорлық жасап отыратын құдайға, иесіне барады, ал ол өз кезегінен жер бетіндегі мал-жанның көбеюіне септігін тигізеді. Авестада көптеген киелі жануарлар туралы айтылады. Солардың ішінде ірі қара малы ерекше құрметтеледі. Авестаға енген эпикалық әндердің бірі Өгіз мұңы деп аталады. Онда жануарлардың құдайға шағымдануы баяндалып, табын мен тайпа туыстас жандар ретінде суреттеледі. Бұл осы эпикалық әндерді шығарған тайпа үшін ірі қара тотем-қасиетті-киелі жануар болғандығын аңғартады. Ал қола дәуірдің әуелгі кезеңінде Қазақстан территориясындағы адамдардың негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру, яғни бақташылық болғанын және малдың көбі ірі қара болғанын ескерсек ол тайпаның қола дәуірінде Қазақстанды мекендегенін жоққа шығаруға болмайды.
Авестаға көне заманнан тағы бір тотемдік жануар -ит енген. Видевдатта "итті өлтірген адам тоғызыншы ұрпағына дейін күнәһар болады", делінген. Сондай-ақ итті жәбірлеген адам қатаң жазаланады. Бұл көне қауымдастықта иттің құрметті орын алғанын көрсетеді және ол тотемистік наным-сенімдермен тығыз байланыста болған сияқты. Қазақ халқының да итті жеті қазынаның бірі деп атау да осындай наным-сенімдермен ұштасып жатса керек.
Кең далаы мекендеген халық үшін жылқы малының да маңызы зор болды, өйткені, ұланғайыр кеңістікті игерудің өзі жылқыны қолға үйретумен байланысты болды. Жалпы адамзат мәдениетінде қарым-қатынастың орнығуы, сұхбат аймағының ұлғаюында жылқы малы теңдесі жоқ қызмет атқарды десек, артық айтпағандық болар еді. А. О. Маковельский жылқыны Митра құдайымен байланыстырады, аңызға сәйкес Митра адамдарға жылқы бейнесінде келеді.
Халықтық дүниетанымда адамдарда, тіпті осы заңды орнатқан құдайлардың өздері оны бұза алмайды.
Құрбандық шалудың бастапқы мәні де қоғамдағы заңдылықты сақтауда, оны қолдап отыруда болып табылады, сондықтан салт-дәстүр, әдет-ғұрып, бәрі осы заңға негізделген, яғни "Ашаның" этикалық мағынасы да бар. Адамдар қарым-қатынасында көрініс тапқан үлкеннің кішіге қамқорлығы, кішінің үлкенді сыйлауы-жазылмаған заң. "Аша" қоғамдағы ізгіліктің, этикалық принциптердің бастауы және кепілі болып табылады, ал зұлымдық осы заңның бұзылуы, одан ауытқу.
Авестаға енген эпикалық әндерде ғарыштың, жердің, адамның пайда болуы туралы мифтер мақталған. Оларда көне дәкір адамдарының космологиялық, антропологиялық көзқарастары көрініс тапқан. Әрине, бұл аңыздар жаңа діни жүйе тұрғысынан қайта өнделген, ал архаикалық образдардың кездесуі, олардың Заратуштра реформаларына дейін қалыптасқанын көрсетеді. Бұл аңыздарға сай құдайлар ең алдымен аспанды жаратады, оның төменгі жағын сумен толтырып оған жерді орналастырады. Жердің бетіне алғашқы адамды, алғашқы жануарды, алғашқы өсімдікті отырғызады. Ең соңында баолықтың бәріне өмірлік күш беретін отты тұтатады. Осы оттың бір бөлігі ретінде күн қозғалыссыз тал түстегідей сәулесін шашып тұрады. Бүкіл әлем өзгеріссіз, қозғалыссыз қалыпта болады, яғни болмысқа өзгеру, даму, жаңару тән емес еді. Сонда құдайлар аталған үш тіршілік иесін құрбандыққа шалады. Олардың ұрығынан басқа адамдар, жануардар мен өсімдіктер пайда болады. Осылай ғарыш қозғалысқа келтіріледі. Осы қозғалысқа сай жыл мезгілдері ауысып, күн аспан күнбезін белгілі ырғақпен айналып отырады. Құдайлар құдіретімен басталған бұл қозғалыс мәңгілік жалғаса бермек. Дінбасылары өзерін құдайлардан бастау алған құрбандық шалу рәсімін жалғастырушылармыз деп түсінген және басқалардан да құрбандық шалуды талап еткен. Табиғаттағы өзгерістерді, дамуды, жаңаруды мифологиялық дүние таным осылай түсіндіреді. Бұл жерде маңыздысы құдайлардың болмасыт жаратуы және қозғалысқа келтіру туралы идея, біздің ойымызша Заратушаның болмыстық екі денгейі туралы тұжырымның қалыптасуына ықпал етсе керек.
"Ийма туралы аңыз" көне дәуірлерде-ақ адамдарда жанның мәңгілігі, о дүние туралы көмескі көзқарастың қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Аңызға сай Ийма қайтыс болған соң төменгі әлем патшасына айналады. Мифте төменгі әлемде суреттеу болмағанмен, басқа халықтардың (мысалы грек мифологиясындағы Аид патшалығы) ұқсас мифтеріне сүйене отырып, көне заман адамы төменгі әлемді қуаныш та, қайғы да жоқ сүреңсіз тіршілік ретінде қабылдаған деп топшылауға болады. Ерте замандарда адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеу үшін от пен судан аман өтуі керек-тін. Егер адам аман қалса, ол кінәсіз деп табылатын. Біздің ойымызша , төменгі әлем және адамның кінәсіздігін дәлелдеу туралы түсінік Заратуштра эсхатологиясының, жұмақ пен тозақ туралы көзқарастарының қалыптасуында елеулі рөл атқарған. Жұмақ пен тозақ жөнінде көмескі түсінік Заратуштараға дейін болған аспан денелерінде, жұлдыздарда, құс жолында, күнде болады деген сеніммен байланысты болды. Алайда, барлық адамдардың жаны бастапқы мекеніне қайтып орала бермейді, мысалы, тайпа салтын, әдет-ғұрпын сақтамаған, жерлеу рәсімдері дәстүрге сай өткізілмеген адам жаны төменгі әлемде қалып қоюы немесе зұлым рухқа айналып кетуі мүмкін. Соңғы түсінік негізінде күнәһарлық және тозақ туралы көзқарастар қалыптасады. Жұмақ туралы түсінік жанның көкке жұлдыздарға және т.б. аспан денелеріне қайтып оралуы жайлы сенім аясында қалыптасуы мүмкін. Жұмаққа жетуге болды-мыс деген үмітпен бірге тән қайтадан келді деген сенімде артады.
Дуализмнің бастапқы нышандары да осы кездерден бастау алады. Діни наным-сенімдер дамудың алғашқы сатысында-ақ, мифологиялық кейіпкерлер парықсыз бейтарап болып көрінбейді, олар адам өміріне зиянды немесе пайдалығына қарай игілікті немесе зұлым. Бірақ бұл көне адамның көмескі түсінігінде жақсылық пен зұлымдықтың аражігінің ашылғанына кепілдік бере алмайды, оның санасы жақсылық, игілік немесе зұлымдық құдайына сену деңгейіне дейін көтеріле қойған .........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру