Құқық | Заңды тұлға ұғымы
Мазмұны
Кіріспе
I. Заңды тұлға ұғымы.
1.1. Заңды тұлғаның белгілері.
1.2. Заңды тұлғаның органдары.
1.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері.
1.4. Заңды тұлғаның тұрған жері.
II. Заңды тұлғалардың түрлері.
III. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.
IV. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
I. Заңды тұлға ұғымы
Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да азаматтық-құқықтық қатынастардың субьектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға дегеніміз - бұл мүліктік қатынастардың басқа субьектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары оны мүліктік қатынастардың субьектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: “заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар”.¹
Негізінен алғанда, заңды тұлғалар - мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу обьектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В.Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне “ұжым теориясы”² деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардың теориялық пікірталастарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде кездесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның “мақсатты мүлік ретіндегі” анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А.Сухановтың пікірі бойынша, “...осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін “мақсатты мүлік” теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті”.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған - жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе – ұжымдық құрылымдардың құқық субьектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінің басшысы К.Ф.Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субьектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субьектісінен басқа ештеңе емес, құқық субьектіліктің бірден-бір мүмкін болатын иелері – жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субьектілері болып қала береді.
¹ ГК РК (Общая часть). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Алматы, “Жеті жарғы”, 1998, 95-бет.
² Венедиков А.В. Государственная социалистическая собственность. М. – Л., 1948, 39-бет.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: “Корпорация дегеніміз – бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым”.³
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субьектісі ретінде, әлде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гирке де “нақты” одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін “заңды тұлға” деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтық кодексінің 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: “Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады”. Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
³ Васильев Е.А. Көрсет. жұмыс. 78-бет.
Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: “Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс”.
1.1. Заңды тұлғаның белгілері
Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымның заңды тұлға ретінде таныла бермейтінен көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
– ұйымдық бірлік;
– мүліктік оқшауланушылық;
– дербес мүліктік жауапкершілік;
– азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылымы – заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42 000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9 300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға арналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады.
Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғының және құрылтай шартының не жарғысының негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын – құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысынасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар болуы тиіс. Жарғының болуы – заңды тұлғаның – мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты (ҚР АК-ның 103, 104-баптары).
Мүліктік оқшауланушылық. Заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді. Ю.К.Толстой “заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінің болуы емес, ұйымның қызмет етуінің мүліктік оқшауланушлық секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес”4 деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (Акционерлік қоғамдар туралы Заңның 11-бабы).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүлікке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы – заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).
Дербес мүліктік жауапкершілік. Бұл заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушлығына сүйенеді. Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрылтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір еркешеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетпейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзац).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын кезде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінің жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін (АК-ның 44-бабының 2-тармағы).
4 Гражданданское право. Учебник. Ч. 1. /Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М., “Проспект”, 1997, 113-бет.
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету. Заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттерді атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субьектісі деп тану үшін оны дараландыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету – заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сәйкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанынан нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатыны көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық пайдалана алады. Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет көрсетеу белгісі секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі дегеніміз – тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқаша шаруашылық субьектілерінің осы тектес тауарлары мен көрсететін қызметінен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы “Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығарылған орындарының атаулары туралы” Заңының 4-бабы 5)
Заңды тұлға дегеніміз – бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
5 Казахстанская правда. 1999, 24 тамыз.
1.2. Заңды тұлғаның органдары
Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субьектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенімхатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдағы заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңсесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субьект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-ның 44-бабының 4-тармағы).
Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.
Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді.Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның 5-т
1.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.
Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды.
Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.
Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады.
Өкілдік дегеніміз – бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.
Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзыретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.
Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.
Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94-95-баптарын, мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптары).
1.4. Заңды тұлғаның тұрған жері
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі (АК-ның 39-бабының 2-тармағы), Заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Заңды тұлға ұғымы жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Құқық курстық жұмыстар, Заңды тұлға ұғымы