Қылмыстық іс-жүргізу құқығы | БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ

 Қылмыстық іс-жүргізу құқығы |  БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫ

Мазмұны
Кіріспе...............................................................................4
I-Тарау. Қылмыстық процестегі бұлтартпау
шараларының түсінігі, мәні.
1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні........................7
1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері
мен шарттары............................................................13
1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе
үйғару және оны өзгерту мен тоқтату.........................20
II-Тарау. Бұлтартпау шарасының түрлері
2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы
қолхат алу...................................................................27
2.2 Жеке кепілдік беру.....................................................29
2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім
командованиесінің бақылауына беру..........................30
2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру........................31
2.5 Кепіл болу..................................................................33
2.6 Үйде қамауда ұстау....................................................34
2.7 Қамауға алу................................................................35
2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары..................41
III Тарау Бұлтартпау шарасын қолданудың бір
қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық
мәселелері және оларды шешу жолдары......................45
3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың
қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері.....48
Қорытынды....................................................................55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................58

К I Р I С П Е
Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген. Бұл ереженің маңыздылығы – дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды.
Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары, ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты.
Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтарды жүзеге асырылуы табылады. Бұл біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, ол соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы, қылмыстық-процессуалдық институттарды заңмен реттеуі бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан, қылмыстық-сот өндірісіне тузету енгізу – үшінші жағынан.
Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет. Өйткені бұлтартпау шарасын қолдануда көбінесе дұрыс мән бермеуі салдарымен тұлғаның Конституциялық тұрғыдан берілген құқықтары мен бостандықтары, заңды және жеке мүдделерінің бұзылуына әкеп соғады.
Бұлтартпау шарасы бұл арнайы превентивті-ескерту амалы, қылмыстық өндірістің мүддесін қорғайтын институт. Оның басты мақсаты - қылмыстық іс бойынша шындықты кедергісіз анықтау, кінәлінің жауапкершілігін қамтамасыз ету мен оның қылмыстық байланыстарымен араластыруы үшін, қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауын алдын-алуға бағытталған.
Сондай жағдайда бұл қылмыстық-процессуалдық заңның әділеттілігіне, дұрыстылығына, заңдылығына кепіл бола алады.
Бұлтартпау шарасы - бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын занды шара (істің барлық, мән-жайларын анықтау, занды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу.
Сот әділдігінің мақсаттарын дұрыс жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып есептелетін бұлтартпау шаралары қолданылады. Қолданылатын бұлтартпау шарасының дұрыстылығы, заңда белгіленгін негіздермен қамтамасыз етіледі, соның ішінде, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының болуымен.
Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде бұлтартпау шараларын жүзеге асыру адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, тұлғаның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін сезікті айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан, тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап ұстау, әскери қызметшісін әскери командованиесіне беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді; оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиеті құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін. Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады.
Тақырыптың актуалдығы немесе өзектілігі. Бұлтартпау шарасы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталған шара болғандықтан, оны қолдану сұрақтары әр қашан актуалды болып табылады, себебі ҚР Конституциясы адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын негізгі құндылық ретінде бекітіп отыр. Бұлтартпау шарасын реттеу нормалары жеткілікті болғанменен, оларды жүзеге асыру механизмі әлі дұрыс қалыптаспай отыр, оған дәлел – тәжірибе. Осы шешілмеген сұрақтар, зерттеуді талап етеді, ал тақырыпты актуалды деп анықтайды.
Тәжірибелік маңыздылығы. Тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы оның актуалдығымен тығыз байланысты. Актуалды сұрақтардың тезарада шешілуі, бұлтартпау шараларының тәжірибеде тез және дұрыс қалыптасуына әкеліп соғады.
Зерттеудің мақсаты.
Зерттеудің негізгі мақсаты – ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, ғылыми зерттеулердің негізінде ҚР бұлтартпау шаралары жүйесін қарастыру.
Қойылған мақсат негізінде келесі міндеттерді анықтауға болады:
1) бұлтартпау шараларының ұғымын, құқықтық табиғатын, мәнін, мазмұнын қарастыру;
2) бұлтартпау шараларын қолданудың негіздерін анықтау;
3) Бұлтартпау шараларының түрлеріне сипаттама беру.
Бұлтартпау шараларының мәселелері, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында, көптеген ғалым-заңгерлермен зерттелген. Мысалы, Н.В. Алексеевпен, А.Н. Акпановпен, Н.М. Гудкинмен, Ю.Д. Ливщицпен, Л.М. Давыдовпен, З.Д. Еникеевпен, С.Д.Оспановпен, М.Ч.Когамовпен, Е.Ерешевпен, Б.Х.Толеубековамен, К.Ж.Капсалямовпен және т.б.
Тақырыптың актуалдығы және маңыздылығы оны тандап зерттеуге негіз болды.
1-ТАРАУ. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні.
1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні.
Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып бұлтартпау шаралары табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады (ҚР ҚІЖК-нің 18 тарауының 139-155 баптары).
Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шарасын қолдануды қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ал соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот, судья шешеді.
ҚР ҚІЖК-нің 139 бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не алдын ала тергеудің және сотта іс қараудың объективті жүргізілуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп қарауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады.
Бұлтартпау шараларының проблемалары теорияда, құқықта және қылмыстық процесс практикасында зерттеліп шешілуі тиіс. Бұлтартпау шарасын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі ретінде қарағанда мынаны ескерту қажет, бұлтартпау шаралары туралы заң нормаларының жиынтығы қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір сапасын құрайды. Ол қылмыстың алдын-алуға, оны болдырмауда ең керекті құрам болып табылады. Қылмыстық процесс теориясында бұлтартпау шарасын қылмыстық-процесуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі ретінде қарастырады. Бұлтартпау шаралары сезіктілерге айыпталушылардың қылмыстық жасағандарға қолданылады.
Ал, З.Ф.Коврига былай түсінінік береді, бұлтартпау шарасы, айыпкердің немесе сезіктінің әрекет бостандығын, процессуалдық міндеткерліктерін орындау мүмкіндігін мәжбүр ету арқылы шектеу, - дейді.
М.А.Коволев былай түсінік береді, бұлтартпау шарасы мәжбүрлі түрде және қылмыстық процесстің кез келген стадиясында анықтама жүргізуші мен тергеушінің, прокурордың, соттың қолданылатын процессуалдық әрекеті.
Әдебиеттерде бұлтартпау шарасының түсінігіне бірнеше анықтама берген. Біздің көзқарасымыз бойынша ең толық анықтамасы тұжырымдалып берілген М.С.Строговичтікі: "Бұлтартпау шарасы дегеніміз - заңмен белгіленген айыпкердің (сезіктінің) бостандығын шектейтін және оның мына мақсаттарын орындауға мүмкіндік бермеу шарасы:- анықтама
мен тергеуден; соттан бой тасалап қалмау;
- іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасауына;
- қылмыс жасауын жалғастыра беруіне.."
Ал, КІЖК - не келетін болсақ, айыпкер (сотталушы) бостандықта жүрсе, тергеуден, соттан бой тасалап қалады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыс істеумен шұғылдана береді деп шамалауға жеткілікті дәлелдер бар болса, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамассыз ету үшін, анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпкер жөнінде мынадай бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқығы бар:
-ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру;
- жеке адамдардың кепілдігі;
- әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру;
- кәмелетке толмағанды қарауына беру;
- кепіл;
- үйде қамап үстау;
- қамауға алу.
Бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың аса қажетті бо-стандықтарын шектеуімен байланысты, ал нақтысы, ол жеке бо-стандығына құқығын, жүріп тұруына, тұрғылықты жерін ауысты-руға күқығы. Бұлтартпау шарасы заң негізіне сай дұрыс мақсатта, бұрмалаусыз, құқықтық процедураны сақтай отырып жүзеге асырылуы керек.
Айыпкерге бұлтартпау шарасын қолданғанда оны жазалау мақсатын көздемейді, бірақ бүл жөнінде М.А.Чельцовтың айтқаны дұрыс. Кейбір бұлтартпау шаралары жазалау шаралары сияқты азаматтың жеке құқықтық игіліктерін сырт жақтан қарағанда шектейді (мысалы, қамауға алу.
Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы максаты бар: бірінші, айыпкердің соттан, тергеуден, анықтамадан жалтарып кетуіне жол бермеу; екінші, айыпкердің істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу; үшінші, айыпкердің (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау; төртінші, жаза колдануға мүмкіндік беру.
Бірінші максатқа жетуде тергеу әрекеттерін айыпкер мен (сезіктінімен) жүргізуіне және сот ісін жүргізуде де қатысуына, соттан кейінгі белгілі жазаға тартылуы же қылмыстық әрекет аркылы келтірген шығынның орнын толтыру.
Екінші мақсаты айыпкердің жәбірленушімен, куәлермен, экспертпен келісімге келмеуі, оларды сатын алуына жол берумеу үшін, басқа айыпкермен келіспеуіне де қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандармен де, айғақ заттар мен қүжаттарды жасыруына немесе фальсификация жасауына жол бермеу үшін қажет. Бүл максаттың маңызы біз айыпкерді жоғарыда аталган әрекеттері үшін жауапқа тарта алмаймыз немесе оны дәлелдеу қиынға соғады.
Үшінші максаты қылмыстық жалғасып (созылмалы) алдын алуды білдіреді және айыпкердің басқа да қылмыс жасауын болғызбау болып табылады. Бұлтартпау шарасының алдыңғы екі мақсаты қылмысты алдын алумен байланысты емес, ол тек айыпкердің керек емес теріс қылықтарының болмауын қажет етеді.
Сондықтан "бұлтартпау шарасы" деген аты бұл институттың толық атын ашпайды. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда аты өзгертіліп, "қамтамасыз ету" шарасы деп айтылады.
Төртінші мақсаты, бұлтартпау шарасының біріншісіне ұқсас сияқты болып келеді. Бұдан айыпкердің тергеуден, соттан жалтаруына болмайтындығын ескере келе, біз үкімнің орындалуына мүмкіндік береміз. Егер бұл бұндай болған жағдайда төртінші мақсаттың қажет емес екендігін білеміз. Бірақ кейбір авторлар бүл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың ойынша бұл тек сотқа ғана тән, яғни айыптау үкімі шығар кезде оны апелляциялық инстанцияда өзгертусіз калдыруды орындау үкімі шыққанға дейін. Осыдан сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалган үкімді орындауға мүмкіндік береді. Бірак бүған жету үшін айыпкердің соттан жасырынуына болмайды, яғни бүл бірінші мақсатпен түйісіп түр. Сондықтан бүл мәселе сотқа ғана тән емес, бүткіл құқық қорғау органдарына тән.
Буряков А.Д. былай деп көрсеткен :“бұлтартпау шарасын қолдану айыптаушыға (сезіктіге) моральдық жағынан әсер етеді” деген, ал Коврига З.Ф. “бұлтартпау шараларын қолдану қоғамды қауіпті адамдардан сақтайды” деп көрсеткен. ҚР ҚІЖК-нің 139 бабына сай айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттілігі шегінде, ол адамға осы кодексте көрсетілген бұлтартпау шараларының бірін қолданады делінген.
Бұлтартпау шаралары - қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі болғандықтан оны қолдану заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекетті айыпкердің жасамауына және оны тоқтатуға бағытталған. Өзінің мазмұнына қарай бұлтартпау шаралары айыпталушыға психологиялық немесе физикалық әсер етеді және де оның мүліктік құқықтарына жеке мүддлеріне шектеу салады. Кейбір әдебиеттерде “қамтамасыз ету шарасы” деген термин “бұлтартпау шарасы” деген терминге қарағанда қолайырақ деген пікірлер айтылған. “Бұлтартпау шарасы” термині қылмыстық –процессуалдық заңда және практикада жүзінде уйреніп кеткендіктен оны басқа терминге ауыстыруды қажет етпеді.
Сонымен бәрін жинастырсақ бұлтартпау шаралары деген – бұл заңмен белгіленген мемлекеттік (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы, айыпталушының (сезіктінің) жеке бостандығын, жеке кепілдіктен, оны тиісті мекемелерде қадағалау арқылы айыпталушының анықтама, тергеу, соттан қашып кетпеуі, тиісті рұқсатынсыз тұрғылықты жерден кетпеуін, іс бойынша шындықты анықтау үшін оны ескерту, қылмыс жасауды алдын-алу, оны жасауға кедергі үшін, тәртібін дұрыстауды қамтамасыз ету, уақытылы шақыру бойынша тергеу, сот, прокурорға келуін қамтамасыз ету және де үкімнің орындалуы үшін қолданылатын шаралар.
Бүлтарпау шаралары - бұл мемлекеттің (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы дегенімізде, бұл жерде осы шараны қолдануға құқығы бар мемлекеттік органдар ммен лаууазымды тұлғалар өздерінйң қылмыстық-процессуалдық құзыретін жүзеге асыру барысындағы, яғни алдын-ала тергеу мен қылмыстық істер бойынша сот өндірісі сатысында қолданылады.
Бұлтартпау шарасын қолдануға заңмен белгіленгне құзыретті тұлғаларға мыналар жатады: анықтаушы, тергеущі, прокурор, сот (судья). Көбінесе практика жүзінде бұлтартпау шараларын дұрыс қолданбайды әсіресе бұл қамауға алуға байланысты болады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру