Қазақ тілі | Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі

 Қазақ тілі | Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі

Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Дауыссыз дыбыс әріптерінің емілесі
2. Дыбыстардың түрлері және дыбыстар тіркесі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер


ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС ӘРІПТЕРІНІҢ ЕМІЛЕСІ
ҮНСІЗДЕР

Б, п фонемалары астыңғы еріннің үстіңгі ерінге нық тиіп, тез ажырап кетуінен жасалады. Бұлардың бір-бірінен басты айырмашылығы дауыс алғашқысына (б) аздап қатысады да, екіншісіне (п) қатыспайды. Бұлардың тілде қолданылуында да кейбір ерекшеліктер бар, атап айтқанда, б фонемасы сөздің басында (6258 сөз, қ, т-дан кейін үшінші орында), ортасында актив қолданылады да, сөз соңында кездеспейді. Соңғы позицияда б жазылғанмен (араб, гардероб, куб, клуб, ромб, прораб, штаб) оның айтылуы п болады. Сондықтан да бұл сөздерге жалғанатын қосымша қатаңнан (арабқа, клубқа, штабпен, штабсыз) басталады. Ал п фонемасы сөздің барлық позициясында ұшырай береді. Тіліміздегі п-дан басталатын (991) сөздердің дені кірме болып келеді.
Сөз басында б мен п айтуда, тіпті жазуда да (орфографиялық сөздікте) кейде жарысып жүреді: байым — пайым, балуан — палуан, барабар — парапар, батсайы — патсайы, бәле — пәле, бұйда — пида, палау — балау, пәтуа — бәтуа, пейіл — бейіл, пенде — бенде т.б.
«Әдеби тілімізде болсын, говорларымызда болсын қатаң п дауыссызы байырғы қолтума сөздерімізде оқта-текте болмаса, әдетте көп қолданыла бермейді. Бұған дейінгі диалектопогиялық мәлімет жинаған қазақ говорлары арасында бұл құбылыстың (ұяң б-ның қатаң п-ға ауысуының) біршама жиірек байқалатын жері Өзбекстан, Тәжікстан, Қарақалпақстан, Түрікменстан республикаларының территориясы мен осы республикаларға шектес аймақта тұратын қазақтардың тілі».
Артикуляциялық жақтан ұқсастығының арқасында б, п және м фонемалары қосымшалар мән шылаулардың бас позициясында бірін-бірі үнемі алмастырып отырады. Мысалы: — -бын//-пын//-мын, -мыз//-быз//-пыз, мен//бен//-пен, -ма//-ба// -па т.б.
Сөздің басқы, соңғы позицияларында бұл екі фонема көрші дыбыстардың әсерінен бірімен-бірі алмасып отырады: Ақ-пала (ақ бала), Сәтпай (сәтбай), көпполдұ (көп болды), қабы (қап-ы), қабады (қап-ады), көбжасар (көпжасар), көбеді (көп еді) т.б. Мұның үстіне п кейде у-ға айналып кетеді: тауып (тап-ып), жауып (жап-ып), теуіп (теп-іп), сеуіп (сеп-іп).
Бас оқулықтың авторы I. Кеңесбаевтың айтуынша, дауыстылар аралығында келген б дыбысы: а) б мен в-ның аралығынан айтылады»; ә) «ауызекі тілде сол дыбысқа таяу айтылады»; б) «в-ға әнтек бейімдеу айтылады».
Бұл пікір өз қолдаушылары мен дамытушыларын тапты. М. Дүйсебаева: «қазақ тіліндегі қос ерінді (билабиаль) б дыбысы екі дауысты дыбыстың арасында, сонор дыбыс пен дауысты дыбыстың арасында, ұяң з дыбысы мен дауысты дыбыстың арасында в дыбысына жуық айтылады. Мысалы: Бурабай, әрбір, Ақтөбе, қабақ, әдеби, жазба, жабу, табу, сабақ сөздері Бұуравай, әрвір, Ақтөве, қавақ, әдеви, жазва, жавұу, тавұу, савақ түрінде айтылып тұр»,— дейді. «Жуық айтылады» дегенді де қойып «айтылып тұр»,— дейді, яғни қазақ тіліне тән дыбыс дегенге мегзейді: «Қазақ тіліндегі сұраулық шылау ба, бе, ва, вө болып айтылады. Мысалы: Айтасыз ба?— Айтасыз ва? Білесіз бе?— Білесіз ве».
«Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігін» (1977) жазған Қ. Неталиева б дыбысының б мен в-ның орталығында жұмсалатынын көрсететін белгі (V) пайдаланады.
«Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігін» құрастырған (1981) М.Дүйсебаева өзі айтатын позицияларда б в дыбысына өте жақын айтылады. Біз бұл ерекшелікті оқушыларға түсінікті болу үшін сөздікте (в) түрінде бердік. Мысалы: абайла — а(в)айла, сабақ — са(в)ақ), Жаз бойы — жаз(в)-ойұ»,— дейді. А.Айғабылов в-ның өрісін ұзарта түседі. Оның түсінігінше, дыбдыр, сыбдыр, күбжіңде, абзал сөздері «тек дывдыр, күвжіңде, авзал түрінде ғана айтылады, «сондай-ақ «алып жібер, сатып же, доп жоқ тіркестері айтылуда алыв жібер, саттыв же, дов жоқ болып айтылады». Бұл аз болса, «Қыбырай сөзі қыврай — қыврай, абырой сөзі аброй — аврой болып екі түрлі айтылады», сондай-ақ «Абылай — Авлай, Ыбырай — Ыврай» болып кетеді.
М. Серғалиев: «Қазан; тілінің табиғатын толық игергісі келген адамның сөйлеу тіліндегі б дыбысының әр алуан дыбысталуын білгені жөн. Сөз ішінде немесе сөз аралығында а, ә, е, о, ө, у, ы, і дыбыстарынан кейін екі дауыстының аралығында, сондай-ақ з, й, л, р, у дауыссыздарынан кейін келсе және д, з, ж дауыссыздарының алдында тұрса, в дыбысына жуық айтылады: жав-жаңа (жазылуда жап-жаңа), бір вет (жазуда бір бет), бөкевай (жазылуда бөкебай), кевенек (жазылуда кебенек), саявыр (жазылуда саябыр), түвегейлі (жазылуда түбегейлі) т. с. с»—деп алады да, өзі айтқан позицияларда б-ны в-мен алмастырып жазады, яғни «в дыбысына жуық айтылады» болмай, біржола в-ға айналған.
Сөйтіп баста в-ға «әнтек бейімдеу», «таяу», «аралығынан» айтылады деп басталған б бірсыпыра позицияда біржола в-ға өтіп (айналып) тынды. Мұның өзі орыс тіліне орамды жастардың айту нормасына ықпал етпеуі мүмкін емес.
Латын графикасына негізделген қазақ әліппесіне 1938 жылдың басында тыңнан х, ф, в таңбалары енгізілді. Бұған, әрине, «топан суындай қаптап, басып бара жатқан» (X. Досмұхамедұлы) орыс сөздері түрткі болғанын айтпаса да түсінікті.
1941 жылы М. Балақаевтың үлкендер мектебіне арналған «Қазақ тілінің грамматикасы өңделіп 3-рет басылды. Қаулымен енген аталған үш әріп (в, ф, х) дауыссыздардың қатарынан орын алды.
Т. Қордабаев «Қазақ тіл білімінің қалыптасу даму, жолдары» (1987) деп аталатын еңбегінде аталған әріптердің қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне сыналып ену жолын қадағалайды. Ол 1944 жылы педучилищеге арналған «Қазақ тілі грамматикасы» оқулығының авторлары Н. Сауранбаев пен Ғ.Есғалиевтің «қазақ сөздерінде қолданылмайтын ф, в, х дыбыстарын қазақ фонемалары тобына қосуларына... қосылуға болмайды»,— десе, «Аталған оқулығының түзетіліп, тек өз атымен ғана 1953 жылы шыққан басылымында Н.Сауранбаев жоғарыда көрсетілген ф, х, в, һ дыбыстарын қазақ фонемалары құрамынан шығарып» тастағанын айтады.
Сондай-ақ Т.Қордабаев 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілінде» фонетиканың баяндалуына тоқталады: «Бұл арада күмәнді нәрсе — қазақ тілі үшін фонема бола алмайтын в, ф, х, ч дыбыстарын қазақ тілінде бар дыбыстар деуі»,— деп, құптамайтынын тағы да ескертеді.
Осындай сынның боларын білгелдей, фонетиканың авторы I.Кеңесбаевта «В, ф, х фонемалары — түгелімен орыс тілінен ауысқан фонемалар, көбіне, орыс тілінен келген сөздерде, терминдерде қолданылады... Фамилияның аяғында келетін в қазақтың айтуында, көбіне, п-ға айналып кетеді. Мысалы:
Жазылуда Айтылуда
Боранбаев
Сәрсеное
Күнтуаров
Сергеев Борамбайып
Сәрсеніп
Күнтуарып
Сергейіп
деп, әлденеше қадағалап, қадап айтудай-ақ айтқан. Ж.Аралбаев пікірі де осыған саяды: «буын аяғындағы в ұяңы сөйлегенде қатаңданып, п-мен номбинаторлы түрде алмасады: сапхоз (совхоз), Малоп (Малов) т.б.». Осындай ойды Ә.Нұрмаханова да айтады: «айтылуыда в дауыссызы б-ға... айналып кетуі мүмкін (велосипед — белосипед, вакуум — бакуум) ».
Қысқасы, в әрпі, оның соңын ала в дыбысы орыс жазуы, орыс тілі арқылы келгені анық; байырғы қазақ тілінде мұндай: дыбыс та, ол туралы сыбыс та жоқ.
Содан да болу керек, күні бүгінге дейін құрамында в дыбысы бар орыс сөзін айту үшін алдын ала астыңғы ернімізді үстіңгі күрек тісімізге іштей бейімдеп жанастырмасақ, дайындықсыз айтқан кезде көбіне б-ға айналып кетіп жатады.
Енді келіп, байырғы сөздердегі б дыбысын в түрінде айтамыз деу мүлде көңілге қонбайды. Олай айту үшін тек астыңғы ерінге насыбайды толтырып, түсіп қалмау үшін үстіңгі күрек тіспен қымқырып сөйлеу қажет болады.
Дұрысы, «Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақ сөздерінде жеке тұрғанда айтылуынан сәл өзгешелеу болып естіледі. Мысалы, Абай, таба, көбелек сөздеріндегі б дыбысын айтқанда, екі еріп бір-біріне тиіп қатты жуыспайды».
Тек б ғана емес, шұғыл дауыссыздардың бәрі дерлік сөз ішінде, әсіресе дауыстылар қоршауында ызың болып, немесе соған бейім айтылады. Мәселен, Абай, ақын, ата, әке, ана, адам, апа сияқты сөздердің құрамындағы б, қ, т, к, н, д, п дыбыстарын жеке тұрғандағысындай шұғыл етіп айту жарамайды. Дұрысы, бұлар жуасып, босаң, ызыңға жуықтап дыбысталуға тиіс.
Қазақ сөздерінің айтылуын қатты құнттап жүрген Р.Сыздықова да осылай дейді: «Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақша сөйлеу практикасында қазақ сөздеріндегі б дыбысын орыс тіліндегідей етіп, екі ерінді бір-біріне қатты жабыстырып айтушылық байқалады. Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына қайшы келеді».
Қысқасы, дауыстылар арасында кездесетін б әсте в емес, тіпті сол в-ға жуықтамайды да. М.Серғалиевтің ізімен сөздік бойынша айтып көрелік: овұр (обыр), өву (өбу), совұқ (собық), сүвөлү (сүбелі), төвөл (төбел), түвөк (түбек), ұвұрұп-шұвұрұп (ұбырып-шұбырып), үвүрлү-шүвүрлү (үбірлі-шүбірлі). Мұндағы б дыбысы да, екі жағында тұрған еріндік дауыстылар да екі еріннің дөңгеленіп, сүйірленіп, алға ұмсынып тұруын қалайды, яғни артикуляциялық жақтан бұларды айту үшін артық қимыл-әрекеттің қажеті жоқ, тек б-ны айтқанда екі ерінді жуықтатсақ болғаны. Енді оның орнына в-ны айтып көріңіз. Оны айту үшін астыңғы ерінді үстіңгі күрек тіске қарай жұлқа тартып, еріндерді бір-бірінен айыру керек болады. Бұл кезде в-дан кейінгі дыбыстың езулік болғаны ыңғайлы.
Тіл, оның айту машығы — ғасырлардың жемісі. Әр тіл-өзіне ғана тән шеберлікпен дыбыстарды қисынын тауып қиыстырған. Соны түсініп, танып, табына білу керек. Әсем де зәулім ғимаратты тұрғызу қиын, оның сиқын көтіру, бұзу үшін, шеберліктің керегі жоқ.
Т, д фонемаларын айтқанда тілдің ұшы (немесе алды) үстіңгі күрек тіске жабысып, ауа жолын бөгейді де, тез ажырайды. Екеуі де тіл алды, шұғыл; т — қатаң, д — ұяң.
Т сөздің барлық шенінде айтыла да, жазыла да береді.
Қазіргі қазақ тілінде т-дан басталатын сөздер — 6,5 мың (қ-дан кейін екінші орын алады).
Д фонемасы сөздің басында (2234), арасында қолданылады.
Жазуда сөздің соңында кездескенімен (аккорд, анод, катод, взвод, велосипед, вклад, завод, абжал, жад, кислород, карбид рекорд) айтуда т болады да, қосымша қатаңнан (заводқа, заводта) басталады. Сөз басында д мен т (сөздіктерде) жарысып қолданыла береді: дерте — терте, диірмен — тиірмен, дозақ — тозақ, дүлей — түлей, дызылда — тызылда, доп — топ, дырылда — тырылда.
Қосымшалар мен шылаулардың бас позициясында да бұл екі фонема бірін-бірі алмастырып отырады (-дың||-тың, -да||-та, -дан||-тан, -дай||-тай.
Т — өзге дыбыстардың ықпалынан алмасуға ұшырамайтын (ұяңданбайтын) қатаң дыбыс. Д олай емес. Бунаққа енген сөздің алдыңғысы с, т, ш қатаңдарына аяқталып, келесі сөз д ұяңынан басталса, онда д қатаңданып, т-ға жуықтап айтылады. Оған көз жеткізу үшін доп, дос, дәптер, дөңгелек сөздерін үш, төрт, бес сан есімдермен айтып көру жеткілікті:
Жас дәурен, жас дәурен,
Ризамын мен саған
(Қ. Аманжолов).
Әумесер ақылың жоқ ит-доңыз!— деп,
Байғұсты балағаттап сөкті жаман
(А. Байтұрсынов).
С, з фонемаларын айтқан кезде тілдің ұшы төменгі тіске тіреліп, ортасы аздап ой түседі. Ауа осы тесік арқылы өтіп, үстіңгі күрек тістердің арасынан сүзіліп шығады. Бұл екеуі де сөздің барлық позициясында айтылады. Әрине, с әлдеқайда белсенді. Ол 5527 сөздің басында қолданылса, з — 724 сөзде. С-ның бір ерекшелігі сөз соңындағы дауыссызды жатырқамайды: ал-са, қара-са, жаз-са, жар-са, жау-са т.б. Ұяң з орыс тілінде сөз соңында жазылғанмен, с болып айтылуы орфоэпиялық жорма болып есептеледі. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы з айтылып: газ, гипноз, карниз, катализ, заказ, колхоз, майонез, протез, қосымша ұяңнан басталады: газға, газды, совхозда, совхозбен, шлюзге.
Сөз ішінде с өзінен іргелес ш, ж дыбыстарының әсерінен ш болып ашшы (асшы), шешше (шеш-се), бешшелек (бес шелек), бешшыл (бес жыл); ал з өзінен кейінгі с, ш, ж фонемаларының әсерінен с, ш, ж болып: жасса (жазса), жүссом (жүз сом), жашша (жазша), жашшы (жазшы), жашшықты (жаз шықты), жүжжыл (жүз жыл) айтылады.
Сондай-ақ т дыбысынан кейін келген с ц-ға жуықтап айтылады: кетце (кетсе), атца (атса), өтцө (өтсе), батца (батса), ұтца (ұтса), күтцө (күтсе) т.б.
Ш, ж фонемаларын айтқанда тілдің ұшы аздап (с, з-ны айтқандағыдай) көтеріледі де, екі бүйірі жоғарғы тістерге тіреліп тілдің үстіңгі жағы екі Жерден таңдайға жуықтайды. Сондықтан бұлар қос фокусты дауыссыздар делінеді. Өзімен қатар келген қатаң с-ны өзіне ұқсатуына негізгі себеп осы ерекшелігі. Мыс, ашша( асша, ашса), қашша (қашса). Ш бір-ақ сөзде ұяңданады: ренжі (реніш-і).
Т дыбысынан соң ш да, ж да ч-ға жуықтап айтылады: кетчі (кетші), атчы (атшы), айтчы (айтшы), төртчыл (төрт жыл), итчылы (ит жылы), Айтчан (айт жан), төртчелек (төрт шелек) әйтчуу (әйт, шу).
Бұл екі фонема сөздің барлық деңгейінде (позициясында) айтылады, тек ж сөз соңында аз кездеседі: лаж, тәж, мұқтаж, талан-тараж, уәж сияқты бірер кірме сөз бен быж, күж, қыж, мыж, быж-тыж, шыж сияқты еліктеуіштер.
Орыс тілінде сөз соңында ж жазылғанмен ш болып айтылады. Қазақ тілінде орыс тілі арқылы енген сөздердің соңындағы ж айтылады: гараж, қорсаж, стаж, морж, тираж, тоннаж, фиксаж, экипаж, блиндаж, дубляж, зондаж, массаж, монтаж және оларға қосымша ұяңнан басталып (стажды, стажға, гаражда, гаражбен) жалғанады.
Ш фонемасы көрші дыбыстардың әсерінен өзгермейді. Ал ж көрші с, ш-ның ықпалына ұшырайды: ташшол (тасжол), бешшыл (бес жыл), лашшыз (лажсыз).
Әдеби тілде айтылатын с кейбір говорларда ш-мен алмастырылады: шамал (самал), шортаң (сортаң), ешек (есек), мышық (мысық), беш (бес), жетпіш (жетпіс) т.б.
К, г фонемалары тілдің артқы шенінің таңдайға тіреліп, тез ажырап кетуінен жасалады. Қатаң к дауыссызы сөздің барлық шенінде (5307 сөз) қолданылады, ал ұяң г-ден басталатын сөздер сөз басында аз ұшырайды (667 негізінен кірме сөздер), ортасында актив кездеседі де, соңында мүлде айтылмайды. Орыс тілінен енген сөздердің соңында г жазылғанмен (аншлаг, биолог, варяг, геолог, гонг, диалог, идеолог, монолог, педагог, округ, саркофаг, универмаг) айтуда к болады да, жалғанатын қосымша қатаңнан (педагогқа, педагогты, педагогпен) басталады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде бұл екі фонема (к, г) тек жіңішке дауыстылармен ғана қатар тұра алады (жоғарыда айтылды).
Алайда қазіргі орфографиямыз мұны ара-тұра елемей: гауһар, кастрөл, аллауакбар, хакім, хикая, тәкаппар, күнәкар, кәнизагы, бундестагы, бурлагы, варягы,верстагы, галстугы деп, га, ка, ак, гы түрде жазуға қосады. Жастар жағы жазылуындай айтып та жүр. Бұл, әрине, тілге қиянат. Қазақ тілінің табиғи қалпын, әсіресе к, г дыбыстарының болмысын айқындауда орыс тілінен ертеректе енген сөздер бұлтартпас индикатор (көрсеткіш) бола алады: бәтеңке — ботинка, бөтелке — бутылка, бөшке — бочка, кәмпит — конфетка, көпене — копна, кәрңке — корзинка, резеңке — резинка т.б. Дауысты жетегіне көнбеген жағдайда к, г өзі еріп кетуге дайын: доға — дуга, қалаш — калач, қарындаш — карандаш т.б. Тек кастрөл (кастрюля) ғана илікпей қалған. Бұл — орфография орашолақтығының көрнісі.
Орыс тілінен енген сөздерде бұлар жуан дауыстылармен де қатар тұра береді. Орыс тілінде де к, г тілдің артына таман айтылады.
К фонемасы көрші дауысты, үнді және ұяң дыбыстардың әсерінен көбіне ұяңдап г болып айтылады: шелегі (шелек-і), керегі (керек-і), ойгелді (ой келді), қарагөз (қара көз), керегеді (керек еді), көгелтірі (көк елтірі).
Түбір мен қосымшаның (бұл, әрине, дұрыс емес), сөз бен сөздің аралығында қатар келген кқ айтуда кқ болуға тиіс. Мысалы: гудоққа (гудокқа), катоққа (қтокқа), кәнизаққа (кәнизәкқа), поляққа (полякқа), ыраққа (ракқа), тоққа (токқа), теққана (тек қана), көққарға (көп қарға), көққұтан, (көкқұтан), көққұнан (көк құнан), Беққали (Бекқали), еққабат (екі қабат), еққатар (екі қатар), еңбеққыл (еңбек қыл). Егер бұлай айтпаймыз десек к дыбысынан соң әнтек кідіріс жасауға мәжбүр боламыз. Түк қылмайды, тік қасық, бек қайратты, кек қайтты, әк қайда т. б.
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» г әрпінен басталатын 421 сөз бар. Оның 361-і орыс тілі арқылы енген сөздер. Ал қалғандары (гауһар, гүл, гу-гу, гуле дегендерден басқалары) к әрпінде қайталанады: гуілде — куілде, гүж — күж, гүжбан — күжбан, гүж-күж, гүмбір-күмбір, гүмп — күмп, гүр — күр, гүрс —күрс, гүрсіл — күрсіл, гүріл — күріл т.б.
Қазақ тілінде бұрын сөздер г-ден басталмаған. Тілті гүл сөзі күл түрінде; Әйкүл (қазіргі Айгүл), Тойкүл, Қызылкүл, Сарыкүл, Балакүл, Данакүл (Дәнекүл), Айнакүл болып, к ұяңданбай айтылып келді.
Қатаң-ұяң болып жұптасып келетін дауыссыздардың екі-сыңары да шұғыл (п-б, т-д, к-г), не ызың (ф-в, с-з, іп-ж) болып келеді.
Қ, ғ фонемаларының айтылу жолы бірдей емес. Қатаң қ, шұғылға, ұяң г ызыңға жатады. Екеуінің жасалу орны бірдей. Айырмасы тілдің арты жұмсақ таңдайға қ-ны айтқан кезде нық тиіп, тез ажырайды да, ғ-да жуықтап тұрады, кішкене тіл дірілдеп тұрады.
Бұл екі фонема да жуан дауыстылармен ғана айтылады (жоғарыда айтылды).
Қ фонемасы — қазақ тіліндегі ең актив фонема. Ол сөздің барлық позициясында тұра береді. Қазіргі қазақ тілі лексикасының 14 проценті (8402 сөз) осы дыбыстан басталады. Ал г сөз соңында мүлдем кездеспейді, сөз басында 213 кірме сөзде, ал сөз ортасында актив ұшырайды. Қ фонемасы к сияқты көрші дыбыстардың әсерінен ұяңданып (ғ) айтылуға бейім тұрады: қарағой (қара қой), сарғыз (сары қыз), ағала (ақ ала), ағүй (ақ үй), тарағы (тарақ-ы), құлағы (құлақ-ы).
В және ф фонемалары орыс тілінен енгендігі айтылды. Бұларды айтқан кезде астыңғы еріп үстіңгі күрек тіске жуысады да, араларынан ауа сыздықтап өтеді, яғни бұл екеуі де ызың дыбыс. Айырматылығы в — ұяң, ф — қатаң. В сөздің басында (180 сөзде), ортасында кездеседі, соңында жазылғанмен (актив, архив, кузов, пристав, пассив, реактив, устав, Иеанов, Александров т.б.) қатаң ф болып айтылады да, қосымша қатаңнан (архивке, архивтен, архивте, архивпен) басталады.
Қатаң ф сөздің барлық позициясында кездеседі. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» ф әрпінен басталатын 128 сөз бар. В дыбысының қазақ тіліне тән еместігі, байырғы қазақ .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру