Экономика | Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері

 Экономика | Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері

Мазмұны
Кіріспе------------------------------------------------------------------------------ 3б
I Сыртқы экономикалық қатынастар және валюта-қаржылық жүйесінің
мазмұны мен мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі мен оны реттеу -------------- 5 б
1.2 Валюта-қаржылық жүйесі: түсінігі, мазмұны,эволюциясы----------- 8 б
1.3 Валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат ----------------- 14 б
II ҚР-да валюта-қаржы механизмі
2.1 ҚР-да валюта-қаржы жүйесінің даму кезеңдері------------------------- 18 б
2.2 Валюта-қаржы жүйесіндегі төлем балансының орны------------------ 19 б
2.3 ҚР-да валюта ресурстарын қалыптастыру және пайдалану----------- 22 б
қорытынды------------------------------------------------------------------------ 26 б
Пайдаланған әдебиеттер-------------------------------------------------------- 27 б

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Банктердегі валюталық операцияларды ұйымдастыру принциптері». Бұл тақырыпқа жазу мақсатым: дүниежүзілік валюта қатынастарының даму тарихын ҚР- да валюта жүйесі және оның қазіргі жағдайы, банктерде жүргізілетін валюталық операциялар туралы мағлұмат алу.
Менің кеурстық жұмысым үш бөлімнен тұрады.
I бөлім. Халықаралық валюта қатынастарының қалыптасуы және дамуы деп аталады. Бұл тарауда мен мынадай мәселерді талдадым.
Валюта дегеніміз – 1- ден сол елдің ақша бірлігін, 2-ден шетелдік мемлекеттің ақша белгілерін, 3-ден халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралын айтамыз. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымын қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болды. Валюта қатынастарының туындауына ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше әсер етеді. Валюта қатынастары құқықытық нормалармен және ережелермен реттеледі. Валюталық қатынастардың жағдайы ұлттық және әлемдік экономиканың дамуына саяси тұрақтылыққа, елдер арасындағы күштердің шекті қатынасына тәуелді болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды.
Валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдылықтармен н/е мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Тарихи үштүрлі: ұлттық, дүниежүзілік, аймақтық валюта жүйесі қалыптасты.
Дүниежүзілік валюталық жүйелердің дағдарысы тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекеті бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзілік валюталық жүйедегі дағдарыс ескі жүйенің бұзылып, оның орнына тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңа жүйенің ауысуына әкелді.Сөйтіп валюта жүйесі бірнеше кезендерден өтті. Яғни, әр елдің өзінің валюта жүйесінің қалыптасуына жағдай жасады.
Валюта бағамы – басқа валюталық ақша бірлігімен көрсетілетін ұлттық валюта бірлігі құны. Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын анықтауды валюталық котировка деп атайды. Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Валюта жүйесінің үш негізгі жүйесі бар: бекітілген бағам, еркін құбылмалы бағам, басқарылатын құбылмалы бағам.
IIбөлім.Валюта-қаржы механизмі туралы тарау. Бұл тарауды валюта қатынастарының реттеу, саясат , нарық түсінігінің мәнін аштым.
Нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады.
- нарықтық реттеу
- мемлекет тарапынан реттеу
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс пен ұсыныс, сондай – ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Нарық валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады. Бірақ та, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқыда ол жанама түрде араласып келген, кейіннен тікелей араласа бастады. Нарықтық және мемлекеттік реттеу бірін – бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеке негізделсе, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.
Валюталық саясат – бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығы. Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы валюталық реттеу болып табылады. Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы – Халықаралық Валюталық қор болып табылады. Валюталық саясаттың мынадай формалары қолданылады:
- Дисконттық валюталық саясат
- Девиздік валюталық саясат.
Қорытынды бөлімде мен валюта жүйесінің қазіргі жағдайын, валюта жүйесі туралы өзімнің ой пікірімді жаздым.
I. Сыртқы экономикалық қатынастар және валюта-қаржылық жүйесінің
мазмұны мен мәні
1.1 Сыртқы экономикалық қатынастар қызметі түсінігі мен оны реттеу.
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық түрдегі экономикамен бірге дүние жүзінің көптеген елдерімен халық
-аралық экономикалық байланысты кеңейтуді қажет етеді.
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-несие институттарымен сауда, кредит, инвестициялық, борыш, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің резидент еместермен, елдің экономикалық агенттерінің «басқа дүниемен» қатынастары. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық қатынастар жүйесінде қаржы үлкен роль атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құрал ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық қатынастар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
(1.1 сызбаны қараңыз)
Сыртқы сауда Шетелдік инвестициялау Дамуға ресми көмек Халықаралық ұйымдарға жарналар Мәдениет, шығармашылық, туризм, ғылым және техника сфераларындағы
ынтымақтастық Елшіліктерді, консульдық-
тарды, өкіл-
діктерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптар
Тауарлар мен қызмет-
тердің
экспор- ты Тауар
мен қызмет- тердің импор- ты Тура инвес- тиция Порт- фельді инвес- тиция Тех- ника лық Қар- жы лық Қар- жы кредит ұйым- дарға Ізгі-лікті ұйым- дарға
Т
Ү
Р
Л
Е
Р
І
Кредиттер, қарыздар, тауарлардың жеткізілімі және қызметтер көрсету, гранттар, біріккен кәсіпорындарға қатысу, конценссиялар, меншікті жалдау, валюталық төлемдер
Ны-сан да- ры
Жанама Тура
Ақша капита лына
пайыз-
дық мөл- шерле мелер Дүние- жүзілік бағалар Бағалы қағаздар бағамы Валюта бағамы Салықтар Ли-цен зия лар, кво та-лар Мемлекеттік моно- полия Ав-тар кия
Икемді Тіркеоін- ген Ішкі Халықара- лық сауда- дағы кап. жасал. опер сал. салық
Сыртқы саудаға Валюта опера-цияларына
ә
д
і
с
т
е
р
і

Елдің төлем балансының жай-күйі
Мемлекеттің қаржы-экономикалық тұрақтылығы
әсе-рі


Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретіндегі сыртқы экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда нақты түрде көрінеді. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады. Халықаралық қатынастарды дамытудағы қаржының ролі үш бағыт бойынша көрінеді:
1.Қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі бағыт-
тарын қаржыландыру үшін қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
2.Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
3.Халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық қатынастарға мыналар жатады:
1.сыртқы сауда;
2.шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
3.концессиялар- елдің аумағында шаруашылық және өзге қызметті жүзеге асыру үшін мемлекет меншігіндегі табиғи ресурстарды, әртүрлі объектілерді пайдалануға мүлік құқықтарын алу, меншікті жалдау;
4.Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы-кредит ұйымдарына қатысуы: сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздар-
ды беру байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
5.ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
6.шет елдерде еншіліктерді, консулдықтарды және қызметкерлерді ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Сыртқы экономикалық қызметке, сонымен қатар шетелдік активтерге: бағалы қағаздарға, шетелде өнеркәсіп және басқа объектілер салуға капитал жұмсау нысан-ындағы сыртқы инвестициялау жатады; алайда қызметтің бұл түрі Қазақстанда қар-
жылық және материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігінен нашар дам-ыған. Еркін экономикалық аймақтарды қалыптастыру- қызметтің ерекше түрі болып табылады, олар аймақты жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін шет-елдік капиталды прогрессивті шетелдік технологиялар мен басқару тәжірибесін тар-ту мақсатымен құрылады. Олар республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және кредит қатынастарының негізіне қойылған.(1.2 сызбаны қараңыз)
Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу әртүрлі нысандар мен әдіс-терін қамтиды.Реттеудің негізгі нысандары мыналар:
1.Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру;
2.Салық салу;
3.Инвестициялау;
4.Сыртқы қарыз алу;
5.Сыртқы берешек;
6.Экспортты қаражаттандыру.
Реттеу әдістері көрсетілген нысандарға сай келеді және тура, жанама әдістерді кі-рістіреді.
Тура әдістерге реттеудің әкімшілік нысандары: лицензиялар мен квоталар жатады. Экспорт пен импортты лицензиялау мен квоталау шикізат ресурстары мен тауар қорларының шектеулігі жағдайында ішкі рынокты толтырып, тұрақтандыру мақсатымен уақытша шаралар ретінде пайдаланылады.
Реттеменің жанама немесе экономикалық әдістері неғұрлым пәрменді және дамыған сыртқы экономикалық қатынастарға сай болып табылады. Бұларға салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта бағамы, дүниежүзілік баға, сыртқы кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, облигациялардың, басқа бағалы қағаздар мен төлем қаражаттарының бағамы жатады.
Валюта бағамы немесе басқа елдің валютасының ақша бірлігінде тұлғаланатын ұлттық ақша бірлігінің бағасы барлық ішкі бағаларды басқа елдің бағаларымен байланыстырылады.Валюта бағамының ауытқуы отандық тұтынушылар үшін басқа елдің тауарларының бағасын өзгертеді және керісінше, отандық тауарлар бағасы басқа елдің тұтынушылары үшін өзгереді. Бұл өзгерістер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық валюта бағамының басқа елдің салыстырмалы валютасынан азаюы жағдайында экспорт дами бастайды, кері жағдайда импорт дамиды.
Валюта бағамы экспорт пен импорттың көлеміне әсер етеді, яғни қаржы құралдары- экспорт пен импортқа салынатын салықтар, кеден баждары арқылы алынатын және бөлінген қаржы ресурстарының мөлшеріне және мемлекеттің де, сондай-ақ экспорттық өнімді, тауарды, қызметтерді өндірушілердің де немесе оларды тұтынушылардың да қаржы жағдайына ықпал жасайды.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарының маңызды реттегіші болып табылады. Көптеген мемлекеттерде экспорт пен импортты кедендік тарифтік реттеу жүргізіледі.
Кеден тарифі ішкі рыноктағы шетелдік бәсекені реттейді.Кеден тарифі кеден баждары мөлшерлемелерінің жүйеленген жиынтығы болып табылады, оны республи
-каның кеден аумағына әкелетін және бұл аумақ шағынан әкетілетін тауар мен қыз-
меттерге салынады.
Валюта қатынастарының жекелеген элементтері ерте Грецияда және ежелгі Рим- де вексель түрінде пайда болды. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да саудалық орталықтарында ортағасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Бұл кезде аудармалы вексель бойынша (тратта) бойынша есепайырысу жүр-гізілген. Феодализм қарсаңында және өндірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есепайырысу жүйелері дами түсті. Валю-ның дамуы саяси тұрақтылыққа елдер арасындағы күштердің шекті қатынасыны тә-уелді болып табылады. Сыртқы экономикалық қатынастарда, оның ішінде валюта-лық байланыстарда саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәсіптік өндіріс пен сауда өзара бір-бірімен бітісуі валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдік шаруашылықтағы орнының ерекшелігін көрсетеді.
1.2. Валюта-қаржылық жүйе: түсінігі, мазмұны, эволюциясы
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшала-рды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөліні-сін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айнлымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркә
сібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернациона-лдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есепайырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтарының нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстарының дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайыөндірісті қалыптастыруға және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастар жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық алюта – елдің ақша бірлігі. ол қолма-қол формада (банкнота монета) және қолма-қол емес формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. оның эмитенттері ұлттық орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері төмендегілер:
• ұлттық валюта;
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) Жарғысында «еркін қолданылатын валюта» деген ұғым енгізілген. Оған американдық доллар, неміс маркасы, жапон иені, француздық франк, ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы алтын паритеті алынып тасталды.ХВҚ-ң Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес, анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта қоржыны негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның орташа өлшенген бағамын айтады;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі).Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро), ХВҚ резервтік позициясы және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің халықаралық валютак өтімділігін реттеу;.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру