Тарих | Бауыржан Момышулынын өмірі мен қызметі
Мазмұны
Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі.
Ⅰ. Белгілі жазушы және қоғам қайраткері.
1.1. Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі.
1.2. Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі.
Ⅱ.Б.Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери-тарихи мұралары.
1.1. Бауыржан Момышұлының әскери- теориялық мұрасы және қазіргі кезең.
1.2. Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери – тарихи еңбектері.
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігігі.Ұлы жеңістің 60 жылдығы да келіп өтті. Қасымызда жүрген ардагерлердің де қатары сиреп барады.Бүкіл адамзат өміріне , тағдырына қанды шеңгелін алған Ұлы Отан соғысының әрбір адамзаттың жүрегіне салған жарасы да сол адамдармен бірге азайып бара жатқандай. Бүкіл әлемді «Ұлы неміс »халқының табанында ұстағысы келген герман фашизмін жеңуде қазақстандақтар да КСРО –ның құрамы ретінде бүкіл соғысқа қатысқан еді.Ерлік көрсеткен адамдар қаншама .Соның бірі де бірегейі- тірлігінде батыр атағын алмаса да халқы бұл атақты өзі берген адам-Бауыржан Момышұлы еді. Бұл адам тек талантты әскер басы ғана болған жоқ, сонымен бірге қаламын қатар жүздірген жазушы да, қоғам қайраткері де болды. Біз бүгін сол бір қаһарлы жылдарға үңілу үшін, сол соғысқа қатысып, көзімен көргендердің жазған еңбектеріне үңілеміз.Бұл еңбектер біз үшін Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметіне арналған шынайылығы жоғары дерек көзі болып табылады.Сол себептен бүгінгі бітіру жұмысымыздың тақырыбын «Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі»деп алдық.
1941 – 45 жылдардағы Ұлы Отан соғысы бүкіл дүние жүзі халықтарының өміріндегі тарихи оқиға болып табылады.Адамзат тарихындағы болып өткен соғыстардың ең ауыры, қаталы және көлемдісі болды. Бүкіл әлемді өзінің табанының астында ұстағысы келген немістік нацистерден қорғап қалған кеңес жауынгерлерінің ерен ерлігі ел есінде.Бұл жойқын оқиғада қаншама адам қыршынынан қиылды, қаншама тағдыр мезгілсіз үзілді. Біз болашақ үшін өз өмірін құрбандыққа шалған сол адамдар алдында мәңгілікке қарыздармыз.
Біріншіден , Бауыржан Момышұлының еңбектерін зерттей отырып, біз Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуы, олардың құрамы, ол әскери бөліктердің басқарылуы туралы айтып өте аламыз.Ұлы Жеңістің 60 жылдығы келіп жетсе де , әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысынан қазақстандықтардың қатысуы мәселесінде ашылмай жатқан ақтаңдақ беттер көп. Біз әлі күнге дейін осы ұлы оқиға туралы кеңес заманында жазылған еңбектерден оқып үйренудеміз. Ал осы соғысқа қатысқан ұлттық батырларымыздың арттарына қалдырған мұралары зерттелінбей,қолданысқа енбей жатыр.Біз осы бітіру жұмысын жазу барысында Бауыржан Момышұлының еңбектерін қолдандық.
Екіншіден, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті жарлығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі құрылды. Осы жарғымен Қазақстандағы бүкіл әскери бөлімдер жиылып Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына кірді.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздік алуына байланысты, өз қорғаныс күшінің құрылуына, мемлекеттік шекараның тұрақтануына, әскери доктринаның жасалуына, офицерлік корпустың дайындалуына қол жеткізілді. Мұның бәрі Бауыржан Момышұлының әскери-педагогикалық мұрасына , жинақталған тәжірибесіне бет бұруды талап етеді. Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Қазақстандық жастардың әскери білімін кеңейтуге , аты аңызға айналған батырдың, әйгілі әскери ойшылдың ғылыми-теориялық мұрасы-соғыстың қиын кезіндегі әскери ұжымның күш-қайратын ашуға ,бөлімдер мен бөлімшелердің әскери-адамгершілік қасиеттерінің жоғарылығын көрсетуге көмектеседі.
Үшіншіден,бұл тақырыпты зерттеу барысында Герман фашизімін жеңудегі қазақстандықтардың қосқан үлесінің көлемі мен мәнін анықтауға болады.Бұл Ұлы Жеңістің 60 жылдығына сол бір қатерлі соғыс жылдары туралы біздің ұрпақтың әскери білімін кеңейтуге септігін тигізеді деп ойлаймын.
Төртіншіден, 70 жылдан астам уақыт Кеңес Одағының құрамында болған отаршылдықтың неше түрлі езгісін көрген қазақ халқы үшін өзінің ұлтын сонша сүйген , Ұлы халқының Ұлы батыры бола білген Бауыржан Момышұлының артына қалдырған мол мұрасы – қазақтың ұлттық патриотизімінің өсуіне ықпал етеді деп ойлаймын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жүз мыңнан аса қазақстандық Ұлы Отан соғысына қатысты. Отан қорғаудағы даңқты батырлардың ішінен соғысқа , әскери өнерге ,әскери парызға деген шығармашылық жолы мен ерекшеленетін И.В.Панфиловтың қаруласы-Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болып табылады.
Бұл Қызыл Армияның әйгілі әскер басшысының әскери , әскери-педагогикалық , әскери-теорияның мұрасын зерттеу-ғылыми да , тәжірибелік те мәнге ие.
Тақырыптың зерттелу деңгейне келсек, тікелей әрі толықтай жүйелі түрде зерттелмесе де, Бауыржан Момышұлының мұрасы және тұлғасы жеке қырларынан жекелеген зерттеушілер еңбектерінде ашылған. Тақырыпты ашу барысында пайдаланған зерттеулерді жүйелеп, жазылған уақытына байланысты былай екі кезеңге бөлдік:Кеңестік және тәуелсіздік кезеңіндегі тарихнама. Екі кезеңнің өзіндік ерекшеліктеріне келер болсақ Кеңестік кезеңде Бауыржан Момышұлы тұлғасы соғыс контексінде , 8-гвардиялық дивизия құрамында қарастырылды. Ал, тәуелсіздік кезеңдегі зерттеулерде негізінен Бауыржан Момышұлының артына қалдырған мұраларына назар аударылуыда.
Бұрын Бауыржан Момышұлының жеке адамдық әрі әскери тұлғасы ,әскери – педагогикалық қызметі И.В. Панфилов атындағы сегізінші гвардиялық дивизияның тарихының бір бөлігі А. Бектің еңбегінде зерттелді.(1) Шығарма майдан даласында жазылған,И.В. Панфилов дивизиясы туралы жазылған бірден-бір еңбек.Бұл шығарма түгелдей Бауыржан Момышұлының мәліметтеріне сүйеніп жазылған және Б.Момышұлының атын бүкіл әлемге таратқан еңбек болып табылады.
Сонымен қатар,бұл проблема Москва шайқасы, Калинин облысы,Балтық бойын жаудан тазарту мәселелерінде бірге қарастырылып өткен Ұлы Отан соғысының атақты батыры туралы К.К.Рокоссовский (2), А.М. Васильевский (3), И.М.Чистяков (4),Г.К.Жуков (5) секілді ірі әскер басылар мемуарларында аздаған мәліметтер сақталған.Бұл атақты әскербасыларының , мемуарларына ,естеліктеріне келсек, бұларда Бауыржан Момышұлының талантты әскербасы ретінде баға беріп кетеді.Мысалы И.М. Чистяков: “Маған Момышұлының және бір қасиеті ұнады , ол –шыншылдығы. Қандай қиыншылыққа душар болса да шындықты айтарымен білетінмін, ол өз қарауындағы жауынгерлерден де шыншылдықты талап ететін.”-деп баға беруі осының дәлелі.(6.154)
Бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы әскери,талантты командир ретінде сипатталады. Және бұл еңбектерде Бауыржан Момышұлы өз ұлтының ұлы ретінде сипатталады.Оның шығыстық шығу тегі саналы түрде әдейі баса көрсетіледі. Бұл еңбектер кеңестік негізде, кеңестік идеологиямен жазылған және Бауыржан Момышұлының тұлғасы соғыс контексінде қарастырылады. Ә.Нұршайықовтың “Ақиқат пен аңызы ” көркем шығарма бола тұра Баукеңнің өмірі туралы көптеген мәліметтерді алдық. (6)
Бауыржан Момышұлы туралы оның майдандас, қандастары да аз жазған жоқ.. Әсіресе М.Ғабдуллин(7), М.А.Левашевтің (8) сонымен қатар панфиловтықтар туралы Ф.Селивановтың (9), А.Кузнецовтың (10) шығармаларында да аталып өткен.
Бауыржан Момышұлы әскери қызметкер ретінде Ұлы Отан соғысының жекелеген тақырыптарына арналған еңбектерге енді. Бұлар Г.А. Әбішевтің (11), А.Мұхамеджанов (12), А.Нүсіпбеков (13), М.Қозыбаев(14), Қ.Р.Аманжолов(15), Н.Шаховтың (16) еңбектері еді. Бұл жердегі Г.А.Әбішевтің және А.Нүсіпбековтың еңбектері Москва түбіндегі шайқасқа қазақстандық әскелердің қатысуын зерттеудің бастауы болып табылады. Осы еңбектерде авторлар алғаш рет архив документтері мен материалдарын қолданысқа енгізеді, майдангерлер естеліктерін және мерзімді басылымдарды пайдаланды .
Бірақ осы кеңестік кезеңде жазылған бірде-бір еңбекте батырдың азаматтық,педагог, ойшыл, теоретик, әскери, жазушылық тұлғасы толық ашылмады.
1991 жылы Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана, өткен өмірге, тарихқа ерекше ұллттық, халықтық көзқараспен қарай бастағанымыз белгілі. Жаңаша тұрғыда тарихтың әр түрлі кезеңдеріне арналып зерттеулер жазылуда. Осы кезде қазақ халқының тамыры тереңге кеткен әскери дәстүрінің бар екендігі айқындалған еді.1990 жылы Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген болатын.Бұл тарихи өзгеріс тарихшыларға Ұлы Отан Соғысына қазақстандықтардың қатысуы туралы және ұлт батыры Бауыржан Момышұлы туралы еңбектерді тудыруына мүмкіндік берді. Бұлардың қатарына Т.Балақаев пен К.Алдажұманов (17), Қ.Р.Аманжолов (18), П.С.Белан(19), К.С.Серікбаев(20). Бақытжан Момышұлының(21) зерттеулері жатады. Сонымен қатар М.М Айтқазинаның докторлық диссертацисы тікелей Б.Момышұлының мұрасына арналды.(22) Бұл зерттеулер негізінде әскери тарихпен ұлттық батырларды зерттеудегі проблеманы шешуге арналған.Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық әскери құрылысы туралы айта келіп,өз еңбектерінде авторлар Б.Момышұлының ғылыми мұрасына көп көңіл бөледі.
Дегенменде Бауыржан Момышұлының сан қырлы тұлғасын ашатын ғылыми еңбектер жазылмаған. Бітіру жұмысын жазу барысында мерзімді басылым беттеріне жарияланған Н.Саввин(24), Ж.Ыбыраев(25),К.Казыбаевтардың(26),Ы.Сариева(27),Ә.Нұршайықовтың(28), мақалалары қолданылды. Сонымен қатар батыр туралы мәліметтер бар “Халық сыйы ”(27), “Айналған аты аңызға Момышұлы ”(28) естеліктер жинағы және А.Асқаровтың “Ұлы
Тұранның ұлдары ”(29) еңбегі пайдаланылды.
Тақырыптың деректік негізі . Бітіру жұмысын жазу барысында негізгі сүйенген жанама дерек көзі ретінде Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың “Восьмая гвардейская краснозменная имени генерала майора И.В. Панфилова стрелковая дивизия” деп аталған естеліктер жинағы(30), И.В.Панфилов атындағы гвардиялық дивизия туралы “История Великой Отечественной Войны Советского Союза”(31), “Провал гитлерского наступления на Москву”(32) атты құжаттар жинағы пайдаланылды. Ал әр жылдары жарық көрген “Москва үшін шайқас”(33), “Қанмен жазылған кітап”(34), “Біздің генерал”(35), “Ұшқан ұя”(36), “Бір түннің оқиғасы”(37), “Жауынгердің тұлғасы”(38), “Майдан ”(39), “Офицердің күнделігі”(40), “Ел басына күн туса”(41) кітаптары пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысын жазу барысында алдыма қойған мақсатым-Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі Ұлы Отан Соғысының ,басынан аяғына дейін қатысып, өзінің ерен еңбегімен көзге түскен орны мен еркшеліктерін, дәрежесін анықтау.
Осы мақсаттан шығатын міндеттерімді атап өтсем:
-Бауыржан Момышұлының еңбектерінің бағыт-бағдары мен мақсатын, жалпы тарихи маңызын анықтау.
- Бауыржан Момышұлының еңбектерін пайдалана отырып қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске жету жолындағы рөлін айқындау .
- Бітіру жұмысымның хронологиялық шеңбері: Бітіру жұмысының тақырыбы: “Бауыржан Момышұлының өмірі мен қызметі”-деп алғандықтан тақырыптың хронологиялық шеңберін 1941-1945 жылдар аралығы деп алдым.
Бтіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде жұмысты жазу барысындағы мақсат-міндеттер ,тақырыптың зерттеу деңгейі, пайдалану деңгейі туралы айтылған. 1-тарау “Белгілі жазушы және қоғам қайраткер” деп алынған. Бұл тарау өз ішінде екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім “Бауыржан Момышұлының жастық шағы және өмірі” деп алынып, батырдың жастық шағы мен өмірбаянына тоқталдым. 2-бөлім “Бауыржан Момышұлының әскери қолбасшылық қызметі” деп алынды. Онда Бауыржан Момышұлының қолбасшылық қызмет жолына тоқтадым. 2- тарау “ Бауыржан Момышұлының рухани-адамгершілік, әскери –тарихи мұралары” деп алынды. Бұл тарау екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім “Бауыржан Момышұлының әскери-теориялық мұрасы және қазіргі кезең” деп аталады. 2- бөлім “Бауыржан Момышұлының майданнан жазған патриоттық хаттары және соғыс жайлы жазған әскери-тарихи еңбектері” деп аталады.

«Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі » - деген дара даналығы бар
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында туып-өскен. Даңқты қолбасшы, Ұлы Отан Соғысының аты аңызға айналған батыры.
Өзінің жастық шағы туралы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» атты еңбегінде былай деп баяндайды:
Менің бабам Имаш мың да тоғыз жүз он бірінші жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті –менің әкем Момыналы екен. Оны жұрт Момыш деп кеткенғ,-деп жазады[38.6бет.].
Әжесінің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық , аса ажарлы, ақ дидарлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен –саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды , қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық әжесі өзінің ұлдарына өңшен аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен Бауыржанның әкесі Момыш отыз үш жасына дейін салт басты, сабау қамшылы жүріпті.
Момыш әкемнің айтуынша,-деп жазады Бауыржан, мен мың да тоғыз жүз оныншы жылдың қысында, ескіше декабрьдің жиырма төртінде туыппын. Әкем ол күні Әулиеата шаһарында екен. Мен туған соң Имаш бабам жан-жаққа кісі шаптырып әкеме де хабаршы жіберіпті.
Жарық дүниеге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне шығарып, Имаш атамның алдына әкеліпті. Атам ерте көктем алдында ағаш отырғызып жүр екен.
- Атасының қолын ұзартып, қолқабыс беруге келді, -депті шешем ізетпен иіліп.
Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолыма жас бұтақ ұстатып:
Құрық деп берсем - құл болма,
Шыбық деп берсем – шіл болма.
Бәрінен де, шырағым,
Баяны жоқ ұл болма,-
деп келініне мені қайтарып берген екен.
Атасымен алғашқы дидарласуының құрметіне деп , алағшқы өсиет өмірлік өнеге болсын деп әкесі сол күні мал сойып ауыл ақсақалдарының басын қайта қосыпты.
Бауыржан туғанда әкесі елуді еңсеріп қалған кісі екен.Әжесі жарықтық Момыналыны балаларының ішіндегі еті тірісі осы болды деп отырар еді. Мпмыналы өз бетінше талпынып жүріп ескіше сауатын ашып алыпты.
Содан өле - өлгенше өз бетінше оқып тоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс алфавитін де ежіктеп шығара беруші еді. Жас күнінде ағаш ұста болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Олардын елінде одан өткен зергер ұста болмаған екен.
Әкем маған ата - тегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
- Кімнің баласысың?-деп сұрайтын ол.
- Мен Момыштың ұлымын.
- Момыш кімнің баласы?
- Момыш – Имаштың баласы.
Осылайша жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
Ал келген қонақ ең алдымен атымды сұрайтын. Сонан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін,-деп келтіреді.
8
Ел танудың басы ең алдымен осылай басталатынын ол кезде кім білген.
Әжесі малдың «тілін» ұғуды- «Қозы маңырайды, бұзау мөңірейді, құлын кісінейді, бота көзі мөлдіреп аңсайды...» Бұған зұлым қасқыр, жымысқы түлкі , дәрменсіз қоян, сүйкімді құс , сұрапыл сұңқар жайлы ертегілер айтып үйретеді екен[38.296бет.].
Кавказды аралаған кезінде үш күн қатарынан ашық аспан астында түнегені бар.
Сонда ұзақ уақыт ұйқысы келмей елес қуып, өмір өткелдерінің теңізіне жүзіп кеткен кездері көп болыпты. Сол өткелдердің көбіне аялдамай, балалық шағы мен әскери өмірінің белестеріне қайта – қайта көтеріле бергенің өзі де аңғармай жатып, сол сәтте тағы да бала кезі ойға оралады...
«Онда мен бесте ме, әлде алты жаста шығармын. Әжеммен бірге жатушы ем. Әже құшағы қандай ыстық, қандай мейірбан десеңші. Көзім ұйқыға кеткенше әжем айналып-тоғанып арқамнан қағып жатқаны. Еркелеп жатып қалғып кеткеніңді өзің де аңғармай қаласың,»- деп есіне алады.
«-Кейде менің өнеге алған , тәлім үйренген ,дәріс оқыған ұстаздарымды еске түсіріп ойға бататыным бар.Сондай шырын шақтарда ең алдымен ата-аналарымның бейнесі елестейді. Солардың уағызы басымырақ бола береді...
Өйткені есейе келе көрген көп ұстаздарым талай- талай тағылымға бой ұрғызғанымен, олардың бірде – бірі нақ өзімнің әжемдей , әке-шешем мен ауылдың қадырлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сезім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен , әлде ата - анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз,»- деп келтіреді.
Алты жасқа келгенде әкесі Момыш Бауыржанды орысша оқыту үшін өзінің танысы Гончаровтардың үйіне әкеледі. Осылайша бір жыл Евгеньевка селосында сауатын ашқан соң, Жамбыл қаласындағы Аса интернатына оқуға келеді. Бұл жерде үш жыл оқып сауатын ашқан соң бастауыш мектепті бітіреді.Оны ұстаздары әріптен бастап буынға дейін, сонан соң ақ қағазға қаламмен өрнек жазуға дейін үйретті. Келе - келе жүйелі оқып, есепті жүйрік шығаруға қол жеткізді. Ал өмірдің өзі ше ? Осынша ғұмырының ішінде түрлі –түрлі күрделі жағдайда ; толқымалы тоқсан сырлы кезеңде кездесіп дидарласқан, тағдырлас болған ,табақтас болған адамдар ше? Мамыражай сәттерден мазасыз майданға көшіріп , көбік шашқан өмір дариясының бір толқынынан екінші толқынына аямай лақтырған уақыт ше? Осының бәрі де оның тірлігіндегі тірек болған, жүрек болған, қол ұшын берген , қорған көрсеткен ұстаздыры деп біледі. «Осындай уақыт талқысы ғана , өмір өткелдері ғана, тірлік тізбегі ғана менің әжемнен үйренген «жақсы », «жаман », «мақұл», «немақұл» деген сөздердің байыбына терең бойлата алды,»-деп жазады.
1924 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, оны 1928 жылы тәмамдайды. Айта кететін жағдай , ол осы жерде Әбділда Тәжібаевпен бірге оқиды.
1928 жылы оқуды бітіріп келген соң, сол жылы Орынборда ашылған Қазақ Педагогикалық институтына оқуға келеді. Бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты оқымай кері қайтады. Бұның себептерін Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман –диалогында көрсетеді.
Елге келген соң мектепке мұғалім боп орналасып , онда екі жыл жұмыс істейді. Одан соң аудандық атқару комитетінің секретарі болып еңбек етеді. Бұл қызметі үш жылға созылады. 1932 жылы қарашада военкоматқа шақырды. Әскери қызметті Термезде өтеді. Жауынгерлік тапсырманы орындай жүріп, үздік қызыл әскер атағына иеленді. Алғашқы әскери ұстазы – Николай Редин.
Әскери қызметін аяқтап, 1933 жылы қыста елге оралады. Өзінің бұрынғы қызметі өнеркәсіп банкіне келіп, кен істері жөніндегі аға экономист болып тағайындалды.
1932-1936 жылдары екі рет әскер қатарына шақырылды. Сол кездері өзінің дала перзенті екенін дәлелдеп, құралайды көзге ататын мерген атанды. Әскери іске аса қабілеттілігімен 1941 жылы соғыс басталысымен – ақ көзге түсіп, атақты қолбасшы И.В.Панфилов дивизиясын ұйымдастыруға ат салысады[28.10-11б.б.].
Бауыржан атамыздың ерлік даңқы бүкіл Республикаға таралды. Майданда ерлік көрсеткен қазақтар әрине көп. Бірақ, олардың бірде біреуінің атақ –даңқы Баукеңдей дүркіреген жоқ. Соғыс кезінде , одан кейін, бүгіндері де туған нәрестелерге де Бауыржан атын қою салтқа айналды.
1936 жылдан қырықыншы жылдардың соңына дейін Қиыр Шығысқа әскери қызметке аттанады. Сол жақта аға лейтенант шеніне қол жеткізеді.40-шы жылдардың басында Киевке полк штабының бастығының бірінші көмекшісі болып қызметке келеді. Округ командашысы Г.К. Жуков, оперативтік бөлімнің бастығы полковник И.Х. Багряман болған. Бауыржан Момышұлы Житомир қаласындағы 406- полк штабы бастығының бірінші көмекшісі болып барады. 1941 жылдың қаңтарынан бастап, Ұлы Отан Соғысы басталғанға дейін республика әсери коммиссариатында аға нұсқаушы болады. Соғыс басталғаннан соң осында жасақталған 316- атқыштар дивизиясында батальон командирі болып алынды.
1941 жылы 22- маусымда фашистік басқыншылар Кеңес Одағына басып кірді.
14-16 қарашада дивизия немістермен алғаш рет кездеседі.
Жаудың Москваға жасаған алғашқы 7-31 қазан аралығындағы жойқын шабуылы тойтарылды. Соғыстың 147-ші күні , яғни 15-қарашада Москваға екінші жойқын шабуылы басталды. Жаудың 51 дивизиясы Москваға лап қойды. Немістер Москва түбінде 300 мың адамынан айрылды. Бауыржан Момышұлы 1941 жылдың 26- қарашасында 1073- атқыштар полкының командирі болды. Батыс майданы әскерлеріне арналған №0413-бұйрық бойнша 1941жылы 9-желтоқсанда – капитан, Калинин майданы әскерлеріне арналған №0143-бұйрық бойынша 1942 жылы 10-мамырда –майор, ал Қорғаныс Халық Комиссариатының №06190 бұйрығы бойынша 1942 жылы 2-қазанда подполковник болды. 1942 жылы ақпанда 1075-атқыштар полкінің құрамындағы екі қазақ жауынгері Төлеген Тоқтаров пен Мәлік Ғабдуллинді Кеңес Одағы Батыры атағына ұсынып , Бауыржан Момышұлы осы полктегі қызметін аяқтап, өзінің 1073-атқыштар полкінің командирі болып кетті. 1943 жылы 15-қарашада Бауыржан екінші рет жараланды. Бір жарым айдай госпитальда жатып, екі айлық демалыс алып, Алматыға келеді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс "Б. Момышулынын омірі мен кызметі" курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар тарих жобалар курстық жұмыстар