Экономика | Агробизнесті жоспарлаудың болашағы

 Экономика | Агробизнесті жоспарлаудың болашағы

Мазмұны


Кіріспе

1. Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні.
1.1. Ауылшаруашылығында жоспарлаудың бағыты.

2. Агробизнесте өндірістік және қызмет көрсетуді жоспарлауды талдау.
2.1. Өндірістік және қызмет көрсетудің бизнес жоспары.
2.2. Бизнес жоспарын құру жолдары.
2.3. Агробизнестегі индикативті жоспарлау.

3. Агробизнесті жоспарлаудың болашағы.
3.1. Агробизнес жоспарлаудағы проблемалар.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Агробизнесті жоспарлаудың теориялық мәні.
1.1. Ауыл шаруашылығында бағыты.

Жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдары - Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өміріндегі терең өзгерістер кезеңі. Кеңес экономикасының орталықтандырылған басқару әдістерінің мемлекеттік монопализмнің ұзаққа созылған үстемдігінен кейін нарықтық механизмді қалыптастыру қажет болды,нарықтық механизм мемлекет пен кәсіпорын(кәсіпкер) арасындағы өндірістік қатынастар жүйесін тұтасымен өзгертті. Егемен Қазақстанның эканомикасын мемлекеттік басқару тұжырымдамасы да өзгерді. Қатаң әміршілдік-әкімшілдік әдістер біртіндеп мемлекеттік реттеудің икемді жүйесімен ауыстырылуға тиіс болды.
Мемлекеттік реттеу – бұл шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизміне тұрақтандырушылық ықпалын тигізу мақсатында мемлекеттің экономикаға тікелей де жанама араласуы. Мұнда мемлекеттік жоспарлау мәселелері ерекше орын алады.
Мемлекеттік жоспарлау – алға қойған мінндеттерді орындау мақсатымен экономикалық саясатты анықтауға, даму бағыттарын, мемлекеттің экономикаға араласу тәсілдері мен әдістерін таңдауға бағытталған мемлекеттік басқару орындарының іс-әрекет түрі. Мемлекеттік жоспарлауға мемлекеттік жоспарларды әзірлеудің әдістемесі, ұйымдастырылуы мен технологиясы жатады. Әзірлену мен орындалу тәсілдері бойынша мемлекеттік жоспарлау нұсқаушысы (директивті) және индикативті болып ажыратылады.
Мемлекеттң экономика істеріне «араласпауының» жалпы дүниежүзілік беталысы (тенденциясы) экономиканы реттеу мен жоспарлауға мемлекеттік басқару құралы ретінде қарау керектігін теріске щығармайды.
Қоғамдық еңбек бөлінісі капитализм тұсында да, социялизм тұсында да халық шаруашылығын мыңдаған арқаулармен біртұтас байланыстырады. Тек болжау мен жоспар шаруашылықты тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылығын жоспарлау назариясы (теориясы) болашақ кезеңдегі экономика дамуының негізгі көрсеткіштерін айқындаудың әдістемелігі мен әдістемесін, қоғамдық қажеттіліктер мен ресурстарды және олардың неғұрлым тиімді негізінде тепе-теңдігін зерртеу әдістерін, сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштерді белгілеу мен іске асыруды және соның орындалуын бақылау жете ойластырады.
Жоспарлау қисынына келсек, жоспар жасау үрдісінде жекелеген жоспарлы жұмыстар мен есептеулердің біріздігін айқындау міндеті туындайды. Басқаша айтқанда, халық шаруашылығын жоспарлауды негіздеу қажет.
Жоспарлаудың бастапқы пункті айқын, жоспар жасау үрдісінің әртүрлі қисынын сипаттайтын, халық шаруашылығын жоспарлаудың үш тұжырымдамасын қарастырып көрейік.
1.Салық жобалаулар негізінде жоспарлау, мұндағы бастапқы пункт- өнімнің ең маңызды түрлері бойынша тапсырмалар.
2.Жоспарлы салааралық байланысты да қамтитын үлгілер жүйесі негізінде кещенді түрде көпнұсқалы жоспарлау, бұл жоспарды әзірлеудің бастапқы пункті қоғамның тұтыну қажеттілігі болып табылады.
3.Оңтайлы жоспарлау, мұның бастапқы пункті- шектеулі ресурстар болып табылады, ал оңтайлық өлшемі –қоғамдық өндіріс құрылымдарының сұраныс құрылымдарына сәйкестігі жағдайында халықтың әл-ауқат деңгейін барынша азайту немесе ақтық өнім шығаруға жұмсалатын қоғамдық еңбек шығындарын барынша азайту.
Бірінші тұжырымдама ұзақ уақыт бойы КСРО-ның жоспарлау тәжірибиесінде қолданылады. Екінші тұжырымдама электронды- есептеу мәшинелерін (ЭВМ) қолдану мүмкін болған кейінгі кезеңде қолданылады. Үшінші тұжырымдама нарықтық қатынастарға көшу кезінде экономиканы жоспарлау үшін ынта- ықылас туғызып отыр.
Жоспар жасау – күрделі үрдіс, оны жүзеге асыру үшін бай ақпараттық база мен үлкен талдаушылық жұмысы қажет. Жоспарлау үрдісіне ел ішіндегі, сондай –ақ одан тыс жерлердегі негізгі әлеуметтік-экономикалық және саяси беталастар мен қазір бар ресурстарды, қол жеткен макроэкономикалық деңгейді талдау; бұл беталыстардың жоспарлау кезеңіндегі нақты жағдайларда дамуын болжап білу; басым мақсаттарды таңдау; әлеуметтік – экономикалық даму тұжырымдамасын айқындау; нақты бағдарламалар әзірлеу; шаруашылық жүргізудің жалпы ережелерін, индикаторлары мен нормативтерін белгілеу жатады.
Нарықтық экономианың жалпы экономикалық ғылымның шаруашылығын болжау мен жоспарлауды ұйымдастыруда және тәжірибеде белгілі бір мөлшерде пайдаланылатын, көптеген назариялары мен үлгілері бар.
Мысалы, тұтынущылық сұраным назариясы, мемлекеттік таңдау назариясы , «қуу мен қашу» назариясы, мемлекеттік қаржы назариясы, пайыз назариясы, кірісті бөлу назариясы, ұтымды күту-тосулар назариясы, ақшаға сұраныс назариясы, жария жазалаушының көмегін реттеу назариясы, қоғам назариясы және т.б. Көптеген экономикалық үлгілер – «кірістер мен шығындар», «қос тепе-теңдік», «ашық экономика», үлгілері және тағы басқалары бар.
Нарықтық экономикада: не нәрсе, қалай және кім үшін?- деген негізгі сұрақтардың барлық жауабын рынок, баға, кіріс пен зияндар айқындайды.
«Не нәрсе?» дегн сұрақ төлем қабілеті бар сұраныспен, ақшаның жұмсалуымен шешіледі. Тұтынушы не үшін ақша төлеуге әзір екндігін өзі біледі. Өндіруші тұтынушының өзіне қажет тауар үшін ақша жұмсамақ тілегін қанағаттандыруға ұмтылады.
«Қалай?» деген сұрақты үлкен кіріс алуға ұмтылған өндіруші шешді. Баға қою оған тәуелді болмағандықтан, өндіруші өз мақсатына жету үшін тауарды мүмкіндігінше көбірек өндіруге және неғұрлым арзан бағамен сатуға тиісті. Бұл үшін ол тауарды бәсекелесіне қарағанда неғұрлым аз шығындармен өндіруге тиіс.
«Кім үшін?» дегн сұрақ анағұрлым үлкен кірісі бар тұтынушылар пайдасына шешіледі. Бірден айту керек, таза нарықтық экономика ешқашан болған емес.
Қазіргі нарықтық жүйе аралас формалардың кең алуандығы болып табылады. Бұған кейбір дамыған елдердің экономикасын мысал ретінде келтіруге болады.
Шведтік жүйе экономикалық тұрақтылық пен кірістерді қайта бөлуді қамтамасыз етуге мемлекеттің жігерлі түрде қатысуымен сипатталады. Шведтік жүйенің өзегі әлеуметтік саясат болып табылады. Ондай саясатты ойдағыдай жүргізу үшін салық салудың жоғары деңгейі белгіленген, ол жалпы ұлттық өнімнің 50 пайыздан астамын құрайды. Соның нәтижесінде бұл елде жұмыссздық барынша азайтылған, тұрғындардың кіріс айырмашылықтары салыстырмалы түрде тым үлкен емес, азаматтарды әлеуметтк қамсыздандыру днңгейі жоғары, швед компанияларының сыртқа өнім шығыру (экспорт) қабілеті де күшті. Шведтік үлгінің басты қасиеті экономиканың жоғары жәрежеде өсуін тұрғындардың әл-ауқатының жоғары деңгейімен және жұртты жұмысқа толық жұмылдырумен байланыстыруында болып отыр.
Экономиканың жапондық үлгісі жетілген жоспарлаумен және үкімет пен жекеше сектордың іс-әрекетін үйлестірумен ерекщеленеді. Мемлекеттің экономикалық жоспарлауы индикативті сипат танытады.жоспарлар экономиканың жекелеген буындарын жалпыұлттық міндеттерді орындауға бағдарлайтын және жұмылдыратын мемлекеттік бағдарламалар болып көрінеді. Жапон экономикасына елдің дамуы үшін не қажеттің бәрін басқа елдерден ала отырып, ұлттық дәстүрлерді сақтау тән. Бұл өндірісті басқару мен ұйымдастырудың Жапония жағдайларында өте тиімді болатындай жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Ал басқа елдердің жапон тәжрибесін алып пайдалануы әрдайым күткендегідей нәтиже бермейді, өйткені бұл елдерде жапондық дәстүрлер жоқ.
Америка экономикасында мемлекет экономикалық іс-қимылдың ережелерін бекітуде, білім беруді дамытуда, бизнесті реттеуде маңызды мән атқарады. Алайда шешімдердің көпшілігі рыноктағы жағдай мен ондағы балаларға байланысты қабылданады.
Қытайда экономикалық жүйе құрылуда және негізгі қоғамдық меншік болып табылатын, дамып келе жатқан социялистік жоспарлы тауарлы экономиканы нарықтық реттеумен қисындастыру жағдайларына сәйкес механизм жұмыс істейді.
Бұл жүйелер «араласып жатыр», сөйтіп барлық жерде үкіметтер елдегі экономиканың қалыпты жұмыс істеуін мынандай механизмдер арқылы қамтамасыз етеді:
- экономикалық жүйенің тиімді жұмыс істеуіне септесетін қоғамдық ахуалмен және құқықтық базамен қамтамасыз ету;
- бәсекені қорғау;
- байлық пен кірісті қайта бөлу;
- ұлттық өнім құрылымын өзгерту мақсатымен ресурстар бөлуге түзетулер енгізу;
- экономиканы тұрақтандыру, яғни экономикалық жағдайдың құбылуынан туындайтын, жұрттың жұмысқа тартылуы мен инфляция деңгейін бақылау, сондай-ақ экономикалық өсуді тұрақтандыру.
Мемлекет міндеттерінің бұл тізімі әдетте оның экономикалық мәнін талдау үшін негіз болып табылғанымен, шынайы өмірде, үкіметтік іс-әрекет пен саяси шаралардың көпшілігі қалай болған күнде де, кез келген елдегі бүкіл экономикалық үрдістерге ықпал етеді.
Қазіргі дүниеде үдемелі даму қоғамның әлеуметтік өмірі мен экономиканы жоспарлы басқарусыз және реттеусіз мүмкін емес. Бүгінгі жағдайларда шаруашылықты басқарумен парапар (адекватты) жүйе индекативті жоспарлау болып табылады.
Капиталистік елдердегі экономикалық бағдарламалар жасаудың әдістемелігі социялистік елдердің жоспарлау тәжірибиесінен әжептеуір мөлшерде алынған, баланыстық құрылыстардың бір түрі болып табылатын –«ұлттық есепшілік» жүйесін тіреу етеді. Болашағы мол есептеулердің іс-жүзіндегі аспаптары ретінде әртүрлі экономикалық үлгілер пайдаланылады. Экономикалық үлгілерді қолданудың неғұрлым мол тәжірибесі Францияда, Жапонияда, Италияда,Голландия мен Англияда жинақталған.
Мемлекеттер экономикалық бағдарламалар мен болжаулар бірнеше ондаған жылдар бойы пайдаланылып жүр, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу дәрежесі, нң алдымен олардың кәсіпкерлердің жоспарларымен қаншалықты сәйкес екен дігімен байланысты.
Сонымен бірге капиталистік экономика дамуының мемлекеттік жоспары жекеше кәсіпорындарда жасалатын бағдарламаларды толық қамти алмайды. Сөйтіп, капиталистікбағдарлама жасау мен жоспарлау өзінің сипаты бойынша индикативті түрде болады.
Социялистік жоспарлаудың капиталистік жоспарлаудан ұстанымдық айырмашылығы олардың экономикалық негіздерінің қарама –қарсылығынан туады.
Социялистік жоспарлау өндіріс құралдарына қоғамдық меншіктің үстемдігімен негізделетін, мұнда сондай-ақ жекеменщік шаруашылықтың дамуы да жоспар нысаны болатын.
Капиталистік бағдарлама жасау жеке меншікке негізделеді, мұнда жеке секторға қатынас бойынша негізінен қосымша міндеттер атқаратын сектордың мәні салыстырмалы түрде шектеулі.
2.Агробизнесте өндірістік және қызмет көрсетуді жоспарлауды талдау.
2.1.Өндірістік және қызмет көрсетудің бизнес жоспары.

Агробизнеске қызмет көрсетуді негізгі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтер мен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар, өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техниколық және жөн-жобалық көмек көрсетуші фирмалар жатады.
Бұл кәсіпорындардың бәрі, сөз жоқ, бизнес жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл – ауыл шаруашылық техникасы бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және электротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.
Осы ресурстардың потенциал сатушыларын - өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.
Қызметтерді сатып алушылар мүмкіндігінше көбірек болуға тиіс, егер сіз ұзақ мерзімді келісімді қатынастар негізінде сіздің қызметтеріңізді тұрақты тұтынушылармен жұмыс істейтін болсаңыз, тіпті жақсы.
Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:
- материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алдын-ала сұранымдар жинау;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар мен немесе көтерме саудагерлермен өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде шарттар жасау;
- тұтынушы шаруашылықтар мен оларға өндіріс құралдарын жеткізу шарттарын жасасу;
- орындауға қабылданған, келісімді шарттарға сәйкес тұтынушы шаруашылықтарға өндіріс құралдарын жеткізу.
Жеткізу шартында өндіріс құралдарын жеткізіп берудің тәртібін анықтау керек. Бұл ретте жеткізілетін өндіріс құралдарының атын, номенклатурасын,ассортименті мен санын; бағасын; сұранымның жалпы сомасын;өнім сапасы мен жинақтылығын; жеткізу мерзімдерін; есептеудің тәртібі мен түрін; өнімді жеткізу жағдайларын; тараптардың төлеу мен пошта реквизиттерін және басқа мәліметтерді көрсету қажет.
Шартта сондай-ақ келісімді міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі алдын ала қарастырылуы керек.
Өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар ауыл щаруашылық тауар өндірушіге кешенді қызметтерді немесе қызметтердің жекелеген түрлерін мынандай бағыттар бойынша көрсетеді:
- жерге орналастыру;
- көлік қызметтері ;
- техникалық қызмет көрсету (СТО);
- жерді жақсарту (мелиорация);
- агротехникалық қызметтер.
Бұл кәсіпорындардың қазіргі өндіріс технологияларына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық өз базасы болуы тиіс.
Олар екі түрлі кәсіпорындарға бөлінеді:
- экономикалық және заңдылық тұрғысынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге тәуелсіз кәсіпорындар;
- бірнеше ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірлесуі мен кооперативтік негізде құрылған және шаруашылықаралық кәсіпорын міндеттерін атқарушы фирмалар.
Бірінші түрдегі кәсіпорындар жұмысын агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын үлгісінде көрсетеміз. Мұндай кәсіпорын аймақтың агрохимиялық зертхана немесе химияландырудың шаруашылықаралық мекені негізінде дербес заңды түрде құрылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохимиялық қызмет көрсету меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында тыңайтқыштар мен пестицидтердің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы шараларды жүзеге асыруды көздейді.
Агрохимиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
- жер алқаптарында топырақтық-агрохимиялық зерттеулер жүргізу мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін танаптардың агрохимиялық картограммаларын жасау;
- химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөнінде ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірлеу және өндірісте қолдану;
- нақты шаруашылықтарды химияландырудың болашақ даму жолдарын жете зерттеу;
- ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын химияландыру құралдарымен жабдықтау;
- минерал және органикалық тыңайтқыштарды, жерді жақсартушы химиялық заттар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ мал шаруашылығындағы химияландыру құралдарын ұтымды қолдану жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсету ауыл шаруашылық тауар өндіруші мен «Агрохимиялық сервис» кәсіпорыны жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.
Шарттың мән-заты, тараптардың міндеттемелері мен жауапкешілігі, қызметтердің бағасы, орындалған жұмыстарды тапсыру мен қабылдау тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі, заңдылық адрестері мен басқа жағдайлар шартта көрсетіледі.
Ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындары немесе бір топ шаруашылықтар агрохимиялық қызмет көрсету нысандары бола алады.
Бұл «Агрохимиялық сервис» кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктеріне және осы аймақта бәсекелестердің бар болуына тәуелді.
«Агрохимиялық сервис» кәсіпорын жұмыс көлемін анықтау мен өзінің бизнес-жоспарын жасау кезінде мыналарды ескереді:
- өндіріс құралдарының бар болуы және оларды иемдену мүмкіндіктері;
- агрохимиялық зертхананың бар болуы немесе оны ұйымдастыру мүмкіндіктері;
- кәсіпорынның қызметкер потенциялы;
- қызметтерге және бәсекеге сұраныс;
- қызметтердің бағасы және басқалар.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы кәсіпорынның ресурстар потнциялын, көрсетілетін қызметтердің көлемі мен түрін ескере отырып айқындалады.
Агрохимиялық қызметтер көрсету жөніндегі кәсіпорынның ұйымдастырылу құрылымының үлгісі:
1.Агрохимиялық зертхана.
2.Өсімдіктерді қорғау қызметі.
3.Минерал тыңайтқыштарды.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру