Құқық | Азаматтық құқықтың объектісі қызметі

 Құқық | Азаматтық құқықтың объектісі қызметі

Мазмұны

Кіріспе 4
Тарау 1 Азаматтық құқықтардың объектісі қызмет туралы жалпы ережелер
6
1.1 Қызметтің пайда болу тарихы, негіздері 6
1.2 Азаматтық құқықтың объектісі болып табылатын қызметтің түрлері,
ерекшеліктері 18
Тарау 2 Азаматтық құқықтың объектісі қызметті қүқықтық қорғау
33
2.1 Азаматтық құқықтың объектісі қызметті құқықтық қорғау тәсілдері, грекшеліктері 33
2.2 Азаматтық құқықтың объектісі болып табылатын қызметті құқықтык реттеудегі құқықтық мәселелер 42
Қорытынды 47
Пайдаланылған қайнар көздер тізімі 49

Тарау 1. Азаматтық құқықтың объектісі қызмет туралы жалпы
ережелер
1.1 Қызметтің пайда болу тарихы, негіздері
Бүгінгі таңдағы азаматтық заңдарда көрініс тапқан қызмет жаңа заман үрдісі емес, ол тарихи қалыптасқан, уақытқа сай өзгеріп отыратын азаматтық күкық институттарының бірі болып табылады. Азаматтық құқықтар түрғысынан қаралатын қызметті (қызмет көрсетуді) мемлекеттік және әскери кызмет түрлерінен жеке қарауымыз керек. Қызметтің азаматтық құқықтардың объектісі ретінде қаралуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады. Біріншісі көне заманнан бастау алады, яғни рим құқығында қалыптасқан. Екіншісі Ресей патшалығы кезінде жүргізілген реформалармен қабылданған Азаматтық заңдарда (заңдар жинағы том X. 1866 жыл және т.б.) көрініс тапқан. Үшіншісі Кеңестер одағы орнаған кезеңнен бастап Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғанға дейінгі (Азаматтық кодекстер 31.10.1922 және 28.12.1963) аралықты камтиды. Төртінші кезеңге Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған кезден бергі (Азаматтық кодекс: жалпы бөлім 27.12.1994 және ерекше бөлім 01.07.1999) уақыт жатады.
Кезеңдерге толығырақ тоқталу қажет. Классикалық рим қүқығы
кезеңінің өзінде қызмет көрсетуді білдіретін өтелмелі дызмет корсету шарттарының конструкциясы кездеседі. Сонымен қатар рим қүқығында кызметтің мәні және анықтамасы толық берілмеген. Өтелмелі қызмет корсету шарттарының дамуы, оның ішінде өтелмелі қызмет көрсету жеке жалдау институтының дамуымен байланысты/3,148/. Рим қүқығындағы жалдау шарты: заттарды жалдау (Іосаііо сопйисйо гегит), қызметті жалдау (Іосаііо сопсіисйо орегагит), жүмысты жалдау немесе мердігерлік (Іосаііо сопйисііо орегіз немесе орегіз /асіепсіі) шарттарды біріктіріп ерекше шарттык типке жатады/4,445; 5,525; 6,130/. Қызметті жалдау шарты немесе жеке жалдау шарты (Іосаііо сопйисйо орегагит) бойынша бір тарап - жалданушы (Іосаіог) екінші тарап пайдасына белгілі бір қызметтерді орындауға міндеттенсе, екінші тарап - жалға
алушы (сопсіисіог) оған осы қызметі үшін ақы төлеуге міндеттенеді/4,456/. Затты жалдау мен қызметті жалдау шарттарының ортақ белгісіне белгілі объектіні пайдалану жатады. Белгілі объект деп қызмет түрлерін қарастырамыз. Жалдауға алушы және жалданушы терминдерін қарастыру себебіміз, сол уақыт кезеңіне сай еңбек қатынастары мен азаматтық қүқық катынастары бірге реттелді.
Жалдау шартындағы қызмет көрсетуші қызметті өз еңбегімен және жеке басымен, жалдаушының айтқанын орындауға міндеттенеді. Рим қоғамында қүл иеленушілік қүрылым болғандықтан қызметті жалдау шарты кеңінен колданылған жоқ. Қазіргі уақыттағы қызмет түрлеріне сол кезде қызмет көрсетуден басқа да шарт түрлерінің конструкциясы қолданылған. Себебі жеке жалдау шарттарындағы жалданушыны қүлдық деңгейде үстаумен бірдей болатын. Қызмет көрсету сипатына қарай оны кемсітетіндей немесе корлайтындай болса, бүл қатынастарға тапсырма шарты {тапйаЫт) конструкциясын пайдаланатын. Қызмет көрсету шарт нысанында тек карапайым қызмет көрсетулерге қолданылатын. Мысалы етікшінің, қол әнершінің т.б. қызметтерін айтуға болады. Жоғарғы класс өкілдері қызметін, мысалы: заңгерлік, жер өлшеулік, дәрігерлік және т.б. тегін атқаратын. Бүлай бөлуге негіз болатын кәсіптерді еркін және еркін емес деп топтауға болатын. Рим азаматтары еркін деп танылып, олар атқаратын қызметте еркін адам кызметі ретінде бағаланды. ..........
Қызмет көрсету міндеттеме ретінде қаралғандықтан шарт бойынша тиесілі төлем гонорар (һопогагит) және ақы (тегсез) деп бөлінді. Қызметті жекелеудің негізі ретінде жасалған әрекеттердің сипаты емес, кәсіптің немесе тиесілі сословие түлғасының түрақты, кәсіптік деңгейдегі көрсететін қызметінің хасиеттері танылды. Осы қызмет түрлері қоғамдық борышын өтеу немесе достық қарым - қатынастардан шығатын, не отанына шексіз қызмет етуі гетінде бағаланды. Басқалай болуы мүмкін емес, бүл Римнің әрбір еркін азаматының парызы және оларға сауда айналымы критериін колдана алмайтындығында. Төлемді гонорар және ақы деп бөлу әрекеттің еркін не еркін еместігінен шығатын белгі ретінде бағаланды/3,157/. Гонорар еркін кәсіп
өкілдеріне көрсеткен қызметтері үшін ризашылық ретінде берілді, оның көлемі шарттық талаптармен емес моральдық талаптармен анықталатын. Егер ол шарттық талаптармен анықталатын болса, оған орегае ІіЪегаІҺ қолданылатын. Жеке жалдау пәні болып еркін емес тұлғаның әрекетінің (орегае ШіЬегаіз немесе орегае Іосагі зоШае, /асіит аиоа1 Іосагі зоіеі) материалдық қасиеті болады. Бұл шарттар ақылы болатын, төлем жалданушы жасаған әрекеттерге сайма сай. Рим қоғамында жеке адамның тек еңбек күшін шарт пәні ретінде карастыратын, бірақ адам жалға түспейтін.
Жалдау шартында кеңістікте шектелген белгілі бір материалдық объектіні басқа түлғаның пайдалануына беруді көздейді. һосаііо сопЛисііо конструкциясымен жасалған шарттардан туындайтын азаматтық қүқықтардың объектісі болу үшін қызмет уақыт жағынан жекеленуі керек. Рим қүқығы жеке жалдау шартын контракт деп бағалап, адамның еңбек күшін ерекше мүліктік күндылық ретінде пайдалануға беретін. Ал басқа қызмет көрсетулерді капиталдың нысандары ретінде, оның ішінде адамның еңбек күшін пайдаланушыға салынған пайыз ретінде бағаланатын/3,152/. Бүл жерде адамның еңбек күшін жалдаумен адамның өзін жалдаудың арасындағы айырманы жасанды түрде қолдауды айтамыз. Қызмет көрсету шартын жекелеудің себебі болып міндеттемедегі ерекше субъектілік қүрамға байланысты болуында. Жеке жалдаудың қүлды жалдаудан айырмашылығы ерекше субъектілік қүрамында. Жалдау шартындағы жалданушы түлғаның міндеттемеге азаматтық қүқықтарының шектелмегендігімен және еркін қатыса алуымен ерекшеленеді. Рим міндеттемелік қүқығындағы қызмет көрсетудің жаңа институты жалдау шарты конструкциясына рәсімделуіне, оның жаңа шарттық конструкциясының дамуына жол бермеді.
Әрекет (іс әрекет) міндеттемелерін белгілі бір нәтижеге жетуіне қарай болу рим қүқығында орын алды: 1) нәтижеге жетуге бағытталған міндеттемелер және 2) тиісті дәрежеде әрекет жасау міндеттемесі. Сонымен катар нәтижеге жету «ориз» қарастырылуы заңдық критеримен емес, экономикалық эффекті тарапынан бағаланды. Еңбек күшін пайдалану оарысында материалдық объект өзгеріске үшырауы тиіс болатын, яғни
экономикалық бағалануы. Рим күқығында міндеттемені орындау әрекетті жасап нәтижеге жету болсын, не әрекетті орындауға тырысу болсын, шарттық міндеттеме ретінде кеңінен таралған жоқ.
Кодификациялау кезінде тікелей нәтижеге жетуге қарай тасымалды жүмыс катарына қосу орын алды. Тасымалға Іосаііо сопйисйо орегіз контрактісі колданылатын. Ьосаііо сопсіисііо орегіз контрактісі бүгінгі күні мердігерлік ретінде қаралады, яғни материалды қайта өңдеумен оны өзгертуді айтамыз. Тасымал кезінде материалдық объектінің ешқандай өзгеруі орын алмайды. Рим заңгерлерінің тасымал кезіндегі әрекетің беретін нәтижесін тасымалдаудағы заамның жүмсаған еңбек күшімен бағалау болды. Тасымалдаушының затты оелгіленген жерге жеткізуі міндеттемені орындағаны деп танылды. Рим күкығында міндеттеме пәні болатын әрекет пен оның нәтижесі бағаланатын. Нәтиженің бағалануының көрінісі ретінде сапа қарастырылса, рим қүқығында орындаушының қызмет көрсету сапасын анықтайтын ережелердің жоқ болуы орын алды. Еркін адамның қызметінің кең таралмағандығы мен атқаратын өрекеттің бірыңғай бағалану жүйесінің болмауы, сапаны әрбір жағдайда жеке анықтауды қажет ететін/3,159/
Рим қүқығының әсерімен 18 19 ғасырларда қалыптасқан Еуропа континенталды қүқығындағы қызметтің пайда болуы және оны түсінудің ерекшелігі қызметті ауқымдырақ қарауында. Ресейде қабылданған Азаматтық злңдарында (заңдар жинағы том X. 1 ші бөлім.) қызмет көрсетуді қүқықтық реттеуі «жеке жалдау» шартында көрініс тапқан. Сол кездегі қызметті күкықтық реттеуге қоғамда қалыптасқан капиталистік қүрылымның әсері сюлды. Өнеркәсіптің дамуына байланысты зауыт, фабрикаларға, кемелерге жалдау шарттары көбейді. Қызмет көрсетудің қүқықтық рәсімделуі жеке жалдау шарты болды.
Жеке жалдау шарты деп бір түлға белгілі сыйақыға, белгілі бір уақыт ішінде қандай болса да анықталған материалдық немесе материалдық емес кызмет көрсетуге міндеттенеді. Қоғамда қалыптасқан көз қарастар заңда жөрініс тауып, заңдық қатынастар тек материалдық қызметтер ғана шарт пәні юла алады/7,495/.
7

Рим кезеңіне қарағанда кызмет жекелеген түрлері арнайы актілермен
реттелді. Интеллектуалдық қызметтер шарт пәнін құрағанымен бұл
катынастарды анықтайтын нормалар жоқ. Бүл қатынастарды заң шығарушы
ларттық, заңдық қатынастар ретінде емес, өнегелік, құқыққа кірмейтін
катынастар ретінде бағалауда.
Рим құқығы кезінде көтерілген жеке жалдау шартындағы адамның еңбек күші мен адамның өзін алғандағы ара қатынас азаматтық заңдарда да көрініс тапты. Жеке жалдау шартына түсетін түлға тәуелділікке түсе ме деген сүрақ адіық қалып отыр. Адамның еңбек күші мен адамның өзін шарт хатынастарында жасанды түрде бөлу бар. Ол үй жай қызметін атқару щарттарынан көрінеді. Жалданушы заңдық түрде тәуелсіз болған мен, іс жүзінде тікелей тәуелділікте болады.
Жеке нормалармен реттелетін қызмет түрлеріне тоқталатын болсақ. Олар І\ЪІЛ шаруаларын жалдау, зауыт пен фабрикаларға жалдау, матростар мен лоцмандарды жалдау және т.б. Бүл қызмет көрсету түрлерінің жеке жалдаудан ерекшелігі шарттық қатынастарды анықтауында. Кемеге матростарды, лоцмандарды және кеме жүмысшыларын жалдаған кезде оларға төлем ақының «раз бөлігі алдымен төленетін. Шартты тоқтатқан кезде ақының қалған бөлігіне талап ету қүқығы сақталады. Зауыт пен фабрикаларға жалдаудың еэекшелігі, атқарылатын жүмыстың ерекшелігі мен сол кездегі еңбек катынастарын реттейтін шарт ретінде қаралуында.
Қызмет көрсетуді әрекет ретінде бағалау, оған толық сипаттама бермейді. Кез келген әрекет қүқық үшін маңызға ие емес, әрекетті зерттеу заңдық ілім емес, тек оның заңдық жағын білдіреді. Әрекет туралы ілім антропологиялық ілімге жатып, қүқық саласында толық қамтылмаған. Әрекеттің жалпы інықтамасына тоқталатын болсақ, әрекет еріктің көрінісі; ерік болса адамның туа біткен қабілеті, берілген, дайын күш және сыртта көрінеді. Тек сыртқа пыққан ерік актілері ғана қүқық аясына жатады. Сол себепті әрекетті ішкі және сыртқы деп бөлу антропологияда маңызды мәнге ие болса, қүқық саласында тек сыртқы әрекеттер мәнге ие. Бірақ кез келген және сыртта «өрінген ерік заңдык әрекет деп танылмайды» «Заңдық әрекеттер түрлерге бөлінеді: а) оң әрекет және теріс әрекет; оң әрекет деп белгілі бір әрекетті касауды, ал теріс әрекет деп әрекет жасаудан бас тартуды айтамыз; Ь) заңды және заңсыз әрекет, заңды әрекет заң шегінде, рұқсат берілген көлемдегі әрекет; заңсыз әрекет деп заң шегінен шығатын, тыйым салынған әрекеттерді айтамыз/7,112/.
Жеке жалдау шарты тараптардың қызметті еркін үсыну мен пайдалануды :...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру