Ғылыми техника | Аймақтық ғылыми техникалық потенциалы

 Ғылыми техника | Аймақтық ғылыми техникалық потенциалы

Мазмұны

Кiрiспе........................................................................................................2
Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздері. 1.1. Ғылыми-техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi қағидалары..................................................................................................4
Ғылыми – техникалық саясат саласындағы негiзгi мiндеттер мен мақсаттар.....................................................................................................5
2. Инновациялық саясат және аймақтың ғылыми-техникалық
потенциалын талдау
2.1.Қазақстан Республикасындағы ғылыми-техникалық потенциалды талдау........................................................................................................15 2.2. Аймақтық ғылыми-техникалық потенциалының қазiргi жағдайың талдау........................................................................................................20
3. Аймақтық химия және мұнай химия өнеркәсiбi саласын дамытуда
ғылыми-техникалық потенциалды пайдалануды жетілдіру жолдары. 3.1. Қазақстан Республикасындағы химия және мұнайхимия
өнеркәсiбiнiң ролi, мақсаттары және қазiргi жағдайы........................ 24 3.2. Оңтүстiк Қазақстан облысында химия және мұнайхимия
өнеркәсiбiнiң 1990-2000 жылдар аралығында дамуы..........................33
3.3. Ғылым мен техника жетiстiктерiн аймақтық химия және
мұнайхимия өнеркәсiбiне енгiзу тиiмдiлiгi...........................................38
Қорытынды...............................................................................................51
Қолданылған әдебиеттер.........................................................................52

Ғылыми-техникалық прогрестiң теориялық негiздерi
1.1. Ғылыми-техникалық прогрестiң мәнi мен негiзгi қағидалары
Ғылыми-техникалық саясат - Ғылым мен техниканың жиынтық дамуын қамтамасыз ету, халық шаруашылығындағы iрi жаңалықтарды меңгеру және оларды тез әрi кең көлемде тарату, әлеуметтiк-экономикалық даму үдетуiндегi ҒТП үлесiнiң жоғарылауының мақсаты шаралар жүйесi. Ғылыми-техникалық саясат – бұл технологиялық процестер өндiрiстi ұйымдастыру формалары мен оны басқару, еңбек құралдарын жетiлдiру, қоғам мен табиғаттың даму заңдылықтарын терең бiлiп даму процесi.
Ғылыми техникалық саяаттың негiзгi қағидалары.
Республиканың ғылыми техникалық саясаттың аса маңызды қағидалары:
-ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын ұлттық мүддеге, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттiлiктерiне сәйкес ынталандыру және мемлекеттiк қолдау;
-ресурстарды басым ғылыми бағыттарға шоғырландыру;
-ғылым мен техника жөнiндегi мемлекеттiк тапсырмаларды конкурстық негiзде қалыптастыру және орналастыру;
-ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен iске асыру
кезiнде ғылым мен ғылыми техникалығ қызмет саласындағы мемлекеттiк органдардың ғылыми жұртшылықпен өзара iс қимылын демократияландыру және қамтамасыз ету, ғылыми, ғылыми-техникалық шығармашылықтың еркiндiгiн қамтамасыз ету және ғылыми қызметкерлердiң еңбек жағдайын жақсарту;
-ғылымды, өндiрiс пен бiлiмдi ықпалдастыру болуға тиiс.
1.2. Ғылыми-техникалық саясат саласындағы негізгі міндеттер мен мақсаттар

Ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi мақсаты- өмiрдiң сапасын арттыруға бағытталған зерттеулердi дамыту, жоғары технологиялық өнiмдердi экспорттауға бағдарланған ғылымды қажетсiнетiн ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза өндiрiстер әзiрлеу, шикiзатқа бағытталған экономиканы бiртiндеп технологиялық, ал технологиялықты-интелектуалдық – ақпараттық экономикаға ауыстыру және осы мақсат үшiн жоғары бiлiктi мамандар даярлау болып табылады.
Оларды iске асыру үшiн:
-ғылым мен ғылыми техникалық қызметтi ұйымдастарудың жүйесiн, нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны, соның iшiнде, ғылыми зерттеу және тәжрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру саласындағы базаны, оларды конкурстық iрiктеудi және нәтижелердi практикалық игерудi, интелектуалдық меншiк құқығын єорғауды және басқаларын жетiлдiрудi;
-iргелi зерттеулердi оңтайландыру;
-экономиканың базалық салаларын қажеттiлiгiн ғылыми техникалық қамтамасыз етуге арналған қолданбалы зерттеулердiң бiiрншi кезектегi бағыттылығын ғылымды қажетсiнетiн жаңа өндiрiстердi ұйымдастыру, зерттеу-әзiрлеу-өнеркәсiптiк игеру бiрiңғай ғылыми-өндiрiстiк циклға көшуге ықпал ететiн инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасауды;
-ғылымды қажетсiнетiн өнiмдер шығару, өнiмдегi импортты алмастыратын (экспортқа бағдарланған) жаңа технология әзiрлеудi, меншiктi –тәжiрибелi эксперименттiк және өндiрiстiк техникалық базаны одан әрi нығайтуды (қайта жаңарту техникалық жағынан қайта жарақтандыру) және дамытуды;
-қызмет бейiнiң сақтай отырып ғылыми техникалық саланың
жекелеген объектiлерiн қайта құрылымдандыруды және жекешелендiрудi;
-ғылыми қажетсiнетiн өндiрiстi ұйымдастыру мен дамыту үшiн инвестицияны тартуды, ресурстар үнемдейтiн және экологиялық жағынан таза технологиялар енгiзудi;
-ғылыми-техникалық қызмет саласында шағын және орташа кәсiпкерлiктiң тұрақты дамуын қамтамасыз етудi, нарықтық инфрақұрылым элементтерiн қалыптастыруды және дамытуды;
-зерттеу институттарын салалық ғылыми техникалық орталықтарды және жоғары оқу орындарын, оқу процесi мен ғылыми қызметтi ықпалдастырудың тиiмдi тетiгiн әзiрлеудi;
-басым бағыттар бойынша кадрлар, соның iшiнде жоғары бiлiктi кадрлар даярлауды осы негiзде елдiң интелектуалдық қабiлетiн сақтауды және дамытуды қамтамасыз етедi.
-озық шетелдiк технологияларды отандық жағдайда таңдау мен бейiмдеуге және өнеркәсiпте игеруге елдiң ғылыми күштерiн тартуды;
Қазақстандық ғылымды әлемдiк ғылыми техникалық кеңiстiкке ықпалдастыру процесiн жеделдету мiндеттерiн шешу қажет.
Инновациялық қызмет – ғылыми-техникалық қызметтiң нәтижелерiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмге аудару мен байланысты атқарылатын қызмет. Ол инновацияларға әкелiп соғатын ғылыми-технологиялық, ұйымдық қаржылық және коммерциялық iс шаралардың бiртұтас кешенiң қамтиды.
Инновациялық қызметтiң негiзгi түрлерi:
А) өндiрiстi дайындау және ұйымдастыру, ол жаңа технологиялық процестi қалыптастыруға қажеттi өндiрiстiк құрал-жабдықтары мен, инструменттер мен қамтамасыз етудi, олардағы өзгерiстердi, сондай-ақ процедуралардағы, өндiрiс әдiстерiмен стандарттарындағы және сапаны бақылаудағы өзгерiстердi қамтиды;
Ә) өнiм мен технологиялық процестiң модификациясын қамтитын
өндiрiске дейiнгi жұмыстар. Жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды пайдалану үшiн жұмыскерлердi қайта дайындау.
Б) жаңа өнiмдер маркетингi. Ол жаңа өнiмдi нарыққа шығарумен, нарықты алдын-ала зерттеумен, өнiмндi әртүрлi
нарықтарға бейiмдеумен, жарнамалаумен, нарықта сату-таратуорындарын құрумен байланысты атқарылатын қызмет түрлерiн қамтиды;
В) сырттан патенттер, лицензиялар, ноу-хау ашулар, сауда маркалары, конструкциялар, модельдер және технологиялық мазмұндағы қызметтер түрендегi технологияларды алу;
Г) өзiнiң технологиялық мазмұны жағынан, кәсiпорынға өнiмдiк немесе процестiк инновацияларды ендiрумен байланысты болатын мешиналар мен қурал-жабдықтар алу;
Д) өндiстiк жобалау.
Инновациялық қызметтiң негiзi – ғылым мен техниканың барлық салаларында ғылыми-техникалық бiлiмдi дамыту, тарату және пайдаланумен тығыз байланысты.
Ғылыми-техникалық қызметте мына ұғымдардың маңызы үлкен:
Ғылыми (ғылыми-техникалық) бағыт – ғылым мен техниканың белгiлi бiр саласын дамытуда маңызды бiр мiндеттердi шешуге арналған дербес iрi ғылыми жұмыс.
Ғылыми (ғылыми-техникалық) проблема – ғылыми бағыттың бiр бөлiгi, оны шешудiң мүмкiн болатын бiр жолын көрсетедi.
Ғылыми жұмыс мақсатты ғылыми-техникалық бағдарлама түрiнде орындалуы мүмкiн. Ол қорлар, орындаушылар, уақыт жағынан үйлестiрiлген жұмыстар кешенiн қамтиды.
Ғылыми тақырып – мәселенiң бiр бөлiгi, жұмыстарды қаржыландыру, жоспарлау және есепке алуда тақырыптық жоспардың негiзiне алынады және әдетте ғылыми ұйымдық шегiнде шешiледi.
Инновациялық процесс жаңа ендiрулердi қалыптастыру және игеру жөнiндегi қызмет ретiнде қаралады, алайда ол жаңалықты алғашқы
коммерциялық пайдаланумен бiрге тоқтап қалмайды, үздiксiз жалғаса
бередi, яғни жаңа ендiрудiң технико-экономикалық параметрлерi тұрақты жетiлдiрiлiп, нарық талаптарына икемделедi.
Инновациялық процестiң мақсаттары төмендегiдей:
мiндеттiң жаңаша технилық шешiмiн табу – жаңалық ашу;
ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар жүргiзу, (НИОКР);
өнiмнiң сериялық өндiрiсiн игеру;
өнiмдi өткiзудi параллельдi дайындау және ұйымдастыру;
жаңа тауарды нарыққа ендiру;
өнiмнiң бәсеке қабiлеттiгiн жоғарлату, технологияны тұрақты жетiлдiру арқылы жаңа нарықтарды игеру.
Инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi:
1 кезең. Жаңа идеяларды жүйелеу нарықтағы технологиялық өзгерiстер туралы, ғылыми-зерттеу бөлiмдерiнен, өндiрiстiк бөлiмдердiң маркетинг қызметтерiнен фирманың сату-өткiзу қызметтерiнен, делдалдардан, тұтынушылардан түсетiн мәлiметтердi жинақтау;
өнiмдi жасау және игерудегi фирманың потенциалдық мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер жинақтау, тәуекел дәрежесi мен мөлшерiн анықтау;
мақсатты нарықтар мен олардың дамуының ұзақ мерзiмдi тенденциялары туралы мәлiметтер жинақтау.
2 кезең. Анықталған идеяларды iрiктеу және жаңа өнiм идеяларын қалыптастыру:
Жаңа өнiм идеяларының мүмкiндiктерi мен тәжiрибеде орындалуын анықтау;
Жаңа және дәстүрлi өнiмдердiң технологиялық ұқсастық дәрежесiн анықтау;
Жаңа өнiмнiң фирма стратегиясына сай келуi;
Болашақ өнiмнiң патенттiк тазалығын анықтау.
3 кезең. Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiн талдау, маркетингтiк бағдарлама жасау:
өнiмдi техникалық дайындау, яғни идеяны нақты жобаға айналдыру;
өнiмнiң техника-экономикалық мiнездемесiн анықтау, оның сапасын және тұтыну қасиеттерiн бағалау;
нарықтағы сұраныс пен сатылу көлемiн бағалау;
жаңа өнiмдердi қалыптастыру және игеру шығындарын анықтау;
жаңа өнiмдi өндiруге қажеттi қорларды анықтау: технологиялық машиналар мен құрал жабдықтар, шикiзат пен материалдар, кадрлар потенциалы, қаржылар;
жаңа өнiмдi игеру және оны нарыққа шығару мерзiмi;
жаңа өнiм өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiн талдау және бағалау;
өнiм бойынша маркетинг бағдарламасын жасау.
4 кезең. Жаңа өнiмдi жасау:
Жаңа өнiмдi дамытудың нақты бағдарламасын жасау, фирма бөлiмшелерi арсында мiндеттердi бөлу;
Техникалық сынақтарды өткiзу (экологиялық, қауiпсiздiк және өзге де мәселелер бойынша тексерулер);
Тауардың атауын, оның сауда белгiсiн анықтау, қораптауын, маркировкасын безендiру.
5 кезең. Нарықтағы байқау:
үш айдан кем емес уақыт аралығында шектеулi нарықта баға және басқа да коммерциялық өлшемдердi байқау (бағадан жеңiлдiктер беру, несие және басқалар);
өткiзудiң оптималды жолдарын таңдау;
жарнама құралдары мен әдiстерiн таңдау;
техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
6 кезң. өнiм бойынша маркетинг бағдарламасына негiзделген шешiм (жаңа өнiмдi өндiрiске ендiру) қабылдау.
Жаңа өнiмдi коммерциялық негiздеу: сатылу көлемi, өнiм рентабельдiгi, сұраныс пен қажеттiлiктердi қанағаттандыру дәрежесi, өткiзу жолдары мен әдiстерi, осы сияқты тауарларды өткiзуде тәжрибелiк, фирманың нарықтағы танымалдығы, сатушылар мен тұтынушылармен байланыстарының тұрақтылығы;
Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi қолдағы бар қуатын пайдалануы, қорлармен, мамандармен қамтамасыз етiлуi;
қаржылық мүмкiншiлiктерi: өндiруге және өткiзуге инвестициялардың жалпы саласы, қаржыландыру көздерi, күтiлетiн нәтижелер, есептеу мерзiмiндегi пайда немесе шығын;
Нормтивтiк көрсеткiштерге сәйкестiкелдегi мемлекеттiк мөлшерлер (нормалар), стандарттар;
Жаңа ендiрудi патенттiк қорғауды қамтамасыз ету.
Инновациялық процестiң түпкi мақсаты жаңа өнiмдi коммерциялық игеру және оны рентабельдi өндiру. Бұл мақсатқа қол жеткiзу үшiн зерттеу жұмыстары басталғаннан бастап, өндiрiске бағытталуы тиiс, алдын ала жаңа өнiмнiң тұтынушылардың сұранысы мен қажеттiлiктерiне сёйкестiгiн анықтап алған жөн. Сонымен бiрге қажеттi құрал-жабдықтарға күрделi салымдарды өсiру мүмкiншiлiгi мен ғылыми өндiрiстiк циклдық жекелеген кезедердiң жетiлдiру
мүмкiншiлiгi болғаны дұрыс. Осындай мүмкiншiлiктерге байланысты жаңа өнiмдi зерттеудiң аз ғана бөлiгi өндiрiске ендiрiледi.
Дайындалып жатқан жаңа өнiмнiң тиiмдiлiгiн бағалаудың әр түрлi әдiстерi бар:
- эксперттiк әдiс;
-күтiлетiн пайда мөлшерiн анықтау;
-ықтималдық әдiс;
-күтiлетiн пайданың динамикасын бағалау;
көп өлшемдi критерийлер бойынша бағалау: саланың тартымдылығы, оған
бәсекелестердiң ену мүмкiншiлiктерi, жаңа өнiмнiң және бүкiл фирманың
бәсеке қабiлеттiлiгiне әсер етуi.
Инновациялық процесс түсiнiгiн әр түрлi жағынан әр деңгейден қарастыруға болады:
1. Бiр мезгiлде жүргiзiлетiн ғылыми зерттеу, ғылыми техникалық және өндiрiстiк қызмет ретiнде;
2. идеяның тууынан бастап оның таратылуына дейiнгi уақытты қамтитын жаңа ендiрудiң өмiрлiк циклының кезеңдерi ретiнде;
3. өнiмнiң немесе қызметтiң жаңа түрiн жасау және тарату, қаржыландыру және инвестициялау процесi ретiнде.
Жалпы алғанда инвестициялық жоба ойлап табу және интелектуалды қызметтiң өндiрiстiк, қаржылық, әкiмшiлiк және де басқа нәтижелерiн алу және коммерциялау жобасы болып табылады.
Бұл жағдайда инновациялық процесс мынандай төрт кезеңнен тұрады:
1 кезең. Фундаметальды зерттеулер жүргiзу. Олар академиялық институттарда, лабораторияларда жүргiзiледi. қаржыландырылу негiзiнен мемлекеттiк бюджет есебiнен iс жүзiнде асырылады.
2 кезең. Екiншi кезеңде қолданбалы зерттеулер жүргiзiледi. Олар барлық ғылыми мекемелерде iске асырылады және бюджет есебiнiен және тапсырыс берушiлер есебiнен қаржыландырылады.
3 кезең. үшiншi кезеңде жобалау конструкторлық және тәжрибелiк жұмыстар жѕргiзiледi. Олар арнайы лабораторияларда, тәжрибелiк өндiрiстерде, сондай-ақ iрi кәсiпорындардың ғылыми өндiрiстiк бөлiмшелерiнде орындалады. Қаржыландыру көздерi екiншi кезеңiндегiдей, сондай-ақ кәсiпорынның өз қаржылары да пайдаланылады.
4 кезең. Төртiншi кезеңде өндiрiске өндiруден бастап нарыққа шығу , одан әрi өнiмнiң өмiрлiк циклының негiзгi кезеңдерi бойынша
коммерциялау iске асырылады. үшiншi кезең мен нарыққа шығу кезеңiнде өндiрiстiк қуатты кеңейту , мамандарды дайындау жарнамалық қызмет және сол сияқтыларға үлкен инвестициялар қажет болады.
Инновациялық процестiң бұл кезеңiнде жаңа ендiруге әлi де нарықтың жауабы болмағандықтан, инвестициялар тәуекелдiк жағдайда болады.
Өндiрiс көлемiн ұлғайту, өткiзу нарығын кеңейту, бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарылату және инвестициялардың қайтарылуына жағдай жасау үшiн инновациялық процестiң осы кезеңiнде құнды қағаздардың эмиссиясы жүргiзiледi. Ол қосымша инвестициялар таратуға мүмкiндiк тудырады. Осы кезеңде инновациялық процесс аяқталады.
Тұтыну тауарларын өндiретiн компанияларда жаңа тауарларға байланысты фирманың саясатын анықтауда жетекшi ролдi маркетинг жөнiндегi мамандар атқарады. өндiрiстiк қажеттiлiктердi өтейтiн өнiм өндiретiн компанияларда, олардың қатарына химия және мұнайхимия өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары жатады, техникалық саясатты анықтауда ғылыми зерттеулер мен жобалау конструкторлық жұмыстар бөлiмшелерi маңызды қызмет атқарады.
Инновацияларды қалыптастыру негiзiнен ғылым саласында кең өрiс алуда. өйткенi ғылым өндiрiстiң техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық негiздереiне сапалық өзгерiстер еңгiзедi. Ғылыми зерттеулердiң бастапқы кезеңдерiнде-ақ жаңа өнiм немесе жаңа технология идеясы .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру