Тарих | Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама
Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................3
І - тарау
1.1 Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы.......................................5
1.2 Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі.................................................8
ІІ - тарау
2.1 “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының басталуы.............11
2.2 Алапат ауыр жылдар....................................................................................14
Қорытынды..................................................................................................22
Пайдаланған әдебиеттер тізімі .................................................................23
1.1 Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдағы саяси жағдайы
17 - ғасырдың аяғы мен 18-ғасырдың басында Қазақ хандығы аса ауыр жағдайға тап болды. Қазақ қоғамының өндіргіш күштері өте өндірістік қатынастар бұрынғысынша патриархаттық феодалдық қалпына еді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы көбіне табиғаттың стихиялы күштеріне байланысты болды. Феодалдық негізделген тәуелді мал өсіруші шаруалардың еңбек өнімділігі мардымсыз еңбек болып қала берді. Қазақ хандығына үстемдік еткен әскери - феодалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс пен алауыздық туып ұлғая берді. Қазақ хандығы өз ішінен үш жүзге (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз) жіктелетін еді. Бұл дәуірде әр жүзді билеген кіші хандар үш жүздің ұлы ханына сөз жүзінде бағынғанымен, іс жүзінде өз алдына жеке саясат жүргізе бастады. Әрбір жүздің қарауындағы ұлыстарды билеген сұлтандар да дербестікке бой ұрды. Сөйтіп, Қазақ хандығы саяси тұрғыдан бөлшектенген елге айнала бастады. Саяси берекесіздіктің экономикаға тигізген зардабы күшейіп, жүздердің арасындағы шаруашылық байланыстар бұрынғыдан да әлсіреді, жоңғар феодалдарының шапқыншылығы салдарынан сыртқы базарлармен де сауда-саттық байланыс үзіліп қалып отырды .
Бұл жағдайлар халықтың шаруашылығы мен тұрмысына қыруар қиыншылықтар туғызды. Елдің экономикалық өмірінде үлкен рөл атқарып келген оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауда орталығы болған қалалар құлдырап кетті. Жекелеген хандардың (Хақназардың, Тәуекелдің, Тәукенің және т.б. Қазақтың барлық жүздерін біріктіріп, біртұтас қазақ хандығын құрмақшы болған әрекеттері көшпелі қоғамның табиғаттың өзінен туындаған объективті себептердің салдарынан сәтсіздікке ұшырап отырды. Қазақ жүздерінің арасында орнықты саяси - экономикалық байланыстар қалыптаспады. Әсіресе орта жүз бен кіші жүз арасындағы байланыстары нашар болды.
Әрбір жүздің әдет правосы негізінде реттеліп отыратын өзінің көшім қоным жері болды. Мәселен, кіші жүз қазіргі батыс Қазақстанның жерін мекендеді. Оның жазғы жайлауы үстірт жазығында сондай ақ Ор, Жазық, Елек, Жем, Темір өзендерінің сағаларында Мұғалжар тауларында орналасса, қысқы қыстаулары Ырғыз өзені мен онң салалары өңірінде және Ырғыз бойының оңтүстігіне таман, Сырдарияның төмеңгі ағысында, Арал теңізінен батысқа қарай, Маңғыстау түбегінде, Атырау жазығында, Нарын құмында орналасты. Орта жүз орталық Қазақстанды мекендеді, ал оның жазғы жайлауы мен қысқы қыстауы Сарысу өзенінің бойын, Есілдің бастауын, Тобылдың салалары мен Торғай өзенінің бойын, Ұлытау таулары және оған шектес көлдер өңірін қамтиды. Ұлы жүз оңтүстік шығыс Қазақстанды мекендеді.
Қазақ хандықтарының 18-ғасырдың алғашқы үштен біріндегі ішкі саяси өміріне тән нәрсе ортақ шешімге келуді талап еткен мәселелерді шешу үшін үш жүздің үшеуінің мезгіл мезгіл өтіп отыратын біріккен жиналыстары еді. Сұлтан және Қалыби билердің айтуынша үш жүздің өкілдері жыл сайын маслихат құру үшін Сайрам маңындағы таулардағы Мәртөбе жотасына жиналып отырған. Мұнда “қай жерді қыстап, қай жерді жайлау керектігі, тыныштықты қалай сақтап, қалай соғысу керек екендігі” туралы мәселелер талқыланады . Кеңестерде көші қон, жерлерді бөлу, көшіп қонудың тәртібі, тайпа аралық және ру аралық дау шараларды шешу, соғыс және бітімге келу, сыртқы қатынастар мәселелерімен қоса аса маңызды эконмикалық және саяси мәселелер бойынша шешімдер қабылданып отырды. Ру басыларының ханға вассалдық көзқарасының тұрақтылығы Тәуке тұсында қазақ хандығы беріктігінің саяси негізі болған. Вассалдық қарым қатынастар жүйесіндегі негізгі нәрселер төмендегінше көшіп қонғанда өз иесінің нұсқауын қолданудың міндеттілігі, сыртқы саяси қарым қатынастардың хан арқылы жүргізілуі, сұлтанды ел басқарушы етіп ханның тағайындауы, не болмаса тануы, соғыс жәрдемінің көрсетілуі ең ақырында вассалдардың жоғарғы өкімет иесіне және оның атағына нұқсан келтірмеуін, қорғауға міндеттілігі Қазақ хандығы жағдайының қалыптан тыс ауырлауына ішкі алауыздықпен бірге сыртқы шапқыншылық себеп болды, бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісті. 18-ғасырда жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. “1681-1685-жылдарда жоңғар феодалдары оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан аудандарды күйретті. 18 - ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерлерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді” .
Қазақ ханы Әз Тәуке береке бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажырлы қайрат жұмсады. Ол қырғыздармен, қарақалпақтармен, одақтаса отырып күрес жүргізді. Бұл күреске ақыл-қайрат, күш-көмегі тиетіндердің бәрін төңірегіне топтауға тырысты. Түркістан маңындағы Тауке ханның ордасын бұл кезде “әскери адамдардың айнала қоршай қонған еді. 1710-жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халық жасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды” .
Өйткені бұл кезде қазақтар бытыраңқы болды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар феодалдары шабуылды қайта бастады, 1716 - жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың қосыны Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.
Жоңғарлар 17-ғасырдың екінші жартысы мен 18-ғасырдың басында әскерін жарақтап әбден күшейтіп алды. Олар Сібірдегі орыс қалалары мен бекіністеріне айырбас сауда жасап, олардан қару жарақ сатып алып отырды.
“Жоңғар әскерлері жорық кездерінде жүз мың адамға дейін жетті, бұлардың әскерінде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер ішінде қатаң тәртіп сақталынды, бұл тәртіпті бұзғандар қатты жазаланып отырды”.
Жоңғар феодалдары өзінің әскеи күшіне сене отырып, Моғолстан хандығы мен қазақ хандығының жоңғарларға іргелес жатқан өңірлеріндегі ұлан байтақ жайылымдарды иеленіп алды. Бұрын ойрат-жоңғар тайпаларының біразы қазақ хандығына бағынған болса, енді жоңғарлар басып алған кезде қазақ тайпаларының біразы жоңғар хұнтайжыларына бағынып алым-салық төлеп, аманат беріп отыратын болды. Сөйтіп, жоңғарлардың өріс-қонысы Батыс Монғолиядан Іле өңіріне дейін созылды. Және қазіргі шығыс, шығыс оңтүстік Қазақстан территориясының бір бөлігін алып жатты
1.2 Қазақ Жоңғар қатынастарының шиеленісуі
Қазақ -жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісті. Қантөгіс соғыстарға ұласып, кейде бәсеңдеп уақытша бітімге келісіп, 120 жылға созылды . Бұл екі арадағы талас тартыстардың негізгі түйіні көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған екі елдің шұрайлы, жайлы жерлерге және Жетісу мен Сырдария өңірін басып өтетін керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуда болды.
Батур хұнтайшының тұсында қазақ жоңғар қатынасы мейілінше шиеленісті. Бұл кезде жоңғар феодалдары Қазақ хандығына үш рет ірі шапқыншылық жорық жасап, Қазақ хандығы мен жоңғарлар арасында үш рет қанды қанды шайқас болды . Бұл соғыстың қалай аяқталғаны жайында толық дерек жоқ осы соғыста қазақ әскерлеріне қолбасшылық еткен Жәңгір хан қолға түсіп, қашып құтылған, бұл жоңғарлардың басым болғандығын байқатады. Екінші шайқас 1643-жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгір хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батур хұнтайжы күйрей жеңіліп, шегінуге мәжбүр болды.
Үшінші шайқаста қазақтар жеңіліске ұшырады. Осы шайқастан соң батыр хұнтайжы өлді. Батурдың орнына баласы Сенген отырды. Бұл тұста жоңғар феодалдарының арасында билікке таласқан ішкі қырқыс үдей түсті. Ақыры Сенген осындай таластың бірінде өлтірілді. Оның орнына інісі Халдан Башұкті хан болды. Ол ішкі-феодалдық қырқыстарды пайдаланып, Оңтүстік Шыңжаңды басып алған. Кейіннен Чиң әсерлері талқандады. Жоғарыдағыдай ішкі қырқыс пен сыртқы соғыспен айналысқан жоңғар феодалдары қазақ даласына жорық жасауды бір мезгіл толастатқан еді. Бұл мезгілде қазақ жоңғар арасы соғыстан аман болып, отыз жылдай тыныш өтті. Жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдары мен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшін бірнеше дүркін жорық жасады. Бұл жөнінде орыс елшісі И. Виковский былай жазған: “Тауық жылы (1681) ол ( Халдан Башұқті хан) шеру тартып барып Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682) қайтадан келіп Іле өзенінің бойын қыстады. Доңыз жылы ( 1683) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты. Халдан Башұқ хан өліп оның орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан тұсында жоңғар феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдеп кетті. Жоңғар феодалдары Жұңгоны билеген Чиң әулетіне бағынышты иелік екенін мойындап келгенмен әскери жақтан күшейіп алған соң Чиң әулетіне қарсы шығып, одан бөлініп шығуға әрекет жасады. Сонымен қатар көршілес елдерге үздіксіз жорықтар жасалды. Әсіресе жоңғар билеушісі Суан Рабдан билік басына шыққанан кейін қазақ жеріне жеті дүркін (1698, 1711, 1712, 1714, 1718, 1723, 1725 жылдарда) басып кірді. Қазақ жоңғар қатынасының мұншалық шиеленісуінің себебін жоңғар хұнтайжысы Суан Рабдан өзінің Каңчи патшаға жолдаған мәліметінде: Қазақтың Тәуке ханының ойраттарды қырғындап, ұранқайларды шапқандығынан болды,- деп түсіндіреді .
Суан Рабдан орыс елшісі Иван Виковскийге айтқан сөзінде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепші болды қалмақ ханы Еділ жағасындағы Аюке ханның Суан Рабданға ұзатылып бара жатқан қызының көш керуеніне Тәуке хан шабуыл жасады деген. Бұл тек сыныққа сылтау еді. Сөйтіп, 18-ғасырдың алғашқы ширегінде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын “ Ақтабан шұбырынды” апатына душар етті. 1718-жылы Тәуке хан қайтыс болды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, қазақ халқының басына зор зорбалаң бұлты төнді. Қазақтың феодал шонжарлары арасындағы алауыздық хандыққа таласқан өзара қырқысқа айналды. Таукенің орнына отырған Болат ханның тек атағы болды.
Орта жүзді Сәмеке хан мен Күшік хан биледі. Ұлы жүзді Жолбарыс хан биледі, кіші жүзді Әбіхайыр хан биледі. Бөлшектенген хандар мен сұлтандар жауға қарсы күш біріктіре алмады.
Осыны пайдаланған жоңғар феодалдары үртіс-ұдай шабуыл жасап, жеңіске жетіп отырды. Мұндағы негізгі себеп, жоңғар әскерлерінің жауынгерлігінде емес. Мұны өз заманындағы жазба деректер дәлелдейді “1718-жылдың көктемінде Аягөз өзенінің бойында қазақ жасақтары мен жоңғар әскерлерінің арасында болған үш күндік қан төгіс ұрыс, алғашқы екі күннің ішінде қазақтар біршама ойдағыдай ұрысса да, соңы қазақ жасақтарының жеңілісімен аяқтады... Бұл жорықта қазақ әскерлерінің саны 30 мың адам болды .
Орыс елшісі Бранцевтің айтуына қарағанда, ұрыс қатты болған. “Қазақтың жеңілуіне себеп екі ұдай болып жауласып жүрген Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанға қараған жасақтардың әскер басылары өздерінің соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеген”. 18-ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайын Ш.Уалиханов былайша суреттеген “18-ғасырдың алғашқы онжылдығы қырғыз халқының өміріндегі сұмдық уақыт болды. Олардың ұлыстарын жоңғарлар, еділ қалмақтары, жайық казактары және башқұрттар әр жақтан талқандады, малын айдап әкетіп тұттас әулеттерді тұтқын етіп алып кетті” .
1718-жылы көктемде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бөген, Шаян өзендері бойына шұғыл жорық жасап, Түркістан қаласына тақап келді. Олардың ниеті қазақ хандарының ордасын басып алу болатын. Сырдария орта ағысы басындағы қазақ қалалаларына қауіп төнді. Бірнеше шайқас болды. “Жоңғарлар қазақ ордасын шапты,” бірақ санының аздығымен өз қоныстарынан ұзап кетуі олардың толық жеңіске жетуіне мүмкіндік бермеді.
Бұл жағдайда батырлар бастаған қазақ жасақтары едәуір табысқа жетті. Олар Елек, Мұғалжар, Ұлытау аудандарынан 30 мың адам болатын әскер жинп алды. Түркістан ауданына аттанып, жоңғарларды Оңтүстік Қазақстанның едәуір бөлігінен қуып шықты. Жоңғар билеушілерінің қазақ жүздеріне қарсы неғұрлым батыл қимылдар жасауын Жоңғар хандығының Цинь билеушілері әскерлерінің шапқыншылық жасау қаупі тежеген еді. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді. 1723 жылы Жоңғар-Қытай бітімі жасалды . Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады. Бірақ 1722 жылы Қытай императоры Канси қайтыс болғаннан кейін бұл қауіп уақытша болса да бәсеңдеді.
1723 жылы Жоңғар-Қытай бітімі жасалды. Шығыс жақтағы өз тылын қауіпсіздендіріп алған жоңғар қонтайшылары қазақтармен соғысқа мықтап дайындала бастады.
2. 1 “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” оқиғасының басталуы
1723 жылға қарай қазақ-жоңғар қатынастарындағы жағдай күрт өзгерді. Қытай императоры Канси өліп, жоңғар-қытай шарты жасалды, Ертіс бекініс шебінің құрылуына байланысты Ресей үкіметі қандай да болсын нақты талаптар қоймады. Оқиғалардың күтілмеген бетбұрысын жоңғар қонтайшылары мен тайшылары қазақ жеріне шабуыл жасау үшін пайдаланбақшы болып ұйғарды. Қазақ хандықтарының бытыраңқылығын пайдаланып және алдағы соғысқа мықтап дайындалып алған жоңғар билеушілері 1723 жылы өз әскерлерін Қазақстан шегіне аттандырды .
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрес қазақ мемлекеттілігін сақтап қалу жөніндегі маңызды саяси шешімдерге ықпал жасаған негізгі факторға ғана емес, қазақ халқының өмір сүруінің өзі туралы мәселе туған кезде өмірлік қажетті факторға айналды. Өткен замандағы аса көрнекті тарихнамашы Шәкәрім Құдайбердиев жоңғарлар басқыншылығы - Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезеңінде бүкіл.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Тарих курстық жұмыстар, Ақтабан шұбырынды Алқакөл сұлама