Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру

 Қазақ әдебиеті | М.Мағауиннің зерттеу  еңбектерін саралап қарастыру

Мазмұны
КІРІСПЕ............................................................................................................
1ТАРАУ
М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.
1.1. М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны...........................
2 ТАРАУ
М.МАҒАУИННІҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЕҢБЕГІНЕ ШОЛУ
2.1. XV-XVІІІ ғасырдағы ақын- жыраулар шығармасын М.Мағауин зерттеуі бойынша қарастыру...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................

КІРІСПЕ
XV ғасырдың алғашқы жартысында біздің халқымыз өзінің соңғы бұрыңғы тарихындағы ең күрделі кезеңдердің бірін бастап өткереді. Бүкіл әлемдік шеруде айрықша орын алып отырған Евразиялық ұлы мемлекетіміз Алтын Орда ыдырайды. Алтын Орда шығыс бөлігін құраған құдіретті көк Орданың өзі қаққа жарылып, қазіргі Қазақстан шегінде қазақ ордасы аталатын қуатты жаңа ұлыс бөлініп шығады. Алғаш рет 1456 жылы ірге көтерген қазақ мемлекеті арада оншалықты жыл өтер- өтпесте атамекен жерінің біршама бөлігінде өзінің саяси, әкімшілік , билігін орнатып үлгерді. Тағы да қырық жыл озғанда бүкіл оңтүстік , орталық және Батыс Қазақстан өңіріне өкім етіп, халқының саны бір миллионға жетеді. Енді бірер ғасыр орайында қазақ халқы қазіргі Қазақстан жерін толығы мен иеленеді, өсіп- өніп, кейбір кезеңдерде ұзын саны үш миллионды төңіректеп, ата жұртта біржола тамыр жаяды. Көршілері тегіс таныған, алыс жақын түгел есептесетін.Бұл ұлыс жер көлемі жағынан алғанда да, халқының саны жағынан алғанда да, әлемдегі ең үлкен әрі қуатты мемлекеттердің бірі болып тұрды.Қазақ халқының жалпы түріктік ортақ этнос құрамынан бөлініп, дербес Орда құрған хандық заманы төрт ғасырға жуық ұзақ дәуірге созылды. Қазақтың өз қолымен ақ киізге көтерген ең соңғы ханы Кенесары болғаны мен , қазақ жерінің біршама бөлігі Түркістан мен Ташкент құлаған 1865 жылға дейін тәуелсіздігін сақтап тұрғанымен , Абылай әлемінен (1781 ж) соңғы кезеңде біздің бұла халқымыз , ежелгі жұртымыз отарлық
құрдымына қарай тоқтаусыз жылжығаны- толассыз ақиқат.
Яғни, қазақ әдебиетегі ұлыстық Абылай заманымен тәмамдалады. Асан Қайғы , Қазтуғандардан басталған арналы кезең. Бұқар жырау Шал ақындармен шектелсе керек. XV-XVIII ғасырларда жасалған әдебиет ел мүддесін, жұрт мұратын бірінші орынға қойды. Өзіндік түр тауып, айқын ұлттық сипатта қалыптасты. Алаштың жайсан жалын , өз рухын бедерлей таңбалап, келер ұрпақ үшін ешқашан ескермес үлгілері тудырады. Көркемдік танымның асқар биігіне көтеріліп, әлемдік өредегі ұлы шығармалар қалдырды.
Курстық жұмыстың мақсаты: : М.Мағауиннің зерттеу еңбектерін саралап қарастыру. М.Мағауиннің шығармашылығын толық қамтуымыз қажет. Курстық жұмыстың міндеті: Еңбек практикалық, әрі теориялық мақсаты көздейді. Осы курстық жұмыстың міндеті М.Мағауиннің зерттеу еңбектерімен толық танысу. Курстық жұмыстың құрылымы: Бұл курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.М.МАҒАУИН ЖАЙЛЫ БІРЕР СӨЗ.
1.1 М.Мағауиннің қазақ әдебиетіндегі алатын орны.
Бір кезде қолдан еріксіз шығып кетіп, ойда жоқта қайта оралған тәуелсіздік ата– бабаның аңсаған арманы, бұрынды –соңды төгілген киелі қандардың өтеуі екені рас. Бірақ біз осы бостандыққа жан- жақты дайындықпен, кескілескен саяси күреспен жеттік десек ,асыра айтқандық болар еді. Әділетке жүгінсек , баяғы Алаш қозғалысынан кейін бізде ұлт азаттығын ұран ғып көтерген бірде –бір партия, не ұйым болған емес. Отызыншы жылдардағы аштық апаты мен сталиндік репрессияның қазаққа батып кешкені сонша, зиялы қауым ендігі жерде ошаң етіп бас көтеруден қалған. Бертінде өзге халықтар арасынан Кеңес билігіне наразы неше алуан дисидент тер шығып жатқанда, қазақ қауымының тым – тырыс жатуы-соның бір дәлелі. Мұндайда бет – жүздік етіп айтарымыз - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ғана. Бұл оқиға рухани сілкіністің басы болғаны рас. Бірақ ол да арыдан келе жатқан саяси күрестің сарабдал нәтижесі емес. Кремльдің шектен тыс дөрекілігінен туған стихикалық қозғалыс болатын.
Осы бір айдай ақиқатты еске алып тұрған себебіміз бұл әңгіменің дәл бүгін алпысқа толып ел құрметіне бөленіп отырған, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, « Түрік дүниесіне қызмет» атты халықаралық сыйлықтың иегері, Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауинге тікелей қатысы бар.
Сөзіміз түсінікті болу үшін сонау алпысыншы жылдардың екінші жартысына бір сәт ой жіберіп көрелікші. Мұхтар Әуезов дүниеден өткен соң, әдебиеттегі реалистік, халықтық бағыттың туын ұстайтын, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалғаны естеріңізде шығар. Бір мезетте қатар жарық көрген Есенберлиннің тарихи романдары мен Мағауинның зерттеу еңбектері үлкен бетбұрыс, рухани «жарылыс» жасады десек асыра айтқандай болмас. Көне тарих қойнауын ақтарып, ескіні еске түсіретін бұл шығармалар халықтың үзіліп қалған зердесін қайта жалғады. Қазақтың іргелі ел болғанын, мәдениеті, әдебиеті болғанын бүгінгі ұрпақтың есіне салып, ұлттың еңсесін көтерді. Дәл осы тұста бұған дейін тиым салынып келген тағы бір тақырып бой көтереді. Ол - шет елдегі қазақтар тағдыры. Басқа бір империяның тепкісінде жатқан қандас бауырларының ауыр халін аңсаған арманын кітаптан оқығанда, мұндағы жұрт өз бейнесін айнасындан көргендей әсер алғаны анық. Бұл тақырыпта тұтас бір романдар циклін жазған қаламгердің кім екенін айтпасам да, жұрт оны басқа ешкімен шатастырмайды. Өйткені, ол көп емес, бір-ақ адамның есімімен байланысты. Ал осы жылдары М.Мағауин жетектеп әкеліп, әдебиет төріне отырғызған Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетай мұраларының әсерін тілмен айтып жеткізу қиын. Ең ғажабы, жыраулар поэзиясында әлі ешкімге құл болмаған азат көшпендінің айбынды үні жатыр еді. Сондықтан да қалың жұртшылық бұл шығармаларды тарыққанда тандай жібітер тіршілік нәріндей қабылдады. Мағауин туралы сөз болғанда жырауларға соқпай өту күнә. Бір сәт жырға кезек берелікші. Естеріңізде бар ма, Доспамбеттің:
Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен.
Толғамалы ала балта алып,
Топ бастадым, өкінбен.
Тобыршығы биік жәй салып,
Дұшпан аттым, өкінбен.
Тоғынды сарты нар жегіп,
Көш түзедім, өкінбен!
немесе Шалкиіздің:
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған.
Саздауға біткен сарыағаш
Кімдерге сайғақ болмаған.
Жағына жалаң жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған.
Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған
деген өзекжарды өкінішін сезінгенде, немесе Ақтамбердінің:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуге киер ме екенбіз...
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мініп,
Қоныс та қарар ма екенбіз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз көкке шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екенбіз!
дейтін арманға толы жолдарын оқығанда көзімізге мөлтілдеп жас келмеуші ме еді?! Шүкір, осының бәрі текке кеткен жоқ. Бұл күнде азат болдық «Мұртымыз көкке шаншылып» бұрын сөйлер күйге жеттік.
Мұхтар Мағауин орта ғасырдағы жыраулар поэзиясынан небәрі
жиырма алты жасында диссертация қорғады. Сөйтіп, академик апара
алмай жүргенде, жас ғалым ол шекті үш ғасыр ғалымдарымыз қазақ әдебиеттінің тарихын Бұқар жыраудан ары жылжытты.
Университеттің ғылыми кеңесінде өткен бұл қорғаудың қандай табысқа жеткені әлі көз алдымызда. Бүкіл халықтық мерекеге, әдебиеттің тойына айналды. Бірақ, амал не, кезінде әдебиеттану ғылымына дүбірлі бетбұрыс жасаған сол еңбекке, қатып қалған қағида бойынша, небәрі кандидаттық қана дәрежеге берілді.
Жалпы, тарихқа, әдебиетке қатысты зерттеулерге Мұхтар одан кейін де ат ізін суытпай қатысып келеді. Ал оның Абай айналасындағы ақындық дәстүрді жіті зертей жүріп, Шәкәрім сынды тұлғалардың шығармасы түгіл, атын атау мүмкін болмай тұрғанда солардың өлеңдерін орысшаға аударып, «Қазақ поэзиясының антологиясы» деген атпен, 1978 жылы Ленинградта бастырып шығарған ерлік еңбегін бұл күндері алғыспен еске алмасқа хақымыз жоқ.
Әдетте, мүшелтой кездерінде той иесіне мадақтаулар көп айтылып жатады. Алайда бүгінгі сөздің жөні басқа. Өйткені Мұхтар Мағауин біреулердің көтере мақтауына, абырой асырып, атақ шығаруға зәру боп жүрген жазушы емес. Мұхтарды оқушы жұртшылық онсыз да жақсы біледі. Оның шығармалары туған халқының санасында, әр үйдің кітап сөресінде. Біздің міндетіміз- жазушының өмір жолын, әдебиетке сіңірген еңбектерін қайталап еске салу қажет.
Көркем әдебиетке әркім әрқалай жолмен келеді. Біреулер өмірде бастан кешкені, көрген - білгені көп болып, жүре келе сол қазынасын жұртпен бөлісуге талпынды. Енді біреулер ұзақ жыл баспасөзде істеп, қалам қызметіне бірте- бірте машықтанып, бойы үйрене келе әдебиеттің қонақжай ауылына ат басын бұра салады.
Жазушының бұлайша ерте қанаттануына сенімді себептер бар.
Мағауиннің туған жері бұл күнде әдебиеттіміздің Меккесіне айналған.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру