3-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру
Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................................3
2.1 3-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру мүмкіндіктері.................................................6
2.2 Оқушыларды туған өлке табиғатын аялауға баулу жолдары.......17
Қорытынды...............................................................................................28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................30
Кіріспе
Қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында экологиялық мәселелер ең негізгі көкейтесті проблемаға айналып отыр. Оған себеп – табиғаттың, қоршаған ортаның заңдылықтарымен санаспау салдарынан туған қарама-қайшылық.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» атты өз халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Ол өзінің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20% -на себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнанда қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады», -деді.
Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласының алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмес проблема екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» Заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді. Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 89-шы бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі баса көрсетіледі.
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық тәрбие беруде, оларды қоршаған табиғи ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі. Қазіргі мектептер осы салада ауқымды тәжірибелер жинақтауда. Мәселен, табиғатты аялау, қорғау негізінде бастауыш мектеп оқушыларын ізгілікке баулу ұлттық тамырдан, тәлім-тәрбиеден нәр алады. Оқу-тәрбие процесінде экологиялық ой-тұжырымдар жасау баланың қоршаған табиғи орта мен өмір сүріп отырған қоғамында қалыптасуы
ғылыми ұғым түсініктермен ұштастырып, оларды бір-бірімен сабақтастырып ұйымдастырғанда ғана туған жерін, елін қорғауға тәрбиелеу тиімді түрде жүзеге асады.
Жас ұрпақтың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастырып тәрбиелеу ұзақ, әрі қиын жұмыс. Себебі, соңғы жылдарға дейін табиғи ортаны қорғау, оған жанашырлық сезімін қалыптастыру дәл қазіргідей, өзекті мәселе болған емес. Әрине, әрбір қоғамның даму сатысында өзі мекендеген ортаны аялау, қорғау мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін көтеру жалғасып келе жатқан іс.
Халқымыздың ақын-жыраулары Асан қайғы, Қорқыт ата, Бұқар жырау Қалқаманұлы және т.б. жыр толғауларында табиғат мәселесі негізгі орын алады. Олардың болмыс, тіршілік, табиғат жайындағы ой-толғаныстары, мақал-мәтел, шешендік сөздері табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оны қорғауға, сақтауға тәрбиелейді. Асан қайғының толғауларында туған елінің табиғаты, жер-байлығы, географиялық ерекшелігі, халқы, өсімдігі, жан-жануарлары, тұрмысы философиялық тұрғыдан сөз болады. Ол жүрген жерінде әрбір елге, қонысқа сын айтып, баға беріп отырған.
Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері: Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев және т.б. еңбектерінде көп көңіл бөлінген.
Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған. Белгілі педагог-психолог Ж.Аймауытов «Балаға ең қымбат, ең жақын нәрсе туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнын беріп, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді», - дейді.
Қазіргі мектептерде тәжірибелік- педагогикалық жұмыстар көрсеткендей, әсіресе бастауыш мектептің оқу жоспарлары мен бағдарламаларында, оқу-тәрбие үрдістерінде экологиялық тәрбие беретін материалдар аз пайдаланылады. Мәселен, ана тілі пәнінен экологиялық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері мен мазмұндары әлі де болса толық айқындалмауы, проблеманың теория жүзінде жеткілікті зерттелмеуі, ізденіс тақырыбының көкейтестілігін дәлелдейді. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәнінен экологиялық білім мен тәрбие берудің ролі арта түсуде. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесінде бүгінгі өмір талабына сай оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдірудің қажеттілігі мен осы процестің мазмұны мен әдістемесін ғылыми тұрғыдан негіздеудің қамтамасыз етілмеуі бұл мәселенің педагогика теориясы мен практикасында зерттелмеуі арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қайшылықтардың шешімін табуға ықпал ететін педагогикалық шарттарды іздестіру, біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасын белгілейді. Бұл проблемалардың көкейтестілігі әлі де болса педагогика ғылымында шешімін тапқан жоқ және оның бастауыш сынып жағдайында (ана тілі, сабақтан тыс жұмыстар) зерттелмегендігі осы тақырыпты «Ана тілі сабақтарында туған өлке табиғатын аялау арқылы оқушыларға экологиялық білім беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: бастауыш мектепе ана тілін оқыту.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәнінен экологиялық білім мен тәрбие беру.
Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәнінен экологиялық тәрбие беруде теориялық жағынан негіздеп, мазмұны мен шарттарын анықтап, әдістемесімен қамтамасыз ету.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәнінен экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
- Ана тілі пәнінде экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық шарттарын анықтап, мазмұндарын қысқаша туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтыру;
- сабақта және сыныптан тыс жұмыстарда ана тілі пәнінен экологиялық білім мен тәрбие беруді жетілдіруді.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік,
оқулыққа талдау жасау; бастауыш сынып мұғалімдерінің ана тілі пәнінен экологиялық білім мен тәрбие берудегі іс-тәжірибесі; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, бағдарлама және т.б.) танысу, мектеп жұмыс нәтижесін салыстыру, сауалнама және әңгімелесу.
2.1 Оқушыларды туған өлке табиғатын аялауға баулу жолдары.
«Жалпы білім беретін мектептерде табиғатты қорғау жұмыстарын күшейту туралы» әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қозғау салады. Қазіргі әлемдік экономикалық мәселелердің туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі, бүгінгі бастауыш сынып теориясы мен әдістемесінде қалыптасқан дәстүрді бұзып, оқыту әдісін гуманитарландыру, экологияландыру міндетін қойып отыр. Ал, бұл міндет осы салада нақты зерттеуді жғне оларды теориялық және практикалық тұрғыда негіздеуді қажет етеді.
Жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып оқушыларына ана тілі пәні және сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық мәдениеттің қалыптасуына, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына және оның байлықтарын қорғауда адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесіне экологиялық тәрбие беретін материалдарды ендіру жолдары біртұтастық жүйеде қарастырылуы тиіс. Ана тілі және сыныптан тыс жұмыстарда экологиялық білім мен тәрбие беретін материалдарды тиімді пайдалануда туған жер табиғатын және оның байлықтарын сүйіспеншілікпен тәрбиелеуді қамтамасыз етумен бірге қазақ этнопедагогикалық материалдарын ендіру қажет.
Ал, енді осы міндеттерді шешу үшін бастауыш сынып пәндеріне (Ана тілі 3 сынып) экологиялық мазмұндағы шығармалар қаншалықты қамтылған, бағдарламада атап көрсетілген міндеттерді шешуге мүмкіндік бар ма? Екіншіден сыныптан тыс өткізілетін тәрбие жұмыстарында экологиялық тәрбие беру мүмкіндігі қандай? Зерттеу жұмысымыз ең алдымен осы мәселелерді анықтауды қажет етеді.
2003 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан 3 сыныптың ана тілі оқулығындағы 150 тақырыптың 50-і табиғатқа қатысты материалдар.
Бағдарлама мынадай тарауларды қамтиды:
І тарау. Туған елім, туған жерім.
ІІ тарау. Білім - өмір шырағы.
ІІІ тарау Маужырап барқыт қоңыр күз...
ІҮ тарау. Өткен өмірден.
Ү тарау. Қыс бейнесі.
ҮІ тарау. Жақсы – Ай мен Күндей.
ҮІІ тарау. Табиғат – менің өз үйім.
ҮІІІ тарау. Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
ІХ тарау. Жаздыгүн шілде болғанда.
Х тарау. Сарқылмас қазына.
Мұндағы кейбір мәтіндердің негізгі идеясы да, тәрбиелік қуаты да табиғатты аялауға, қорғауға бағытталса, ал ендігі бір мәтіндерде табиғатты сүюге әсер етерлік үзінді ретінде келеді, бұл шығармалар – көркем табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, табиғатта кездесетін сан алуан сұлулық пен көркемдікті көре, түсіне және бағалай білуіне жәрдемдеседі.
3 сыныптың оқу бағдарламасына енгізілген оқу материалдары көлемі шағын (2-3 бетке дейін) көркем шығармалар мен ғылыми көпшілік мақалалар, өлеңдер, халық ауыз әдебиетінің үлгілері (мақал-мәтелдер,ертегілер, жұмбақтар т.б.). бұл шығармалар – оқушыларды қоршаған табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін оятуға, олардың табиғатта кездесетін сан алуан сұлулық пен көркемдікті көре, түсіне және бағалай білуіне жәрдемдесетін, табиғатты қорғауға баулитын, балаларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беретін, адамдар еңбегімен жан-жақты таныстыратын, заманымыздың даму деңгейіне сәйкес оқушылар ойының еркін жетілуіне интелектілік жағынан өсуі мен дербестік ңасиетініњ дамуына лайықты шығармалар: оқу барысын өмірмен, қоршаған ортамен, Отанымызбен, халқымыздың ұлттық ерекшеліктерімен тығыз байланыстыратын, ел өміріндегі елеулі тарихи кезеңдерден мәнді мәліметтер беретін, белгілі адамдардың өнегелі өмірлерін, тындырған істерінен хабар беретін шығармалар негізінде өткізіледі.
Еліміздің өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника, мәдениет пен өнер саласында қол жеткен табыстарын, оның жарқын болашағын жан-жақты бейнелейтін, адамдардың моральдықққасиетін аша түсуде оқушылардың танымдық білімділік қабілетін, көзқарасын қалыптастыратын, табиғатты, туған жерді қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыратын көркем шығармалар мен өлеңдер балалардың жас ерекшеліктеріне лайықтап берілген.
Ана тілі пәнінің бағдарлама бойынша берілген әрбір тарауындағы табиғатқа байланысты тақырыптардың оқушыларға экологиялық тәрбие беруге мүмкіндігі бар. Әрбір тақырыптың маңызы, осы экологиялық тәрбие беру мәселесіне әкеліп соғады. Мысалы: 3 сыныптың ана тілі оқулығындағы «Білім - өмір шырағы», «Маужырап барқыт қоңыр күз...» тарауларындағы тақырыптарда арнайы экологиялық білім берудің бағыт-бағдары айқындалмаған. Бірақта мұғалімнің өзі, қазіргі еліміздегі экологиялық мәселелер, өз өлкесінің экологиялық жағдайы туралы газет, журнал, радио, теледидар хабарларын пайдаланып, түсіндіріп өтуге мүмкіндігі бар.
Оқушыларға сөз өнері арқылы экологиялық тәрбие беру табиғатты парықсыз зұлымдықтан сақтай білудегі, олардың жоғарғы адамгершілігін қамтамасыз ететін адамгершілік этикалық қатынасын қалыптастырады. Жоғарыда көрсеткендей, табиғатқа, адамгершілік - этикалық қатынасын адамдардың үйлесімді дамуын, шығармашылық іс-әрекеті арқылы әсемдікті жасауға, игілікті іске асыруға, бұзақылық пен опасыздыққа қарсы күресуге мүмкіндік туғызса, ал адамгершілік–этикалық қатынас адамдардың табиғатқа қатынасындағы іс-әрекетін, жақсылық пен жамандығын, әділдік пен әділетсіздік тұрғысынан моральдық бағалау формасында көрсетеді. Тіршілік атаулы мен жанды жаратылыс ретіндегі туыстықты сезіну – сөзсіз балалардың табиғатқа аяушылық сезімдерін білдіру, қайғысына ортақтасу, ол үшін күресу сезімін тудырады. Ал, оқушылардың табиғатқа деген мұндай сезімдерінің бейнеленуі ана тілі пәні материалдарында күресуге мүмкіндік туғызса, ал адамгершілік-этикалық қатынас адамдардың табиғатқа қатынасындағы іс-әрекетін, жақсылық пен жамандығын, әділдік пен әділетсіздік тұрғысынан моральдық бағалау формасында көрсетеді. Тіршілік атаулы мен жанды жаратылыс ретіндегі туыстықты сезіну – сөзсіз баланың табиғатқа аяушылық сезімін білдіру, қайғысына ортақтасуы, ол үшін күресу сезімін тудырады. Ал, оқушылардың табиғатқа деген мұндай сезімдерінің бейнеленуі ана тілі пәні материалдарында орын алған.
Табиғатқа деген экологиялық қатынас 3 сыныптңњ ана тілінде М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесінде, Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық», С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» т.б. әңгімелерінде ашылса, қазір бұл тақырыптар адам мен табиғаттың қатынасын адамгершілік-этикалық тұрғыдан ашатын үлкен арнаға айналып отыр.
Ана тілі – бастауыш мектептердегі негізгі маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен қоршаған ортаны танудың құралы, баланың интелектуалдық таным деңгейі мен шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқулықтар мен бағдарламаларға талдау жасай отырып, қоршаған орта мен адамдардың қарым-қатынас туралы, табиғаттың біртұтастығы туралы баланың табиғи ортада өзін-өзі ұстай білу ережелерін қамтитын материалдардың алынғанын байқауға болады.
2003 жылғы «Атамұра» баспасынан шыққан 3 сыныптың ана тілі оқулығы 10 тараудан тұрады. Осы оқулық ішінде экологиялық тәрбие беру мүмкіншілігі бар деген тақырыптарды іріктеп алдық.
«Табиғат – менің өз үйім»тарауындағы 4 тақырып қана, яғни М.Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесі, С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі, Б.Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесі, Ж.Аймауытовтың «Торғай»әңгімесі. Осы тақырыптар арқылы табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беруге болады. Сонымен қатар, оқулық ішінен төмендегідей тақырыптарды, жыл мезгілдері, сол кезеңдегі табиғатта болатын өзгерістер, жануарлар дүниесі: үй жануарлары, оларды күтіп баптау; дала жануарлары, олардың тіршілігі; өсімдіктер дүниесі жөнінде; адамдардың пайдасы және Отан, туған жер туралы өлең, әңгімелерді іріктеп алдық. Бұл тақырыптар табиғатты сүйе білуге, қорғауға, оқушылардың табиғатқа деген эстетикалық, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеуге болады деген мүмкіншіліктер бар.
«Маужырап барқыт қоңыр күз...» тарауында Е.Салықовтың «Күзгі орманның көріністері» әңгімесі, А.Құнанбаевтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы, Ғ.Табылдиевтің «Күздің кереметі» әңгімесі, И.Базидің «Жеміс бағында» әңгімесі, Ғ.Нұршайықовтың «Жалғыз дән»әңгімесі, «Егінші мен қасқыр» ертегісі мен өлеңдер, мысалдар, жалпы табиғат, қоршаған орта, жыл мезгілдері, оның ерекшеліктері жөнінде болғанымен, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие беру мәселесі көп қарастырылмаған.
Мұѓалім осы тақырыптарды өткізу кезінде, материалдарға сай келетіндей етіп, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану керектігін, өйткені, ол біздің күнделікті өмірде және болашақта жиі пайдаланатын заттардың бірі екендігін түсіндіріп, балаларға экологиялық тәрбие беру жағын қарастыруға болады.
Осы тараудағы «Күзгі орманның көріністері» атты әңгімеде күзгі орман көрінісінің әдемілігі мен сұлулығы, ормандағы аңдардың: тиіннің, қоянның мінез-қылығы, оның қысқа қалай дайындалатындығы жөнінде түсінік беріп, балаларға орманның қандай пайдасы бар екенін, орманда өсетін ағаштардың күнделікті адам өміріне қажетті тұрмыстық заттар: жиһаздар, кітап, қағаз жасайтындығын түсіндіріп және орманның ауадағы лас көмірқышқыл газын өзіне сіңіріп, таза оттегі бөлетіндігін және ормансыз аңдардың, аңдарсыз орманның өмір сүруі қиын екендігін бала санасына жеткізіп, осы табиғат байлықтарын қорғау керектігі түсіндіріледі.
Экологиялық тәрбиенің өзегі – Отанға деген сүйіспеншілік, отан, ол тек қалалар мен ауылдар ғана емес, бау-бақшалар мен ормандар, шалғындар мен жайылымдар, ауадағы құс, судағы балық, жер бетіндегі жануарлар дүниесі. Сондықтан отан мен оның табиғатына сүйіспеншілік тұтас бір ұѓым ретінде танылады.
Ана тілі сабағында Отанның, табиғаттың тек сұлулығымен бейнеленетін әңгімелерді ғана талдап, оқушыларға оның жақсы жақтарын ғана таныту болса, тәрбие ісі бір жақты болып қалар еді. Керісінше, адам іс-әрекетінің табиғатқа жасаған қиянаты туралы әңгімелерді, өлеңдерді талдап оқу барысында, тек адамдардың табиғатқа саналы қатынасы ғана оны гүлдендіре түсетінін үнемі ұѓындырып отыруы тиіс.
М.Пришвинше айтқанда: «Балыққа – су, құсқа – ауа, жануарға – орман, дала, тау керек. Ал, адамға – Отан керек. Табиғатты қорғау – Отанды қорғау» деген сөз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс 3-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар курстық жұмыстар, 3-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы арқылы оқушыларға экологиялық білім беру