Уақытты үнемдеудің 15 тәсілі
Төмендегі уақытты үнемдеуге септігі тиер кеңестерді оқу арқылы аз мерзім ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз.
1. Миыңызды артық ақпаратпен шаршатпау үшін барлығын жазып жүріңіз. Жадыңызға сеніп қалмаңыз.
2. Басым талаптар тізімін жасаңыз. Осылайша, қажетсіз істерді екінші қатарға ысырып, бар күшіңізді тек маңыздысына жұмсайсыз.
3. Әр аптаның соңында келер аптаға арнап жоспар құрыңыз. Бір қарағанда, уақытты шығындау болып көрінгенімен, ойдың нәтижелілігін арттырады.
4. Әрдайым өзіңізбен бірге қағаз, қалам алып жүріңіз. Оған ойға келген жақсы идеяларды жазып жүретін боласыз. Немесе диктофонды пайдалануыңызға болады.
5. Егер өзге адамның өтініші сіздің мақсатыңызға сай келмесе, «жоқ» сөзін айтып үйреніңіз. Екі жаққа да тиімдісі осы болмақ.
6. Істі бастамас бұрын парқын танып, жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз. Бірақ, көп ойланбаңыз.
7. Жоспарыңызда өзіңізді дамытатын істер міндетті түрде болсын.
8. Айналысып жүрген ісіңізге саналы түрде баға беріңіз. Сіз өз уақытыңызды не нәрсеге жұмсап жүргеніңізді білуіңіз керек. Әрбір ісіңіз мақсатыңызға жақындатуы тиіс.
9. Уақытты үнемдеуге қатысты кітаптар оқып, оларда жазылғандарды міндетті түрде пайдаланыңыз.
10. Зиянды әдеттеріңіздің қаншалықты көп екенін бақылаңыз. Олар сіздің айтарлықтай уақытыңызды алады. Мұндай әдеттеріңізді тізімдеп, кезекпен арылыңыз. Ең дұрысы – зиянды әдеттерді пайдалысымен алмастыру.
11. Жағымпаздану үшін өзгелердің жұмысына көмектеспеңіз. Осылайша, өзіңізге жұмсауға болатын уақытты шығындайсыз.
12. Мақсатыңызға жету барысында жеткен табыстарыңызды жазып отыратын журнал бастаңыз. Оны үнемі толықтырып, дұрыс бағытта жылжып келе жатқаныңызға көз жеткізіңіз.
13. Барлық істі мінсіз етіп орындаудың қажеті жоқ. Мысалы, Абайдың стилінде жазғым келеді деп, өз өлеңіңізді 20 рет түзетудің нәтижесі болмайтыны анық.
14. Өзіңізге көп жүк артпаңыз. Екінші саптағы жұмыстарды кейінге қалдырып, ең маңызды дегендерін күні бойы отырып жасауыңызға болады.
15. Бәсекелестікпен алданып қалмаңыз. Сіз қазір маңызы жоқ іспен белсенді түрде айналысып кетуіңіз мүмкін. Бұл жағдайда уақытыңызды тиімді пайдаланып жүрсіз деп айта алмаймыз.
Уақыттың қаншалықты зымырайтынын білсеңіз де, ұшқыш өзіңіз екеніңізді ұмытпаңыз!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы Уақытты үнемдеудің 15 тәсілі кеңес кенестер советы на казахском, пайдалы кенестер кыздарга, полезные советы на казахском языке, Тұрмысқа пайдалы кеңестер кеңестер, кенес кенестер жігіттерге ерлерге, денсаулыкка арналған кенестер, Уақытты үнемдеудің 15 тәсілі