Бастаған істі соңына дейін жеткізуге арналған 6 кеңес
Адамдардың көпшілігінде үймеленген, бітпеген тау-тау жұмыстары бар. Ол тек жұмыс емес шешілмеген мәселелер болуы мүмкін. Олардан қалай арылуға болады? Алдын алуды қалай меңгереміз? 6 кеңес Сізге көмектесе ала ма?
1. Тізім құруды әдетке айналдырыңыз
Орындалуы тиіс жұмыстардың тізімін құру – шын мәнінде жетістіктің бастауы. Ойыңызды қағаз бетіне түсіру арқылы шашылып жатқан идеяларды жинақтап, мақсаттарыңызды бірізді етесіз. Дәл қазір осы іске кірісіңіз! Қолыңызға қағаз, қалам алып, орындалуы тиіс тапсырмалар тізімін дайындаңыз. Олардың саны 100-ден асып кетсе де, таң қалмаңыз. Жазып болған соң аздаған үзіліс жасап, 15-20 минут ойыңызды басқа нәрсеге аударыңыз. Уақыт өткен соң, қағазыңызға қайта қарап, артық тапсырмаларды сызып тастаңыз. 5-7 бөлім ғана қалуы тиіс.
2. Маңызды, маңызы аз және асықпай, тез орындалуы тиіс тапсырмалар
Алдымен маңызды, тығыз, тез орындалуы тиіс тапсырмалармен айналысу керек. Өкінішке орай, Дәл осы жұмыс кейінге қалдырыла береді. Ол адам миына айтарлықтай салмақ салып, жүйкеснің жұқаруына алып келеді. Екінші кезекте маңызы аз тез орындалатын және асқыпай орындауға болатын тапсырмаларды ретке келтіріңіз. Маңызы аз, асықпай орындалатын тапсырмалар қатарына теледидар көру, интернет “ақтару” тәрізді әдеттерді жатқызамыз. Егер осы этаптармен әрекет етер болсаңыз, зиянды әдеттерге уақыт аз бөлінуі мүмкін, тіпті олардан арылуыңыз да ғажап емес. Есесіне жетістіктерге қол жеткізесіз.
3. Маңызды, тез бітетін шаруаларға “5 минут” қағидасын пайдаланыңыз
Егер жұмысты 5 минутта бітіруге болатын болса, оны бірден қолға алыңыз. Нәтижесінде күндік жоспарыңыздағы тапсырма саны азаяды. Ұсақ жетістіктер де адамды қанаттандырады. Өз-өзіңізге көңіліңізді толатын болады. Мұндай шаруаларды кейінге қалдырып, арқаңызға жүк жинай бермеңіз. “5 минут” қағидасына жүгініп, өміріңізді жеңілдетіңіз.
4. Ең ауыр және үлкен шаруаларды бірнеше ұсақ тапсырмаларға бөліңіз
Ұсақ тапсырмаларға бөлу арқылы миымызға “үлкен” шаруаның қалай орындалатындығы жайлы сызба жасап береміз. Тез әрі қарапайым түрде орындалып отыратын болса, өзіңіз де жігерленіп жұмыс істейтін боласыз. Бастысы, бастаған істі жол ортадан қалдырмаңыз. Мысал ретінде ағылшын тілін үйренудің үлгісін қарастырайық. Таңертең грамматикадан бір ережені меңгеріп, түсте 10 жаңа сөз жаттап, кешке бірнеше сөйлемді мазмұндап үйренсеңіз, аздаған уақыт ішінде тілді меңгере аласыз. Бастысы жиілікті қалыпта ұстап тұруды әдетке айналдырыңыз.
5. Әрбір аяқталған шаруадан кейін өзіңізді марапаттаңыз
Жұмыс орындалды – тапсырманы тізімнен сызып, өзіңізді марапаттаңыз! Мұндай әрекеттен кейін Сізде энтузиазм сезімі күшейеді, құлшыныс артады. Марапаттың көлемі жұмыстың маңыздылығына қарай белгіленсін. Тәтті торт пен шай ішіңіз, қаланы аралаңыз немесе шетелге сапарға шығыңыз. Жұмысты орындамас бұрын, өзіңізді осындай марапаттармен жігерлендіріп қоюды ұмытпаңыз.
6. Қорытынды жасаңыз
Аптасына, айына, тым құрығында жылына бір рет атқарылған, орындалмаған жұмыстарыңызға қорытынды жасағаныңыз абзал. Бұл сіздің кем-кетік, артықшылықтарыңызды өзіңіздің байқауыңызға әсер етеді. Сондай-ақ қорытынды тұлғалық өсуіңізге, алдағы мақсаттарыңызды айқындауға көмектеседі.

Бұлар – сіздің өміріңіздегі ең басты мақсаттар. Осы мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін жоспар құрыңыз. 3 жылға арналған, ай, күндік жоспарларды жазыңыз. Адамның мақсатқа жету жолын ЖАЛҚАУЛЫҚ тоспайды. Тек оның сол мақсатына деген ҚҰШТАРЛЫҒЫ жеткіліксіз боуы мүмкін. Өзіңізге сүйікті болған іспен айналысыңыз.
2. Маңызды, маңызы аз және асықпай, тез орындалуы тиіс тапсырмалар
Алдымен маңызды, тығыз, тез орындалуы тиіс тапсырмалармен айналысу керек. Өкінішке орай, Дәл осы жұмыс кейінге қалдырыла береді. Ол адам миына айтарлықтай салмақ салып, жүйкеснің жұқаруына алып келеді. Екінші кезекте маңызы аз тез орындалатын және асқыпай орындауға болатын тапсырмаларды ретке келтіріңіз. Маңызы аз, асықпай орындалатын тапсырмалар қатарына теледидар көру, интернет “ақтару” тәрізді әдеттерді жатқызамыз. Егер осы этаптармен әрекет етер болсаңыз, зиянды әдеттерге уақыт аз бөлінуі мүмкін, тіпті олардан арылуыңыз да ғажап емес. Есесіне жетістіктерге қол жеткізесіз.
3. Маңызды, тез бітетін шаруаларға “5 минут” қағидасын пайдаланыңыз
Егер жұмысты 5 минутта бітіруге болатын болса, оны бірден қолға алыңыз. Нәтижесінде күндік жоспарыңыздағы тапсырма саны азаяды. Ұсақ жетістіктер де адамды қанаттандырады. Өз-өзіңізге көңіліңізді толатын болады. Мұндай шаруаларды кейінге қалдырып, арқаңызға жүк жинай бермеңіз. “5 минут” қағидасына жүгініп, өміріңізді жеңілдетіңіз.
4. Ең ауыр және үлкен шаруаларды бірнеше ұсақ тапсырмаларға бөліңіз
Ұсақ тапсырмаларға бөлу арқылы миымызға “үлкен” шаруаның қалай орындалатындығы жайлы сызба жасап береміз. Тез әрі қарапайым түрде орындалып отыратын болса, өзіңіз де жігерленіп жұмыс істейтін боласыз. Бастысы, бастаған істі жол ортадан қалдырмаңыз. Мысал ретінде ағылшын тілін үйренудің үлгісін қарастырайық. Таңертең грамматикадан бір ережені меңгеріп, түсте 10 жаңа сөз жаттап, кешке бірнеше сөйлемді мазмұндап үйренсеңіз, аздаған уақыт ішінде тілді меңгере аласыз. Бастысы жиілікті қалыпта ұстап тұруды әдетке айналдырыңыз.
5. Әрбір аяқталған шаруадан кейін өзіңізді марапаттаңыз
Жұмыс орындалды – тапсырманы тізімнен сызып, өзіңізді марапаттаңыз! Мұндай әрекеттен кейін Сізде энтузиазм сезімі күшейеді, құлшыныс артады. Марапаттың көлемі жұмыстың маңыздылығына қарай белгіленсін. Тәтті торт пен шай ішіңіз, қаланы аралаңыз немесе шетелге сапарға шығыңыз. Жұмысты орындамас бұрын, өзіңізді осындай марапаттармен жігерлендіріп қоюды ұмытпаңыз.
6. Қорытынды жасаңыз
Аптасына, айына, тым құрығында жылына бір рет атқарылған, орындалмаған жұмыстарыңызға қорытынды жасағаныңыз абзал. Бұл сіздің кем-кетік, артықшылықтарыңызды өзіңіздің байқауыңызға әсер етеді. Сондай-ақ қорытынды тұлғалық өсуіңізге, алдағы мақсаттарыңызды айқындауға көмектеседі.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: пайдалы кеңестер, пайдалы кеңестер журналы, пайдалы кеңестер қыздарға, полезные советы на казахском языке, жұмысқа пайдалы кеңестер, кеңестер жігіттерге ерлерге, қалай, мүмкін, жұмыс, тапсырмалар, орындалуы, өзіңізді, болады, болған, уақыт, жасап, аздаған, тапсырмаларға, қорытынды, арқылы, мақсаттарыңызды, минут, бірнеше, тапсырмаларды, сіздің, кейінге