Ертегілер

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза.

Сатиралық ертегі: Жарғақ жалшы

Дудабай деген бай пішен шабатын уақыт таянған соң, маусымды күнге жалшы іздестіре Түшпара қыстағына барады. Жарғақ жалшы оған кездіге кетеді. Дудабай:
– Шырағым, атың кім? – дейді.
– Атым – Жарғақ, – дейді.
Дудабай ішінен «Жарғақ деген аты жаман екен, жарытып, ештеңе тындырмас» деп, жүре береді. Екінші көшеде Жарғақ басқа кейіппен тағы кезігеді. Дудабай атын сұрап біледі де, тағы тарта береді. Үшінші көшеде басқа пішінді боп, Жарғақ тағы кездеседі. Дудабай:
– Үш кездескен жалшының аты үшеуі де Жарғақ бола берді ғой, жарыту-жарылқау Құдайдан шығар, осыны алайыншы, – деп келіседі де, үйіне алып келеді.
Пішенге шыққанша бірер жеті өтеді. Одан байдың кеп-келісімді жасы жетіп қалған Қаламқас деген бір қызы бар екен. Жарғақ жалшыға болса-болмаса да, ол ұнайды ғой. Қаламқас та Жарғақ жалшының еті тірі жігіт екенін танып, байласпаса да, тілдеседі. Ебі табылса, алып қашумен тағдыры шешілетін болады.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Ұр, Тоқпақ

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болыпты. Шал мен кемпір тұзақ қойып, күнін көреді екен. Бір күні шал келіп, тұзағына қараса, тұзағына бір қаз түсіп қалыпты. Шал келіп, қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты.
– Мені сен босат, менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал, – дейді.
Шал:
– Мақұл, – деп, қазды жібереді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, қатыны шалды ұрсады. Шал:
– Қой, сен нені білесің? – деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. Шал қаздың үйіне қарап жүреді. Бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден:
– Бұл кімнің түйесі? – десе,
– Бұл – Қазы байдың түйесі, – дейді.
Шал ойланып, жүріп кетеді. Бір жерге келсе, көп қой жайылып жүр екен. Шал келіп:
– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы:
– Бұл – Қазы байдың қойы, – деді.......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Момынбай менен Жеті қарақшылардың хикаясы

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін алып, дүнияны құртқан һәм ұрлық-қарлық, залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен.
Күндерде бір күн бұ қарақшылар өзді-өзі сөйлеседі. Момынбай һешбір кәсіп қылмайды, құр малын баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды.
– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі.
Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады.
Момынбай дәулеттен айрылған соң бұрынғы дос-жарлары, ағайындары һәм мұның малын бағып, қызметін қылып, күнін көріп отырған көршілері мұның қылған жақсылығын ұмытып, алды-алдына бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті қарақшының арқасында қисапсыз дәулеттен айрылып, ағайын-туғаннан, дос-жардан айрылып, қара лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан қалған жалғыз-ақ – көк есек. Күндерде бір күн Момынбай бұрынғы дәулетін ойлап, жұрттың қылған қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап:......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Ежігелді

Ертеде бір бай болыпты, байдың бір жалғыз баласы болыпты, аты – Ежігелді екен. Әкесі баласына қалың беріпті, баласын қайнына жіберіпті. Баласы барып, қалыңдық ойнапты. Ежігелді үйіне қайтты. Келе жатқанда ұры тонапты, жанында екі күміс теңге қалыпты. Үйіне жаяу келді, келсе, елін жау шауып кетіпті. Ежігелді кім екенін білмейді. Жұртында бір қотыр торы тай қалыпты, тайды алдына салып айдапты. Алдынан үш кісі көрініпті. Со кісі жақындапты. Ежігелді екі күміс теңгесін манағы қотыр тайдың құйрығының астына тығыпты. Бағанағы үш кісі келді, келіп сөйлесті. Үшеуі байлардың балалары екен. Олар келген соң Ежігелді тайды қамшыменен салды, соққан соң тай тышты, бағанағы теңгені Ежігелді алды.
Бағанағы үш кісі айтты: «Е, сен тайды сат!» – деді. Ежігелді: «Сатпаймын», – дейді. «Неге сатпайсың?» – деді. Күнінде тайым теңге тышат», – деді. «Біз екі дүз сом берейік!» – деді. «Сатпаймын», – деді. «Байлық қылсаң, үш дүз теңге берсең, сатамын», – деді.
Үш дүз теңге берді, тайды алды. «Мынаны қайтеміз?», – деді. Ежігелді айтты: – Үйіңе апар, – деді. – Жоңышқа, пішенге байла! Түн ортасында суғар, таң атып келе жатқанда соны бір суғар! Күн шыға
келгенде үйіңнің ішіне ақ кигіз жай! Тайды алып келіп, ішіне қоя бер. Құйрығынан ұстап, қамшыменен сабасаң, үйіңнің ішін күміс теңгеге толтыра тышар, – деді.......
Ертегілер
Толық

Сүйікті ертегі

Сабақтың мақсаты. Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру, ертегілердің мазмұнына байланысты иллюстрациялы сурет салуға баулу, өзіндік көзқарас қалыптастыру.
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Тоғыз тоңқылдақ, бір қиқылдақ

Бұрынғы уақытта тоғыз Тоңқылдақ, бір Қиқылдақ болыпты. Тоңқылдақтың тоғызының тоғыз танасы, тоғыз шешесі бар екен. Бір Қиқылдақтың бір танасы, бір шешесі бар екен де, Тоңқылдақтар (Қиқылдаққа) һәрқайсысы өзінің бір-бір танасын бақтырып жүреді екен. Бір күні Қиқылдақтың етігі жыртылып қалыпты. Қиқылдақ танасын Тоңқылдақтарға қосып жіберіпті. Тоңқылдақтар бір күн бағады, екі күн бағады. Бір күні Тоңқылдақтар ақылдасып, Қиқылдақты құртамыз деп, бірігіп алып, Қиқылдақтың танасын бәрі жабылып, батпаққа тығып кетеді.
Кешкітұрым ауылына барса, нашар Қиқылдақ сорлының танасы жоқ. Қиқылдақ жүгіріп келіп, Тоңқылдақтардан сұраса, Тоңқылдақтар:
– Сенің танаңды бағып, біз саған малай ма едік? Бақпағаннан кейін батпаққа тығып кеттік, – дейді.
Қиқылдақ[тың] Тоңқылдаққа күші жетпейді. Олар дәу һәм үлкен, Қиқылдақтың күші жетпейді. Қиқылдақ оларға күші жетпегеннен кейін барып, танасын сойып жатса, бес ақ бас атан келе жатыр екен. Бес ақ бас атанды. Қиқылдақ ұстап алып, тананың қанын басына жағып, етін артып, ауылына келіп:....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Ұры

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып:
– Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер, – дейді.
– Байдың малын бағамыз, – дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы.
– Сен ше? – дейді кедей кіші ұлына.
Сонда кіші ұлы тұрып:
– Мен байдың малын ұрлап, күн көрем, – деген екен.
Оның бұл сөзіне әкесі ашуланып:
– Ұры болсаң, менен кет, – деп, үйден қуып жібереді.
Бала үйінен кеткен соң жолмен жүріп келе жатса, бір ауыл көшіп келеді екен. Ол көштің артынан қалмай, жүріп отырады.
Кеш бата көш бір тоғайдың жанына қонады. Баланы ешкім елемейді.
Бір кезде байдың үйі ет асады. Әйелдер үйге кіріп кеткенде қарны ашқан бала қазандағы етті қотарып алып, жегенін жеп, жемегенін тастап кетіп қалады.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Көктелпек, Жамантелпек

Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек – әкесі, оның баласы – Жамантелпек.
– Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? – депті Жамантелпек.
– Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, – депті Көктелпек.
Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады.
Қайтып келіп, Көктелпек баласына:
– Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, – деп, мақтана сөйлейді. Баласы да:
– Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, – дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып:
– Я, балам, сенің ептілігің артық екеніне көзім жаңа жетті, – депті әкесі.
Ханның атақты арғымақ аты болады. Атты тас сарайға аузына кілт салып, бағады. Ұрылар ханның атын ұрлап әкетуге қанша аңдыса да, шығарып әкете алмайды.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Тазшаның хан болуы

Ерте кезде хан болыпты. Ханның қырық уәзірі болған. Бұл қырық уәзір хан не айтса, соны орындап отыратын еді. Бір күні хан шалқасынан жатып, өзінің ордасында өз-өзінен «тап» деді. Қырық уәзір тегіс жиналған болатын. Бұлар да жаман састы. «Не деп?» сұрай да алмады, ханнан қорыққанынан «қазір, қазір», – дей беріпті.

Хан:

– Егер таппаған күнде жарық көрейін деп, үміт етпеңдер, тез табу жағын көздеңдер, – деп, әмір берді.

Қырық уәзір жиналып: «Қой, қарап өлмейік, іздеп көрейік», – деп, атқа мініп, тұс-тұс жақтан іздеуге әрекетке кірісті. Барлық түсінгені сол – хан шалқасынан жатқанда айтты, ат жетер жерді тегіс аралады, ешбір «білемін» деген адам шықпады. Қырық уәзірдің салы суға кетіп, өлді деген осы ғой деп, еліне қайтқан. Ханның ордасына таянған кезде алдында бір қора қой бар бір қойшы жүр екен.....
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Хан мен кедей жолаушы

Алыс жерден иесіз даламен Бұхар шаһарына бір кедей жолаушы келіпті. Қалаға келген соң ол тұп-тура барып, ханның үйіне кіріпті. Ханның ауыз үйі салқын болған соң бұл жолаушы киімін шешіп, жайланып, демін алып, азығын жей бастапты. Ханның ауыз үйінде отырған жендеттер жолаушыны көріп, мұның ханның үйіне барып, кіргеніне қайран қалып, сасқанынан не қыларын білмей тұрып, ақырында, жолаушыны қуа бастапты. «Қумаңдар, дем алған соң өзім кетемін», − деп, жолаушы бұларға айтқанда, жендеттер жолаушыға ашу шақырып айтыпты: «Сен бұл арада неғып отырсың?», − деп. Жолаушы айтыпты: «Тамақ жеп алған соң, екі сағаттай дем алып, ұйықтап алып жөнелем», − деп айтыпты.

− Ей, әдепсіз кедей, көрмей тұрсың ба, бұл қонақ үй емес, менің сарайым! – деп, бұған хан айғай салыпты.

− Бұл үй сенің сарайың ба, Бұхардың ханы, айтшы, бұл сарайда бұрын кім тұрды? – деп, асықпай, ханға жолаушы сөз қайтарыпты.

− Менің әкем тұрды, − деп хан айтқанда:

− Бұрын, сенің әкеңнен бұрын кім тұрды? − деп, жолаушы айтыпты.....
Ертегілер
Толық