Сатиралық ертегі: Былтыр ұрды

Сатиралық ертегі: Былтыр ұрды

Баяғы өткен заманда Талқанбай дейтін жұмыскер басқа қиын істе кәсібі жоқ болған соң тоғайдан бөрене кесіп алып барып, сатып, күн көреді екен. Ол елде тоғай дегенде екі-ақ тоғай бар екен. Бір тоғайына кешке таман адам кіре қойса, жындар қытықтап, өлтіріп кететін әдеті бар екен. Көп жұмыскерлер ол тоғайға бармай, екінші тоғайынан отын алатын болды.
Бір күні Талқанбай түстен кейін бөрене кесуге күндегі отын алатын тоғайына келіп, бөрене кесіп жүріп, жыны бар тоғайға да кіріп кетеді. Талқанбай бұл тоғайда жын барын білсе де, күндіз тимейтіндігіне сеніп, отынын ала береді. Әбден отынның қызығына түскен Талқанбай күннің кеш болғанын да білмей қалады. Бір уақытта қараса, кеш болып та қалғанын көреді. Тездеп отынын арбаға салып жатқан кезде тоғайдың ішінен тырнағы ұп-ұзын, тісі ақсиған бір адам Талқанбайға келе жатып, ақақалап келіп:
– Кел, қытықтасайық, – дейді. Талқанбай:
– Жарайды, мен қытықтасармын, сен менің мынау бөренелерімді арбаға салысып жіберсең, – дейді. Жын:
– Жарайды, – дейді.
Талқанбай бір бөрененің бір жағын жынға көтертіп, бір жағын өзі көтереді. Жынға берген жағы жарық болады, жарық емес өзі ұстап тұрған жағынан қысса, жынның қолы бөрененің арасында қалып қойып, бақырып жатады. Бақырып жатқан уақытта бөрене арқанын алып барып, екі қолын байлап, әбден мейірі қанғанша ұрып, ап келіп, бір үлкен терекке байлап қояды. Өзі бөренесін арбасына салып, кетіп бара жатқан кезде жын айқайлап, жалынып:
– Ағажан-ай, мені босат, мен мұсылман баласына тиюші болмайын. Ағаларыма да, туған-туысқандарыма да айтып қояйын, тиме деп, – айқайлайды. Талқанбай үндеместен кете береді. Жын жалынып, «Тым болмаса, ағатай, атыңды айтып кет», – дейді. Талқанбай атын жасырып, «Атым – Былтыр», – дейді де, кете береді. Жын жылай-жылай, қала береді. Жынның дауысын естіп, ағалары келіп:
– Ей, сені кім байлады? Кім ұрып кетті? – дейді. Жын:
– Ойбай, Былтыр ұрып кетті, Былтыр, – деп, жылай түседі. Ағалары:
– Былтыр ұрғанды биыл айта ма екен, сен есіңнен адасқан екенсің, – деп, жығылған үстіне жұдырық қылып, онан жаман ұрып, шешіп, алып кетеді. Сөйтіп, бір жұмыскер өзінің қулығыменен бір өлімнен құтылған екен.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру