Информатика | Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі

 Информатика | Информатикадан деңгейлік тапсырмаларды жасау әдісі

Мазмұны

КІРІСПЕ
1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР.
1.1.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
1.2 Информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктері.
1.3 Дидактикалық материалдардың тиімділігі.
1.4.Информатика пәнінде зерттеулік оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру
2. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1 Тестік тапсырмалар.
2.2 Бақылау жұмыстары.
2.3 Үлестірме қағаздар мен перфокарталар.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Информатика және есептегіш техника негіздері жалпы білім беретін орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгелі бері курсты оқытудың белгілі тәжірибелері жинақталған. Сонымен қатар, курсты оқытудың дидактикалық жүйесі де қалыптасып келеді.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпаратлық процестер мен факторлардың фундаментельды ролін мойындау болып табылады.
Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелері бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.
Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады.
- оқу үрдісінде дидактикалық материалдарды дайындауды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау.
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде материалдарды дайындаудың үлгілерін пайдалану әдістемесін жасау.
- мұғалімдердің дидактиканы меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктілігін жетілдіру.
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін сабақта пайдалануға үйрету.
- мектептің материалдық-базасын нығайту.
Бірінші кезең – информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптерді білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды.
Екінші кезең – информатикадан өтілетін сабақтың дидактикалық ерекшеліктерін оқу-тәрбие үрдісінде ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, дидактикалық материалдарды кеңінен қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту програм-масының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Мақсаты:
- дидактиканың тиімділігін оқу процесіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді тапсырмалар жағдайына педагог мамандардың біліктілігін көтеру;
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:
- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;
- педагог мамандардың сабақта дидактикалық функцияларды пайдалана алу дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу;
- педагог мамандарды дидактиканың үлгілерін өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
Қазіргі мектептің даму болашағы
Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы негізгі мәселенің бірі. Оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан –жақты болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым –қатынақа көшу кезінде саяси –экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан –жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыру»,- деп тұжырым жасады.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Сабақ мазмұнының теориялық – практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Мұғалімнің әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта – ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, мұғалімнің дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Оқушыларға білім негізін меңгерудің әдіс – тәсілдері сан алуан. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру – мұғалімнің өз еңбегін ұтымды ұйымдастыра отырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа ізденуін қалыптастыру, оқушыларға сұрақ қою, эксперименттік тапсырмаларды шештіру, ой таласын жасау, танымдық ойындар сияқты шаралар арқылы информатика пәнінде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыра алады.
Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - мұғалім. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалімдер қажет. Ол бір уақытта педагог - психолог және оқу процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдық ерекшеліктеріне сүйене отырып білім беруді кажет етеді.
Мұғалімнің аса маңызды іс әрекетінің бірі - әртүрлі іс-әрекеттің саналы түріне оқушыларды ұйымдастыру: мұғалімді және жолдастарын тыңдау, ғылыми танымал сабақта және үйде әртүрлі оқу материалымен өз бетімен жұмыс істеу.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болашақ мұғалімге қажетті оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін үйрену, негізгі әдіс- тәсілдерді меңгеру, келешекте өз ісін жетік меңгерген маман болып қалыптасу.

І. ДИДАКТИКАНЫҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ
1.1.Информатика және дидактика
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу- тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып табылады. Мектептегі сабақ клас- сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізігі сипаттары бар: 1) оқу топтарының құрамы; 2)әр кластағы оқу мазмұнын қатаң анықтау; 3) оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі, 4) оқушылар жұмыстарының жеке және бірлескен түрлерін ұштастыру; 5) мұғалімнің жетекші ролі; 6) оқушылар білімін жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Каменскийден бастау алған класс-сабақ жүйесі бүгінге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырудың негізі болып келеді.Информатика негіздерін оқыту да дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтыра түседі.
Дидактикада сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал, дидактикалық мақсат – оқытушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар: 1) жаңа сабақ (тың хабарлар айту, түсіндіру сабағы);
2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту, бекіту сабағы (жаттығу сабағы)
3) оқушылардың білімін, шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Көптеген жағдайда мұғалім осы аталған дидактикалық мақсаттардың біреуін ғана басшылыққа алып қоймайды, олардың бірнешеуіне немесе барлығына сүйенеді. Сол себепті тәжірибе жүзінде аралас сабақ түрі кеңінен қолданылады.аралас сабақтың құрамы әртүрлі болып келеді және оның бірқатар артықшылықтары бар. Сабақтың түрлерін араластыра қолдану жаңа білімді сапалы, әрі жылдам қабылдауды, кері байланысты және педагогикалық процесті басқаруды, бағаларды көбейтуді, оқытуды жекеше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Информатикадан өтілетін сабақтардың өз ерекшеліктері де бар. Академик М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды ЭЕМ-ді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальды зертханалық жұмыс және практикум.
Дидактик мұғалімнің қандай жалпы дидактикалық әдісті қолданғанын, қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды; әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материалының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады.Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту практикасы төмендегі факторларымен сипатталады:
1) Қазіргі уақытқа дейін Информатиканы оқытуда жеке мәселелерді оқыту тереңдігі мен материалдың баяндалу бағыты және мазмұны бойынша бір-бірімен айырмашылығы бар, әртүрлі оқу құралдары мен оқу бағдарламалары пайдаланып келді. Оның үстіне информатиканы оқытатын мұғалімдердің мамандық деңгейі мен базалық білімі әртүрлі.
Сондықтан әр мектептегі информатиканы оқөытудың нақты мазмұны мен бұл пән бойынша оқушылардың дайындығына жеке оқытушылар тарапынан қойылатын талаптардың деңгейі түрліше.
2) Қазіргі уақытта информатиканы оқытуды тек жоғары сыныптарда емес, оны төменгі буынға көшіру қолға алынды. Жалпы біілм беретін орта мектепте информатикадан берілетін міндетті білім көлемін қамтитын базалық курс орта мектептің 7-9 сыныптарынан бастап оқытылады. Мұның өзі инфооматиканың мазмұнының және оқыту нәтижесіне қойылатын талаптардың осы жастағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сай болуын талап етеді.
3) Информатика курсы алғаш оқу жоспарына кіргенде, компьютерлік сауаттылықты қамтамасыз ету құралы ретінде, оқушыларды ақпараттық қоғамда еңбек етуге дайындау үшін енгізілген болатын. Бұдан бұл курстың жалпы білім беретін маңызды міндеті ескерілмей қалған. Қазіргі уақытта информатика курсын мектепке жаппай енгізілуі жағдайында барлық пәнді оқытуда компьютерді қолдану, ЖАТ –ны (жаңа ақпараттық технология), АКТ-ны (ақпараттық-коммуникациялық технология ) пайдалану компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру мәселесі шеңберінен тыс жалпы білім беретін пән ретінде оқу-тәрбие мәселесінің комплексі тұр.

1.2.Информатиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Информатика пәнінің орта мектепке енгізілгеніне үшінші онжылдыққа аяқ басып барады. Осы уақыт аралығында курсты оқытудың әртүрлі бағыттары пайда болды.Орта мектептегі басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым.Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуына қарай, курстың мазмұныны да өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен программалық және техникалық құралдардың әртүрлігі, сондай-ақ, информати канны оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстың мазмұны мен оқыту әдісі, оқыту құралдарын таңдауда информатика пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда.Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен іздеген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі [1,5].
Ғылымилық принципі – бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орын алуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені информатика курсында «жоғарғы», «төменгі» деп бөлінетін нақты бөліну жоқ, пәнішілік байланыс өте жоғары. Олай дейтініміз – информатика ғылымындағы көптеген түсініктер мектептегі пәннен өзінің ұқсастығын тауып жатады. Курста қарастырылатын «ақпарат» , «алгоритм» және «атқарушы» ұғымдарының іргелі ұғым екені белгілі. Алғашқы екі ұғымның мағынасының айқын екені түсінікті, ал атқарушы ұғымы көп мағыналы, ол информатика курсында бірнеше қызметтер атқарады:
1. алгоритмді атқару процесіне көрнекілік беретін дидактикалық құрал (тасбақа, робот және т.б. атқарушылар);
2. бұл көптеген мәселелерді бірыңғай бағытта сипаттауға мүмкіндік беретін ұғым: тасбақа – графикалық атқарушы, редактор – текстік атқарушы, операциялық жүйе – файлдар атқарушысы, принтер – тексті қағазға шығаратын атқарушы және т.б.
3. кез келген атқарушыдағы компьютерлік модель құрылымы компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатын ашады.
Сондай-ақ, кез келген атқарушыдағы компьютерлік модельді обьектілі бағдарланған программалау терминдеріндегі модуль немесе обьект ретінде түсінуге болады.
Оқытудың ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенеді. Ол информатикаға қатысты модельдеу, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді.
Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсіну мүмкін. Бірақ, бұл түсінік информатика курсында аса күшті пәнішілік байланыстың әсерінен басқаша сипат алады.мысалы, қайталану командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.
Бұл тұжырымды, яғни бірізділік принципін қайталану түрінде жүзеге асыруды А.П.Ершов ұсынған болатын. Ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді.
Мысалы, А.Г.Куширенко бастаған топтың оқулығында алғашында көмекші алгоритмдер Роботқа арналған алгоритмдердің жазылуын қысқарту үшін пайдаланылса, кейіннен Сызушыға арналған алгоритмдерде аргументке ие болып, толығымен сандық есептерге айналады. Бұл оқулықтың баяндалуында бірізділік қайталау айқын көрініп, осыдан пәнішілік байланыс ашыла түседі.
Іс - әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекетіндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, сондай-ақ, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Бірақ, компьютер бұл ұғынықтылықты оқыту мақсаттарымен шектеуге мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда оқушыда бірін-бірі толықтырып отыратын әртүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.
Мазмұнының тиімділігі. Тиімділік принцип оқыту деңгейлерін бөлу мен компьютердегі жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым дайын программалық құралдармен жұмыс компьютерді пайдаланудың ең төменгі деңгейі болып табылады. Барлық оқушылар үшін бұл деңгей компьютерді тиімді пайдаланудың белгісі іспетті. Мысвлы, аса маңызды да, күрделі тақырып – алгоритмдердің күрделілігі. Бұл тақырыпты оқушылардың мынадай есептен бастағаны дұрыс: есептің көлемінің уақытқа тәуелоділігін практикалық зерттеу.сондай-ақ, тиімділік ақпаратның графикалық түрде берілуімен де жүзеге асады.
Іс - әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті информатиканы оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол информатика курсының мазмұнындағы ақпарат ұғымының әртүрлі сипатта берілуімен түсіндіріледі: бір ақпаратның өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы, блок-схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмнің құрылымы мен атқарылу процесін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, программалау тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграммалар да көрнекілік болып табылады. Е – практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да көрнекілікке жатады. Алгоритм тексінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі – көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер мен түстің, дыбыстың қосылуы дв көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым ВЕЕР командасы өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен программадағы кездескен қатені, программаның бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с. көрсетуге болады. Сонымен қатар, редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып табылады.
Белсенділік және өз бетінділік принципі. Оқушының белсенділігі оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді оқыту барысында педагог оқушылармен тікелей байланыста жұмыс істейді, олардың реакциясын көріп, өзі басқарады. Ал информатика курсында оқушының жұмысы мұғаліммен жекпе-жек болуы мүмкін. Сөйтіп, информатика сабағында оқушының белсенділігі тек мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Е.И.Машбиц, «білімнің оқушыға бере салатын зат емес, оның жеке тұлғалық қасиетіндегі өзгерісі екенін» өте орынды атап көрсетті. Ол белгілі бір мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл, әсіресе, жүйелі де, жан-жақты бвйланыспен білім беретін информатика пәніне тән. Белсенділіктің байқалу тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-әрекетіндегі жүретін рефлекция арқылы өзіндік бақылау, өздерінің алгоритм құруы және дайын алгоритмді түрлендіру. Белсенділіктің оқуға деген қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нвқты тұжырымдамауы қажет, дәлірек айтсақ, нені «тапсыруы» қажет. Оқытудың басында бір компьютерге екі оқушыдан «отырғызу» жұмыс белсенділігін арттырады, өйткені сенімсіздік азайып, диалог пайда болып, өзара оқыту жүреді.
Оқушының өзбетінділігі де информатиканы табысты оқытудың мақсаты және қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекетті өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшу барысында өзбетінділік толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы - белсенділіктің белгісі, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру