Экономика | Жергiлiктi бюджеттiң қазынашылық процестерiн жетiлдiру жолдары

 Экономика | Жергiлiктi бюджеттiң қазынашылық процестерiн жетiлдiру жолдары

Мазмұны

КIРIСПЕ...........................................................................................................
1 ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТIК БЮДЖЕТТIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1.Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен маңызы................................................................................................................
1.2. Бюджет жүйесiнiң принциптерi................................................................
1.3 Әртүрлi деңгейдегi бюджеттi жоспарлау негiздерi және бекiту.............
2 ТАРАУ. ҚЫЗЫЛ ОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТТIҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ
2.1 Қазынашылықтың даму тарихы.................................................................
2.2. Республикалық бюджеттің қазынашылық атқарылуын талдау............
2.3. Облыстық және аудандық бюджеттің атқарылуын талдау....................
3 ТАРАУ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГIЛIКТI БЮДЖЕТТIҢ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРIН ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Бюджеттi құрудың проблемалары.............................................................
3.2 Бюджетті атқарудағы қазынашылықтың рөлі.........................................
3.3 Қазіргі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары...................
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI...........................................

КIРIСПЕ
Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру қажет. Себебі білімнің кез келген саласы оның тәжірибемен дәлелденген бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына айналады . Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ, олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық және интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс кабілетін қажетті деңгейде қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мажбүрлі салықты төлеуге түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл нарықтық механизмді шектейді және қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін қалыптастырады. Мүндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін, азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, түтастай энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді.
Мемлекеттiк бюджет – ол өте күрделi механизм болып саналады. Бюджет деп- мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруға арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзгеде кiрiс көздерiнiң және түсiмдерiнiң есебiнен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлiгiн айтады. Қысқаша айтқанда мемлекеттiк бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры. Жалпы алғанда мемлекеттiк бюджет бұл ақша түрiнде қоғамдық өнiмнiң бөлiнуiн және оның экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшiн қолданылатын ақша бөлiгi. Қоғамызда мемлекет бюджет республикалық және жергiлiктi бюджет болып бөлiнедi.
Жергiлiктi бюджет – облыстық, қалалық әкiмшiлiктен тұрады. Ал республикалық бюджет мұнда негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкiметiнен парламентiнiң актiлерiнен жүктелген мiндеттердi атқаруға бөлiнген және жалпы бағдарды, шараларды қамтамасыз ету үшiн арнайы орталықтандырылған түрде ақша қоырының бөлiнуi жатады. Бұл далпы iшкi өнiмнiң өзгеруiне байланысты өзгеретiндiгi. Яғни мемлекеттiмiз бойынша жалпы iшкi өнiм өскен сайын мемлекеттiк бюджеттiң де артатындығы.
Тақырыптың өзектiлiгi: қазiргi кезде мемлекеттiк бюджеттiң керектiгiн мынадан көруге болады. Өнiм өндiру үшiн орталықтандырылған ресурстарының құрылуы тиiс және сол арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары керек. Мемлекетке орталықтандырылған түрде қаржының керектiгi және сол арқылы халыққа қызмет көрсету, әлеуметтiк мәдени жұмыстарды жүргiзу, қоғанысты күшейту бiлiм саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау мәдениет пен өнердi дамыту, ақпарат көздерiн және оның сапалылығын арттыру болып табылады. Яғни халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы мемлекеттiк бюджетке тiкелей байланысты, яғни оның атқаратын рөлi өте жоғары.
Жұмыстың мақсаты бюджет туралы түсiнiкке тоқталып деректер менен сандар бойынша оның экономикадағы маңыздылығын дәлелдеу болып табылады. Ол үшiн мынадай мiндеттемелер алға қойылып тұр:
• мемлекеттiк бюджет туралы түсiнiк
• мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық маңызын белгiлеу
• бюдет принциптерiне сипаттама беру
• бюджеттiң атқарылу тәртiбiн анықтау
• бюджеттiң қазынашылық ролiн сипаттау
• Қызылорда облысының бюджеттiк кiрiстер мен шығыстар материалдары бойынша талдау жүргiзу
• Бюджеттiң орындалу жөнiнде ұсыныстар мен дамыту жолдарын ұсыну
Дипломдық жұмыс кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
Бiрiншi тарауда мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мән ашылып оның мемлекеттiк маңызы ашылады. Бюджет жүйесiнiң мәнi мен оның принциптерiне жеке-жеке тоқталып бюджеттiң қалай жоспарланып қалай бекiтiлетiнi талданады.
Екiншi тарауда әртүрлi деңгейдегi бюджеттiң экономикалық талдауы орын алып республикалық бюджеттiң атқарылуына жеке тоқталамыз. Сонымен бiрге облыстық және аудандық бюджетке көшiп оны сандық көрсеткiштер көмегiмен талқылаймыз. Қызылорда облысының бюджеттiң шығыстары мен табыстарына жеке тоқталып оны жан-жақты талдаймыз. Бюджеттiң атқарылуындағы қазынашылықтың ролi өте зор, сондықтан оның маңызын атап көрсетудi осы тарауда жөн көрдiк.
Үшiншi тарауда республикалық және жергiлiктi бюджет процестерiн жетiлдiру жолдары қарастырылып, бюджеттi құрудағы негiзгi проблемаларға назар аударылады. Сонымен бiрге бюджеттi жоспарлаудың жетiлдiру жолдары ұсынылады

1 ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТIК БЮДЖЕТТIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

1.1.Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен маңызы.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты, Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден — мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың, (АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары қызмет етеді.
Мемлекет қызметтерінің үлғаюы мемлекеттік шығындардың қаркынын ЖҰӨ өсуі карқынан едәуір асырып жібереді. Мысалы АҚШ-та XX ғасырда мемлекеттік шығындар 350 есе артты. Тек 1980—1989 жылдар арасында федералдық бюджет шығындары 2 еседен астам өсті (433,5 млрд. долл. 872 млрд. долл. жетті) /6/.
Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады. Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек. Оларға әскери қарыздар бойынша пайыздық төлемдер, зейнетақы, соғыс мүгедектеріне, ардагерлерге және т. б. көмек түрлері жатады. Мемлекет бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең аддымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мақсаттарға шоғырлаңдыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына әлеуметтік қамсыздаңдыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін даярлау, қайта даярлау және т. б. жатады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды, мүны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады. Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары — салықтар, мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі — салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарьша, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойьшша салық төлейді.Номиналдық табыстың үлғаюына сәйкес табыс салығын есірудің базасы жасалады, салық телеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді.
Салық салу тарихында жоғары пайдаға салық салу деген де бар. Ол пайданың белгілі мелшерден артық болуына байланысты салынады. Мұндай шара әдетте төтенше жагдайларда, соғыс, экономикалық күйзеліс кездерінде қолданылады. Табыс салығының қатарына мулік салығы және капиталды пайдаланумен байланысты аткарылға істер салығы да жатады. Бірінші жағдайда салық мүліктің құнына қарай (жер, құрылыс) әрбір адамнан және заңды тұлғалардан алынады.
Капитал ісінен алынатын салық корпорациялардың бағалы қағаздарды сату, сатып алуынан түскен табыстардан алынады. Тікелей табыс салықтарымен қатар жанама салықтар да маңызды рөл атқарады. Олар тауарлар немесе қызмет керсету бағаларына қосылады. Бұл салықты тауарды түтынушылар (сатып алушылар) телейді. Қаржы ресурстарын бюджетке шоғырландырудың басты құралы тікелей салықтар, алайда жанама салықтардың да рөлі кеміген жоқ.
Жанама салықтар бүгінде үш түрде көрінеді: акциздер, фискалды, монопольді салықтар және кеден салығы. Бұлардын ішіндегі ең бастысы — акциздер. Олар тауар бағаларына немесе қызмет көрсету тарифтеріне қосылады. Әрбір еддің ерекшеліктеріне қарай акциздер халық түтынатын тауарларға, транспорт, байланыс, түрмыстық қызмет көрсету түрлеріне салынады. Қазіргі кезде акциздің бір түрі — қосымша кұнға салық салу кеңінен дамуда. Бұл жағдайда салық тауарды өткізгеннен түскен барлық түсімге салынбай, тек осы кезеңдегі өндірістік қызметтік нәтижесінде қосылған құнға салынады /15/.
Жергілікті әкімшіліктің қажеттіктерін өтеуге өз салықтары жетіспегендіктен кептеген елдерде орталық үкіметтің жергілікті органдарға субвенция (көмек) беруі үшін белгілі сомалар бөлінеді. Жалпы өзінің табиғаты жағынан субвенция дегеніміз орталық үкіметке түсетін салықтың бір бөлігі, ол жергілікті бюджетке бөлініп беріледі.
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуі рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өңдіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда. Мұндай ықпал көп бағытта жүргізілуде. Пайдаға салық салу арқылы манипуляция жасап, мемлекет капиталдың қорлану процесіне айтар-лықтай әсер етеді. Оның мысалы ретінде жеделденген амортизация деп аталатын салық механизмін келтіруге болады. Мұнда мемлекеттік қаржы органдары компанияларға амортизация қорына негізгі капиталдың іс жүзіндегі тозуы құнынан айтарлықтай артық соманы жіберуге рұқсат етеді. Нәтижесінде пайданың салық алынатын мөлшері едәуір кеміп, төленген салықтың көлемі де азаяды.
Сан алуан қаржы байланыстарында, жекелеген ерекшелiктерi бедерленетiн айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттiң кәсiпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халық пен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөледiң айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесiнде туындайтын ортақ белгiлерге тән және олар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ‘’Мемлекетiк бюджет‘’ деп аталған ұғымның экономикалық мазмұны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет экономикалық қатынастарының жиынтығы ретiнде объективтiк сипатқа ие. Оны бөлудiң дербес салысы ретiнде өмiр сүруiн қоғамдық өндiрiстiң өзi айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстрады қажет етедi. Қаражатты орталықтандыру бүкiл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздiксiз айналымының ұйымдастыру үшiн, жалпы экономиканың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн қажет. Арнайы бюджет саласының құндық бөлiнiсi мемлекеттiң табиғаты мен қызметiнен туындайды. Мемлекет қаржыландыруға; бүкiл қоғам ауқымында әлеуметтiк мәдени шаралар өткiзуге; қорғаныс мiндеттерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жалпы шығындарын жабуға орталықтандырылған қаржыны қажет етедi.
Сөйтiп мемлекеттiк бюджет ұдайы өндiрiстiң қажеттiлiктерiн мемлекеттiң табиғатынан объективтi қажеттiлiк туындайтын болып табылады.
Экономика қазiргi жағдайда орталықтандырыған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынымен қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрылып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты учаскелерiнде шоғырландырылып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айрықша бөлiгi ретiнде мемлекеттiк бюджет айрықша қоғамдық арналымда жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретiнде мемлекеттiк бюджетте қаржы категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлiстiк сипатта мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүредi. Сонымен қатар бюджеттiк қатынастардың бөлiгi бiр ерекшелiгi болады. Бiрақ ол ерекшелiк қаржыға тән сипат шегiнен шықпайды. Мемлекеттiк бюджет құн бөлiнiсiнiң айрықша саласы ретiнде мыналармен сипатталады;
- Жиынтық қоғамдық өнiмiнiң мемлекеттiң қолында жинақталып, қоғамдық қажеттердi өтеуiнен байланысты бөлiс қатынастарының айрықша экономикалық формасы болып табылады.
- Құнды жасап, оны тұтыну процесiн бедерлейтiн материалдық өндiрiс қаржысы мен құнжы тұтынуға қажет ететiн өндiрiстен тыс сала қаржысынан айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары аумақтар, экономика секторлары, қоғамдық қызмет салары арасында құнды қайта бөлiске салуға арналған.
- Қоғамдық өнiмнiң тауар формадағы қозғалысымен тiкелей байланысы жоқ құнды бөлiсiн, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық өндiрiс пен өндiрiстен тыс салаларды қаржы қатынастары мен тауар-ақша қатынастары жатады /18/.
Кез-келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттiк бюджет өндiрiстiк қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық заттық көрiнiс табады. Бюджет қатынастары мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында бюджет қорында заттанады. Нәтижесiнде қоғамда жүрiп жатқан нақты экономикалық процестердi мемлекет жұмылдырылып, пайдаланып қаражат тасқынынан көрiнедi. Бюджет қоры қоғамдыққ өнiм ҰТ-ң құндық бөлiнiсiнiң тиiстi кезеңдерiнен өтiп, ұдайы өндiрiстi ұлғайту, халыққа әлеуметтiк-мәдени қажет көрсету, қорғаныс, басқару жөнiнде қажеттердi қанағаттандыру үшiн мемлекет қарамағына түскен бөлiгiнiң объективтi аалғышарты бар экономикалық формасы. Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану бөлу және қайта бөлуге байланысты болатын құн қозғалысының процесiн бiлдiредi.
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылған қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейдi. Бюджет экономикға бюджет механизмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономика ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизм мемлекеттiң ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiнде қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады. Өндiрiс құрал-жабдықтаушыларына мемлекеттiк меншiктiң әсiресе басым болуы шаруашылықты үйлестiре жүргiзудi қажет етедi. Мұның өзi бюджет қатынастарының жұмыс iстеуiнiң жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды. Бюджет байланысының мақсаты сипаты, мемлекеттiң ақшалай қаражатының орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет байланыстарын тиiстi қаржы құжаты елдiң негiзгi қаржы жоспарында бейнелейтiндiгiне жеткiзедi. Онда бюджеттiң экономикалық мазмұнын құрайтын бөлiс процестерi қарастырылады; кiрiстер және шығыстардың баптары мемлекеттiк ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын қалыптастыру көздерi мен жұмсалу бағыттарын көрсетедi. Негiзгi қаржы жоспары мемлекеттiң жоспары қызметiнiң нәтижесi, онда қоғамдық барлық мүшелерiнiң мүдделерiн бейнелейтiн мемлекет еркi көрiнедi.
Қоғамдық ұдайы өндiрiстегi мемлекеттiк бюджеттiң рөлi, ең алдымен өндiрiлген ҰТ-ң 39%-нiң жалпы қоғамдық өнiмнiң 18%-ң бөлуге және қайта бөлуге түсуiнен көрiнедi. Ол жағдайда атап өтелгендей қаражатты елдiң халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндiрiс секторлары, экономикалық аударымдары мен аймақтары арасында бөледi.
Бүкiл халық шаруашылығының бюджетi болғанда мемлекеттiк бюджет экономикаға тұтас ықпал жасайды......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру