Экономика | Меншік заңдары меншік түрінің эволюциясы

 Экономика | Меншік заңдары меншік түрінің эволюциясы

Мазмұны

Кіріспе ---------------------------------------------------------------

І-тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылық-
тары-------------------------------------------------------------
І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық
мазмұны ------------------------------------------------------------
І.2. Меншік заңдары және шаруашылық жүргізу форма-
лары-----------------------------------------------------------
І.3. Меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет ету
Механизмі---------------------------------------------------

ІІ-тарау. Меншік түрінің эволюциясы ----------------
ІІ.1. Экономиканы трансформациялау бағыттары
туралы-----------------------------------------------------
ІІ.2. Меншік түрі және меншік қатынастарын жаңартудың
теориясы мен практикасы----------------------------------
ІІ.3. Қ.Р. жекешелендірудің іс-тәжірибелік мәні және
маңыздылығы ------------------------------------------------

Қорытынды--------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі---------------------

Экономикалық теория және қоғамдық практика үшін бүгінгі күні аса маңызды өзекті мәселелердің бірі - өркениетті рыноктық қатынастардың негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады. Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік құбылысы.
Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері “Экономикалық билік кімге тиеселі?” деген сұрақтарға әрқашанда көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі қолданады.
Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған социалистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшырап, тарихи сахнадан кетуімен анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы” үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар.
Мәселен, социализм деп дәріптеген қоғамда барлығы халықтікі деп меншікті мемлекеттендіру, бір орталықтан әкімшілік әдіспен басқарылатын экономикалық жүйе адамдардың қоғамдық байланысқа деген бейтараптық көзқарасын жоғарғы денгейлерге дейін жеткізіп күшейтті. Еңбекті ұйымдастыру, басқару жүйесі әміршілдік сипатқа ие болып “бір адам еңбектеніп, жетеуі бақылаушы” болатын жүйе қалыптасты. Осы себептерден еңбек өнімділігі, сондай-ақ өндіріс тиімділігі көрсеткіштері төмендеп қана қоймай, құлдырау траекториясына түсіп кетті. Бұл процестер теңгермешілік қағидаларының теріс салдарымен үдемелі түрде күшейе түсті.
Еңбекте атқарылуы тиісті жұмысқа ынталылық күрт төмендеді. Осының әсерінен халық күнделікті тұтынатын тауарлар өндіру, қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы дәрежесі кеміп, дамыған елдерден анағұрлым төмен денгейде қалыптасты.
Бітіру жұмысының негізгі мақсаты меншік экономикалық категориясының мазмұнын, заңдарын, формаларын айқындау арқылы оның әрекет механизмін көрсетіп. ҚР-ның меншік эволюциясы туралы нақты мысалдар негізінде практикалық ұсыныстар жасау болып табылады.
Біздің таңдап алған бітіру жұмысының өзектілігі жоғарыда келтірілген пайымдаулар арқылы дәлелденді деп санаймыз. Бітіру жұмысының негізгі міндеті меншік заңдары әрекетін және меншік түрінің эволюциясын айқындау болып табылады.
Бірінші тарауда меншік құрылымы және оның заңдылықтарын анықтап көрсету, срның ішінде
- “меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұнын ашып дәлелдеу;
- меншік заңдары мен шаруашылық жүргізу формаларын айқындау;
- меншіктің ішкі қайшылығы және әрекет механизмінің қызхметін сараптау мәселелері туралы жазылатын болады.
Екінші тарауда меншік түрінің эволюциясын талдап көрсету барысында
- экономиканы трансформациялау заңдылықтары;
- меншік түрлері және меншік қатынастарын жаңартудың теориялық негіздері;
- Қазақстан Республикасында жекешелендірудің іс-тәжірибелік мәні және маңыздылығы туралы ой-пікірлерімізді ортаға салмақпыз.
Қоғамдық жүйені түбірімен өзгертетін меншік қатынастарының диалектикасының қайшылықты даму ерекшеліктері мен заңдылықтары, шиеленіскен дағдарысы мен оның иелерін табу, яғни меншіктеу, жекешелендіру арқылы өндіріс нәтижелеріне мүдделі шаруашылық жүргізуші тұлғаларды анықтап табуды мұрат етеді.
І-тарау. Меншік құрылымы және оның заңдылықтары.

І.1. “Меншік” категориясының экономикалық және құқықтық мазмұны.

Меншік түсінігі көп қырлы, терең түсініктердің қатарына жататыны белгілі, сондықтан оны тек қана экономикалық емес, сонымен бірге философиялық, тарих, құқық және саясаттану ғылымдары да зерттейді.
Сондықтан да меншік қатынастары жүйелі түсінік болып табылады. Осыған байланысты әр бір қоғамдық ғылымдар қарастырылып отырған категория мазмұнына өзіндік сипат береді де терминологиялық көп түсінік пайда болып, проблемены шешу қиыншылықтары туындайды. Мысалы, “Меншік құқығын” заң ғылымының анықтамасы қоғамдық мақсаттарға сәйкес өзгереді. “Меншік”түсінігі саяси жағдайларға байланысты да көптеген өзгерістерге ұшырайды.
Меншіктің қоғамдық өзгерістеріне төтеп беретін ең икемді анықтамасын оның тұрақты қоғамдық функциясы негізінде беруге болады.
Меншік қатынастарының ежелгі тарихы бар. Адамзат қоғамы өз шаруашылығының кез-келген даму кезеңдерінде әр түрлі иеліктер тапшылығына кездесіп отыратындықтан меншік қатынастары объективті қажеттілік болып табылады.
Жалпы экономикалық түсінік бойынша меншік дегеніміз затқа қатынасы процесінде адамның затқа және адамның адамға қатынасы болып табылады. Басқаша айтқанда меншік мазмұнында субъективті-объективті және субъективті-субъективтік қатынастар бар болып шығады.
Меншік тек қана зат және адамның затқа қатынасы емес. К.Маркс жекеленген индивид жерге меншік иесі болуы былай тұрсын, сөйлей де алмас еді деп жазады. Пруданның пікірі бойынша меншік – бұл ұрлық. Бірақ адам өзінен-өзі ұрлай алмайды, басқалардың меншігін ұрлайды, яғни белгілі бір жатсындыру және иемдену қатынастарына түседі.
Дәлірек, саяси экономикалық анықтама бойынша “меншік” өзгерістің материалдық негіздерін жатсындыру және иемдену бойынша шаруашылық жүргізуші барлық субъектілер арасындағы қатынастар болып табылады.
Дәл осы жатсындыру мен иемденудің қайшылықты бірлігі меншіктің материалдық мазмұнын құрайды, сондықтан меншік феноменін оның бір жағымен ғана, яғни иемдену қатынастарымен ғана өзгерту қателік болар еді. Сонымен бірге игіліктердің шектеулілігі қандай болмасын субъектінің меншік объектісін иемденуі оны басқа бір субъектіден жатсындыру арқылы ғана жүзеге асыратындығын есте ұстаған жөн. Бұдан басқа жатсындыру-иемдену қатынастары субъектілерді қоғамдық еңбек бөлінісі мен кооперацияларға кіруді талап етеді.
Қоғамда жинақталған байлықтың үлкен бөлігі бірнеше мемлекеттің, ал ел ішіндегі байлықтың азаматтардың аз ғана бөлігінің қолында болуын қалайша түсіндіруге болады? Ол ол ма “алтын миллиард” теориясы бойынша ресурстардың шектеулілігі жағдайында тұтынудың жоғарғы денгейі планета тұрғындарының бестен бір бөлігіне ғана, яғни бір миллиард адамға ғана жететін көрінеді. Бүкіл ел көлемінде кедейшілікті жеңудің нақты мүмкіндіктері бар ма? Ел ішіндегі әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну мөлшеріндегі өзгешеліктерді жоюға бола ма?
Осы және басқа да сұрақтарға ақылға қонымды жауаптарды меншіктің экономикалық мазмұны объективті зерттеу ғана жауап бере алады.
“Меншік” категориясының экономикалық мәнін түсіну үшін өндірістік құрал-жабдықтарын, халық тұтынатын заттарға меншік айырмашылықтарының маңызы зор.
Субъектінің меншігіндегі өндіріс құрал-жабдықтарының болуы ғана, сондай-ақ олардың саны мен сапасы және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкестігі осы объектінің шектеулі материалдық ресурстарды иемдену үлесін анықтайды. Дегенмен меншіктің экономикалық мәнін түсіну үшін мұның өзі аздық етеді. Субъекті меншігінде өндіріс құрал-жабдықтарының болуы шектеулі ресурстарды иемденудің потенциалды мүмкіндігі ғана болып табылады. Бұл арада екінші шарттың меншік иесінің құрал-жабдықтарын өнімді пайдалану шартының маңызы зор.
Басқаша айтқанда, өндіріс құрал-жабдықтарының иесі шаруашылық жүргізуші субъект болуы қажет. Бұл бір ғана адамға немесе бір топ тұлғаларға тиеселі өндірістік құрал-жабдықтарды ұдайы өндіріс процесіне қатысуы қажет деген сөз, яғни жаңа тұтынушылық қасиеттері, қосылған құны және бағасы бар жаңа тауарлар өндірілуі тиіс.
К.Маркстің анықтауы бойынша меншік дегеніміз өндіріс жағдайларында меншік ретінде қатынас және ол өндіріс арқылы ғана жүзеге асады.
Сондықтан меншіктен “бағалық әсердің” бөлінуін меншік қатынастарының экономикалық мәнін анық білдіруші деп қарастыруға болады. Бұл бағалық әсердің алынуы өндіріс құрал-жабдықтарының өнімді пайдаланылуымен тікелей байланысты.
Меншіктің экономикалық мазмұнының мәнін нақты жағдайларға қатысты анықтайтын болсақ, онда меншіктің мәні кез келген әлеуметтік-экономикалық жүйеде қосымша өнім формасында болатын меншіктегі өндіріс құрал-жабдықтарын ұдайы өндіруден алынатын экономикалық тиімділік болып табылады.
Өндіріс құрал-жабдықтарына меншікті пайдаланудан қосымша өнім алу үшін ең аз дегенде екі объективті жағдай қажет. Біріншіден, өндіріс құрал-жабдықтары жалдамалы жұмысшылардың белгілі-бір саны және сапасымен біріктірілуі тиіс; екіншіден, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс құрал-жабдықтары, сондай-ақ жалдамалы жұмысшылар ұдайы өндіріс процесіне қатысуы тиіс, яғни өндірілетін өнімді, сондай-ақ өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесіне тұрақты түрде қатысуы қажет.
“Бағалық тиімділік” немесе қосымша өнім формасындағы табыс өндіріс құрал-жабдықтары және жұмысшылар еңбегінің өзара күрделі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Меншік қатынастары әртүрлі объектілерге қатысты қалыптасады. Өнеркәсіптің, ғылыми-техникалық процестің дамуымен олардың құрамы мен құрылымы да сапалық өзгерістерге ұшырайды. Игіліктер мен қызмет көрсету түрлерінің өздерінде экономикалық қатынастар болмайды, бірақ олардың сапалық белгілері, пайдалық сипаттары және қанағаттандыру қасиеттері, сондай-ақ өндірісті тиімді ұйымдастыру қажеттілігінде экономикалық қатынастар орын алады.
Меншік объектілері арасында шешуші басым түрлері бар және қоғам ішіндегі соларды иемдену үшін тойтарыс, бәсеке жүріп жатады. Осы объектілерді монопольды иемдену экономикалық билікке қол жеткізеді, ал оларды монопольды иемденуден ажырату меншік қатынастарының жаңа жағдайына алып келеді. Жоғарыда айтқанымыздай меншік объектілерінің жалпы құрылымындағы анықтаушы ролін өндіріс құрал-жабдықтарына меншік атқарады. Соңғы уақыттарға дейін өндіріс құрал-жабдықтарының меншік объектілері ретіндегі басым роліне ешкім де күмән келтірмеген болатын. Дегенмен, соңғы жылдары өндіріс құрал-жабдықтары меншік объектілері ішіндегі басымдылыққа ие деген тұжырым тарихи өтпелі кезең шеңберінде ғана, заттық-өнімдік деп аталатын кезең ішінде ғана басымдыққа ие бола алады деген пікір орын алуда. Ғ.Т.П-ның дамуымен байланысты акцент ақпараттық және ғылыми білімге ауысады, себебі соңғылары қазіргі өндірісте ең бағалы ресурстар болып табылады деген пікір етек ала бастады. Нәтижесінде ақпараттық және интелектуалды меншіктің маңызы күшейе түсті. Осындай едәуір өзгерістерге байланысты кейбір ғылымдар меншік өзінің әлеуметтік-экономикалық мінін жоғалта бастады деген пікірді айтып жүр. Басқалары болса жалпы меншік феноменінің мәні жойылған жоқ, өндіріс құрал-жабдықтарының мәні төмендеуіне, яғни меншік объектісінің басым түрінің тарихи ауысуы орын алуда деген пікір қосады. Біздіңше аталған тұжырымдаманың қай-қайысы да артық айтылған пайымдаулар қатарына жатады. Мәселе мынада, ақпараттық және ғылыми білімдер өздігінен экономикалық тиімділікке қол жеткізбейді. Пайданы көбейтіп, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылату үшін білім ең алдымен жаңа, өнімділігі жоғарырақ өндіріс құрал-жабдықтарына жұмсалуы керек. Білімнің жоғары еңбек сиымдылығы және коммерциялық құндылығы оларды тиімді пайдалану ісін күрделендіре түседі. Сонымен бірге ақпараттық және интелектуалдық меншіктің маңыздылығы артқан сайын олардың мәнін, сондай-ақ көріну формаларын тереңдете зерттеу қажеттілігі туындайды.
Мамандар интелектуалдық меншіктің негізгі үш түрін ажыратады: 1) жеке меншік, оған құқық потент немесе бүкіл лицензияны иеленумен бекітіледі; 2) қоғамдық меншік, бұған мемлекет немесе бүкіл қоғам ішіндегі білімдер мен идеялар жиынтығы жатады және олар тіпті қысқа мерзімде де болмасын заңды тұлға қарамағына берілмейді; 3) меншіктің аралық формасы, бұған ұзақ мерзімге потент немесе лицензиямен бекітілмейтін иновациялық ғылыми-техникалық ақпарат жатады, бірақ түрі өзгертілген өнім нұсқауын жасау қаупі туады.
Интелектуалдық меншік формаларын дамытуда ғылыми идеялар мен жаңалықтардың генераторы шығармашылық тұлға мен мемлекет және капитал арасындағы қатынастарды реттеу маңызды рөл атқарады, оларсыз ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру