Есеп және аудит | Айналым қорларының аудиті

  Есеп және аудит |  Айналым қорларының аудиті

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Бөлім. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрлері.
1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы.
1.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бизнес жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары.
1.3. Бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін салыстыру.
1.4 Салық төлемдерін талдау.

ІІ-бөлім. Шардара жолдары  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылық және қаржылық жағдайын талдау.
2.1. ЖШС-нің басқару құрылымы және жұмыс қызмет атқару технологиясы.
2.2 Жауапкершілік шектеулі серіктестігінің негізгі және айналым қорлары және оларды басқару есебі.
2.3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық жағдайын талдау.
2.4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі және айналым қорларының аудиті.

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Нарықтық қатынастар әлемнің көптеген мемлекеттерінің, әсіресе дамушы елдерде экономикасына тән. Олардың нарықтық экономикаға өту жолдары және олардың қалыптасуының негізгі жағдайлары барлық жерде бірдей болған емес. Қазіргі заманғы жағдайда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты Қазақстанда да мезгілде екі күрделі міндетті экономикалық дағдарысты жеңу және нарықтық қатынастарға өту жөніндегі шараларды жүзеге асыруды шешу ситуациясы қалыптасты.
Экономикалық даму жағдайында жаңа қоғамға мақсаткерлікпен өту түпкілікті әлеуметтік-экономикалық жаңғыруды стратегиясы мен тактикасын жасау және жүзеге асыруға негізделуі тиіс. Ол төмендегі бағыттардан тұрады.
-экономиканы мемлекет меншігінен алу, меншік қатынастарын трансформациялау, жекешелендіру,
-өндірушілердің шаруашылық жүргізу қызметіндегі бостандығын, тәуелсіздігін және экономикалық жауапкершілігіне қамтамасыз ету;
-іскерлік құрылымдар, нарықтық қатынастардың басқа да белгілерін, нарықтық инфрақұрлымның қалыптасуына жағдай жасау;
-шаруашылықтың және меншіктің әр түрлі әлеуметтік түрлерін тең жағдайда дамытуды, шаруашылықтың әлеуметтік әдістерінің құрылымын әкімшілік жолмен емес, олардың бәсекелестігі мен тиімділігі негізінде қалыптасуына жағдай жасауды қамтамасыз ету;
-экономикалық және әлеуметтік тиімділікке қол жеткізетін шаруашылық салаларының артықшылықтарын айқындау, оларға барынша қолайлы жағдай туғызу;
-өндіріс құрылымын сұраным құрылымына, экономикалық демониполизациясына сәйкес келтіру мақсатымен белсенді құрылымдық және қаржыландыру саясатын жүзеге асыру;
-нарықтық негізде сыртқы экономикалық байланыстарды демократияландыру және экономиканың ашықтығын қамтамасыз ету;
-тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы жүйесін құру, азаматтарға қажетті деңгейде әлеуметтік қорғануды қамтамасыз ету, табысты индексациялау, еңбекке орналастыруды және кадрларды қайта дайындауды жаңаша ұйымдастыру, жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы төлеу;
-көрсетілген жағдайлардың барлық жиынтығының негізінде экономиканың құрылымында ұлан-ғайыр өзгерістерге және оның жоғарғы тиімділігіне жету;
Қазақстанда экономикалық жағынан күшті және дамыған мемлекет құру және оны жаңғырту үшін іс-жүзінде барлық жағдай бар. Республиканың экономикалық потенциалы төмендегідей: Қазақстан 2 миллион 717,3 мың шаршы километір жер аумағын алып жатыр. Бұл дүние жүзіндегі Англия, Франция,Германия, Италия, Испания, Бельгия, Жапония, Финляндия және Люксембург сияқты ірі мемлекеттердің барлығын қосқандағы көлемінің жиынтығына тең келеді. өзінің жер аумағы жағынан Қазақстан дүние жүзінде тоғызыншы орын алады. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев жарық көрген “Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегінде Республиканың материалдық өндірісін жаңғыртудың артықшылығы бар және оның төмендегідей бағыттары белгіленген:
-рынокты азық түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен толтыру;
-құрылыс және құрылыс индустриясының базасын нығайту;
-қара және түсті металлургияның соңғы жетістіктерін құру, экономиканың шикізаттың бағытын өзгерту;
-ғылымға негізделген өндіріс пен машина жасауды дамыту, қорғаныс кәсіпорындарын деверсификациялау және конверсиялары;
-экологиялық таза технологияларды енгізу;
-транспорттың , байланыстың, энергетиканың, туризмнің, мейрамхана жүйелерінің және басқаларының қазіргі заманғы инфрақұрлымдарын қалыптастыру.
Н.Ә.Назарбаев – біз тек осындай ғана міндетті алға қойып отырмыз және оны Қазақстанда шешуге тиіспіз. Міне, осы жерде қоғам алдында көкейтесті мәселе-іскерлікті дамыту мен бизнесмендерді тәрбиелеу мәселесі тұр. Ол өзінің ауқымы жағынан болсын, күрделілігі жағынан болсын, өз уақытысында шешілген ұлттық шығармашылық интелегенцияны қалыптастыру проблемасымен бірде-бір кем түспейді. Бұл үшін нарықтық экономикасы мен бизнесі дамыған, оны дамытудың көне дәстүрлерін сақтаған және тұрғындарының көптеген бөлігі іскер бизнесмен әлеуметтік тобына жататын елдердегі іскерліктің тәжірибесін, практикасын, теориясы мен әдістемесін оқып үйреніп негізінде бизнес бойынша теориялық және практикалық білім керек.

1. Бөлім. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру түрлері.

1.1 Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғысы.

Осы жарғы “Шардара жолдары” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңды тұлға ретіндегі құқықтың мәртебесін анықтайды.
“Шардара жолдары” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 26.08.1999 жылы тіркелген (куәлігінің 1958-ТОО) және бұдан әрі серіктестік деп аталады. Мемлекеттік тіркеудің негізі құрылтайшылар құрамының өзгеруінде. Серіктестіктің фирмалық атауы қазақ тілінде “Шардара жолдары” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Серіктестіктің тұрған орны: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы , Шардара қаласы, С. Мұқанов көшесі,9 үй. Серіктестіктің қызмет мерзімі шектелмеген.
Серіктестіктің заңды мәртебесі.
Серіктестік мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап заңды тұлға құқықтарын иеленеді.
Серіктестіктің мөрі, дербес балансы, банктерде шоттары, өз фирмалық атауы жазылған бланкілері болады. Серіктестік өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәселелер жасасуға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттер көрсетуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында және шетелде филиалдар мен өкілдіктер құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге кіруге, сондай – ақ өзгеде заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкіне жауап береді. Мемлекет серіктестіктің борыштары бойынша жауап бермейді. Серіктестік мемлекеттің борыштары бойынша жауап бермейді.
Серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктердің қызметіне баланысты шығындар бойынша енгізілген салымдар құнының шегінде тәуекелге барады.
Серіктестіктің қызметінің мақсаттары және мәні.
Серіктестіктің қызметінің негізгі мақсаты: жарғысы бойынша қызметінен таза табыс алуға болады.
Серіктестіктің қызметінің мәні болып табылатындар:
• Жолдарды , жөндеу жұмыстары және күрделі құрылыстар жүргізу.
• Жол құрылыс материалдарын өндіру және сату;
• Коммуналдық және жүк тасымалдау жұмыстарына қызмет көрсету;
• Халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату;
• Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу;
• Ішкі экономикалық сату және сатып алу қызметтері, коммерциялық қызмет;
• Жанар-жағар майларды сатып алу және сату;
• Жанар –жағар май бекетін және авто көлік айалдамасын ашу;
• Туристік және қонақ үйлік бизнестер жасау;
• Формацептикалық қызмет;
• Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзгеде қызмет түрлері;
Серіктестіктің лицензияланатын қызмет базасындағы құқықтық қабілеті тиісті лицензия алған сәттен бастап пайда болады және заң актілерімен белгіленген тәртіпте оның алып қолданылу мерзімі біткен немесе жарамсыз деп танылған кезінен бастап таратылады.
Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері.
Серіктестіктің қатысушылары құқықты; осы жарғыда көзделген тәртіппен серіктестік істерін басқаруға қатысуға;
• жарғысында көзделген тәртіппен серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға оның бухгалтерлік және өзгеде құжаттамасымен танысуға;
• серіктестік қызметінен, серіктестіктің құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;
• серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігінің құнын немесе серіктестіктің барлық қатысушыларының шешімі бойынша осы мүліктің бір бөлігін заттай алуға;
● өз үлесін бөліп алу арқылы серіктестікке қатысуын тоқтатуға құқылы;
Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері:
• құрылтай құжаттарынаң талаптарын орындауға;
• құрылтай құжаттарында көзделген тәртіпте, мөлшерге және мерзімді серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;
• серіктестік коммерциялық құпия деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге міндетті.
Серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің құрылтай құжаттарымен және Қазақстан Республикасының заңмен көзделген басқа да міндеттерді мойнына алуы тиіс.
Серіктестіктің мүлкі.
Серіктестіктің жарғылық капиталы 80000 теңгені құрап, қатысушылардың салымдарын көтеру жолымен құрылады. Серіктестіктің мүлкі оның балансында көрсетілген.
Қатысушылардың шешімі бойынша серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері ұлғаюы мүмкін.
Серіктестіктің таза табысын бөлу.
Серіктестіктің оның жыл ішіндегі қызметінің нәтижелері бойынша алған таза пайдасы серіктестікке қатысушылардың серіктестіктің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелеріне арналған кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес бөлінеді.
Жалпы жиналыс таза табысты немесе оның бір бөлігін серіктестіктің қатысушылар арасында бөлуден алып шығарып тастау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Серіктестіктің ықтимал шығындары резервтік капитал есебінен жабылады. Резервтік капитал қаражаты жеткіліксіз болғанда шығындарды жабу көздерін анықтау туралы шешім жалпы жиналыспен қабылданады. Серіктестік қатысушыларының қай – қайсысын болмасын таза табысты бөлуге қатысудан шеттеткен келісімдер жарамсыз болып табылады.
Серіктестіктің еңбек коллективі.
Директор жолдау туралы келісім шарттардың сондай – ақ еңбек қатынастарын реттейтін басқада нысандардың негізінде қызметкерлерді жалдауға құқылы.
Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген барлық әлеуметтік – экономикалық құқықтарының берілуін кепілдендіреді.
Әрбір қызметкерлердің еңбек табысының ең жоғарғы мөлшеріне шек қойылмайды және белгіленген ережелерге сәйкес салықтар салынады.

1.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бизнес жұмыстарын ұйымдастыру қағидалары.

Бизнес адамзаттың кез – келген ойластырған қызметі ретінде сендіру негізінде болсын, тиісті мағынасында және заңдық негіздегі жасалуы жағдайында болсын, мемлекетпен арадағы іскерлікке қатысушылардың экономикалық қарым-қатынастары нақты ұйымдастыруды қажет етеді. Бизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – бұл жеке іскерлік. Бұл жағдайда бизнесмен жеке тұлға ретінде кәсіпорынның фирманың мәртебесін иеленбей-ақ , өздігінен , жалғыз басты болып іс-қимыл танытады. Алайда , егер бұл қызмет бір рет қана емес кездей-соқ жүргізілмей, жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Әрбір азаматтың, мысалы: өзінің үй іргесіндегі учаскесінде көкөніс пен гүл өсіріп, оны сатуға құқы бар. Бұндай жағдайда егер осындай жеке іскерлік белгіленген минимумнан асатын пайда әкелсе , іскер осы пайдадан салық төлеуі тиіс.
Бірқатар жағдайларда белгілі бір жеке тұлға бизнеспен айналуы үшін іскерліктің бірнеше түрі мен айналысуға құқық беретін ақылы лицензия алу қажеттілігі қарастырылған. Мысалы: дәрігерлік қызмет, білім беру қызметін көрсету, ал кейде тіпті құстың белгілі бір мөлшерін атып алатын аңшыларға немесе ау салатын балықшыларға да әлгіндей лицензия алу қажет.
Егер жеке іскерлік қызмет белгілі бір салада жүйелі жүргізілетін болса, онда белгілі бір мерзім мен қызмет көлеміне берілетін ақылы патент алу қажеттілігі туады.
Жеке басты іскер өз шығынын өзі толық көтереді және өз қызметінің нәтижелері үшін өзі жауап беріп, бастаған ісін кез-келген уақытта тоқтата алады. Жеке іскерлік қызметтің тағы бір түрі жеке кәсіпорын , фирма , шаруа (фермерлік) қожалығы болып табылады. Бизнестің мұндай формасындағы мекеме құру құқы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол өзінің жеке кәсіпорын тіркеуден өткізіп , заңды тұлға мәртебесін алуы шарт. Мұндай жағдайда аталмыш кәсіпорын тек жалғыз адамнан ғана турмауы мүмкін. Бұл кәсіпорының меншік иесі іскерлік қызметтің субьектісі ретінде танылады, ол кез-келген мөлшерде қызметкерлер қатарында саналады.
Жеке іскерлік кейде отбасылы кәсіпорын түрінде көрінеді. Мұндай жағдайда жеке іскерліктен топтық , яғни ұжымдық іскерлікке өту әдісі байқалады. Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Бизнестің аламат әлемінде жалғыз басты іскер өте нәзік тұлға болып көрінеді. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан да бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да біртұтас кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жекеменшігі сақталады, тек бизнесмендер біртұтас команда құруға өздерінің күштерін біріктіреді. Дей тұрған мен серіктестіктерді, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі , оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды фактор болып табылады.
Сонымен қатар, ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуымен, ортақ меншіктің құрылуы мен , аталмыш бірігудің барлық мүлкіне міндеттеме бойынша жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты. Мұндай кәсіпорындарда өндіріс құрал жабдықтарына меншік топтық немесе ұжымдық мәнге ие болады. Бұл жағдайда, ұжымдық меншік шеңберінде басқалармен бірге ортақ кәсіпорынға біріккен әрбір іскердің меншігіндігі негізгі құрал жабдықтар ақшалай меншік бөлігін белгілеу түрінде мүлікті үлесіне қарай бөлу жолыменен жеке меншік құқын сақтауына болады. Жеке меншікті осылай сақтаудың түпкілікті нұсқасы кәсіпорын құру болып табылады. (16)
Құрал-жабдықтарды, капиталды, басқаруды одан әрі біріктіру корпорациялар, біріккен кәсіпорындар , және тағы басқа түрдегі ұжымдық іскерліктің интеграциялық формаларына әкеледі.
Аталмыш жағдайда кәсіпорынның аясында іс жүзіндегі заңдық тәртіппен құрылған, адамдармен қоғамның әр түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында атқарлатын өнім өндіру, тауар сату, қызмет көрсету, жұмыс орындау жөніндегі белгілі бір қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектісі танылады.
Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрл іболып келеді. Құқықтық және өндірістік тұрғыдан алғанда олар жекелеген топтармен түрлерге бөлінеді. Ол үшін нарықтық экономика олардың ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру