Қаржы | САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 Қаржы | САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Мазмұны

КІРІСПЕ.....................................................................................................................3

1 САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................................5

1.1 Салықтық әкімшіліктің ұғымы, алғы шарттары және түрлері....................5
1.2 Салықтық әкімшілік салықтан жалтаруды реттеудің құралы ретінде.........11

2 САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ.........................................................................................15
2.1 Қордай ауданы бойынша жалпы салықтық түсімдерді талдау....................15
2.2 Салықтық заң бұзушылықтарды және салықтан жалтаруды салықтық әкімшілік арқылы талдау.......................................................................................19
2.3 Салықтық әкімшілік мәселесін басқарудың шет елдік тәжірибесін талдау........................................................................................................................26

3 САЛЫҚТАН ЖАЛТАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖӘНЕ САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ............................................................30

3.1 Экономиканы дамытудағы салықтық-әкімшілік реттеуді жетілдіру
жолдары..................................................................................................................30
3.2 Экономиканы дамытудағы салықтық-әкімшілік реттеуді жетілдіру жолдары ..................................................................................................................34


ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................................40

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 20 жылдай болды. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді. Жаңа салық кодексі де бір жылдан астам өзінің міндетін атқарып келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік.
Біріншіден, салықтармен және бюджетке міндетті басқа да төлемдермен байланысты барлық сұрақ бір құжатқа біріктіріліп, осы құжатпен реттеледі – бұл салық кодексі.
Екіншіден, салықтық заңнаманың негізгі нормалары нақты анықталған. Бұл қосарланған салық салу мүмкіндігін барынша жоққа шығаруға себеп бола алады.
Алайда, кез-келген жүйе өз кемшіліктеріне ие. Сол секілді, Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесіне тән кемшіліктер де жоқ емес. Бұл ең алдымен, экономикамыздың түрлі салалары мен буындары арасындағы салықтық ауыртпалықты теңестірумен байланысты мәселе болып отыр. Қазіргі кезде салықтардың ең ауыртпалығы сауда мен қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарының мойнына түсіп отыр (мұнда материалдық шығындардың және негізгі құралдарды пайдаланудың үлесі төмен). Осындай жағдай әлеуметтік салаларда да көрініс табады – үлкен көлемдегі коммуналдық шығындар, ғимараттар, жер учаскелері, персонал саны, олардың еңбекақысы дегендей. Сонымен қатар жекелеген салалардың өркендеуін де қамтамасыз ету мәселесі кесе-көлденең тұр – ауыл шаруашылығы, шағын бизнес, әлеуметтік сала.
Салықтық ауыртпалықтың деңгейі – бұл ең басты мәселе. Осы орайда кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді салықтық ауыртпалықтан құтылу мәселелері оларды салықтарды төлеуден жалтаруға мәжбүрлесе, екінші жағынан мемлекетіміздің бюджетінің қаражаттармен толық қамтамасыз етілуін міндет едеп тұтатын салық органдары мұндай салықтық заң бұзушылықтарды болдырмауға және бақылауға, салық төлеушілерге жазалау шараларын қолдануға итермелейді. Экономикамыздың дамуына белгілі бір кедергісін тигізіп отырған осы бір қарама-қайшылықты жою – міне мемлекетіміздің салық саясатында ұстанатын басты бағыты міне осы болуы тиіс деп ойлаймын. Бұл тек біздің қоғамымызда ғана емес, барлық елдерде, тіпті дамыған шет мемлекеттерде де өзекті мәселе болып табылады. Алайда, ол мемлекеттерде мұндай әрекеттердің болмауына заңнамалық тұрғыдан да, кәсіпорындар тарапынан да біраз тәжірибе жинақталған, ал біз осы тәжірибені өз практикамызда қолдана білу керекпіз.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты – салықтық әкімшілік арқылы заң бұзушылықтың және салық төлеуден жалтарудың мәселелерін шеше отырып, экономикамызды дамытуға өз үлесін қосу болып табылады. Осы мақсат жұмыстың мынадай міндеттерін анықтап береді:
- Салықтық әкімшіліктің экономикалық-құқықтық негіздерін қарастыру;
- салықтан жалтару жолдары мен себептерін, салықтарды өндіріп алу шараларын талдау; салықтан жалтару мәселелерін шешудің шет елдік тәжірибесін зерттеу;
- салықтық әкімшілік мәселелерін шешудің тиімді жолдарын қарастыру және іздестіру.
Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Бірінші тарауда Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесінің жалпы сипаттамасы, ондағы салықтық әкімшіліктің мазмұны және салықтық әкімшілік шаралары қарастырылған.
Екінші тарауда салықтық әкімшілік мәселелерінің қазіргі жағдайын талдау жүзеге асырылады. Талдау жұмыстары Жамбыл облысы, Қордай ауданы бойынша Салық комитетінің 2008-2010 жылғы мәліметтері негізінде жүргізілді.
Үшінші тарауда салықтық заң бұзушылықтар мен салық төлеуден жалтаруды болдырмаудың қазіргі кездегі мәселелеріне, экономиканы дамытудағы (салық төлеушілерді) салықтық-әкімшілік реттеу шараларына көңіл бөлетін боламыз.
1 САЛЫҚТЫҚ ӘКІМШІЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Салықтық әкімшіліктің ұғымы, алғы шарттары және түрлері

Баршаға белгілі, салық жалпыға міндетті сипатқа ие. Кез-келген қоғаның әлеуметтік-экономикалық дамуы салықтардың мынадай қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуімен байланысты:
- халықты әлеуметтік қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қауіпсіздік қабілетін қамтамасыз ету;
- ірі ауқымдағы ғылыми зерттеулерді жүргізу;
- төтенше, күтпеген оқиғалар үшін жалпы мемлекеттік резервтер құру;
- Қазақстан-2030 және басқа да стратегиялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету.
Мұндай мемлекеттік шаралар үшін азаматтардың төлеуге дайын болуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің түрлі бағдарламаларын және әрекеттерін жүзеге асыруға кеткен ресурстар туралы ақпараттарға еркін қол жеткізу құқығын енгізу қажет. Сонымен қатар бұл халықта салықтық мәдениетті оятуға септігін тигізеді.
Қазақстанның салық жүйесі кәсіпкерлікті дамытуға қабілеті жететіндей тиімді ұйымдастырылуы тиіс. Кәсіпкерлік мемлекеттің стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Кәсіпкерлікті қолдау елімізде мемлекеттің дамуының өзекті бағыттарының бірі ретінде анықталған.
Салық жүйесі тұрақты болуы тиіс. Салықтық заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізу, салықтық қатынастардың субъектілерінің «реніштері», бюджеттік жетіспеушілік мәселелері қазіргі салық жүйесінің қоғамымыздың экономикалық және саяси дамуын және қоғам санасының деңгейін толық көлемде көрсете алмайды.
Демек, салық салудың қолайлы нәтижелерін қамтамасыз ету – күрделі мәселе, оның шешілуі негізінен объективті және субъективті факторларға байланысты. Осыдан келіп шығатын салықтық заңнаманы бұзушылықтардың және салықтан жалтару әрекеттерінің де объективті және субъективті себептері бар. Сонымен қатар, мемлекет үшін субъективті болып табылатын себептер кәсіпкерлер үшін мейлінше объективті болып табылады. Салық салу кәсіперлер мен халықтың экономикалық және саяси санасының шынайы бейнесі болып табылады.
Еліміздің экономикасында белсенді жүргізіліп жатқан өзгерістері кезінде салық жүйесіні өзіндік үлгісі қалыптасып үлгерді. Сонда-да, қазіргі салықтық реттеуден тек мемлекет пен бюджеттің мүдделерін ғана емес, сонымен қатар салық төлеушілердің де мүдделерін ескеретін көзқарас талап етілуде. Дәл осы кәсіпкерлік қызметтің субъектілер салықтық қатынастардың жеткіліксіз реттелгендігімен байланысты мәселелердің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді. Экономиканың даму деңгейіне сәйкес салық жүйесінің жаңа, осы даму кезеңдеріне сәйкес мәселелері қалыптасып келеді.
Салық жүйесінің және салықтық заңнаманың көзге көрінетін жетістіктеріне қарамастан, бірқатар сұрақтар әлі де болса жан-жақты, мемлекет деңгейінде қарастыруды қажет етеді. Атап айтар болсақ, салық салу базасын анықтау үшін шығындарды анықтау, табыстар мен шығындардың есебін жүргізу секілді сұрақтар әлі күнге дейін өз шешімін таба алмай келе жатыр.
Салықтан жалтаруды реттеу үшін міндетті түрде салықтық әкімшілік қажет.
Салықтық әкімшілендіруді жетілдіру процесі бұл бір жағынан салық бақылауының құралдарын жетілдіруге және оңтайландыруға, екінші жағынан салық төлеушілерді мемлекетпен тиімді өзара іс-қимыл жасауға белсенділендіру және қозғауға бағытталған кешенді және үздіксіз қызмет. Сонымен бірге Қазақстан салық-төлеушілерінің қауымдастығының өкілдері салық төлеушілер өз қызметі барысында кездесетін салықтық әкімшілендірудегі проблемалы сәттерді, атап айтқанда салық қызметін көрсету, салық тексерулерін жүргізу және де басқаларын айтып өтті. Бұл ретте салықтық әкімшілендірудің рөлі жаңа Салық кодексінің қабылдануымен арта түспек.
Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілер туралы мәліметтер енгізу. Мемлекеттік тіркеуден өту кезінде салық төлеушіге салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі – салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша бірыңғай нөмір беріледі.Салықтық есептілік салық төлеушілермен салық органдарына салық агенттеріне ұсынатын салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілері, сондай-ақ, салықтық міндеттемелер есептеулері мен салықтық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысты басқа да мәліметтер туралы мәліметі бар құжаттама болып келеді. Ақпараттық жүйе – салық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық есептілікті ҚР ҚМ СК-нің бағдарламалық өнімдері арқылы электронды түрде ұсынуға құқықтары бар. СГДС қатысушысы ретінде тіркелу және салықтық есептілікті электронды түрде ұсыну үшін Салық органына Салық органымен электронды құжат алмасу туралы өтініш ұсыну қажет.Камералы бақылау – салық төлеушілермен ұсынылған салықтық есептілік пен басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізінде тікелей салық органымен жүргізілетін бақылау. Салықтық есептілікте қателіктер, салықтық есептіліктегі мәліметтер арасында қайшылықтар табылған кезде, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін қарастырылған шарттарды асыру кезінде жіберілген қателерді өз бетінше жою үшін, сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібіне көшу туралы салық төлеушіге хабарландыру жіберіледі,Салық пен есептілікті есептеу салық органымен жүзеге асырылады. Салықтық есептілік жасау және ұсыну, салықтың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды салық төлеуші салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде өз бетінше орындайды,Салықты күштеп өндіру салықтық қарызды төлемеген немесе толығымен төлемеген жағдайда салық органымен жүргізіледі. Салықтық қарызды күштеп өндіру келесі тәртіпте жүргізіледі:
- банктік шоттардағы ақша есебінен;
- қолма қол ақша есебінен;
- қарыздар шотынан;
- басшылыққа алынған мүлікті сату есебінен;
- жарияланған акцияларды күштеп шығару ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру