Қаржы | Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ......
1 БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы...
1.2. Қаржылық талдаудың құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау....
1.3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері......
1.4. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі талдаудың негізгі көзі ретінде..
2 БӨЛІМ. «БИДАЙ-НАН» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын талдау және оның қаржылық тұрақтылығы.
2.2. «Бидай-нан» АҚ төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау...
2.3. Шаруашылық субъектісінің рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау....
3БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ РӨЛІ..
ҚОРЫТЫНДЫ......
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...
ҚОСЫМША...
«Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастыққа жақындау процесінде зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді», деп Н.А.Назарбаев 2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінен нарықтық жүйеге көшу жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік сала, әсіресе кіші және орта бизнес саласы белсенді дамуда. Шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігі тікелей елдегі нарықтық қатынастар дамуынан, сонымен қатар кәсіпкерлер еркіндігінен, яғни оған тиімді көрінетін кәсіпкерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігіне тәуелді. Шешімнің тиімділігі кәсіпорынды алдын ала қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуімен анықталады.
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл отандық кәсіпорындарда қаржылық менеджмент пен талдау саласында сәйкес білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.
Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық талдаудың теориялық негіздерін зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайын талдауды жүргізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылған:
- қаржылық талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;
- отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайды талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- кәсіпорынды жетілдірудегі талдаудың ролін анықтау.
Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік актілер, отандық және шетелдік зерттеушілердің монографиялары табылады. Зерттеу үшін тәжірибелік негіз болып «Бидай нан» АҚ қаржылық есептілігі және осы кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың рөлі маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорындар өздері еркіндікке ие болады және меншік иеленушілерінің, жұмысшылардың, коммерциялық әріптестердің және басқа да контрагенттердің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.
Қаржылық жағдай – бұл белгілі бір сәтке кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және шаруашылық қызметінің үздіксіздігін іске асыру мен өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу үшін оны қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінің көрінісі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның активтер мен пассивтер, яғни кәсіпорынның қаражаттары мен олардың көздері құрылымдарының ара қатынасымен анықталынады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – капиталдың айналымы процесінде оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық субъектісінің өзіндік дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Өндірістік және қаржылық қызметі процесінде капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің құрылымы, қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы қапитал құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорын капитал құрылымының қозғалысын ұйымдастыруды білуі тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тәуелді болады. Егер өндірістік және қаржылық жоспар тиімді орындалса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және де керісінше, өнімді өндіру мен сату жоспарын толық орындамау нәтижесінде оның өзіндік құнының жоғарылауы, түсім мен табыс сомасының қысқаруы және соның нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігінің төмендеуі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіне жағымды ықпал етеді. Сондықтан қаржылық қызмет шаруашылық қызметінің құрамды бөлігі ретінде ақша қаражаттарының түсуі мен шығындалуының жоспарлылығын қамтамасыз етуіне, есеп айырысу тәртібінің орындалуына, меншікті және қарыздық капиталдың рационалды пропорциялары мен оны қолданудың тиімділігіне жетуіне бағытталуы тиіс.
Қаржылық қызметтің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке әкеледі – кәсіпорынның активтерін арттыру. Бұл үшін ол үнемі төлем қабілеттілікті және рентабельділікті, сонымен қатар баланстың активтері мен пассивтерінің оптималды құрылымын ұстау тиіс.
Қаржылық тұрақтылық табыстардың шығындардан тұрақты артуының көрінісі болып табылады, кәсіпорынның ақша қаражаттарын бос қолдануын қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану жолымен өндіріс пен өнімді өткізудің процесіне ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылық тұрақтылық өндірістік-шаруашылық қызметі барысында қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен табыстар түсуінің оларды жұмсаудан тұрақты артық болуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын айқындайды. Нарық жағдайларында ол мемлекетке, жабдықтаушыларға, кредиторларға, жұмысшылар және басқаларға төлемдерді жасау үшін жеткілікті мөлшерде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табысты тұрақты алуды талап етеді. Сол уақытта кәсіпорынның дамуы үшін барлық есеп айырысуларды жүзеге асыру мен барлық міндеттемелерді орындаудан кейін кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, әлеуметтік климатты жақсартуға және т.б. мүмкіндік беретін табыс алу қажет.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.
Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар келесідей жіктелінеді:
1) пайда болу орны бойынша – сыртқы және ішкі;
2) нәтиженің маңыздылығы бойынша – негізгі және жанама;
3) құрылымы бойынша – жай және күрделі;
4) қызмет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.
Шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысты болатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды факторы активтердің оптималды құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқару стратегиясының дұрыс таңдауы болып табылады. Ағымды активтерді басқару өнері ағымды оперативтік қызмет үшін қажетті өтімді қаражаттардың минималды қажет сомасын кәсіпорынның шоттарында ұстауында көрінеді.
Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторлары қаржы ресурстардың құрамы мен құрылымы, оларды басқарудың стратегия мен тактикасын дұрыс таңдау болып табылады. Кәсіпорында меншік қаржы ресурстары, ең алдымен таза табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның дамуы тұрақты болады. Бұл кезде таза табыстың жалпы мөлшері ғана емес, сонымен қатар оны бөлу құрылымы, әсіресе оның өндірісті дамытуға бағытталған үлесі маңызды болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына үлкен әсерін қарыздық капиталдар нарығында қосымша шоғырланған қаражаттар тигізеді. Кәсіпорын неғұрлым көп ақша қаражаттарды тарта алса, соғұрлым оның қаржылық мүмкіндіктері көп болады, алайда қаржылық тәуекел де артады. Мұнда үлкен рөлді кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржы кепілдігі нысандарының бірі болып резервтер ойнайды.
Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:
- кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
- қорлар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік пен қаржы ресурстардың жағдайы;
- кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық қызметтің экономикалық шарттардың әсер етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. жатқызады.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.
Бұл үшін кәсіпорынға төлем қаражаттарын иелену қажет, оларға бірінші ретте есеп айырысу, валюталық және т.б. шоттарында бар ақшалар жатады.
Қарыздарды жабу үшін потенциалды қаражаттар болып қаражаттардың қалыпты айналымы кезінде қолма-қол ақшаға айналуға тиісті болатын дебиторлық берешек жатады. ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Қаржы дипломдық жұмыстар, Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау