Дене шынықтыру | Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

  Дене шынықтыру |  Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

Мазмұны


НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР............................................................. 4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР................................................ 5
КІРІСПЕ....................................................................................................... 6
1 БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ....................................
7
1.1 Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы..................................................................................
7
1.2 Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы............ 9
1.3 Дене қасиеттері мен спорттық бағдарды тестілеудің қазіргі заманғы мәселелері..........................................................................
12
1.4 Жас спортшыларды спорттық іріктеудегі өлшемдер................................ 15
1.5 Жас спортшыларды жүзеге үйретудің арнаулы ерекшеліктері............... 16
1.6 Жас балаларды жүзуге оқыту үдерісін тиімділендіруде техникалық құралдарды пайдалану.................................................................................
18
2 ЗЕРТТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ............................ 22
3 ЖҮЗУМЕН МАМАНДАНУШЫ 7-8 ЖАС ШАМАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖӘНЕ ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІН ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ..............................................................................................


26
3.1 Жас жүзгіштерде морфологиялық көрсеткіштердің өсу динамикасы.........................................................................................
26
3.2 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерде дене қасиеттерінің өсу қарқынының динамикасы...............................................................................
30
3.3 Жалпы төзімділікті дамыту деңгейін бағалау..................................... 31
3.4 Жылдамдылық-күштілік мүмкіндіктерін дамыту деңгейін бағалау.. 31
3.5 Жылдамдылық қасиеттерін дамыту деңгейін бағалау.......................... 32
3.6 Күштілік төзімділік көрсеткіштерінің дамыту деңгейін бағалау 33
3.7 Икемділік қасиетін дамыту деңгейін бағалау.................... 34
ҚОРТЫНДЫЛАР.................................................................................................................. 36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................... 38

Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді.
Ұсынылған жұмыс балалар жасөспірімдер спорт мектебінде (БЖСМ) жүзумен айналысатын 7-8 жас шамасындағы балалардың морфофункционалды сипаттамасына арналған. Бұл мәселе жаңа емес – ол арнайы әдебиеттің беттерінде қойылған. Осыған қарамастан, жүзумен айналысатын спортшылардың денесінің морфофункционалды құрылымының кейбір ерекшеліктері әлі де анық емес болып қалып отыр. Жүзуде жоғары спорттық-техникалық нәтижелерге жету көп жағдайда дененің ұзындығына, салмағына, жас шамасына, жеке сегменттердің өлшеміне, сонымен қатар, спортшылардың дене дайындығына байланысты. Жас жүзгіштердің дене бітімінің ерекшеліктері мен дене дамуына қойылатын талаптарды білу жаттықтырушыларға жаттықтыру үдерісін даралауға және спорттық нәтижелердің өсуін нақтырақ болжамдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу нысаны – 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындаудың оқу-жаттықтыру үдерісі.
Зерттеу пәні – 7-8 жас шамасындағы жас жүзгіштерді дайындау мен дене мүмкіндіктерін жеке бағалау әдістемесі.
Жұмыс мақсаты – спорттық жүзудің 7-8 жас шамасындағы балалардың дене дайындығына әсерін олардың болашақ мүмкінділіктерін анықтау мақсатында ғылыми негіздеу.
Тәжірибелік мәнділігі.
Зерттеу барысында алынған мәліметтер балаларды спорттық жүзу секциясына іріктеу барысында мамандардың өз оқушыларын дұрыс бағалаудың белгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Ұсынылып отырған тәжірибелік ұсыныстар:
- жас жүзгіштерге оқу-жаттықтыру үдерісін ұтымды ұйымдастыруға;
- кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың морфофункционалды
ерекшеліктерінің даму деңгейіне ағымдық және сатылы бақылауды іске асыруды тиімді жүргізуге жәрдемдеседі.


І БАСТАПҚЫ ОҚЫТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖАС ЖҮЗГІШТЕРДІҢ ДЕНЕ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ

1.1 Бастапқы оқыту кезеңіндегі жас жүзгіштердің жас ерекшеліктері және дене дайындығы
Бастапқы жүзуге үйрету барысында жас спортшылардың мүмкіндіктерін бағалаудың негізі олардың ағзаларының, оның ішінде жүрек-тамыр, тыныс алу және жүйке-бұлшық ет аппаратының қалыптасуы мен дамуымен анықталады. Әдетте, ағзаның жүйелерінің әртүрлі қалыптасуының бір қалыпты болмауы тікелей дене дамуы мен дене қасиеттерінің дамуына әсерін тигізеді. Қазіргі кезде жас спортшылардың дене қасиеттерінің даму ерекшеліктері туралы мәселе жан-жақты зерттелуде. [1].
Спорт түрлерінде жетістіктерге қол жеткізу көбінде дене бітімі мен спортшылардың арнайы дайындығымен байланысты болады. Дене жүктемелері түрлі спортта спортшы ағзасына ерекше сипаттағы талаптар қояды. Жоғары санаттағы спортшылардың модельдік сипаттамасын анықтау түрлі спортта спорттық жетістіктерді анықтайтын көрсеткіштерге қол жеткізеді [2].
Жүзу техникасын табысты игеруге келесі көрсеткіштер әсер етеді: жақсы жүзу мен жоғары гидродинамикалылық. Жүзгіштік пен гидродинамикалық қасиетке келесілер әсер етеді: дененің толық көлемі, конституционалды тип, дене пропорциясы, салмақ, тепе-теңдік, дененің беткі аумағы, өкпенің өмірлік сыйымдылығы.
Дене дайындығының деңгейі жүзу техникасын табысты меңгеруге мүмкіндік береді. Жүзуде басты дене сапалар: жалпы және арнаулы шыдамдылық, күштің дайындығы, бұлшық еттердегі қозғалғыштық, бұлшықтық топтардағы күштің шыдамдылығы, есу қозғалыстарында қатысатын бұлшық еттердің шыдамдылығы, сонымен қатар иықтық, тізе, сирақты-табандық бұлшық еттердің қозғалғыштығының жоғары деңгейі, жұлынның икемділігі[3].
Дене сапалары дамуының көрсеткіштері мен дене бітімі көрсеткіштері өзара тығыз байланысты. Жүзу кезінде, яғни дельфин,брасс, кроль сияқты жүзу тәсілдерінде жоғары нәтижелер мен техникалық тиімділігі көп жағдайда күш дайындығы дәрежесіне тәуелді болады, ал басқа жағдайларда жүзушінің төзімділігі мен гидродинамикалық сапаларына тәуелді [4].
Зерттеушілердің мәліметтері бойынша оқушылардағы бұлшық ет күшінің қарқынды өсуінің бірнеше кезеңдері белгілі: в 7, 10, 14 және 17 жас [5]. Ең алғаш рет байқалатын күштілік қасиеттердің дамуы 7 жасқа келіп, сосын 10 жаста байқалады. Ең алдымен, дененің ірі бұлшық еттері дамиды. Жеке бұлшық еттердің күшін дамытудың жас ерекшеліктері бойынша жасалынған зерттеулердің мәліметтерінен, білезік пен қалыптасқан күштері, білектің бүгушілері мен жазушылары және аяқтардағы бұлшық еттердің күштері өсуінің аса үлкен қарқыны жоғары мектеп жасында елеулі байқалады. Зерттеу мәліметтері бойынша [6], арқа мен білезік бұлшық еттері күшінің анағұрлым өсуі қыз балаларда 9-10 жасында байқалған. Ал, нақты дәлелденген, күштіліктің мықты өсу жағдайлары ұл балаларда 11-12 және 13-15 жасында байқалса, қыз балаларда 8-10 және 11-14 жасында белгіленген.
Төзімділікті дамытуға арналған спорттың бір түрі жүзу болып саналады. Сондықтан да, спорттың басқа да циклдық түрлері іспеттес, жүзудің бұл қасиеті спорттық жетістіктердің өсуінде анықтаушы қасиет болып саналады. Ғалымдар мен мамандардың көптеген зерттеулері төзімділіктің әртүрлі формалары мен түрлерінің, атап айтқанда, статистикалық және динамикалық, жалпы және арнайы, күштілік және жылдамдылық сияқты жас ерекшелік өзгерістеріне арналған. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, төзімділікт аэробтық және анаэробтық сипатта болуы мүмкін. Мектеп жасындағы балалардың төзімділіктін зерттеу жасауға көптеген озат ғалымдар мен мамандардың жұмыстары арналған. Статистикалық сипаттағы төзімділікті зерттей отырып, авторлар оның төменгі мектеп жасында елеулі өсуін байқағанын айтады. Осылайша, Городниченко Э.А. (2000) білезіктің статистикалық төзімділіктің көрсеткіштеріндегі аса қолайлы кезең 8-11 жасқа сәйкес келетінін айтып өтеді. Бұл кезең бойынша білезіктік динанометрде берілген күш салуды ұстап қалудың ұзақтығы 76%-ға көтерілген, 11 жастан 14 жасқа дейін – 11,4%-ға, ал 14 жастан 17 жасқа дейін тек 10,4%-ға дейін ғана көтерілген [7]. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша [16], қыз балалардағы төзімділіктің бұл түрі 8 жастан 10 жасқа дейін едәуір жақсарады. Жылдамдық-күштілік сипаттағы төзімділіктің (мысалы, арақашықтықты екі аяқпен бірдей итеріп, секірулермен басып өту) байқарлықтай өсуі ұл балаларда 8 жастан 10 жасқа дейін, сонымен қатар 11 жасында байқалады. Энергиялық қамтамасыздандырудың аэробтық қайнар көздері есебіне қамтамасыз етілетін динамикалық сипаттағы төзімділік 12, 15 және 16 жаста, ал анаэробтық сипаттағы – 14 және 17 жаста едәуір өседі. Бұл қысқа және ұзын арақашықтықтардағы спорттық нәтижелердің өсуімен де сәйкес келеді. Жүзгіштің спорттық нәтижелерінің жастық динамикасы бойынша 800 және 1500 метрлік арақашықтық нәтижелерінің өсуі, әсіресе, 12 және 15 жаста қатты байқалады. Ал 16 жаста стайерлер әлемдік деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу жағдайлары да кездеседі. 50 және 100 метрлік арақашықтықтардағы алғашқы байқарлық нәтижелерге алдымен 14 жаста, кейіннен 17 жаста қол жеткізіледі. Спорттық нәтижелердің жастық динамикасы өзінің сипаты бойынша аэробтық және анаэробтық сипаттағы төзімділікті дамытудағы жастық динамикасы өзгерістерімен сәйкес келеді.
Жүзуге үйретудің бастапқы кезеңінде қозғалыс дағдылары дене қасиеттерді дамытудың белгілі бір деңгейінің базасында қалыптастырылатыны бәрімізге белгілі. Шұғылданушылардың дене қасиеттері білікті жүзгіштерге қарағанда нақты бір рөлді орындайды: олар арнайы жүзу дағдыларының пайда болуына ықпал жасайды. Үйлесімділік мүмкіндіктер жүзгіш үшін арнайы болған «суды сезіне алу» қабілетін қалыптастыруға, сонымен бірге суда тірек жасау дағдыларын игеруге ықпал жасайды. Көптеген мамандардың мәліметтері бойынша, егер де үйренуші қимыл-қозғалыс дағдысының арсеналына және негізгі дене қасиеттердің даму деңгейіне ие болатын болса, онда үйрету үдерісі тиімді жүзеге асырылады [20]. Дене қасиеттердің қажетті деңгейінің бар болуы, егер бұл дене қасиеттер тікелей суда дамытылатын болса, онда жүзудің спорттық тәсілдерінің техникасын үйрету үдерісін анағұрлым жеңілдетеді.
Бір қатар зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, бір жағынан алғанда, жүзуге үйретуде жаттығуларды көп мәрте қайталап орындау арқылы қозғалыс дағдысы жақсарады, ал екіншіден, төзімділік, ептілік, үйлесімділік қабілеттер, күштілік секілді дене қасиеттерді дамыту деңгейін арттырады. Мұнда құрлықта дене қасиеттерді дамытуға бағытталған жаттығуларды көптеп пайдалану судағыға қарағанда қысқа уақыт аралығында дамыту мүмкіндігін береді. Бірақ, дене қасиеттерді суға ауыстыру көп уақытты талап етіп, көп жағдайларда сапалы тұрғыда жүзеге аспайды [21]. Егер де жоғары білікті спортшылар үшін (себебі жүзгіштер дене қасиеттер дамуының аса жоғары деңгейіне ие болулары керек және де олар жүзу техникасының тұрақты қозғалыс дағдысын игерген) бұл жағдай аса маңызды болмаса да, ал жаңадан үйренушілер, жүзу техникасын енді ғана игерушілер үшін мұның маңыздылығы өте үлкен [22]. Мамандар бұл жағдайды былайша түсіндіреді: жаңадан үйренушілер үшін өздерінің дене қасиеттерін білікті спортшылар сияқты аса жоғары деңгейге көтерудің қажеті жоқ, тек қана үйретудің тиімділігін қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтерілсе, соның өзі жеткілікті. Оқыту тәжірибесі бойынша, егер де оқушы қажетті деңгейде жылдам болмаса, онда бұл оқушының есу, есу қимылдарының қарқыны мен ырғағының сипатында көптеп техникалық кемшіліктер орын алады. Егер де оның иілгіштігінің көрсеткіші төмен болса, онда бұл жағдай тыныс алу мен қолдарды ауада алып өтуде дене қисаюының көбеюіне және қосымша тіке қарама-қарсылыққа себеп болатын, табан қимылдары серпінінің артып кетуіне әкеліп соқтырады. Жеткілікті деңгейде дамымаған күштілік оқушыға біртіндеп өсіп отыратын есу қимылдарын қысқа уақыт аралығында орындауға мүмкіндік бермейді [23]. Ал үйлесімділіктегі кемшіліктер жүзу техникасының нәтижелілігін төмендетіп, бұл күшею мен босаңсудың өзара жылдам ауысуының жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына, сонымен қатар «жабысудың» болмауына, яғни бір қолмен есудің екінші қолға үздіксіз берілуіне байланысты болады. Осылайша, дене қасиеттердің жеткілікті деңгейде дамымауы біріншіден, спорттық техниканы құрудағы қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал, екіншіден, жүзуге үйретудің орындалатын бағдарламасына сәйкес дене қасиеттерді дамыту өзіндік сипатқа ие болады.

1.2 Жас балаларды жүзуге оқытудың әдістемелерінің сипаттамасы
Жүзуге үйрету әдістемесі – бұл жүзуге үйрету барысында қолданылатын әдістер мен тәсілдердің жүйесі болып саналады [24]. Бұл әдістер мен тәсілдердің жүйесі айналысушыларды белгілі-бір арнайы білімдер, дағдылар және біліктермен қаруландырады.
Оқытудың міндеттері:
- денсаулықты нығайту, оқушылардың ағзасын жан-жақты дамыту және шынықтыруға ықпал жасау; ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру