Бағдарламалау | Mathcad тілінің қолданылуы

 Бағдарламалау | Mathcad тілінің қолданылуы

Мазмұны

Кіріспе
I. MATHCAD-қа ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ
1.1 Mathcad нұсқасы
1.2 Mathcad программасының мүмкіндіктері
1.3 Mathcad жүйесінің негізі және интерфейсі
1.4 Mathcad – тың басты объектілері
1.5 Mathcad алфавиті (әліпбиі)
II. MATHCAD ТІЛІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Кинематика.
2.2 Материалдық нүктенің және қатты дененің динамикасы.
2.3 Сақталу заңдары.
2.4 Молекула-кинетикалық теорияның негіздері..
2.5 Термодинамика негіздері.
2.6 Электростатика.
2.7 Тұрақты электр тогы.
2.8 Магнит өрісі. Заттағы магнит өрісі.
2.9 Электромагниттік индукция. Максвелл теңдеулері.
2.10 Гармоникалық тербелістер. Электромагниттік тербелістер. Толқындық процестер.
ІІІ. ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДЫ ЖАСАУДЫҢ ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАЛУЫ
3.1 Delphi ортасының теориялық негіздері. Delphi - ді баптау.
3.2 Форманың қасиетін өзгерту. Формаға жаңа компоненттер орналастыру.
3.3 Оқиғаға жауапты қалыптастыру.
3.4 Delphi ортасының компоненттер палитрасы.
Формалар терезесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

I. Mathcad - қа қысқаша түсініктеме
1.1 Mathcad нұсқасы
Mathcad 2000 нұсқасы бар мүмкіндіктер қатарын толықтырды: жүйе интерфейсі айтарлықтай жақсарды, жекелей алғанда Интернетпен интеграция ресурс орталығына орналастырылды; қаржы-экономикалық функцияларды, үш өлшемді матрицаларды шешуге, Given есептеу блогында дифференциалдық теңдеулерді сандық түрде шешуге арналған функциялар қатары енгізілген; логорифмді, синусоидалы, экспоненциалды және т.б. регрессияларды орындауға арналған функциялар қатары; логикалық операторлар жиыны; root функциясының мүмкіндіктерінің артуы — ол енді түбірді тек берілген жуықтау арқылы (екі параметрлі функция) ғана емес, берілген интервал арқылы (төрт параметрлі функция) да іздей болады; үш өлшемді графикті тез әрі ықшамды тұрғызу; ресурстар орталығында мысалдар жиынтығы айтарлықтай жаңартылған.

1.2 Mathcad программасының мүмкіндіктері

Қолданбалы есептерді шығаруда дүние жүзілік мамандардың алдында компьютерлік математиканың әмбебаб программалық жүйелерін(Mathcad, MathLab, Mathematica,Maple) қолдану мүмкіндігі туып отыр. Осы аталған компьютерлік математика жүйелерінің ішінде Mathcad Pro жүйесі әйгілі америкалық MathSoft фирмасының кәсіптік нұсқасы болып табылады. Бұл жүйенің төмендегідей ерекшеліктері бар:
• қарапайымдылығы;
• қолданушыға программистке сияқты жоғарғы талаптың болмауы;
• деректерді әртүрлі форматта бейнелеу және түрлендіру мүмкіндіктерінің болуы;
• математикалық өрнектердің, символдық түрлендірулер операторларының қуатты арсеналының болуы;
• түсіндірме хат, есеп берулер, мақалалар, монографиялар жазуда мәтіндік редактор мен Mathcad құжатының фрагменттерін қатар қолдану мүмкіндігінің болуы;
• «шаблондар» жиымы мен кез келген математикалық есептерді (алгебралық және дифференциалдық теңдеулер жүйесін, теңсіздіктерді, циклдық және рекуренттік процедураларды шешу т.с.с.) шығаруда қолданылатын кіріктірілген функциялардың(алдын ала С++ тілінде программаланған) болуы;
• Mathcad- жүйесінде символдық және сандық есептеулер жүргізуге болады. Сандық мәндер символдық есептеулер тізбегінен тұруы мүмкін.
• Mathcad-та барлық элементар формулалармен қатар элементар емес функциялар да кіріктірілген.
• бөлшектерге амалдар қолдану;
• теңдеулер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі;
• алгебралық теңдеулердің 4-ші дәрежеде есептелуі(квадрат теңдеу,
кубтық теңдеу, тригонометриялық теңдеу, калинион және рационал
теңсіздіктер.
• дифференциалдау;
• интегралдау;
• қосынды мен көбейтіндіні есептеу;
• математикалық статистика есептерінің фигуралары үшін графиктер
тұрғызу.
Mathcad-тың жаңа мүмкіндіктері арнайы кеңейту топтамасымен және жүйені толықтыра түсетін қосымша функциялармен, арнайы есептерді шешуге арналған тұрақтылармен қамтылған кітапханалар көмегімен толыға түседі:
• Берілгендерді анализдеу топтамасы (ағыл. Data Analysis Extension Pack) — Mathcad -ты берілгендерді анализдеуге қатысты қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
• Сигналдарды өңдеуге қатысты топтама (ағыл.Signal Processing Extension Pack)— құрамында анализдеу, нәтижені графикалық түрде ұсыну, сигналдарды аналогтық және сандық түрде өңдеуге арналған 70-тен астам кіріктірілген функциясы бар.
• Бейнені өңдеуге арналған топтама (ағыл.Image Processing Extension Pack)— Mathcad -ты бейнені өңдеуге, анализдеуге және визиуализациялауға мүмкіндік беретін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
• Толқынды түрлендіру функцияларымен жұмыс істеуге арналған топтама (ағыл.Wavelets Extension Pack)— Mathcad Professional базалық модулінің кіріктірілген функциялар кітапханасына енгізуге болатын қосымша вейвлет-функциялардың үлкен жиынтығына ие топтама. Топтама сигналды және бейнені анализдеуге, сигналдарды статистика тұрғысынан бағалауға, мәліметтерді қысуға және арнайы сандық әдістерге басқаша қатынас жасауға мүмкіндік береді. Топтама құрамына 60-тан астам кілттік вейвлет функциялары кіреді. Вейвлет әулетінің ортогональды және биоортагональды функцилары да кіріктірілген, жеңілдері қатарында— Хаара вейвлеті, Добеши вейвлеті, симлет, койфлет және B-сплайндар. Сонымен қатар, топтама құрамына негізгі вейвлет принципіне негізделген кеңейтілген диалогты құжаттама, қосымшалар, мысалдар және сілтемелер кестесі.
• Құрылыс кітапханасы (ағыл.Civil Engineering Library)— англ.Roark's Formulas for Stress and Strain (Формулы Роарка для расчета напряжений и деформаций) анықтамалығын, құрылыс жобалауына арналған түзетілетін шаблондарды және жылу есептерінің мысалдарын іске қосады.
• Электротехникалық кітапхана (ағыл.Electrical Engineering Library )— құрамында электортехникада қолданылатын анықтамалық кестелер, стандартты есептеу процедуралары және формулалар бар. Мәтіндік түсіндірулер және мысалдар кітапханамен жұмысты жеңілдетеді— әрбір көрсеткішке және тарауға тақырыпшалар арқылы сілтеме қойылған және сол сілтеме арқылы оны іздеу жүйесінен таба аламыз.
• Машина жасау кітапханасы (ағыл.Mechanical Engineering Library)—құрамына 5 мыңнан астам формулалар кіретін және McGraw-Hill анықтамалығынан алынған процедуралар енетін ағыл.Roark's Formulas for Stress and Strain (Формулы Роарка для расчета напряжений и деформаций) анықтамалығын және ақырғы элементтер әдісін іске қосады. Мәтіндік түсіндірулер, келтірілген мысалдар және іздеу жүйелері жұмысты едәуір жеңілдетеді. Анақтамалықтың құрамына Дэвид Пинтурдың «Ақырғы элементтер әдісіне кіріспе» атты электоронды кітабы енгізілген.
1.3 Mathcad жүйесінің негізі және интерфейсі
Mathcad -тың аналогтық программалардан негізгі ерекшелігі – ол өрнекті енгізудің мәтіндік емес, графикалық режимі. Командаларды, функцияларды және формулаларды енгізу үшін пернетақтаны және де көптеген арнайы құрал саймандар панеліндегі батырмаларды пайдалануға болады. Қандай жағдайда да енгізілген формулалар қалыпты түрге ие болады. Яғни формуланы енгізу үшін арнайы білім талап етілмейді. Енгізілген формулаға есептеу жүргізу қолданушының қалауымен, бірмезетте, барлық жиынға бірден немесе команда бойынша жүргізіледі. Қарапайым формулалар солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай есептелінеді. Басқа прогаммаларда (Maple, MuPAD, Mathematica) есептеу программалық интрепретатор режимінде жүзеге асады. Maple интерфейсі дәстүрлі программалау тілдерінде жұмыс істеу дағдыларына ие қолданушыларға арналған. Mathcad-та жұмыс істеу үшін программалау дағдыларын меңгеру міндеттелмейді. Mathcad жүйесінің түсінікті графикалық интерфейстері бар. Mathcad интерфейсінде меңзер арқылы жұмыс істеу барысында обьектілерге мынандай амалдар қолдану керек:
• Көрінген барлық хабарламаны және өзгертілген жұмыс алаңың белгілеу.
• Өзінің экспериментін қою.
• Тышқанның оң және сол батырмаларын шерту арқылы олардың қасиеттерін зерттеп ерекшелеу.
• Басты мәзірдегі командалардың аудармаларына көңіл аудару.
Басты терезе жүйесі және интерфейс элементтері
Mathcad программасын іске қосу үшін:
Бастау → Бағдарламалар → MathSoft Apps → Mathcad 2000 Professional
Mathcad –іске қоқаннан кейін басты терезе ашылады. Басты терезе жүйесі 1.2.1 - суретте көрсетілген. Баптау жүргізілгеннен кейін, қолданушыға жұмыс жасауға ыңғайлы терезенің түрін алуға болады. Терезедегі басты көрінетін элементтер 1-ден 11-ге дейін белгіленген......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру