Есеп және аудит | Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы
Мазмұны
Кіріспе..........................................................................................................................
I-тарау. Еңбекақының жалпы түсінігі және кәсіпорынның сипаты..............
1.1 Еңбекақының анықталуы, түрлерi, жүйесi....................................................
1.2 «VENTURA» ЖШС –нің қаржы – экономикалық сипаттамасы...............................................................................................................
II-тарау. «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлерінің еңбекақы есебін ұйымдастыру............................................................................................................
2.1 Кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі еңбекақысының есебі......................
2.2 Кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбекақысының есебі……..…..
2.3 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың талдамалық және топтамалық
есебі............................................................................................................................
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі.......................
III-тарау. Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы
3.1 Еңбекақы есебінің аудиторлық бағдарламасы.............................................
3.2 Еңбекақы ұсталымдарының аудиті.................................................................
3.3 «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлерінің еңбекақысына талдау
жүргізу........................................................................................................................
Қорытынды..............................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................
Тіркемеле
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі күні елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартына (ХБЕС) барынша жақындатылған.
Жұмыспен қамту әрбір елдің алдында тұрған міндеттемелерінің бірі болып табылады және әрбір қызметкердің еңбекақысын Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес есепті жүргізу де маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметкерлердің ең төменгі еңбекақысы былтыр 2009 жылы 13470 теңге, биыл 2010 жылы 14952 теңге деп бекітілді. Яғни, әрбір кәсіпорын осы мөлшерден төмен қызметкерге еңбекақы төлеуге құқы жоқ.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда. Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30 пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2010 жылдың 1 қаңтарынан 14952 теңгеге көтерілген және мемлекет қызметкерлерінің еңбекақысын сәуір айынан бастап 25 пайыз көлемінде жоғарлады. 2011 жылы да елбасымыз еңбекақыны көтеруді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан № 494- 1 күшiне енген және 2004 жылдың 25 қыркүйегінде толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң мiндеттерiне мыналар жатқызылады:
- өндiрiлетiн өнiмдермен iстелiнетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған
төленiлетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау;
- еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмiн бақылау;
- жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау;
- жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы
қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау;
- жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу;
- өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу;
- еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк
қорытынды есеп беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру үшiн мынадай жағдайлар қажет:
- еңбектiң өнiмдiлiгi мен орындалған жұмыстың көлемiн ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиiмдi түрлерiн кеңiнен қолдану;
- еңбек пен өндiрiстi басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестiң құрылымын қолдану;
- еңбекақы төлеудiң сыйлық беру жүйесiмен басқа да түрлерiн жұмыстағы жетiстiктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану;
- еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгi талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру мен жеңiлдету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты еңбекақы түсінігі, есебі, аудиті туралы мәліметтерді толық қарастыру.
Жұмыстың зерттеу обьектісі болып «VENTURA» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі табылады. Компания туроператорлық қызметтерді көрсетумен айналысады. Еңбекақы туралы мәселелерді қарастыру өзекті мәселе болып келеді. Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы келесідей тақырыптарды қарастырып, мүмкіндігінше шешеді:
1. Жұмыс орындары көбейіп жатыр, бірақ жұмыссыздық әліде жойылмаған. Бұл мәселенің басты себебі болып жұмыскерлерге төленетін еңбекақы болып табылады. Жұмыс беруші өз қызметкерлеріне төлейтін еңбекақының көлемі төмен, бірақ олардың істейтін жұмысының көлемі үлкен болады;
2. Кейбір кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбекақыны есептеудің формалары мен нысандары дұрыс қолданылмайды;
3. Кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларын белгіленген мерзімде төленбеуі;
4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір себеп-салдарына байланысты аванстық (сыйақы) еңбекақының берілмеуі;
5. Жұмыс орыннында қызмет барысында жұмысшының жарақаттану кезінде жұмыс берушінің жарақаттанған қызметкерге алғашқы көмекті көрсетпеуі, сондай-ақ жәрдемақыны төленбеуі;
6. Еңбекақының түрлері бойынша есепті қарастыру;
7. Аудиторлық тексерулер қызметкерлердің еңбекақысын есептеуде жүргізілді;
8. «VENTURA» ЖШС-нің еңбекақысына талдау жүргізілді.
9. «VENTURA» ЖШС-нің еңбекақысының есебін жетілдіру жолдары ұсынылды.
I-тарау. Еңбекақының жалпы түсінігі және кәсіпорынның сипаты
1.1. Еңбекақының анықталуы, түрлері, жүйесi
Нарықтық экономикада еңбекақының рөлі өте зор. Жалақы – бұл еңбек үшiн төлем, оны еңбек келiсiм – шартында және қызмет нұсқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады.
Еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбекақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, ”Қызметкер туралы” ережесiн белгiлей алады. Аталған ереже жұмыс берушiге еңбек тәртiбiн ұйымдастыру мен еңбек келiсiм – шартын жасау үшiн ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негiздеу үшiн де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесi бойынша жасалуы мүмкiн. Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң белгiлеген жалақысының деңгейi заңда белгiлеген ең төменгi жалақының деңгейiнен төмен болмауы керек. Еңбекақы екi түрге бөлiнедi: негізгі және қосымша.
Негiзгi – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшiн, орындаған жұмыстары мен өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң саны мен сапасы үшiн белгiленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетiн жалақы. Оның құрамына мыналар кіреді:
- жұмыс iстеген уақытына тарифтiк ставкалар, қызметақы, кесiмдi бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
- қызметпен өткерген жылдар үшiн үстеме;
- жұмыс жағдайының өзгеруiне байланысты кесiмдi ақы алушыларға үдемелi бағалаулар бойынша қосымша ақы;
- ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудiң бекiтiлген тәртiбiне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
- мерзiмнен тыс уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақы;
- түндегi жұмыс үшiн қосымша ақы;
- жұмысшының кiнәсi жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Ал жалақының қосымша түрі ретінде – бұл қызметкердiң кәсiпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетiн жалақы қарастырылады. Оның құрамында келесілер бар:
- балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзiлiс уақытына төлем;
- жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттарына төлем;
- мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
- негiзгi және қосымша демалыстар уақытына төлем;
- пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы.
Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны – мерзімдік және кесімді қолданылады.
«VENTURA» ЖШС-де еңбекақыны ұйымдастырудың мерзiмдi (істеген күніне қарай) нысаны пайдаланылады.
Мерзiмдi еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мерзімдік еңбекақының жай мерзімді және мерзімді сыйлықты түрлері бар. Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді. Мерзімді сыйлықты – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифие немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесiмдi еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгiленiп қойған деңгейде әзiрленген өнiмнiң немесе орындалған жұмыстың әрбiр бiрлiгiне есептейдi (дана, килограмм т.б.). кесiмдi еңбекақы нысаны келесiдей еңбекақы жүйесiне бөлiнедi:
- Тікелей кесiмдi еңбекақы жүйесi әрбiр өнiм бiрлiгi бойынша бағасын қою арқылы белгiленедi;
- Кесiмдi сыйақылық – бұл төлемде кесімді жалақы соммасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді;
- Кесiмдi – үдемелi еңбекақы төлемi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың белгiленген нормадан артық өндiргенi үшiн көтермелеу ретiнде пайдаланылады. Норма мөлшерiнде дайындалған өнiм үшiн жұмысшыларға төлемдi тiкелей кесiмдi бағалар бойынша есептейдi, ал нормадан асыра дайындалған өнiм үшiн үдемелi бағалар бойынша есептейдi;
- Жанама кесiмдi еңбекақы төлемi. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемi қызмет көрсететiн учаскесiнiң, цехтың негiзгi жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
- Еңбекақы төлемiнiң аккордтық жүйесi. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемi нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемiнiң орындалуы және алдын ала кешендiк жұмыстың тұтастай орындалуына белгiленген жалпы кесiмдiк бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда және жұмыстың орындалу мерзiмдерiн қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшiн пайдаланады. Еңбек төлемiнiң аккордтық мөлшерiн қолданыстағы нормаланған тапсырмалар мен бағалар негiзiнде белгiлейдi, ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәрiздес жұмыс үшiн қолданып жүрген, нормативтiк тапсырмалар мен баға бойынша белгiленедi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi бойынша аккордтық тапсырманы мерзiмiнен бұрын орындағаны үшiн сыйақы беру тәртiбi белгiленуi мүмкiн. Бұл жүйе құрылыс саласында жиі қолданылады.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндiрiс тиiмдiлiгiн және орындалатын жұмысының сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердiң материалдық мүддесiн күшейту үшiн сыйлық пен марапаттау жүйесiн енгiзу керек, ал ол жыл соңының нәтижесi бойынша және басқа да көрсеткiштер бойынша берiлуi мүмкiн.
Сыйлық еңбеккерлердiң жеткен жетiстiгi үшiн ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрi өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негiзiнен үстеме төлем ретiнде берiлуi мүмкiн. Жұмысшыларға жұмыстың негiзгi нәтижелерi үшiн сыйлық беру мынадай көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнiмдiлiгiне, өнiм сапасының арттырылуына және өндiрiстiң соңғы нәтижелерiнiң жақсаруына байланысты болады. Сыйлықтардың мөлшерлерi iстеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделiлiгiне қарай жұмысшылардың кәсiптерi мен топтары бойынша сараланып белгiленедi..
Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсiпорын шаруашылық қызметiнiң негiзгi нәтижелерi үшiн берiледi. Кәсiпорын қызметкерлерiне: басшы қызметкерлерге бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; басқару аппараты қызметкерлерiне бөлiмшелердiң, басқару аппаратының қызметiнiң қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткiштерiн ескере отырып, бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; құрылымдық кәсiпорындардың қызметкерлерiне осы бөлiмшелердiң жұмыс нәтижелерi үшiн сыйлық берiледi.
Сыйлықтарды жазу үшiн басқару аппаратының басшы қызметкерлерiне бухгалтерлiк және статистикалық есептердiң деректерi, сондай-ақ жедел есеп пен лабораториялық бақылау деректерi; өндiрiстiк бөлiнiстер, цехтар мен учаскелер қызметiнiң қызметкерлерiне бухгалтерлiк есептердiң, жедел есептiң және лабораториялық бақылаудың деректерi негiз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескерiледi.
Еңбек жағдайының өзгерген кезiнде жасалатын қосымша төлемдер. Бiрнеше қызметтi қатарынан атқарған кезде немесе уақытша келмегендердiң мiндетiн атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бiр ұйымның шеңберiнде жұмыс iстейтiн болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметiнен босамаған болса, еңбеккерлердi негiзгi мiндетiнен босатпай, оларға қосымша мiндеттемелер жүктеледi. Оның мөлшерi жұмыс берушiмен жұмысты атқаратын еңбеккерлердiң келiсiм бойынша анықталады. Егер де уақытша жұмысқа келмегендердiң мiндетiн атқарса, онда олардың айлықтарының айырмасы алынады және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемi жасалмайды. Егер ол ваканттық қызметте болса, онда ол уақытша жұмысқа келмеген болып саналмайды.
Түнгi уақыттағы жұмыс үшiн еңбек ақы. Түнгi уақыт кешкi 22 сағаттан бастап, таңғы 6-ға дейiн созылады. Бүкiл жұмысының 50%-ы түнгi алмасуға келсе, онда ол түнгi уақытта жұмыс iстеген болып саналады. Ондай ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Есеп және аудит дипломдық жұмыстар, Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы