Есеп және аудит | Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi

 Есеп және аудит | Еңбекақы бойынша есеп айырысу есебiнiң аудитi

Мазмұны

I ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ
МӘНI
1.1 Шаруашылықтың техникалық – экономикалық
сипаттамасы
1.2 Шаруашылықтың есеп жүргiзу саясаты
1.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру

II ЕҢБЕК АҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ ЕСЕБI
2.1 Еңбек ақы түрi, жүйесi, нысаны
2.2 Еңбек ақы есептеу тәртiптерi
2.3 Еңбек ақыдан ұсталынатын ұсталымдар
2.4 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық, синтетикалық және жиынтық есебi

III. ЕҢБЕКАҚЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБIНIҢ АУДИТI
3.1 Аудиттiң мақсаты мен мiндетi
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу есебiне аудит жүргiзу тәртiптерi
3.3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдауы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Нарықтық қатынастық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», »Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері ,сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады.Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Халық шаруашылы есептерінiң арасында бухгалтерлiк есептiң шаруашылықтың қаржы- шаруашылық қызметінде алатын орны зор. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi мiндетi- халық шаруашылығының барлық салаларында нақты тұжырымды мемлекеттiк талапқа сай есептеу жұмысын жүргiзу.
Бухгалтерлік есеп дегеніміз- кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі бар құбылысты, яғни айналмалы қорының айналымын құжаттармен негіздей отырып, үздіксіз есептеу.Бухгалтерлік есепте ақшалай өлшем ерекше орын алады.Себебі,ақшалай өлшем кәсіпорын жұмысының көрсеткіштерін жан-жақты қамти отырып бір өлшем арқылы тұрақты жүйеге келтіріп қорытындылауға мұмкіндік береді.
Есеп жұмысының мақсаты үкіметтің экономикалық саясатымен анықталады.Әрбір қоғамның теориясында анықталған негізгі заңына сәйкес шешіледі. Яғни,қоғамның бір қалыпты жоспарымен дамуы,есеп көрсеткіші болмаса іске асуы мүмкін емес.Себебі мемлекеттік даму бағыты есеп мәліметінің көрсеткіштерін негізге ала отырып жасалады.Онымен қатар мүмкіншілігін немесе орындалмау себебін экономикалық талдау арқылы анықтап отыратын да бухгалтерлік есеп.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған.Соңғы 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда.
Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30 пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 9 200 теңгеге дейін көтеру көзделген.
Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 10 желтоқсанындағы № 493- 1”Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 1999 жылғы 10 желтоқсанындағы сәйкес 2000 жылдың № 494- 1 заңына сәйкес 2000 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енген. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң мiндеттерi:
1. Өндiрiлетiн өнiмдермен iстелiнетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленiлетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау.
2. Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмiн бақылау.
3. Жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау.
4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау.
5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.
6. Өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу.
7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк қорытынды есеп беру.
Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру үшiн мынадай жағдайлар қажет:
1. Еңбектiң өнiмдiлiгi мен орындалған жұмыстың көлемiн ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиiмдi түрлерiн кеңiнен қолдану.
2. Еңбек пен өндiрiстi басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестiң құрылымын қолдану.
3. Еңбекақы төлеудiң сыйлық беру жүйесiмен басқа да түрлерiн жұмыстағы жетiстiктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану.
4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгi талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру мен жеңiлдету.


I. Еңбек және еңбек ақы бойынша есеп айырысудың мәнi
1.1. Шаруашылықтың техника-экономикалық сипаттамасы

ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясы Дзержинский атындағы тiгiн фирмасының базасында 2002 жылы құрылған. Кәсiпорын территориясы - 1,82 га, орналасқан мекен-жайы – Алматы қаласы, Жансүгiров көшесi 284. Компанияның екi модульдi ғимараты балмұздақ шығаратын екi үлкен цехқа қайта жарақтандырылған. Қолданатын шикiзаттың негiзгi түрi – құрғақ сүт, майлылығы 25 %, майсыздандырылған сиыр сүтi. Дайын өнiм – балмұздақ.
Өндiрiсте “Тетра Пак Хойер” дат фирмасының технологиялары мен құрал-жабдықтары қолданылады. Кәсiпорынның жұмыс режимi: жылына 260 күн, екi ауысым, жұмыс ұзақтығы – 8 сағат, күнiне 9 тонна өнiм шығарады.
Кәсiпорын территориясында шикiзат пен қосымша материалдар сақтайтын қоймалары бар. Дайын өнiмдi сақтау үшiн көлемi 150 тонналық мұздатқыш камералар орнатылған.
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қызметiнiң негiзгi концепциясы – Қазақстан нарығын жаңа технологиялар мен жабдықтарды қолдану арқылы жоғары сапалы өнiммен қамтамасыз ету. Әр түрлi балмұздақ түрлерiн шығару үшiн дат фирмасының “Стрейтлайн” және “Хайер КОМЕТ RS” жабдықтары орнатылған.
Балмұздақты отандық және шетел өндiрушiлерiнiң шикiзаттары негiзiнде жасайды. Оның iшiнде отандық шикiзаттар:
- май – “Фуд-Мастер НС” еншiлес компаниясы, Астана қаласы;
- сүт – СПК Ауылшаруашылық кәсiпорын ат фермасы “Алматы”, Талғар қаласы, жеке кәсiпкер “Мырзахметов”, ЖШС “МТФ”;
- қант – “Қант орталығы”, Алматы қаласы.
Шетелден келетiн шикiзаттар:
- стабилизатор – DANISE Services a/s (Denmark);
- глазурь - DANISE Services a/s (Denmark);
- жаңғақ - DANISE Services a/s (Denmark);
- джем - DANISE Services a/s (Denmark);
- құрғақталынған сүт майы – Corman a/s (EEC);
- орау қабы – Bakambalaj (Turkiye) or Danice;
- эскимо үшiн таяқшалар - Dan.

Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының қаржы жағдайын талдау.
Компанияның қаржы жағдайын талдау үшiн 2003 ж активтерiнiң балансын қарастырайық. Ол №1 кестеде келтiрiлген.
Кесте №1
ЖШС Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж. баланс активтерi(мың т)
№ Көрсеткiштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқу (+,-) %
1 2 3 4 5 6
1 Актив барлығы соның iшiнде:
13359
439089
425730
89
1.1 үзақ мерз актив соның iшiнде: 11245 390258 379013 46
% 96,6 91,1 -5,5
Негiзгi құрал 11245 390258 492974 46
% 96,6 91,1 -5,5
қаржылық салым
2 Ағымдағы актив соның iшiнде: 2114 48831 46717 23
% 3,4 8,9 +5,5
Өндiрiстiк қорлар 100 19000 18900 90
% 0,16 3,4 +3,24
Дайын өнiм 248 21440 21192 86
% 0,39 3,9 +3,51
Ақша-қаражатт. 1556 1000 -556 -64
% 2,5 0,18 -2,32
Дебеторлық қар. 210 7391 7181 35
% 0,35 1,42 +1,07

Баланс активтерiнiң құрамының өсу динамикасы мен құрылымының талдауы компанияның барлық мүлiктерiнiң абсолюттi және қатысты өсу немесе кему көлемiн анықтайды. Активтердi талдау барысында активтердiң қолда бары, құрамы, құрылымы мен болған өзгерiстерi зерттеледi. Кестедегi мәлiметтер бойынша активтердiң көлемi артқан, бұл компанияның жұмысына оң сипаттама бередi. Баланс активi 425730 мың теңгеге немесе 89 пайызға артқан. Соның iшiнде өндiрiстiк қорлардың үлесi жоғары 18900 мың теңге немесе 90 пайызға артқан; сонымен қатар дайын өнiмнiң үлесi де 21192 мың теңге немесе 86 пайызды құраған; ұзақ мерзiмдi актив, яғни негiзгi құралдардың үлесi 379013 мың теңге немесе 46 пайызға артқан; бiрақ ақша-қаражаттары 556 мың теңгеге немесе 64 пайызға кемiген және дебеторлық қарыздар сомасы 7181 мың теңгеге немесе 35 пайызға артқан. Компанияның жалпы активтерiнiң артуы оның жұмысына оң сипаттама бередi, бiрақ компанияның дебеторлық қарыздары артып, ақша-қаражаттары кемiген, бұл компанияның қызмет етуiне керi әсерiн тигiзуi мүмкiн, сондықтан қаржы директоры мұның пайда болу себептерiн анықтап, қарыздарды жуық арада қайтару жолдарын қарастыруы керек.
Келесi есептейтiн көрсеткiш бұл мобильдiлiк коэффициентi, оның мөлшерi мынадай болып келедi: жыл басында 0,03=2114/101299; жыл соңында 0,09=48831/446702. Яғни коэффициент мөлшерi 0,06 артқан. Бұл компанияның өз жұмысын үздiксiз жүргiзуге мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көрсетедi.
Компанияның зерттелетiн келесi көрсеткiшi мобильдi құралдарының құрамы мен құрылымы, өсу динамикасы мен кему тенденциясы. Ол үшiн төмендегi №2 кестеде мобильдi құралдар мәлiметтерi берiлген.

Кесте №2( жалғасы келесі бетте)
Фуд-Мастер АйсКрим компаниясының 2004 ж мобильдi құралдары

№ Көрсеткiштер Жыл басы Жыл соңы Ауытқу (+,-) %
1 2 3 4 5 6
1 Мобильдi құралд. соның iшiнде: 2114 48831 46717 23
% 100 100
Өндiрiстiк қорлар 100 19000 18900 90
% 0,05 39 + 38,95
Дайын өнiм 248 21440 21192 86
% 12 44 + 32
Ақша-қаражатт. 1556 1000 -556 -64
% 74 0,02 -73,98
Дебеторлық қар. 210 7391 7181 35
% 10 15 +5

Кесте көрсеткiштерiнен мобильдi құралдардың 23 пайызға, яғни 46717 мың теңгеге артқандығын байқаймыз. Соның iшiнде материалдық қорлардың үлесiнiң 90 пайызға (18900 мың т), дайын өнiмнiң 86 пайызға (21192 мың т) артып, керiсiнше ақша-қаражаттарының 64 пайызға (556 мың т) кемiгендiгiн және дебеторлық қарыздардың 35 пайызға (7181 мың т) артқандығын көремiз. Бұдан шығатын қорытынды: материалдық қордың артуы компания қызметiне оң әсерiн тигiзгенiмен, дайын өнiмнiң және дебеторлық қарыздың артуы мен ақша-қаражаттарының кемуi керi әсерiн тигiзедi. Өйткенi дайын өнiмнiң артуы компанияда материалдық айналым қозғалысының баяулығын, дайын өнiмнiң сатылмай қоймада шамадан артық мөлшерде тұрғандығын көрсетедi, бұл сауда бөлiмiнiң қызметкерлерiнiң өз қызметтерiн дұрыс атқармайтындығын көрсетедi; ал дебеторлық қарыздардың артуы компанияның қаржы директорының дебеторлық қарыздармен жұмыс iстемейтiндiгiн көрсетедi. Ақша-қаражаттарының кемуiн бұл ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алуымен түсiндiруге болады.
Келесi зерттелетiн маңызды көрсеткiштердiң бiрi - авансталған капиталды талдау. Ол үшiн төмендегi кесте мәлiметтерiн пайдаланамыз (кесте №3- келесі бетте). ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру