Әлеуметтану | Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеу

 Әлеуметтану  | Әлеуметтанудағы әлеуметтік жұмыскерді зерттеу

Мазмұны

КІРІСПЕ

I – БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ.
1.1. Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.
1.2. Әлеуметтік жұмыскердің кәсіби сипаттамасы.

II – БӨЛІМ. ӘР ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС.
2.1. Әлеуметтік жұмыстың әр ғылым салаларымен байланысы
2.2. Әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің қоғамдағы орны.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ


Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз бетімше қысқаша тоқталып өтсем:
Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе, 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған '',...Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…1 '' – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің қалыптасуына әсер етті.
Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді. Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу жолдары қарастырылуы өте қажет болды.
Үшіншіден, Қазақстан халқының қоғамы, әлеуметтік топтары өтпелі кезеңге дейін де, өтпелі кезеңде де, өтпелі кезеңнен кейін де Әлеуметтік – экономикалық қиындықтар әсерінен Әлеуметтік қорғаныш қабатынан айрыла бастады. Қоғамымыздағы түрлі әлеуметтік топтар мүддесін қорғайтын мамандар қажеттілігі күнделікті тұрмыстағы ең өзекті мемлекеттік мәселе болуы.
Төртіншіден, қоғамдық келеңсіздіктердің күрделі мәселелерін зерттейтін, реттейтін мемлекеттік әлеуметтік институт қажеттілігі.
Бесіншіден, Тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдары,әлемнің дамыған елдерінің модельдерін зерттеу барысында, кез-келген дамыған мемлекеттің өзіндік бекітілген әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің берік екенін көрсетті, сонымен бірге Қазақстанға да әлеуметтік ориентация ( бағдар ) болды.
Алтыншыдан, Республика халқының демографиялық хал-ахуалының нашарлауы нақты зерттеу мен оның алдын-алу ( профилактикасын ) шараларын жүргізуге қажет, демографиялық топтар денсаулығын зерттеу, жақсарту жұмыстарын жүргізу үшін демографиялық ілімдер, әлеуметтік топтар мен олардың психологиялық стимул, мотивацияларын жақсарту үшін – практикада, әлеуметтік жұмыскерлерге сұраныстың артуы.
Жетіншіден, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді толықтай бір арнаға келтіру нәтижесінде ресми түрде тұрақтанған әлеуметтік жұмыс мамандығы қоғамның әр саласымен байланысты болып, қоғамымыздың бүтіндігін құрады.
Сегізіншіден, бұрыннан бері қалыптасқан,жинақталған теориялық ілімдер негізінде, әлеуметтік саланы қолданбалы деңгейге жеткізу, себебі әлеуметтік жұмыс өзінің ауқымына байланысты теориялық және қолданбалы деңгейде қызмет атқарды және осы екі деңгей бір-бірімен тығыз байланысты болса, Әлеуметтік жұмыскер осы теория саласын практикада ұштастыратын реттеушілік гуманистік функцияларын атқарды. Қоғамымыздағы көптеген әлеуметтік проблемаларды шешуге өз үлесін қосатын мамандық өте қажет-ақ.
Тоғызыншыдан, 70-жылдан астам уақыт бойы Кеңеңстік жүйеде өмір сүрген біздің мемлекет жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға өту кезеңінде көптеген деформацияға ұшырады. Соның бастыларының бірі әлеуметтік және еңбек салаларындағы қатынастардың тепе теңдігінің бұзылуы мен жұмыссыздық проблемаларының өзектіленуі. Бұл жерде мемлекеттік түзету мен әлеуметтік сала маманының реттеушілік функциялары қана әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қалыпқа түсуіне, әлеуметтік сфера ахуалының жақсаруыны және қоғамды стратегиялық маңызы бар реформаларын жүзеге асыруына көмек береді.
Мемлекеттің арнайы реттеушілік функцияларының анализінің үрдісі кезінде “хұқық”, мораль әлеуметтік сала мамандарының орны ерекше
Яғни, әлеуметтік жұмыскерге деген талап өзінен-өзі туындады емес-пе?
Мәселенің бәрін өзектілігіне қарай тізбектей берсек,әлеуметтік жұмыскерлер-ге деген талап, сұраныс қоғамымзда үлкен орынға ие.
Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы себептері әрине өте көп, бірақ мен соның негізгі деген тоғыз түрін өз бетімше түсіндіруге тырыстым. Біздің мамандығымыз жас мамандық болған себептен, әрі қоғамның әрқилы салалары-мен күрделі байланысты болғандығынан өте әмбебап (универсалды) мамандар-ды даярлауды өзіне міндеттейді. Әлеуметтік сала аясындағы күнделікті өміріміз керемет деп айтпағанымызбен, әлеуметтік жұмыс саласының мамандарының үл-кен күш салуы арқасында бірте-бірте қалыпқа түседі деген игі сеніммен бола шаққа қарай аяқ басудамыз.
Әлеуметтік жұмыс мамандығының, Тәуелсіз мемлекетіміздегі жас, болашақ түлектері ретінде, қоғаммен тікелей байланыстағы пәніміздің ғылыми-материалдық базасының жоқтығына қарай, бірақ күнделікті әлеуметтік-қоғамдық проблемалардың өзектілене беруіне қарай, көптеген қиындыққа жолығудамыз, оны өзіміз шынымен-ақ сезіне бастадық. Әрине, жаңа пән аумағында алғашқы түлектер ондай келеңсіздіктерге жолығуы да шартты, себебі Қазақстандағы әлеуметтік жұмыс жөнінде бітіру жұмысын жазуға алғаш қалам тартқандардың біріміз.
Енді, әлеуметтік жұмыс қандай пән?, маңыздылығын, зерттелу деңгейін, мақсат – міндеттерімен таныстырып өтуге тырысайын.
Әлеуметтік жұмыс – әр кезде, тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік саясатына сәйкес көрсетілетін, өзіндік әлеуметтік көмектер тәртібінің моделі, әрі қоғамдық құбылыс. Бұл түсініктеме кең көлемде бәрін қамтымағанмен, көп нәрсенің мәнін ашатын анықтама. Ал, қысқа ғана нұсқасында әлеуметтік жұмыс қоғамның өсуінің, дамуының тұрақтылығы болып табылатын, адам құқығы мен тұлғаның әлеуметтік қорғалуын талап ететін, қоғамдық қажетті саяси іскерлік түрі.
Әлеуметтік жұмысты, былайынша, халықтың әлеуметтік, мәдени әрі материалдық жағдайын қамсыздандыру мақсатында істелінетін мемлекеттік әрі мемлекеттік емес арнайы іс - шаралар формасы деп те түсіндіруге болады.
Әлеуметтік жұмыс мамандығы әр түрлі форма мен атаулар алуы арқылы әр түрлі тарихи кезеңдер мен мәдениеттерде бұрыннан белгілі. Әлеуметтік жұмыс туралы алғы мәліметтер біздің заманымызға дейінгі 1750 – жылға сәйкес келеді.2
Бұл кезде ежелгі Вавилонда әділеттік кодтары – азаматтық акттері, адамзаттың бір – біріне деген, жақынына деген махаббатына, кедейлерге деген қамқорлыққа шақыру пайда болған. Көне Грецияда әлеуметтік жұмыс, “Филонтропия” (грекшеден аударғанда: “адамзатқа қатысты махаббатын білдіру”) ретінде таныс болды. Римде “халықтық дәстүр” негізінде белгілі болған.
Әлеуметтік жұмыс басында қоғамдық құбылыс ретінде пайда болып кейіннен әлеуметтік институт дәрежесіне көтеріліп беки түскен.
Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік бағдарлық теориясымен модельдерінің қалыптасуына Классикалық позитивизм әсер еткен( Огюст Конт, Герберт Спенсер . т .б).3
Біз әлеуметтік жұмысты зерттемес бұрын, алдыменен, Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясат мәселесіне тоқталып өтуіміз керек. Бұл үшін біз алдыменен Макс Вебермен, Эмиль Дюркгейммен, басқа да ірі ғалымдармен берілген Әлеуметтік институт, Әлеуметтік саясат идеяларымен танысайық.
Мысалға, Әлеуметтік институт - Әлеуметтік феномен. Біз қоғам құрған бетімізде сол феноменді бірге өмірге әкелеміз.Ал одан біздің алысқа кете алмауымыз біздің сол институтпен бірге біртұтас құрамада екенімізді көрсетеді, яғни бұл біртұтас құбылыс екен – деп кезінде Эмиль Дюркгейм өзінің әлеуметтік идеяларында айтып өткен, егер осы Институт жақсы болса, қоғамымыз сау ал егер ауру болса – қоғам ауру, ретсіздікке яғни аномеяға тап болады деген. Бұл біртұтастық принципі, ал әлеуметтік саясат осы біртұтастықтың бір элементі.
Әлеуметтік саясат туралы ойлар, идеялар XX – ғасырдың ортасысынан бастап, әлеуметтік әділідік, әлеуметтік мемлекет анализін қарастырғаннан басталады. Бұл салаға өз еңбегін қосқандар: Дж. Лус, Дж. Роус, Дж. Гроссман. тағы. басқ.
Осыменен, әлеуметтік жұмыс қоғамдық феномен ретінде пайда болып, ғылым болып бекігенін білеміз. Ғылым ретінде пайда болып кәсіби әлеуметтік жұмыскерлерді даярлау XIX – ғасырда Амстредамда, кейіннен Берлин, Лонданда жүзеге аса бастауы, әлеуметтік жұмыстың кәсіби деңгейге өтуінің, әлеуметтік диагноздан және әлеуметтік жұмыскерлердің басшылыққа алатын құралымен, әдістер таңдауының бәрі тек жалпы моральдық критерий емес, ғылыми негізделген кәсібилік бағыт екенін дәлелдеді.4 Әлеуметтік көмек адаммен бірге қоршаған ортаның өзгеруіне әкелетін шаралар, комбинациялар жүйесі ретінде қарастырыла бастады. XIX – ғасыр ширегінде, әлеуметтік жұмыскермен, басты тезис: адамның әлеуметтік ауруларын емдеу үшін алдыменен адам бойында қоршаған ортаға бейімделу мен оның тұлға болуындағы рессурстарын күшейтіп, бәрінен бұрын отбасын қарастыру керек екені айқындала түсті.
Әлемдік практикадағы қазіргі бағыт: әлеуметтік жұмыс әлеуметтік өзгерістерге әкелетін, соған бағытталған іскерлік түрі екені алғы түсінік болып отыр. Бұл позиция бойынша әлеуметтік жұмыс, қоғамдағы конфликттер мен катаклизмдерді тежеуші мықты күш болып, оны реттеуге келгенде мемлекет пен қоғамға қарағанда көп күш жұмсай алатыны белгілі болып отыр. Бұл тұстан алсақ, қазіргі Қазақстанда әлеуметтік жұмыс, қоғам біртұтастығын сақтауда мемлекеттік саясат ұстанғанымен де, ұлттық қауіпсіздікті күшейтіп, мемлекетіміздің тұрақтылығын сақтауына да көп көмегін тигізуде.
Қазіргі Қазақстан әлеуметтік жұмысының алдында тұрған қоғам мен адам өмірінің әлеуметтік мәселелеріндегі басты проблемалық жағдайларының маңыздылары төмендегідей қарастырылады:

 Әлеуметтік және психологиялық конфликттер, кризистік(тоқыраулар), стресстік жағдаяттар;
 Эмоциональды және психологиялық проблемалар;
 Қажеттілік және кедейшілік;
 Маскүнемдік және Нашақорлық;
 Зорлық - зомбылық, күш көрсету, шектеу (дискриминация);
 Қылмыс пен құқық бұзушылық;
 Жұмыссыздық пен кәсіби бейімделу;
 Мүгедектер мен жалғызбасты кәрілер;
 Жалғызбастылық;
 Тұрғын үй проблемалары;
 Бағып алу, Тастандылық, Асырап алушылық;
 Ата – аналарының балаларына қатысты қатігездігі. т.б
Әрине, тек қана біздің қоғам аурулары (аномеясы) тек осыменен шектеледі деген сөз емес, бұнымен қатар саяси, экономикалық проблемаларда аз емес. Көрсетілген тізімде әлеуметтік критерийдегі мәселелер.
Әлеуметтік жұмыс, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетумен шектелмейді. Сонымен қатар ол, әлеуметтік бақылаудың ең нәзік құралдарын жүзеге асырады. Кез – келген әлеуметтік жұмыскердің бақылау мен қамқор арасындағы диллемасы, кез – келген әлеуметтік көмек көрсетуде бақылау элементтерінің болуы, әлеуметтік жұмыс функцияларыда осыдан құралады. Бірақ бұл диллема әлеуметтік жұмыскер бәрінен кімнің мүддесін бірінші болып қорғайды? Мемлекеттің бе? Жұмыс берушінің бе? Әлде клиенттің бе?
Әрине кәсіби деңгейі, бағдары бойынша әлеуметтік жұмыскер алдыменен, клиенттің, одан кейін барып қоғамның – ұйымдардың , мемлекеттің мүддесін қорғауы шарт.
Осындай приоритеттер жүйесін өмірдің өзі үйретеді. Әдетте сол өмір үшін күресте әлеуметтік жұмыскер көбіне өзінің мүдделестерімен ұйымдар қолдауына ие болады.
Бүгінгі таңда “әлеуметтік жұмыс” мамандығы әр алуан мынадай мамандықтар түрін өзіне біріктіреді: Әлеуметтік педагог, Әлеуметтік психолог, Этнолог, Әлеуметтік юрист, Эколог, Валеолог, Әлеуметтік аниматор, Геронтолог, тар шеңбердегі арнайы әлеуметтік мамандар (босқындармен жұмыс атқарушылар, мүгедектер, “қатер тобымен”, Медициналық әлеуметтік жұмыскер. т. б), немесе арнайы жастық тобымен жұмыс атқарушылар(балаларменен,кәрілермен әлеуметтік жұмыс. т.б), әйтпесе арнайы мекемелерде (мектептегі әлеуметтік жұмыскер, әскери ортадағы әлеуметтік жұмыскер, экстремальды жағдайлардағы әлеуметтік жұмыскер, әлеуметтік жұмыс ұйымдары, т.б) 5
Кәсіби іскерлік ретінде әлеуметтік жұмыс 3 – саланы қамтиды:
1) Әлеуметтік терапия: жекелей тұлғалық әрі отбасылық деңгейіндегі индивидтің роблемаларын шешу, әлеуметтік бейімделу мен реабилитация(ақтау), конфликттік жағдайларды шешу ісінде оның қоршаған ортасы;
2) Топпен әлеуметтік жұмыс; топтар мынаған жіктеледі: жасы бойынша (балалар, қарттар, жастар, т. б), қызығушылығы мен жынысы бойынша (конфессиалық, жалғызбастылар қоғамы, жалғызбасты аналар, жалғызбасты әкелер, бұрынғы нашақорлар мен алкоголиктер, т. б). Әлеуметтік жұмыскерлер көбіне ассоциалды және қылмыстық группировкалармен де жұмыс атқарады: (балалар мен жасөспірімдер қылмысы, қаңғыбастар, ұйымдасқан қылмыстық жезөкшелік, нашақорлық, ассоциалды бағытталған жасөспірімдер тобы .т.б).
3) Тұрғылықты мекен жайы және қауымдастықтармен әлеуметтік жұмыс: Ол әлеуметтік көмек көрсетулер жүйесін кеңейтуге бағытталған, жергілікті бөлімдерге бөлініп әлеуметтік көмекпен қамсыздандыруды қарастырсады, қауымдастық байланыстарды бекітуге, адамдардың әлеуметтік–психологиялық климатының жақсаруына, топтық көмек көрсету шаралары.т.б. 6

Міне осы функциялардың бәрін қатар атқарған әлеуметтік жұмыскер - әмбебап сала маманы болып шығады.
Әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты – жақсы әл – ауқат жөніндегі қамқорлық, тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетін ашу, отбасы қамы, қоғамның қалыпты әлеуметтік функцияларының орындалуын қадағалау.7
Әлеуметтік жұмыстың іскерлігі аясындағы басты мақсаты клиенттің өмірлік маңызы бар проблемаларын шешуге көмек көрсету.8
Әлеуметтік жұмыстағы орталық фигура клиент, ал мақсаты - әлеуметтік жұмыскерлер қатысатындай проблемалардан әр клиент өмірін сақтандыру мен одан қорғау шаралары.9
Әр оқулықта әр түрлі сипаттамалар берілгенімен, бәрінің де көрсеткені әлеуметтік жұмыстың басты мақсаты, – мемлекет мақсатының айқын бөлігі ол – әлеуметтік жұмыстың қандай жолмен болсын, қиын жағдайға душар болған индивидттер мәселесін гуманизм заңдылықтарымен шешу, алдын-алу, кез-келген адамды сол шаралары арқылы бір-біріне деген сенімдерін нығайту, көмек беріп, күнделікті өмірдегі әлеуметтік проблемаларды дұрыс шешуге бағыт беру жолдарын қарастыру. Әрине бұл берілген анықтама да абстракциялық аспектте болуы ықтимал, өйткені басқа мамандықтардай емес, әлеуметтік жұмыс мамандығының жұмыс аясы өте үлкен екені бізге мәлім. Адам өміріндегі маңызды, жауапты шешімдер шығарып, дұрыс жолмен бағыт-бағдар беру әр әлеуметтік жұмыскердің адамдық кәсіби борышы.

Әлеуметтік жұмыстағы мақсатқа жету жолдары:

 Клиентпен танысу, жағдаяттың диагностикасы; (бұл жерде “клиент” рөлінде, қоғам, әлеуметтік топ, немесе жекелеген адамда болуы мүмкін ).

 Проблемалардың, қажеттіліктердің дифференцияциясын анықтау, мүмкіндіктерді айқындау;

 Мәселенің шешілу жолдарымен, оның жүзеге асуын қадағалау шарттарының функциясы;

 Бақылау мен қамқорлық;

Әлеуметтік жұмыскердің арнайы функциялары мен құндылықтары мыналар болуы шарт:

–– Жақындарына мейірбандылық көрсету, мәселені бірге түсінушілік, ниет білдірушілік, ізгілік;

–– Проблемаларды шеше білу жолдарына қатысу;


–– Клиенттің ішкі күшіне сену, жағдайдың позитивті өзгеруіне деген сенімнің болуы;

–– Көмек пен жақсылықтар жасау ниетінің болуы;


–– әлеуметтік білімдер жиынтығын жинақтау;

–– Тәжірибе алу;


–– Әлеуметтік шығармашылық; т.б...

Әлеуметтік жұмыс құрылымы:
Әлеуметке жаңаша көзқараспен қарауы арқылы қоғамға деген көзқарасын жаңарту. Ежелден бері адам бойында қалыптасқан ізгі ниет, жақсылық қасиеттерінің гуманизм принциптері екенін білген әлеуметтік жұмыскер өзінің гуманизмін іс-әрекеттері арқылы өзгеге білдіре білуі қажет. Сол гуманизм заңдылықтарын өз бойында жаңғыртуы арқылы, жаңа заман, жаңа кезеңге сәйкес, жаңаландыру. Қоғамның әлеуметтік кеселден арылуы үшін қажет болар бар игі іс-әрекеттерін аянбай шығара білу.

I – БӨЛІМ. ӘЛЕУМЕТТАНУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСКЕРДІ ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ.

1.2. Әлеуметтік жұмыскерді зерттеудің негізгі бағыттары.

Әлеуматтану ғылымы таза қоғамдық-гуманитарлық пән. Ерекшелігі де сол қоғамның негативті немесе позитивті, яғни қалыпты жағдайлардағы феномендерінің әрқилылығын зерттейді, анализ жасайды, гипотеза айтады. XX-ғасырдан бастап Әлеуметтану қоғамдық құбылыстарды теориялық зерттеуден, практикалық немесе тікелей шешу жолдарын зерттеуге көп көңіл бөле бастағаны белгілі болды. Әсіресе 2-ші дүниежүзілік соғысынан кейін Әлеуметтану ғылымы аясында –– Әлеуметтік жұмыс деген іскерліктер ілімі пайда бола бастады. Бұл қоғам талаптарынан туындаған еді. Өйткені, Әлеуметтану қоғам түрін, типін зерттеп, негативті әсерлерін анықтағанымен, нақты соны емдеуге келгенде шегіншектей берді.Әлеуметтік жұмыста бұл құбылысты Әлеуметтік ингибиция деп атайды. (“inhibition”– ағылшын тілінен аударғанда тежелу, басылу, қысым көру ). Қоғамның бір негативті әсеріне екінші бір негативті әсері келіп жабыса беруі әлеуметтанушылардың жолына кедергі келтірді. Әлеуметтанушы әр саламен байланысы бар – әмбебап болуы шарт болды. Сонда барып – Әлеуметтік жұмыс мамандығы нағыз көзге көріне бастады. Бұрынғы гуманист, филантроптар енді ресми түрде – Әлеуметтік жұмыскер мәртебесіне ие болды. Былайынша алғанда Әлеуметтану екі қанатқа жарылды немесе қоғамды шар ретінде алсақ Әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс, сол шарды қоршаған екі қорғаныш қабаты болды. Қоғам кеселін анықтау, түрін, типін теориялық- ғылыми зерттеу бірінші (ішкі) қабаты Әлеуметтану болды, ал солардағы нақты практикалық іс-әрекеттер жүйесінің жүзеге асуы процессін екінші (сыртқы) қабат – Әлеуметтік жұмыс атқарды. Бұл жерде Әлеуметтануды бірінші (ішкі) қабатқа қоюымда екі мақсат бар:
біріншісі: Әлеуметтік жұмыс Әлеуметтану ғылымы аясында пайда болып дамуында болса,
екіншісі: екі қабаттың ортасында тұрған “шар – қоғамнан” бөлінген әсерлерге, алғаш болып Әлеуметтану танып зерттеп, реттеу шараларын ғылыми негіздегеннен кейін барып қана, бірінші қабаттан шыққан әсерлерге екінші қабат реакциясын я болмаса өзіндік іс- әрекеттерін білдіреді.
Әлеуметтану мен Әлеуметтік жұмысты біріктіретін тағы бір ортақ аспект: ол екі ғылымның да қоғамнан қандай болсын өзгеріс күтуі. Ал қоғамның өзгерісі негативті немесе позитивті болуы, содан кейінгі тезистегі мәселе.
Енді Әлеуметтік жұмысты зерттеудегі басты методологияларға тоқталып өтсемдеп едім.
Біздің қоғамымыз үшін Әлеуметтік жұмыс жаңа құбылыс болғандықтан көп жағдайда Әлеуметтік жұмыс классификациясы, мәндік сипаттамалары, зерттеу методологиялары көптеген ғалымдар үшінде пікірталас тудыруда.
Әдіс ––– ғылыми мәнінде– философиялық– ғылыми білімдер жүйесінің пайда болуы мен құрылу тәсілдері, сонымен қатар шындықты теориялық практикалық қолданып, ие болу үшін қолданылатын операциялар мен тәсілдер жиынтығы.10 Өзінің генетикалық тамыры бойынша әдіс, адамды шындықтың (действительность) заңдылықтары мен қасиеттерін білуі арқылы практикалық іскерлікке тәрбиелейді.
Әдістің дамуы мен диффинициясы нәтижесінде, ол туралы таным мен ойланулар әдістен – әдістемеге (методология) әкеледі.
Әдістеме (методология) –– шындықтың практикалық және теоретикалық құрылысы мен ұйымдастырылуы заңдылықтарымен шарттарын зерттеу жүйесі.
Методологиялық ілімдер жүйесінде – алынған білімдерді практикалық шындыққа икемдеу мен жүзеге асырылу шаралары қарастырылады. Методологиялық анализ зерттеленіп отырған объект жөнінде түрлі мағлұматтар алуға көмектеседі, әрі объектке ықпал ету мен процедуралық шарттарын нақты белгілеп береді.
Дәл қазіргі кезеңде Методология тарапынан Әлеуметтік жұмыс 3 – түрлі көзқараспен анықталады:

1) Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде;

2) Әлеуметтік жұмыс –– практикалық іскерлік түрі ретінде;

3) Әлеуметтік жұмыс –– оқыту пәні ретінде;

Анық бір нәрсе ол, осы 3 - көзқарастың да әрқайсысында Әлеуметтік жұмыс әрқилылығынан қарастырылып,әр түрлі сапалы сипатқа ие де, зерттелінуімен жүзеге асуында әр түрлі әдістер мен бағыттардың қолдануын талап етеді. Егерде Әлеуметтік жұмыс ғылым ретіндегі басты мақсаты –– Әлеуметтік шындықты тану болса, практикалық іскерлік түрі ретінде –– осы Әлеуметтік шындықтың түзілуін қарстырады. 3 – сатысы –– Әлеуметтік жұмыстың оқыту пәні ретінде пайда болу кезеңінен бастап, нақты ғылым болып беку жолдарын тереңнен қарастырады.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде. Ғылым саласы ретінде методологиялық анализі – ғылым пәні мен объектінің бөлектелуін, жалпы заңдылықтары мен түсінік – категориялдық аппаратының анықтамасын, зерттеудің ұйымдастырылуы шарттары мен әдістерін талап етеді.Ғылымның пәні мен объекті зерттелуші құбылыстар шекарасын, нақты ғылымның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсетеді. Нақты зерттелініп отырған ғылым объектісі, сол ғылымның зерттеуге бағытталған шындық жағы түсіндіріледі. Сонымен қатар, бірде-бір ғылым әлі дейін өзінің объектісін әртүрлі себептері қырынан толығымен суреттей алмайды. Осыған байланысты, нақты ғылым өзінің ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру