Политология | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау

 Политология  | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау

Мазмұны

КІРІСПЕ: ................................................................................................ 3-4 б.

I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары ............................................ 7-19б.
1.2. Болжамның категориялары ........................................................... 20-27б.

II. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТА БОЛЖАУДЫҢ ТИПОЛОГИЯСЫ
2.1. Болжамды классификациялаудың көрсеткіштері..........................28-34б.
2.2. Әлеуметтік жұмыста болжаудың ерешеліктері.............................35-45б.

ҚОРЫТЫНДЫ.........................................................................................46-47б.
СІЛТЕМЕЛЕР...........................................................................................47-48б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ......................................48-49б.

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерін әртүрлі тұрғыдан қарастыру, оны ғылыми түрде дәлелдеу біздің осы жұмысымыздың алына қойған мақсаты болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың болжау әдістерінің типологиясынын жасауда жұмыстың басты мақсатына енеді. Ауқымы кең, жан-жақты проблема болғандықтан оны оны әлеуметтанудың бір саласы деп қабылдауға болады.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және пәнаралық ретінде сипаттайды.
Бітіру жұмысының мақсаты - әлеуметтік жұмыс саласында қолданылатын болжау әдістерінің жіктелуін көрсету.
Бітіру жұмысының міндеттері – болжау ұғымына қатысты толық ақпараттар жинақтау, Қазақстан Республикасының заңдары, бағдарлама, болжау әдістері туралы мәселерді қарастырған ғалымдар еңбектерін қарастыру.
Жұмыстың зерттеу пәні - әлеуметтік жұмыстағы болжау әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін көрсету.
Тақырыптың зертелу деңгейі – Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру жұмысында шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде қарастырған.
Бітіру жұмысының екінші тарауында болжамның түрлері, жіктелуі көрсеткіштері қарастырылған.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жеті кестеден тұрады. Жұмыстың көлемі – 49 бет.

I. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ҒЫЛЫМИ САЛАСЫНДА БОЛЖАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ

1.1. Болжам жасаудың негізгі қағидалары

Болжау негіздері. Негізгі ұғымдар.
Прогностиканың негізгі немесе базисті ұғымдары мыналар (келесілер) болып табылады.
1) Болжам нұсқасы – болжау объектісін болуы мүмкін болжамдар тобы құрайтын, болжамдардың бірі.
2) Болжау әдісі – болжам жасауға бағытталған, болжау объектісін зерттеу тәсілі.
3) Болжау әдістемесі – нақты объектілердің болжамдарын өңдеу әдістері мен ережелер жиынтығы.
4) Болжау объектісі – болжау субъектісінің іс-әрекеті бағытталған процесстер, құбылыстар және оқиғалар. Объектінің табиғатына қарай әлеуметтік ғылыми-техникалық экономикалық- экологиялық және басқа объектілерді бөлуге болады: Болжау субъектісінің оған әсер ету мүмкіндігіне байланысты басқарылатын және басқарылмайтын объектілер.
5) Болжам тұтынушысы – ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе болжамның нәтижелерін қолданушы жеке тұлға, ол кейбір жағдайларда болжамға деген тапсырманы беруші. Кейде тұтынушы тапсырыс беруші болуы мүмкін.
6) Болжаудың амалы (тәсілі) – болжам жасау процесінде нақты нәтиже алуға бағытталған бір немесе бірнеше матеметикалық, логикалық және басқа операциялар мысалы: а) Сарапшылардың баға беруінің орташа өлшенген мәнін есептеу: б) Сарапшының біліктілігін анықтау в) Қозғалыс ретін теңестіру және т.б.
7) Болжамдық үлгі – болжау объектісінің үлгісі оны зерттеу болашақта және оларды іске асыру мерзімдері мен жолдарында объектінің жағдайы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кесте түріндегі болжамдық үлгі «болжау объектісінің кесте - үлгісі» немесе «кесте үлгі» деп аталады.
8) Болжамдық қабат, астар (фон) – болжам тапсырмасын шешу үшін маңызды болжау объетісіне қатысты сыртқы жағдайлар (факторлар) жиынтығы.
9) Болжау жүйесі – болжау әдістерінің және оларды жүзеге асыру жолдарының жүйесі, ол болжаудың негізгі принциптерімен сәйкес қызмет етуші.
10)Іске асыру құралдары – Сарапшы топтары, ұйымдастыру іс-шаралары техникалық құралдар және т.б. табылады. Болжау жүйелері автоматталған және автоматталмаған болуы және басқарудың түрлі деңгейлерде өңделуі мүмкін.
11)Болжау субъектілері – осы болжамды жасаушы ұйым, кәсіпорын, мекеме немесе жеке тұлға.
12)Болжау кезеңі - өзінің міндеттері әдістері мен нәтижелерін сипаттайтын болжамдарды жасау процесінің бөлігі. Кезеңдерге бөлу, болжау субъектілерін жүйелі сипатының құрылу ерекшелігімен болжам фонының деректерін жинау, іздеу және нормативті үлгілерін құру, болжам верификациясымен байланысты. Болжауға қатысты операциялардың алдында болжамдық бағдар ерекше орын алады.

Болжау принциптері.
Болжамдарды жасауда келесі талаптарды ұстану маңызды болып табылады. 1) Нұсқаулық – жұмысшы гипотезаның ерекшелігінен мақсатты қоюдан (нормативті болжауда) және болжамды қабат (фон) нұсқаулардан шыға отырып, болжамның бірнеше нұсқасын жасау.
2) Верифицируемость – үздіксіздік – болжау объектісі туралы жаңа деректер түскенінде қажеттілік бойынша болжамдарды түзеуді қажет ететін болжау принципі. 3) Рентабельділік – болжамды қолданудан экономикалық әсердің, болжамды жасауға деген шығыннан көбеюі, жоғарылауы. 4) Жүйелілік – болжанушы көрсеткіштердің барлығының сонымен бірге болжам өлшемдерінің өзара байланысы. 5) Келісу (келіскендік) – түрлі табиғаты бар нормативті және іздеу болжамдарының келісуін талап ететін болжау принципі.

Болжамдардың түрлері және мақсаты.

Болжам түрлерін түрлі жіктеу белгілері бойынша топтастыру 1-ші кестеде берілген.

1-ші кесте.

Болжамдар түрлері.

№ Жіктеу белгісі Болжам түрі Түсіндірме (болжам мақсаты, оның мазмұны)
1 2 3 4
1 Болжамның мазмұны Іздеулік Болжамның мазмұны мынаны анықтау болып табылады:
-болашақта болжау объектілерінің жағдайлары.
Нормативті -мүмкін жағдайлардың жолдары мен мерзімдері (берілгеннің қабылдануы ретінде)
Кешенді Іздеулік және нормативті болжамдардың элементтерінен тұратын, болжам.
2 Бейнеленуші қасиеттердің сипаты Сандық Мыналарға негізделген болжам:
-Сандық көрсеткіштерге;
Сапалы -Сапалық көрсеткіштерге;
Жүйелі -болжау объектілерін жүйелі көрсету;
3 Нәтиже көрінісінің дискреттілігі Интервалды Нәтижесі мынадай түрде көрсетілген болжам:
-болжамды іске асыру үшін берілген берілген болжау объектілерінің сипатының сенімдік интервал түрінде.
Нүктелік Сенімдік интервал көрсетпей болжау объектісін сипаттаудың жалғыз мәні түрінде;
4 Бекіту кезеңі Оперативті(қауырт) Болжау объектілері үшін бекіту кезеңі бар, прогноз:
- 1 айға дейін.
Қысқа мерзімді - 1 айдан 1 жылға дейін.
Орта мерзімді - 1жылдан 5 жылға дейін.
Ұзақ мерзімді - 5 жылдан 15 жылға дейін.
Алыс, ұзақ мерзімді - 15 жылдан ары қарай.
5 Болжанушылардың сипатының саны Бір өлшемді Болжам мыналардан тұрады:
-болжау объектісінің бір сапалы немесе сандық сипаты.
Көп өлшемді -болжау объектісінің бірнеше сапалы немесе сандық сипаты.
6 Мемлекет ареалы, аймағы (мемлекеттердің) Локалды Мыналарға қатысты болжам:
-осы берілген мемлекеттің аймағының бөлігіне.
Аймақтық Осы мемлекеттің аймағына.
Аймақаралық - осы мемлекеттің бірнеше аймақтарына.
Жалпы мемлекеттік -жалпы мемлекетке
Мемлекетаралық Бірнеше мемлкеттерге
Ғаламдық Жалпы жерге және адамзатқа
7 Халық шаруашылығының құрылымы. Салалық Мыналарға қатысты болжам:
-қандайда бір салаға
Салааралық - бірнеше салаларға
Территориалды-өндірістік -территориалды- өндірістік құрылымдарға.

Болжамдардың өлшемдері.

Болжамдардың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады.
1) Болжамның сенімділігі – берілген сенімділік интервал үшін болжам жасау мүмкіндігін бағалау. 2) Болжам қателігінің қайнар көзі – болжам қателігінің болуына себепші, фактор. 3) Болжамның негізділігі, дәлелдігі - әдістер мен бастапқы ақпараттың объектке, мақсаттарға және болжам міндеттеріне сәйкес болу деңгейі. 4) Болжам қателігі – апостериорлы (латын тілінде а posteriory «кейінгі, жолын қуушы», a priory «алдыңғыға» қарағанда) болжамның объекттің шын жағдайынан немесе оны іске асыру жолдары мен мерзімдерінен ауытқу көлемі. 5) Болжамды негіздеу кезеңі – уақыт аралығы, оның негізінде ретроспекция құрылады. 6) Бекіту кезеңі – осы шақтан болашаққа жасалатын болжамның уақыт аралығы.7) Болжамдық көкжиек – болжамды бекітудің максималды ықтимал кезеңі.8) Болжамның дәлдігі – Болжамның сенімдік интервалын оны іске асырудың берілген ықтималдылығы үшін бағалау.[2]

Болжау кезеңдері.
Болжау процесі жалпы түрде 8 кезеңнен тұрады.
1) Болжамның алдындағы бағдар – болжамға және оған кіретіндерге деген тапсырманы орындаудан алдыңғы, шаруалар жиынтығы: а) объектті анықтау; б) болжаудың мақсаттары мен міндеттері; в) негіздеу кезеңі және г) болжамды бекіту кезеңі. 2) Болжамға деген тапсырманы, яғни болжамның мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын және оны өңдеудің тәртібін белгілейтін құжатты жасау.3) Болжамдық ретроспекция – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фон) даму тарихын олардың жүйелі сипатын алу мақсатында зерттеу. 4) Болжамдық диагноз – болжау объектісінің және болжамдық қабаттың (фонның) жүйелі сипатын олардың даму тенденцияларын білу, көрсету мақсатында зерттеу.5) Болжамдық проспекция – болжамды диагноз нәтижелері бойынша болжамды жасау. 6) Болжам верификациясы – болжамның сенімділігін және дәлдігін бағалау немесе оның негізділігін тексеру. 7) Болжамды түзету – болжамды, оның верификациясы және қосымша деректер негізінде нақтылау, айқындау. 8) Болжамдар синтезі – жүйелі болжамды жасау, өңдеу.
Болжау объектісі.
Болжау объектісінің сипаттамалары.

Болжау объектісінің қандай-да бір қасиетінің сапалы немесе сандық бейнесі болып табылатын болжау объектісінің сипаттамаларын жасау процесінде мынадай ұғымдар қолданылады. 1)Болжау объектісінің ауыспалысының базистік мәні – болжам негізі мен бекіту кезеңдерін бөліп жатқан диагноз кезеңіндегі болжау объектісінің ауыспалысының мәні. 2)Бас, негізгі (генеральный) анықтау кестесі – болжау объектісінің өлшенген сипаттамаларының иерархиялық (сатылық) жүйесі, ол оның сапалы суреттеуін жалпыланған сандық бағалауға айналдырады.3) Динамикалық қатар – болжау объектісінің ауыспалысының бұрынғы және болшақ мәндерінің уақытша жүйелілігі. 4)Болжау объектісінің мәнді ауыспалысы (яғни мұндай ауыспалы объектті, болжау міндетімен сай суреттеу үшін маңызды болып табылады) оның ішінде: а) эндогенді (оның өзіндік қасиеттерін бейнелейді) және б) экзогенді (сыртқы ауыспалылардың кейбір жиынтығының әсерінен пайда болады). 5)Болжау объектісінің өлшемдері – болжау объектісінің сандық сипаттамалары, ол тұрақты немесе тұрақты деп болжамды негіздеу және бекіту кезеңдерінде саналады. 6)Динамикалық қатардың жүйелі (ұдайы) құраушысы – динамикалық қатармен берілген, оның дамуның негізгі тенденциясын бейнелейтін ауыспалының бұрынғы ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру