Политология | КСРО ның күйреуі және Қазақстанның егемендік алуы

  Политология | КСРО ның күйреуі және Қазақстанның егемендік алуы

Мазмұны



Кіріспе ................................................................................................................... 3

І. КСРО-ның күйреу себептері туралы
1.1 КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы ………………………..…..7
1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті………………………...………..……...17

ІІ. Қазақстанның егемендік алуы және дамуы
2.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлар ………………………………………………………………………..23
2.2 Қазақстан республикасының сыртқы саясаты………………………..……37
2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс……………………………..……….43

Қорытынды ………………………….…………………………………………51
Пайдалынлған әдебиеттер тізімі …………………………..……...……..5

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі.
Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді.
Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келеді.
Экономикалық салада еліміз нарықтық қатынас жолын таңдай отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптсқан экономикалық дағдарысты, бағаның құнсыздануын жеңе білді, ішкі өнім тұрақтанып келеді. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас жүйелері біршама қалыптасып, экономикалық өсу көрсеткішіне қол жеткізілді. Еліміз шетелдік инвестицияны тартуда бұрынғы одаққа кірген елдердің алдыңғы қатарына шықты.
Сырқы саясат саласында Қазақстан Республикасы қолында ядролық қаруы бола тұрса да, одан бас тартқан тұңғыш ел болды. Сол арқылы ол барлық елдермен тең құқықты, тең дәрежелі ашық саясат жүргізетінін паш етті. Қазақстан Республикасының басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сырқы саясат саласында салиқалы-сабдарлы қадам жасау, көптеген бейбітшілікке бағытталған ұсыныс-пікірлері, нақты шараларды іске асыруы еліміздің сырқы саясатын баянды ете түсті.
Мәдени-рухани салада баяу да болса тіліміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз қанатын кеңге жайып дамып келеді. Қазақ тілі мемлекеттілік тілге айналды. Рухани жан-дүниеміз жаңарып, көптеген мәдени құндылықтарымызбен қайта қауышудамыз. Мәдени процестер саласында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақ ұлтының өнері әлемдік ареналарға шығып өзінің лайықты бағасын алуда.
Тақырыптың тарихнамасы. Тақырыптың зерттелеу мазмұнына тоқталар болсақ, тәуелсіздік құжаттары бітіру жұмысымыздың негізгі дерек көздері болып табылады. Бұл тұрғыда тәуелсіздіктің алдыңғы баспалдағы болып табылатын 1990 жылы 25 қазандағы қаулысымен қабылданған Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны /1/ айтуымызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы Заңы /2/, 1993 /3/ жылы қабылданған және 1995 /4/ жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының Конституцияларында, Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер өзінің көріністін тапты. Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы”/5/ деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. “Қазақстанның болашағы – қоғамдық-идеялық бірлігінде” /6/ атты еңбегінде Елбасымыз тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтыды. “Ғасырлар тоғысында”, /7/ одан кейін шыққан “Тарих толқынында” /8/ атты аса күрделі еңбектерінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты – қазақтар мен орыстардың және басқа да этнос өкілдерінің достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің қуатты факторы ретінде бірлікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырады. Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері, соңғы жылдардағы Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы жазылған “Әділеттің ақ жолы” /9/ еңбегі әрбір Қазақстандық үшін құндылығын арттыра түседі. Мемлекетіміздің Конституциясы талаптары мен қағидаларын іске асыруда Президентіміздің “Қазақстан - 2030” /10/ бағдарламасының маңызы ерекше. Сондай-ақ бітіру жұмысымызды жазу барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, /11/ “На пороге ХХІ века” /12/, “Без правых и левых” /13/ , 2005 жылғы “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы” /14/ т.б. еңбектері кеңінен қолданыс тапты.
Осы уақыт ішінде КСРО-ның күйреуі мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы көптеген жаңа очерктер мен кітаптар, жинақтар мен монграфиялық еңбектер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жарық көрді. Қ.С. Қаражанов /15/
Ал енді біз бұл жұмысты жазу барысында С.Абдильдиннің “Парламент Казахстана: от Союза к государственности” /16/, Е. Бабақұмаров., Ю Бөлектаев., К.Көшербаевтың “Казахстан сегодня: мир политических партий” /17/, Ж.Х Жүнісованың “Республика Казахстан: Президент. Институты демократии”/18/ еңбектері КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік алуын жайындағы зерттеулері басшылыққа алынды. К.В. Жигалов., Б.К.Сұлтановтың “Первый Президент Республики Казахстан – Н.Назарбаев” /19/ атты еңбегінде Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметі жайында баяндалады. Д.И.Салқынбектің “Тәуелсіз Қазақстанның тарихы” /20/ атты еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Автор осы жылдар аясында КСРО-ның ыдырап ТМД-ның құрылуы, сондай-ақ елімізде бөлып өткен саяси процестер мен ішкі, сыртқы жағдайларды жан-жақты ашып, нақты деректермен талдайды.
Республикамыз тәуелсіз ел ретінде әлемдік ақпарат кеңістігіне енген қазіргі таңда жалпы бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде баспасөз тарихына деген теориялық және практикалық көзқарас өзгерді. 1991 жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетін, қоғамдық-саяси т.б. жағдайларын зерттеуде, ұлттық баспасөздің алар орны өзгеше. Қазақ баспасөзін тарихи дерек ретінде зерттеген тарихшы ғалым Қ.Атабаевтың “Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі” /21/ еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ғалым бұл еңбегінде баспасөз тарихын қоғам тарихымен байланыстыра зерттеуді ұсынады. Сонымен бірге, ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды Қазақстан тарихы дерегі ретінде алатын орнын, атқаратын қызметін жан-жақты ашып көрсетіп, бұл басылымдардың қоғамдық саяси өмірге қатысты жаңа тың мәліметтер беретінін баса айтады. Тәуелсіз еліміздің тілін, экономикасын, қоғамдық-саяси өмірі мен мәденитеті т.б. мәселелері қазіргі қазақ баспасөздерінде жиі жазылып та айтылып та жүр. “Ана тілі”, “Жас Алаш”, “Егемен Қазақстан”, газеттерінің тақырыбының ауқымдылығы, актуальдығы жағынан жоғары тұрғандығын баса айту қажет. Б.Белғара “Қазақстан баспасөзіндегі мемлекеттік тіл мәселесі” /22/ атты кандидаттық ғылыми диссертациясында Қазақстандық мерзімді басылымдардың тіл мәселесін көтері, қазақ баспасөзінің ана тілі үшін арпалысы, мемлекеттік тіл саясаты – Қазақстандық саяси ахуалдың ажырамас бөлігі екендігін айтады.
Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірін зерттеуде, “Қазақ тарихы”, “Ақиқат” т.б. журналдары кеңінен қарастырылды.
Қазақстанның егеменді мен тәуелсіздігіне қатысты жоғарыда айтылған әртүрлі деңгейдегі зерттеулерді қарастыра келіп, біз бітіру жұмысымызда қазіргі уақытқа дейін зерттелмеген, ғылыми талдау жасалмаған Тәуелсіз Қазақстанның Республикамыздағы тарихы мен мәдениті т.б. мәселелері алда әлі де ғылыми талдауды, сараптауды қажет етеді деп санаймыз.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бітіру жұмысы КСРО-ның күйреу себептері мен Қазақстанның егемендік алып, қазіргі таңда дамуы барысында орын алған проблемалық мәселелердің себебін анықтауды мақсат ете отырып, осы тәуелсіз еліміздің тарихын, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени дамуын, бір жүйеге түсіріп, ғылыми талдаудан өткізу болып табылады.
Соған орай бітіру жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:
- КСРО-ның күйреу себептерін нақты деректер арқылы зерттеп-зерделеу;
- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен атқарып отырған қызметіне нақтылы баға беру;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өміріне байланысты мәселелерінің көкейтестілігі мен оларды шешу жолындағы ұстанған бағыттарына баға беру;
- Қазіргі кездегі Республикамыздағы мәдениет құрылысының проблемаларын жүйелі түрде зерттеп, білім беру мен ғылым саласы және көркем әдебиет пен өнер мәселелерін көтерудегі атқарып отырған қызметі мен рөлі сарапталады.
Жұмыстың мерзімдік шегі. 1990-2006 жылдар бітіру жұмысының мерзімдік шегі болып табылады.
Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

1.1. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы
Кеңес одағының күйреуі және оның орнына ондаған жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылуы - өмірдің табиғи заңының нәтижесі болатын. Әрине, бұл процесті тездетуге және жүзеге асыруға әсер еткен саяси күштер, жеке тұлғалар болды.
1990 жылдың аяғы 1991 жылдары КСРО-ның экономикасы және саяси өмірі бұрынғыдан да шиеленісіп, кері кетуін жалғастыра берді. Ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен /20, 5/. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.
Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министірлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанмен, шын мәнінде, халық шаурашылығы мойнына аслыған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Африка елдеріндегі, Ауғаныстандағы майдан далаларында әлденеше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.
1979-1989 жылдардағы Кеңестер Одағының Ауғанстан жеріндегі соғыс авантюрасы, оның сыртқы саяси бағытына халықаралық жұртшылықтың сенімін жойды. Ол социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы шиеленістің жаңа айналымын бастап берді. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сомға түсті. Бұл соғыста мыңдаған Кеңес отбасылары жақындарынан және туыстарынан айырылды. Соғыс Қазақстанға да үлкен зардабын тигізді. Республикадан оған 21979 адам қатысты. Олардың ішінен 780-дей адам қаза тапты, 393 адам мүгедек болды, 22 адам хабарсыз кетті /16, 35/.
КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономикалық артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астам адам қол еңбегімен айналысты.
Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1975 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта – 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта 28 пайыз, оныншы бесжылдықта 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта – 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған /17, 44/.
КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан одақ құрамындағы ірі индустриалдық – аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.
Бірақ бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.
Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өңделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласына 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайта өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың бұйырығымен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.
Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан шығарылған тауар – 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.
Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.
Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде еді /20, 7/. 1987 жылы Республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.
Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, ерекше орын алды. Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді. Қазақстанда қазіргі кездегі талапқа елдің саяси өмірінде жаңа одақтық шарқа қол қою мәселесі кеңінен талқыланып жатқан болатын. Бірақ бұл одақ қандай одақ болады, орталық пен одаққа кірген Республикалардың арасындағы заңдық қатынас қалай жүзеге асырылады деген сұрақтар төңірегінде қызу талас жүрген еді. Оның үстіне дәл осы жылдары жер мәселесіне байланысты кейбір республикалар арасында ұлтаралық қақатығыстар болып жаты. Бұны кейбіреулер Республикалардың тәуелсіздікке ұмтылуынан туындап жатқан жағдайлар ретінде түсіндіргісі келеді. Ал шын мәнісінде бұл ұлтаралық қақтығыстардың мәнісі тереңде жатқан болатын. Қақтығыстардың себебі – соңғы 70 жыл бойы тоталитарлық режим кезінде жүргізілген өрескел бұрмалаушылықтың салдары болды. Мәселен, 1920 жыл мен 1930 жылдар аралығында одақтас Республикалар мен автономиялар арасындағы шекара 30 ретке жуық өзгертілген. 1930 жыл мен 1960 жылдар аралығында тағы да 20-ға жуық өзгеріске ұшыраған. Сол кездегі мемлекеттің басындағылар өз қалаулары бойынша шекараны өзгертіп ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру