Политология | Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Мазмұны
Кіріспе
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясы
1.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегі
2 ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ - ҚАЗАҚСТАН
2.1 Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері
2.2 Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты
3 СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
3.2 Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды. Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени байланыстардың да маңызы зор.
Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық негіз бар.
Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3 мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов, Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов, А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова, Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р. Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы үшін зәрулік болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға қойылды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау;
- Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау;
- Қазақстанның өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау;
- Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы зерттеу;
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының дерек көздерін ҚР конститутциясы, заң актілері, статистикалық материалдар президент жарлықтары мен дипломатиялық құжаттар құрайды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Жұмысты жазу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланды. Соның қатарында ресей және еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық актілер пайдаланды.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Зерттеу жұмысында 1991-2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының территориясы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тәуелсіздік тарихындағы сыртқы саясаттың жетістіктері мен келешегін сараптау жаңалық болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы семинар сабақтар мен студенттің өзіндік жұмыстарына қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде келесі тұжырымдар шығарылды:
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен еліміздің ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу арқылы еліміздің «көшбасшылық» бейнесі ашылды;
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегін сараптау нәтижесінде Отанымыздың жасампаздық бейнесі айшықталды;
• Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен мазмұнын бағалау нәтижесінде еліміздің бейбіт саясат ұсьтанудағы ролі мен орны анықталды;
• Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру саясаты талдау жасау арқылы әлемдік қауымдастықтағы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүру бағыттар мен ерекшеліктері анықталды;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасының Презиеднті Н.Ә.Назарбаев республика тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде «бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді... Ең алдымен... елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді» деп атап көрсеткен болатын. /12/ /32-бет/ Бұл өзінен өзі түсінікті еді. Себебі, Қазақстан өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жарияласымен-ақ дүние жүзіндегі басқа мемлекеттердің оны тәуелсіз мемлекет ретінде тануы ел тәуелсіздігінің баяндылығының басты белгілерінің бірінен саналады. Осыған байланысты біз ел есінде мәңгі сақталар қуанышты сәттердің бірі ретінде 1991-жылдың желтоқсан айының 16-сы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияласымен-ақ, араға бар-жоғы 30 минут уақыт салып, қазақ халқымен ортақ тарихи және этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар түрік елінің бірінші болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін танығандығын мақтаныш сезімімен еске аламыз. Ол – ол ма, Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы ел де Түркия Республикасы болды. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған күннен бар-жоғы төрт ай өткенде, яғни 1992-жылдың сәуір айының 21-күні Түркия республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай ел басшысы Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды. Ал осы салтанатты сәттен бар-жоғы 26 күн өткенде, яғни 1992-жылдың мамыр айының 16-сы күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның шет елдердегі бірінші елшілігі Түркия Республикасында салтанатты жағдайда ашылды.
Осы жылдың 31-қазанында Анкарада Түркия және түркі тілдес мемлекеттері басшыларының 2 күндік кеңесі болып өтті. Түркияның, Әзірбайжанның, Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның және өзбекстанның Президенттері «Анкара» декларациясына қол қойды.Мұнда оллар өздерінің «екі жақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту» ниеттері туралы мәлімдеді. Осы кездесуде Түркия мемлекет басшылары Татаүрік идеяларын қайтадан еске түсіріп, аймақта «біртұтас ортақ түрі базарын құру» туралы идеяларын айтып, арнайы құжат әзірлеп ұсынды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл құжатқа қол қоюдан бас тарта отырып, өз ойын былай деп жеткізді: «Мен бұл мәлімдемеге қол қоймайтындығымды айттым. Біз тек экономикалық, гуманитарлық, саяси байланытсрады жақтаймыз дедім. Түбіміз бір екені рас. Ұзақ уақыт бір-бірімізден қол үзіп қалғанымыз белгілі. Мен жаңа ғана қол жетіп отырған тәуелсіздігімізді, әр мемлекеттің егемендігін қатты қадірлей отыра, өркениетіміздің үзіліп қалған сабақтастығын қайта жалғастыруды ұсындым.» /2/ /201-бет/
Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды [3].
Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды:
Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз) Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылады [4].
Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы, Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықаралық Валюта қоры, Біріккен Ислам Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.
Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында Қазақстанды әлемнің 120-дан аса елі таныды. Егемен Қазақстанның жас тарихының алғашқы айларының өзінде Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқандардың алдыңғы қатарында АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, және т.б. болды. Жаңа мемлекеттерді танудың екі формасы болғанын айтып кеткен жөн: де-факто және де-юре.Достық қарым-қатынастың әрі қарай нығая беруіне тілек білдіреді. Өз жолының бастауында Қазақстан Республикасы Ресейде, АҚШ-та, Қытайда, Түркияда өз елшіліктерін ашты. Артынша Алматыға дипломатиялық өкілдіктер мен шетел мемлекеттері елшілерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдерінің үлкен тобы жетті, республикада шетел фирмалары мен компанияларының өкілдері орныға бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 47 елшілік жұмыс істеуде, 13 Халықаралық ұйымдардың өкілдіктері бар, 200-ден аса ірі шетел компаниялары республикада өз оазистерін ашты [5]. Мұның бәрі соз жоқ халықаралық практика негізінде Қазақстанның мемлекеттік протоколын жасап, соған сәйкес қызмет енгізу қажеттілігін тудырды. Бұл туралы келесі әңгімелерде сөз болады. Сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық практикасы, дипломаттар арасында қолданылатын терминология жөніндегі негізгі мағлұматтар жайында да айтылып өтетін болады.
Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі [6].
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992 жыл мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық ассамблеясы қалыптасты. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері — Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жақындасуына бірден-бір қомақты үлес қосып келе жатқан мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы саналады. Себебі, ТМД шеңберінде қабылданған жақты және көп жақты (аймақтық) келісімдер мен шарттардың екі жақты, үш жақты және көп жақты қабылдануына немесе әртүрлі деңгейдеігі (Кеден одағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес т.б.) көптеген шаралардың ұйымдасуына және тұрақты жұмыс істеуіне де ықпал етіп отырған мемлекет - Қазақстан. Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ға мүше мемлекет болып саналатын басқа мүше елдермен өзара қарым-қатынастарына, оның экономикалық, әлеуметтік, әскери, гуманитарлық салалардағы жақындасуына тоқталып, сараптап талдау жасап өткенді жөн санадық.
ТМД шеңберінде Достастыққа мүше елдердің өзара жақындасуында үлкен рөл атқарып, мүше мемлекеттердің негізгі орталық жүйесі ретінде саналатын ел - Ресей Федерациясы. «1991 жылы желтоқсанның 16-да Қазақстан өзін тәуелсіз ел деп жариялады. Қазақстан мен Ресейдің екі жақты мемлекетаралық қатынастарының дамуына осы сәттен бастауға болады»[38]. Дегенмен, бұл уақытқа дейін де 1990 жылдың 21 қарашасында Қазақ ССР-і мен РСФСР арасында екіжақты шарт жасалынған болатын. Бұл шарттың кіріспесінде былай: Мәртебелі уағдаласушы жақтар Қазақстан мен Ресей Федерациясы халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз экономикалық және мәдени байланыстарын дамытуға ұмтылады, мемлекетаралық қатынастарды егеменді теңдік, ішкі істерге араласпау, аумақтық тұтастықты құрметтеу, күш қолданудан бас тарту, даулы мөселелерді жалпы қалыптасқан халықаралық құқық нормаларына сәйкес реттеу қағидалары негізінде дамытуға бейім, делінгенді. Бұл құжаттың негізгі мазмұны бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы бір-бірін егемен мемлекет деп біледі және басқа жақтың мемлекеттік егемендігіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндеттенетінің білдіреді. Көріп отырғанымыздай, КСРО құлдырауының сонғы сатыларының өзінде-ақ нарықтық экономика талаптары мен жаңа егемен елдерге қатысты жасалатын келісім-шарттар екі ел арасында орын ала бастағанын байқаймыз.
1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметте шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол қойылды. Бұл қүжаттың қабылдануы сол кезең саясаты мен ахуалына сай тұғын. Себебі, нақ өзара шараушылық қатынас, экономикалық жақындасу елдер арасындағы серпінді де жоспарлы ынтымақтастықты қажет еткен. Қазақстан мен Ресей президенттерінің алғашқы ресми кездесуі 1992 жылдық 21 наурызында болды [7]. Бұл кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы экономикалық, сыртқы саясат мәселелері жөне ТМД даму жолдарын сөз етті. Қазақстан мен Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің аяқталуы жөне сонымен бірге жаңа кезеңнің - екі елдің мемлекетаралық экономикалық және саяси ынтымақтастығының үлгісін іздестірудің басталуы 1992 жылғы 25 мамырда екі ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин қол қойған «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт» [8] болып табылады. Шарттың негізгі мазмұнына сәйкес мынаны анықтауға болады. Қазақстан мен Ресей екі мемлекеттің тарихи қалыптасқан тығыз байланыстарына, өз халықтарының игі қатынас, достық пен өзара іс-қимыл дәстүрлеріне сүйене отырып, екі ел арасындағы достық қатынастарды, тату көршілікті, ынтымақтастық пен өзара көмекті нығайту екі мемлекет түбегейлі ұлттық мүдделеріне сай келеді деп есептеп, мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы мөселелерді халықтарының бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау қатерін төнгізбеу, соның ішінде басқа да қысым көрсету амалдарынан бас тарту, тең құқықтылық және ішкі істерге араласпау, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын сақтау, міндетгемелерін адал орындау қағидаларын, сондай-ақ жалпы жұрт таныған халыкаралық құқық нормаларын дәйекті түрде басшылыққа ала отырып, өздерінің достық қарым-қатынастарын әріптес мемлекеттер ретінде құрады. «Бұл Қазақстан - Ресей шарты Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы процесінің дамуына, евразиялық кеңістіктегі қауіпсіздіктің бекуіне, тұрақтылыққа, өзара жемісті ынтымақтастық пен іс-әрекеттердің терендеуіне күш салуға шақырады» [9].
Түркиямен арадағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан жағы да қатты мүдделі-тұғын. Өйткені, егемендігіне енді ғана ие болып, қаз тұра бастаған жас мемлекеттің эканомикасына ең алдымен мемлекеттігінің тұғырларының бірінен саналатын өнеркәсіпті көтеру үшін несиелер мен ...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Политология дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты