Политология | Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея

 Политология | Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея

Мазмұны

I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ
ЖАПОНИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ.
1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның
Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясты.
1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлунің
себептері.
1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым-қатынастарының
саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.

II БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ ҚХР-МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.
2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан
кейінгі кезеңдердегі Қытай.
2.2.Сенкаку (Дяоюйдао) аралдары төңірегіндегі аймақтық
даулы мәселе және Тайвань мәселесі.
2.3. Қытайдың Көпжақты дипломатиясы және «Ашық саясаты».
2.4. 80 ж.ж. төңірегіндегі саяси және экономикалық шиеленістер.
2.5. Қазіргі кезеңдегі Жапония мен Қытай арасындағы қарым-
қатынастар.

III БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.
3.1. Жапонияның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Корея мәселесі.
3.2. АТА аймағындағы АҚШ-тың, Жапонияның және Кореяның стратегиясы.
3.3. Жапон-корей қарым-қатынастарының қазіргі кездегі
даму кезеңі.

ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

Қазіргі заманда әлем өзара өте тығыз байланысқан, сондықтан жер шарындағы кез-келген шиеленіс бүкіл дүние жүзіндегі қауымдастықтың экономикасына да, саясатына да әсерін тигізеді. Жапония, дүние жүзіндегі ең ірі державалардың бірі болғандықтан Қиыр Шығыстағы, тіпті бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық жағдайға септігін тигізбей қоймайды. Кез-келген мемлекетің негізгі саясаты, ең алдымен, аймақтық қарым-қатынастарға бағытталған, яғни көршілес және жақын орналасқан мемлекеттермен қатынастарды жақсарту саясаты. Жапонияның Қиыр Шығыстағы көршілері – Қытай мен Корея Дүниежүзілік қоғамдастықтың бүгінгі және ертеңгі жағдайын нақты бағалай білу үшін, Жапонияның бұл мемелекеттерге деген шынайы көз қарасын білу қажет.
Жапонияның соғыстан кейінгі қарқынды дамуы, бұл азиялық мемелекеттің экономикалық супердержаваға және АҚШ пен Батыс Европа қатарында қазіргі заманғы үш негізгі дүниежүзілік саяси- экономикалық мегаполистің орталығының біріне айналуына әкелді. 1985 жылы Жапонияның жалпы ішкі өнімі дүниежүзілік жалпы өнімнің 10% құрады, АҚШ-22%, ал экономикалық қауымдастық пен даму ұйымына кіретін басқа да мемлекеттердің пайыздық өлшемі – 31% құрады. Жапонияда 80-ші жылдары орташа жылдық өндірістің өсу қарқыны (4,1%) оның бәсекелестерімен салыстарғанда әлдеқайда жоғары және тұрақты болды:АҚШ-та – 2,2%, ал басқа да жоғары дамыған капиталистік елдерде 0.7 мен 1,6 % арасын құрады.
Жапон және Батыс мамандарының ойынша, 80-жылдардың басында Жапония,АҚШ пен Батыс Европа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дамыған өндірістік және техникалық базамен қамтамсыз етілген болатын. Бұл жағдай оған жаңа технологияларды дамытуға көптеген артылықшылықтар берді.
Жапония АҚШ пен Германиядан кейінгі әлемнің үшінші сауда державасы болып табылады. Оның қоғамдық өнімінің негізгі бөлігі ішкі нарықта жүзеге асырылғанымен, жапон экономикасының жұмыс істеуі сыртқы сауда айналымынсыз мүмкін емес.Жапонияның экспорт мөлшері 80-ші жылдардың ортасында 211 млрд. Долларды, ал импорты – 110 млрд. долларды құрады.
Жапония 80-ші жылдардың екінші жартысында әлемнің ең ірі кредиторына, ілемдік нарықтағы қаржы көздерінің негізгі қайнар көзіне айналды. 1987 ж. Шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 105 млрд. долларды құрады. Әлемнің бес ең ірі трансұлттық банктерінің төртеуі жапондық болып табылады.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуы бұл мемлекетке деген үлкен қызығушылықты туғызды, оның өндірістегі жоғары қарқынды даму себептеріне байланысты, жоғарғы сапалы өнім өндіруіне байланысты, оның өнеркәсіптік жүйесінің әлемдік экономикадағы өзгерістерге салыстырмалы түрде тез бейімделу қабілетіне байланысты бірқатар сұрақтарды туғызды. Жапонияның көршілерін, және ең әуелі азиялық мемлекеттердің халықтарын (Қытай, Корея, АСЕАН мемлекеттері және Үндіқытай жарты аралы), бұл Қиыр Шығыс мемлекетінің өзінің алып экономикалық потенциалын қолдану арқылы өте мықты әскери державаға айналу мүмкіндігі мазалап отыр. Жапонияның сыртқы саясатының болашақ бағыттары, оның қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге байланысты және ең бастысы ядролы соғыс қаупін тудырмау процессіне байланысты көзқарасы мен ұстанымы халықарарлық қауымдастықты қызықтырмай қоймайды. Осы сауалдардың барлығы өте маңызды зерттеу
объектілері болып табылады. Осы диплом жұмысының тақырыбы: «Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея».
Диплом жұмысының мақсаты – Жапония мен Қытай және Жапония мен Корея арасындағы тарихи оқиғаларды, сонымен қатар бұл елдер арасындағы қазіргі заманғы саяси, экономикалық қарым-қатынастардағы аспектілерді зерттеу болып табылады.
Қойылған мақсатқа байланысты, бұл жұмыста келесі міндеттер қарастырылған:
1. Жапонияның Қытай және Кореямен қарым-қатынасындағы саяси, экономикалық мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық рөлі, Қиыр Шығыс елдеріндегі әріптестік мәселелері.
2. Жапония мен Қытай арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық қатынастардың аспектілері.
3. Жапония мен Корея арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық қатынастардың аспектілері.
Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Сладковский М.И.,Воронцов В.Б., Тихомиров В.Д., Навлицкая және Сырицын секілді көрнекті ғалымдардың кітаптары, ғылыми мақалалары, сонымен қатар авторлары А. Жуков, А.Семин, М.С. Украинцев, О.Л. Остроухов секілді ресей шығыстанушыларының: «Проблемы Дальнего Востока» және «Азия и Африка сегодня» атты ағымдағы басылымдарының мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар кейбір мәліметтер интернет беттерінен алынды, бұл маған жапон-қытай және жапон-корей қарым-қатынастарының кейінгі кездердегі жағдайын суреттеуге мүмкіндік берді.
Бұл жұмыстың деректік негізін қалыптастырған кітаптар мен оқулықтарға біраз тоқталып өткенді дұрыс деп есептеймін. Мысалға, И.А.Латышевтың редакциясының «Современная Япония» атты кітабы. Бұл осы кітаптың екінші басылымы. Авторлар ұжымы, басылымның ескі жүйесін сақтай отырып, оны жаңа мәліметтермен толықтырды және маңызды жақтарын ашып көрсетті. Бұл басылым негізінен барлық оқырмандарға арналған. Бірақта ондағы мәліметтер мамандардың да үлкен қызығушылығын тудырады.
А.С.Жуковтың «История Японии» атты еңбегі осы жұмысты жазуға үлкен пайдасын тигізді. Басылым екі томнан тұрады. Мен қолданған екінші томның авторлық ұжымы өте бай. Олар,мысалға, В.Н.Еремин, заң ғылымдарының кандидаты; И.П.Лебедева, экономика ғылымдарының кандидаты; И.В.Мазурова, тарих ғылымдарының кандидаты; Э.В.Молодякова, тарих ғылымдарының докторы және т.б.
З.Д.Коткова мен Ю.В.Чудодееваның редакциясындағы «Китай-Япония» атты кітабы да маған бұл жұмысты жазуда үлкен көмек көрсетті. Мұнда,авторлар ресей, қытай, жапон және батыс ғалымдарының қытай-жапон қарым-қатынастарының әртүрлі аспектілері туралы еңбектерін пайдалана отырып, Жапонияның қытай «бейнесіне» ерекше назар аударды.
В.Д.Тихомировтың «Корейская проблема и международный фактор» атты монографиясы, маған басқа ресми көзқарастармен сәйкес келе бермейтін өзіндік ерекше пікірлерімен ұнады. Мен үшін Корей мәселесінің тарихи мен Корея мен Жапония арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынас айқын сипатталған жұмыспен танысу өте қызықты болды.
«Халықаралық Корей радиосы» және Оңтүстік Кореяның ағартышулық министрлігінің халықаралық Білім Институты тарапынан құрастырылған «Корея тарихы» атты оқулық, маған Корея туралы нақты мәліметтерді берді. Осы оқулықпен таныса отырып, Кореяның бұрынғысы мен бүгінгісін қабылдаудағы және сипаттаудағы кейбір нақтылықсыздарды дұрыстау керектігін түсінесің.
Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б. және И.М.Сырицынның редакциясындағы «Жапония тарихы» атты еңбек Жапония тарихының белгілі бір кезеңдерін емес, Жапонияның бүкіл тарихын қамтиды. Жапония тарихының ежелгі заманынан қазіргі заманына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын арнайы оқулықтың керектігі өткір сезіледі. Сондықтан бұл оқулық ғылыми жұмыстарды жазуда өте бағалы және пайдалы көмекші бола алады.
Менің жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде Жапонияның Қиыр Шығыстағы экономикалық және саяси мүдделері қарастырылған. Бөлімнің басында соғыстан кейінгі Жапония экономикасының сандық және сапалық өсімнің жоғарғы қарқынына ұдайы әсер етуші тарихи, мәдени-этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық факторлардың күрделі гаммасы, сонымен қатар Жапонияның Қиыр Шығыс елдерімен техникалық серіктестігін дамыту саясатының негізгі кезеңдері көрсетілген.
Әрі қарай, бұл бөлімде Жапонияның Қытай және Кореяға деген ерекше назар аударуының негізгі себептері және де Қытай мен Кореяның экономикасының дамуындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық рөлі қарастырылған. Қытай мен Кореяның экономикалық потенциалының өсуі Жапонияның бұл елдерге деген қызуғышылығын арттыра түседі. Бұл жағдайда Жапония өзіне кейбір шикізат, жанармай және материалдардың түрлерін алуда өзіне сенімді саяси серіктес табады, Жапониядағы кейбір бәсекеге қабілетсіз өндірістерді ұйымдастыруда салыстырмалы арзан жұмыс күші мен қуат күшін қолдануға мүмкіндік алады және өзінің өндірістік өнімдерін өткізуге қолайлы өсіп келе жатқан нарық пайда болады. Бөлімнің соңында Жапонияның Қытай мен Кореямен қарым-қатынастарының негізгі саяси аспектілері қарастырылған. Жапонияның
Қиыр Шығыс және ОША елдеріне қатысты ең ірі саяси мәселесі ол: Қиыр Шығыс және ОША елдері Жапонияның алып экономикалық потенциалы, оның саяси экспансионизміне және Азиядағы өзіндік әскери ролге ие болуға талпынуына табиғи түрде негіз болуынан қорқады. Сонымен қатар олар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияняң басқыншылығын есте сақтай отырып, жалпы Жапонияның әскери қуатының күшею және жапон-американ әскери одағы шеңберінде Жапонияның рөлінің күшею идеясына қауіппен қарайды.
Екінші тарауда Жапония мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастардың тарихи, саяси және сауда-экономикалық аспектілері талданған.Бөлімнің басында Жапонияның Қытайдағы басқыншылығына байланысты саяси оқиғалар және оның саяси-экономикалық жақтары, сонымен қатар осы екі ел арасындағы жер мәселесі және соларға қатысты тарихи дәлелдемелер мен бұл сұрақтағы АҚШ-тың орны қарастырылған. Бөлімде 70-ші жылдардың басында жарияланған, Жапонияның көпжақты дипломатиясының негізгі және Пекин тарапынан ұсынылған Жапониямен қарым-қатынастарды жақсарту ұстанымы жете қарастырылған. Әрі өарай тарауда КХР басшылығының тарапынан жарияланған Қытайдың ашық саясатының негізгі ұстанымдары қарастырылған. Осы саясаттың (бағыттың) маңызды құрамдас бөлігі шетелдік, әсіресе жапондық қаржыны және озық технологияларды тарту арқылы жедел жаңартуды қамтамасыз ету болып табылады. Бір-бірімен жақындасуда екі жақтың да алға қойған мақсаттары айқындалуда. Қытай өз алдына Жапонияны өзінің Азиядағы және Тынық мұхитындағы ұлы державалық мақсаттарына жету үшін пайдалануды жоспарлайды, және жұмыста бұл жоспардың кезеңдері нақты көрсетілген. Ал Жапонияның негізгі мақсаты – КХР-мен кең қарым-қатынастарды орнату арқылы олар қытай экономикасын жапон экономикасына байлап қоюға үмітті. Әрі
қарай тарауда 80-ші жылдары екі ел арасындағы экономикалық және саяси қарама қайшылықтар қарастырылған. Осы қарама қайшылықтардың себебі – Қытайдың Жапониямен сауда-саттықтағы өте үлкен теріс сальдосы болып табылады.Ол 1985 жылы 6 млрд. долларды, яғни Қытайдың валюталық қорының 1/3 бөлігін құрады. ҚХР-ның ең ірі серіктестерімен болған сауда-саттықтағы дефициттің ұлғаюына себепші болған шарттар ашылды. Әрі қарай тарауда екі ел арасындағы «Тайвань» мәселесіне байланысты қарама қайшылықтар қарастырылған. Бұл мәселеге байланысты Жапон үкіметінің ресми ұстанымы және материктік Қытай мен аралдық Қытай арасында әскери жанжал туындай қалған жағдайдағы кейбір аспектілер көрсетілген. Тараудың соңында қазіргі кездегі Жапон-қытай қарым-қатынастары қарастырылған. Мұнда екі ел арасындағы әріптестіктің үстемділігі мен болашағы нақты талданған.
Жұмыстың үшінші тарауында Жапония мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың тарихи, саяси және сауда-экономикалық аспектілері қарастырылған. Тараудың басында екі ел арасындағы қарым-қатынастар тарихына қысқаша шолу жасалған. Кореяның Оңтүстік және Солтүстік болып бөлуінің әскери-саяси себептері көрсетілген. Әрі қарай жапон-оңтүстік корея қатынастарының жақсару кезеңдері, бұл мәселедегі Пхеньянның ұстанымы және Вьетнам мәселесіндегі Сеул ұстанымы қарастырылған. Жапония мен Корея өз араларында сауда, экономикалық және әскери-саяси байланыстарды орнату, күшейту және дамытудағы көздеген мақсаттары нақты сипатталған. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Токионың оңтүстік Кореялық жүйенің Корея аймағындағы жалғыз заңды жүйе деп қабылдауы және Жапонияның Оңтүстік Кореяға ұзақ мерзімді негізде мардымды экономикалық көмек көрсету міндеті негізінде қалыптасқаны көрсетілген.
Әрі қарай жұмыста бір жағынан «Жапония – АҚШ – Корея» сратегиялық әскери-саяси және сауда-экономикалық шеңберінің және екінші жағынан Пекин мен Пхеньян арасындағы одақтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметтері қарастырылған. Сеул мен Токио арасындағы
қарым-қатынастардың дамуының қарқыны ҚХР, АҚШ және бұрынғы КСРО ұстанымдарына байланысты біршама өзгерістерге ұшырағаны көрсетілген. Тараудың соңында Жапон-Корей қарым-қатынастарының дамуының қазіргі кездегі жағдайы қарастырылған. Халықаралық нарықтағы Токио мен Сеул арасындағы өткір бақталастықтың кесірінен туындаған екі ел арасындағы қиындықтар сарапталды.
I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖАПОНИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ.

1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясаты.

Соғыстан кейінгі Жапония экономикасының өсу қарқынының жоғары болуының себептері туралы айтсақ, бұл жағдайға тұрақты әсер еткен тарихи, мәдени-этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық шарттардың күрделі гаммасына назар аударған жөн.
Ең алдымен, халықтың тарихи және мәдени дамуының ерекшелігіне назар аудару қажет. Жапонияның шығыс және батыс өркениеттерінің тарихи орталықтарынан салыстырмалы оқшаулануы, жапондықтардың басқа да озат мәдениеттердің әртүрлі аспектілерін алуына және кейін оларды өздерінің дәстүрлі құндылықтарына бейімделуіне әкеліп соқты.
Сонымен қатар, жапондықтардың әлдеқайда дамыған өркениеттермен араласып жоқ болып кетуіне жол бермеу үшін, елдің билеуші топтары оның бүкіл тарихы бойына дәстүрлі жапон мәдениетінің үстемділігі туралы, оның ерекше құдіреттілігі туралы, жапон ұлтының мессиандық рөлі туралы ұлттық концепцияларды жандандырып отырды.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуын, оның ішкі саяси жағдайынан және соғыстан кейінгі кезеңдегі елде қалыптасқан саяси жүйеден бөлек қарастыруға болмайды. Жапон милитаризмінің күйреуінен кейін император билігінің біршама жартылай феодалды институттары жойылды, күшті отбасылық «дзайбацу» концерндері таратылды, демократиялық партиялар қайта қалпына келтірілді, жапон қоғамының әртүрлі табының мүддесін қорғайтын профсоюздар мен басқа бұқаралық ұйымдар құрыла бастады. 1947 ж. қабылданған жаңа Конституция халықтың мүддесін қоғауға, соғыс жүргізу, әскер құру және оны сыртқы саяси мақсаттарға жету үшін қолдану құқығынан бас тартуға бағытталған көптеген баптардан тұрады.
Жапон милитаризмінің халыққа әкелген қайғысы, Хиросима мен Нагасакидағы үлкен қасірет, АҚШ-тың Корея мен Үндіқытайдағы әскери әрекеттері жапон халқының барлық таптарында пацифисттік көңіл күйдің өсуіне әкелді. Билікке екінші дүниежүзілік соғыстан кейін келген жапон саясаткерлеріне олармен санаспауға болмады. Олар теңіз державасы болып табылатын Жапонияның, халықаралық саудада өзінің орнын қайтарудан басқа амалы жоқ деп, сонымен қатар олар бұл мақсатқа ең мықты экономикалық держава болып табылатын АҚШ-тың қорғанысының астында жету керек деп шешті. Ал мемлекетке осы кезде өзінің күш қуатын алып келінген арзан шикізатты қолдану арқылы өзінің экономикасын дамыту қажет болды. Дәл осы идеялар 50-ші жылдардың басында Жапонияның соғыстан кейінгі алғашқы премьер-министрі тарапынан жарияланған және азды-көпті дәрежеде барлық жапондық саяси жетекшілер ұстанған Есида доктринасының негізі болып табылады. Бұл жапондық консервативті саясаткерлер басқа капиталистік елдердің элитарлы топ өкілдерінен аса үлкен бейбіт сүйгіштігімен ерекшеленді деген сөз емес. Бірақ та олар Жапонияның ішкі мүмкіндіктерін және екі ұлы державаның қарсыластығының және Жапония үшін қандай да бір әскери қауіптің жоқтығының арқасында әлемде қалыптасқан халықаралық жағдайды шынайы бағалай білді. Бұл бағыт ұлттың барлық материалды, моральді және интеллектуалды күшінің өндірістік және технологиялық потенциалды қайта жаңғырту және дамыту үшін, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін шоғырлануына әкелді.
Жапония әскери шығынының басқа әлемдік державалармен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен болуы, бейбіт өндірістік салаға инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу, Жапония өнімінің бәсекеге қабілетілігінің және оның экономикалық даму қарқынының салыстырмалы түрде тұрақты болуының ең маңызды себептерінің бірі болып табылады.
Жапонияның соғыстан кейінгі дамуындағы сыртқы фактордың маңыздылығын атап өткен жөн. АҚШ-пен әскери одақ құру және Жапония аймағында американдық әскери базалардың құрылуы Жапонияның егемендігінің белгілі дәрежеде шектелуіне әкелді. Бұл белгілі дәрежеде оның сыртқы саяси бағытын анықтады. Американың әскери-саяси стратегиясына қатысқаны үшін Жапония АҚШ-тан өзіне маңызды шикізат, жаңа технологияларды іргелі білімді импорттауға мүмкіндік алды. Мемлекет шамамен 30% экспорт құрайтын алып нарыққа ие болды. Оның негізгі бөлігін өндірістік өнім құрады.
Жапон экономикасының көтерілуіне, өзінің шикізат қоры жоқ Жапонияның, шикізатты, әсіресе мұнайды өте төмен бағамен импорттауға және соның арқасында арзан қуат көзін қолдануға, сонымен қатар қазіргі заманғы мұнайхимиялық өнеркәсіпті құруға мүмкіндігі болғаны себеп болды.
Бірақ та кейінірек жапон экономикасының дамуына және халықаралық қатынастар жүйесіндегі Жапонияның жағдайына сыртқы фактор үлкен қарсылықты әсерін тигізді.

1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлуінің себептері.
Ең алдымен, географиялық жақындығы, бір-біріне экономикалық тәуелділігі және стратегиялық сипаттағы маңыздылығы, Жапонияның аймақтағы елдермен қарым-қатынастарды алғашқы орындарға қоюының
себебін түсіндіреді деп шетел сарашылары атап өтуде. Көпшілік шетел зерттеушілерінің пікірінше, Жапонияның Қытай және Кореяға ерекше көңіл бөлуінің екінші себебі, олардың соңғы екі онжылдық ішінде жоғары қарқынды даму нәтижесінде қалыптастырған мықты экономикалық потенциалы болып табылады. Көптеген елдердегі, соның ішінде дамыған капиталистік елдердегі дағдарыс және тұрақсыздық жағдайымен салыстырғанды бұл елдердің экономикасы әлдеқайда қарқынды дамыды және әлі де дамуда. Барлық осы елдердегі ІҰӨ өсімінің орташа қарқыны 6%-дан асып түсті.
ҚХР мен Кореяның 20-шы ғасырдың соңындағы экономикалық дамуының өзіндік ерекшелігі, өндірістік экспорттың қарқынды даму болып табылады. Осылайша, олар 80-ші жылдардың соңына қарай, дамыған елдердің, әсіресе Жапонияның экономикасымен белсенді және мықты байланыс орнатуға жағдай жасайтындай дәрежеде дамыған болатын.
Шетел авторларының пікірінше, Жапонияның аймақтағы елдермен байланысты нығайта түсудегі ерекше қызуғушылығын түсіндіретін, үшінші фактор, бұл елдердің болашақ дамуындағы қолайлы перспектива болып табылады. КХР мен Корея АСЕАН елдерімен бірге Жапонияға, оның пайдаланатын табиғи каучігінің 96,6%, қалайы мен қалайы балқымасының 99,6%, тропикалық ағаштың 40,2%, никельдің 30,7%, бокситтің 28,8%, қанттың 23,7% және өңделмеген мұнайдың 15,8% ұсынып отырды. Сонымен қатар, аймақтағы елдердегі, әсіресе Қытайдағы арзан жұмыс күшінің үлкен қоры, мұндағы еңбекті көп қажет ететін, дамыған елдерде жиі шығынға алып келетін өндірістерде қолайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Дамушы елдерде жұмыс күші дамыған елдердегі жұмыс күшімен салыстырғанда арзанырақ болатыны белгілі.
Бизнес Америка журналының мәліметтері бойынша, Қиыр Шығыс елдері аймағында жұмыс күші басқа да көптеген дамушы елдердегі жұмыс күшінен арзанырақ болып келеді.
Сосын, салыстырмалы саяси тұрақтылық. Американ зерттеушісі Ч.Моррисонның пікірінше, ҚХР, Корея және АСЕАН елдері, 60-шы жылдары басталған, ұзақ мерзімді саяси тұрақтылығымен ерекшеленеді. Латын Америкасы немесе Африка елдерінде жиі болып тұратын төңкерістер, ішкі қақтығыстар және экономикалық саясатта кенеттен болатын өзгерістер бұл елдердің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Бұл елдермен салыстырғанда ҚХР мен Кореяның тұрақты саяси жүйесі, қаржының ішке жинақталуына және шетелдік қаржы салушылардың тәуекелге бару қаупінің төмендеуіне алып келеді.
Осылайша, ҚХР мен Кореяның өсіп келе жатқан экономикалық потенциалы Жапонияның үш негізгі бағыттағы қызушылығын белгілейді. Яғни Жапония өзіне шикізат, жанармай және материалдардың (мұнай, табиғи газ, түсті металл, орман ағаштары, табиғи каучук және т.б.) кейбір түрлерін алатын сенімді саяси серіктес табады, Жапонияның өзіндегі кейбір бәсекеге қабілетсіз өндірістерді ұйымдастыру үшін салыстырмалы арзан жұмыс күшін және қуат күшін қолдануға мүмкіндік алады, және бұл елдерде өсіп келе жатқан нарықты өзінің өндірістік өнімдерін өткізу үшін қолдануға мүмкіндік алады.
Көпшілік сарапшылардың пікірінше, Жапонияның іскер және саяси ортасының бұл аймаққа ерекше көңіл бөлуінің таза экономикалық себебінен басқа себебі, оның мемлекеттік қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз етудегі саяси маңыздылығы болып табылады. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру