Халықаралық қатынастар | АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................3
І. БӨЛІМ ИНДОНЕЗИЯДАҒЫ ҰЛТ АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ұлт-азаттық қозғалыс.......................................................................................9
1.2 Индонезия демократия дәуірінде....................................................................8
ІІ. БӨЛІМ МАЛАЙЗИЯНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
2.1 Малайзияның ішкі саясатындағы АҚШ тың саясаты..................................23
2.2 Малайзияның сыртқы саясатындағы АТР қауіпсіздік мәселесі.................26
ІІІ. БӨЛІМ ИНДОНЕЗИЯ, МАЛАЙЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ
3.1 Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Қазақстанмен қарым-қатынасы............34
3.2 Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің қазіргі уақыттағы қауіпсіздік мәселесі..................................................................................................................41
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................48
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................50
Тақырыптың өзектілігі ХХ ғасыр адамзат баласының тарихында маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы бір тарихи кезеңде дүниежүзілік соғыстар, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), НАТО, Варшава Шарты, АСЕАН және басқа да әр түрлі халықаралық ұйымдар, блоктар мен бірлестіктер құрылды. ХХ ғасырдың аяғы әлемдік деңгейдегі дамуда күрделі өзгерістермен сипатталады. Бұл кезеңде биполярлық жүйе өзгерді, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды, екі Германия қосылды, КСРО күйреді, бұрынғы халықаралық қатынастар жүйесінде, геосаяси және геоэкономикалық бағыттарын айқындады.
Өркениеттік және техникалық дамудың ырық бермес иіріміне тартылған елдердің қатары молыққан үстіне молыға түсуде, жаһанданудың күпшегі өз айналымын күшейткен үстіне күшейтіп барады. Дамыған елдер өздерінің экономикалық және саяси ықпалын кеңейтіп, әлуетті өтім рыноктарының санын көбейтіп, ол игіліктерін тек қана сақтап қалуға емес, сонымен бірге өз азаматтарының әл-ауқатын одан әрі бөгетсіз көтере түсуге негізделген, жаһандану процестерінің барлық артықшылықтарын айқын да анық елестетіп отыр . Автордың пікірінше қандай мемлекеттің болмасын тұрақты дамуы үшін екі фактор маңызды рөл атқарады: біріншіден – мақсатқа бағытталған сыртқы саяси қызметі, екінші фактор - өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстың дамуы.
Аймақтандыру және жаһандану процестері жекелеген мемлекеттердің де сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен қызметіне үлкен ықпал етуде. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті.
Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін де шешуге жол ашады.
Тәуелсіздік алып, БҰҰ және бірқатар халықаралық ұйымдарға мүшелікке өткен Қазақстан жеке сыртқы саясат, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік және де әлемдік қауымдастыққа, әлемдік экономикаға дербес өту сияқты жаңа проблемаларға тап болды.
Қазақстан БҰҰ-на әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді.
Біздің дипломатия ЕурАзЭҚ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы сияқты басымдығы бар ұйымдарды нығайтуға айрықша ден қоюға тиіс
Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) қатысуының негізінде экономикалық мүдде жатыр. Тәуелсіздік алған кезден бастап түрлі деңгейлерде ИКҰ-мен байланыстарға жол ашылды. Джиддадағы (Сауд Арабиясы) ИКҰ бас хатшылығымен тұрақты түрде хат-хабар алмасу жүзеге асырылады. Қазақстанның өкілдері Ұйымның және оның құрылымдық бөлімшелерінің сессияларына, атап айтқанда Ислам Даму банкінің экономикалық және сауда ынтымақтастығы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қонақтар ретінде қатысады.
ИКҰ өзінің тарапынан Қазақстанға мұсылман елі ретінде ғана емес, сонымен бірге халықаралық саясаттың белсенді субъектісі ретінде үлкен қызығушылық танытты.
1995 жылғы желтоқсанда Конакридегі (Гвинея) ИКҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің конференциясында Қазақстан Ұйымға толық құқықты мүше ретінде қабылданды. ИКҰ Жарғысына сәйкес Қазақстан Ислам Даму Банкінің мүшесі де болды.
2000 жылғы қарашада қазақстандық делегация Катардың астанасы Дохада өткен Ислам Конференциясы Ұйымының ІХ саммитінің жұмысына қатысты. Саммиттің күн тәртібіне халықаралық саясатқа, ислам әлемі мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ ИКҰ шеңберіндегі техникалық, мәдени және гуманитарлық ынтымақтастыққа қатысты өзекті мәселелер енді.
ИКҰ саммитіне жолдауында Президент Н.Назарбаев былай деді: «Халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрес ерекше маңызды сипат алуда, өйткені осы құбылыстар бірқатар мұсылман елдерінде әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтіретін тұрақсыздандырушы фактор ғана емес, сонымен бірге біздің бейбітшілік сүйгіш ислам дініне орасан зор нұқсан келтіреді. Ислам құндылықтарын қорғаудың жалған ұранымен кейбір күштердің Орталық Азия аймағында құқыққа қарсы және террорлық бопсалауды жүргізу әрекеттері байқалады. Біз ИКҰ діни экстремизм мен терроризмнің барлық түрлеріне қарсы үзілді-кесілді күресті бастауы тиіс деп есептейміз» .
Сондықтан Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы елдердің тәуелсіздік алған жылдарынан бастап, олардың ішкі және сыртқы саясаттарын қалыптастыруына ислам дінінің алатын орны тарихи жағынан талданып, экономикалық ынтымақтастығының қалыптасуын бұл ынтымақтастықтың қандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның перспективалары мен бағыттарын айқындауда. Оңтүстік Азия аймағындағы мемлекеттердің шетел мемлекеттері арасында қол қойылған екі және көп жақты саяси-құқықтық, нормативтік құжаттарды, деректік материалдарды бір жүйеге келтіріп, оны ғылыми айналымға енгізе отырып, осылардың негізінде аталған тақырыптың мәселелерін зерттеу диплом жұмысының өзектілігі болып табылады. Аз уақыттың ішінде ең төменгі деңгейден бастап және күрделі халықаралық қатынастар жүйесіне кіруге ұмтылыс жасай отырып, ислам дінінің қағидаларының негізінде және бұл бағыттағы исламизацияның «жаңаландыру» саясатының негізінде жаңа серіктестіктер мен ынтымақтастықтың тиімді сатыларына қарай бейімделу қажеттілігін талдау.
Сонымен қатар, диплом жұмысында егеменді Қазақстанның ОША елдерімен (Малайзия, Индонезия), сауда-экономикалық ынтымақтастығының алғы шарттары, дамуы және қалыптасуы, осы мемлекеттерге ислам дінінің саяси тәуелсіздік жолында тигізген әсері қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу нысанына тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ОША елдерінің экономикалық ынтымақтастықты қалыптастырудағы проблемалар мен перспективаларының тарихи аспектісі алынып және бұл елдердегі АҚШ-ның ықпалының дамуы талқыланды.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері Оңтүстік Шығыс Азия аймағында орналасқан елдердің тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, яғни 1960-2000-ші жылдардың аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының мақсаты тақырыбынан көрініп тұрғандай, аталған мемлекеттер аймағында экономикалық және саяси ынтымақтастықтарындағы АҚШ-ның алатын рөлін ашуға арналған.
Автор диплом жұмысының тақырыбын кездейсоқ таңдап алған жоқ. Мысалы, Малайзияда мемлекеттердің халықаралық байланыстары санасатын Конституцияның осы күнгі үлгісі, банк жүйелері, тағы басқалар және азаматтардың жеке тірліктерін реттеп отыратын шариғат нормалары қатар әрекет етеді. Диплом жұмысы Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы ірі мемлекеттер мүдделерінің ислам көзқарасына байланысты айырмашылықтарын және ОША-ғы өзара ынтымақтастығындағы АҚШ-ның ықпалының артықшылықтары мен кемшіліктерін зерттейді.
Мақсатқа байланысты бұл жұмысқа төмендегі міндеттер қойылған:
1. Оңтүстік Шығыс Азия аймағындағы елдердің саяси тәуелсіздік алудағы ислам дінінің рөлін және басқа да діндердің қатынасын қарастыру;
2. ОША аймағындағы тәуелсіз алған мемлекеттердегі Конституцияның жоғары заңдық күшін анықтау;
3. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің сыртқы саяси қарым-қатынасты қалыптастыруда ішкі саясатта жүргізілген ислам реформаларын жан-жақты зерттеу;
4. Малайзия, Индонезия елдерінің экономикалық дамуының ерекшеліктерін ашып зерттеп, талдау жасау.
5. АҚШ-ның ОША елдерімен экономикалық ынтымақтастықты қалыптастыруының тарихи кезеңдерін ашып көрсете отырып саралау.
6. Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Қазақстанмен қарым-қатынас орнатуы туралы жағдайды ашып қарастыру.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Деректер деректану пәнінің саралануына сәйкес мұрағат материалдары, заң және іс-қағаз құжаттары, мерзімдік баспасөз материалдары сияқты бірнеше топқа бөлінеді. Диплом жұмысының алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындауда негіз болған деректердің қайнар көздеріне қарай оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырып отырмыз.
Деректердің бірінші тобына мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын шарттар мен келісімдердің ішіндегі саяси шарттар құрады. Мұндай шарттардың қатарына АҚШ-ның ОША мемлекеттері арасында жасалған мәңгілік достық туралы шарттар енеді.
Деректердің екінші тобына сыртқы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған, екі және көпжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын құруға бағытталған шарттар мен келісімдер құрайды. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шығарған құжаттар жинағы мен Қазақстан Республикасы Халықаралық шарттар бюллетенінде жарияланып жүрген шарттар мен келісімдер жатады.
Деректердің үшінші тобына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ағымдағы мұрағат материалдары құрайды. Олар ОША аймағындағы экономикалық ынтымақтастық мәселелерін зерттеуде ерекше орын алады.
Деректердің төртінші тобына Қазақстан Республикасының Статистикалық Агенттігінің материалдары қолданылады. Статистикалық мәліметтер мемлекеттердің экономикалық жағдайын және олардың арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін көрсетеді. Сол арқылы экономикалық ынтымақтастықта орын алып отырған проблемалы жақтарға қорытынды жасауға және оның перспективаларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Деректердің бесінші тобын «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы құрайды. Бағдарламада Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегияларында шешімі жақын келешекте жүзеге асырылуы тиісті аса маңызды міндеттердің қатарына ел экономикасының жақсаруы, оны әлемнің алдыңғы қатарлы, дамыған елдерінің тәжірибелеріне сүйене отырып дамыту керектігі айтылады. Стратегиялық бағдарламада біздің жұмысымызға байланысты экономикалық дамудың перспективасын айқындайтын басымыдылықтар көрсетіледі.
Деректердің алтыншы тобын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, ҚР Сыртқы істер министрі К.Токаевтың еңбектері құрайды. Ол еңбектер ОША аймағындағы экономикалық ынтымақтастықты интеграциялық үрдіс аясында сараптауға көмектесті.
Деректердің жетінші тобына бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тақырыпқа байланысты құжаттар, ақпараттар, материалдар жатады. Бұған республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтар құрайды.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізі. Бұл тақырыпты зерттеудің негізгі әдістемелік қағидасына АҚШ-ның ОША аймағындағы мемлекеттермен халықаралық қатынастардың жаңа нормалары мен қағидаларына негізделген сыртқы экономикалық қатынастарын зерттеуді ұйғарған тарихи ұстаным қағидасы жатады. Бұл қағиданы қолдану халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуынан туындайтын қазіргі мәселелердің себебін зерттеуге мүмкіндік береді.
ОА елдерінің халықаралық қатынастарда алып отырған орнын көрсетуде объективтік қағида қолданылды. Ол зерттеу тақырыбына байланысты деректерді және тарихи құбылыстарды барлық қайшылықтарымен, күрделіліктерімен, сан қырлылықтарымен қоса жан-жақты зерттеуге негіз болды.
АҚШ-ның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен аймақтық ынтымақтастықты дамытуға алатын орнын анықтауда тарихи-жүйелілік және салыстырмалы сараптау әдістеріне сүйендік.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі
Ресей мен шетелдерде ОША елдерінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған бірқатар зерттеулер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жарық көруде. Осыған байланысты зерттеу тақырыбының теориялық негізіне танымал шетелдік, ресейлік, қазақстандық және тынық мұхит аймағының зерттеушілерінің (В.Ф. Вертхейм, Э. Утрехт, Я.М. Рейнхардт, Е.А. Дорощенко, А.Д. Литманова, П.А. Куричкина, П.И. Пучкова, И.Н. Яблокова және т.б.) еңбектері кірді.
Қазақстанның сыртқы саясатының барлық қырын отандық тарих ғылымында бірінші рет жинақтап қарастырған Қ. Тоқаев. Атап айтсақ К.Токаевтың «Под стягом независимости», «Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации» атты еңбектерінде Қазақстанның сыртқы саяси бағыты, біздің елдің басқа елдермен қарым-қатынастарының даму кезеңдері, сонымен қатар ОША елдерінің Малайзия, Индонезиямен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар қысқаша суреттеліп өткен. Еңбектерде ынтымақтастықтың геоэкономикадағы алатын орны айтылады.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Жұмыстың барысында қол жеткізілген зерттеудің қорытындылары мен ғылыми нәтижелерінің жекелеген бөлімдері халықарлық қатынастар тарихын зерттеушілер, саясаттанушы, аймақтанушы және болашақ тарихшы мамандарға осы тақырыпқа байланысты білімдерін толықтыруға өз септігін тигізеді деп ойлаймыз.
Диплом жұмысының құрылымы былайша құрылған: екі тармақтан тұратын бірінші бөлімде Индонезиядағы ұлт-азаттық қозғалыс, Индонезия демократия дәуіріндегі әлеуметтік экономикалық, идеялық алғы шарттарының өзіне тән ерекшеліктері сараланады. Нақты айтқанда Сукарноның жүргізген саясаты, оның режимі және әскерилердің Президент Сукарноның билік басынан кетірудегі Индонезияға тән ерекшеліктері жан жақты талданып, суреттелген.
Екінші бөлім екі тармақшадан тұрады – Малайзияның ішкі саясатындағы АҚШ тың саясаты, Малайзияның сыртқы саясатындағы АТР қауіпсіздік мәселесі Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарындағы елдердің қоғамдық өмірге қолданып, сыртқы саясатта қандай бағытта жүзеге асырылуына сипаттама беріледі. Сондай-ақ бұл бағытта жасалған шаралар жан-жақты қамтылады. ОША аймағындағы елдердің саясатында жүргізілген реформалармен қатар мұсылман мәселесі де қарастырылады.
Үшінші бөлім де екі тармақтан тұрады: Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің Қазақстанмен қарым-қатынасы, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің қазіргі уақыттағы қауіпсіздік мәселесіне баса көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі сыртқы саясатта ұстанған бағыты, халықаралық қарым-қатынас жасау жолдары қарастырылады. ОША елдерімен (Малайзия, Индонезия) достық қарым-қатынастың дипломатиялық және экономикалық байланыстың қалыптасуы сараланады, ОША елдерінің әр қайсысымен орнатылған дипломатиялық қатынастарға қысқаша шолу жасалды. Сонымен қатар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қазіргі заманғы халықаралық қауіпсіздік туралы ұстанған бағыттары қарастырылған.
Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде автор Америка Құрама Шттарының ОША елдерімен болашақта экономикалық ынтымақтастығының дамуына, оның алғы шарттарына және мүмкін болатын мәселелеріне баға беруге талпыныс жасайды....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Халықаралық қатынастар дипломдық жұмыстар, АҚШ тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты