Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

 Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
І Бөлім: Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері....
1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны – психологиялық- педагогикалық проблема.....................................................................
2 бөлім: Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.
2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ...............................
2.2. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұны. .............................................................
2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің кейбір технологиясы мен әдістемесі.......................................................
Қорытынды............................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ...................................................

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.
Осы тұрғыда жеткіншектердің экологиялық ой-өрісін дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен – күнге арта түсуде. Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік сезімі мен парызды дамытуы қажет, өйткені тіршілікті ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның құндылық жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Экологиялық білім бүгінгі заманның кешенді проблемасы ретінде философиялық - әлеуметтік зерттеулердің обьектісінен түскен емес. Олардың еңбектерінде экологиялық проблема жалпы адами тұрғыда қарастырылады (Э.В.Гирусов, А.С.Ахизер, И.П. Герасимов, В.Д.Мазур) [10;11;12;13]. Экологиялық білімді дамытуда бірқатар тұжырымдамалардың (Рио-де-Жанейрода (1992) БҰҰ –ның өткізген конференциясында қабылданған; ЮНЕСКО – ЮНЕП үкіметаралық конференцияда (Тбилиси, 1977) қабылданған [14]; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” 2003 ж. қабылданған) негізгі қағидаларының маңыздылығы жоғары болды [7].
Бүгінгі Республикамыздың Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңа деңгейде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Осы өзекті мәселенің бірі – ол бала бақшадан бастап, орта және жоғары мектептерде үздіксіз экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым – қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана – сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.
Адамның тура және жанама іс-әрекеттерінің қатысында еліміздің экологиялық жағдайының асқындап, оның дүниежүзілік қауіпті жағдайға айналып отырғандығы бәрімізге мәлім. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғарыға қарай жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады. Сонда бесіктен бастап, ата анаға дейін экологиялық тәрбие, мәдениет дағдысын қалыптасу қажеттігі туындайды.
Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерісті талап етеді. Кез–келген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын,яғни экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекет қажеттігі туындайды. Осы қажеттілік қанағаттандырылса ғана тұлғаны экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды деуімізге болады.
Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес,ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан-жақты етіп тәрбиелеу. Осы қайшылықтарды зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты “Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін №172 орта мектептің 7сынып оқушыларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен шарттарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушылардың өзі тұратын өлкелердің табиғатын қызғыштай қорғайтын адамзат етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
2. Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын анықтау.
3. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
4. Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі - эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зертеудің болжамы: егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу - әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами - эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.
Жетекші идея: оқушылардың экологиялық саналығы мен оның мектепте меңгерген жүйелі білім мазмұнының сапасына байланысты.
Зерттеудің әдіснамалық – теориялық негіздері Адам мен қоршаған табиғи ортаның өзара қатынасы туралы ілімі, таным теориясы, жеке тұлғалық іс - әрекет теориясы, табиғат пен оқушылардың өзара қатынасы туралы танымдық пікірлер, тұжырымдамалар философиялық көзқарастар, педагогикалық, психологиялық ой – пікірлер, ғылыми – зерттеулер мен болжамдар.
Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу – тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу - әдістемелік құралдар, электронды оқу – құралдары); педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар (ҚР Конституциясы, “Білім туралы”Заңы, ҚР “Қазақстан 2030” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау’; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т.б. қаулы қаралар, баяндамалар және т.б.) автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (салыстырмалы, индуктивті – дедуктивті талдау), эмприкалық (сұрау, бақылау, педагогикалық, эксперимент, педагогикалық іс – тәжірибелер); математикалық статистикалық есептеу әдістері теориялық талдау жасау қолданылды.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Экологиялық білім–барлық халықтың, соның ішінде оқушылардың дүниетанымы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтарының проблемасы. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.
2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік), жүзеге асырылады: мазмұндық – тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; Ұйымдастырушылық - оқу–тәрбие процесінде әртүрлі жүмыс формаларын, әдіс–тәсілдерді, амал– жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік – ғылыми тұрғыда негізделген жұмыстарды практикада қолданумен анықталды.
3. Оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасы экологиялық білім мазмұнын дұрыс жүзеге асыруға бағдарлайды.
4. Экологиялық білім мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі оқушылардың экологиялық білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады, экологиялық мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Орта білім беретін оқу орындарында сыныптарда және сабақтан тыс жұмыстарында оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие берудің ерекшелігі, мәні ашылды.
2. Оқушыларға сыныптан тыс факультативті сабақ арқылы жүйелі экологиялық тәрбие беру үлгісі жасалды.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану әдістемесінің мазмұны айқындалды.
4. Экологиялық тәрбие беруде сабақ және сабақтан тыс жұмыс формалары тәжірибе – эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді және олардың негізінде әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеудің дәлелдігі мен негізділігі нәтижелерді сынақтан өткізу мен ендіру) сипаттама беріледі.
Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздері – атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасының әдіснамалық – теориялық негіздері айқындалды., республиканың бүгінгі таңдағы әлеуметтік – экологиялық жағдайы оның білім саласына әсері мазмұндалады. Экологиялық білім жүйесінің қалыптасу кезеңдері дәлелденіп, әрбір кезеңге мазмұндық түсінік беріледі. Шет мемлекеттердегі экологиялық білім жүйесінің, өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Ұлтымыздың даналарының нақыл сөздерін сабақтың тақырыбына сәйкес пайдалану.
“Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру” - атты екінші бөлімде оқушыларға жаратылыстану пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беріп оқытудың принциптері, тиімді әдіс – тәсілдері беріледі. Оқушылардың экологиялық білімін сабақтарда, сабақтан және мектептен тыс уақытта әртүрлі жұмыс формалары арқылы жетілдіру жолдары қарастырылады. Тәжірибелі – эксперимент жұмысының нәтижесі беріледі.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды және ғылыми - әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Зерттеудің практикалық мәні:
Оқушы жастарға арналып “ Тіршілік тынысы өсімдік ” атты факультативтік курс бағдарламасы;
Сыныптан тыс жұмыс формаларында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты ғылыми - әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, лицейлер мен гимназиялардың оқу тәрбие процесінде, сондай – ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер біліктілігін жетілдіретін салаларда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының “Экология” кафедрасында баяндамалар жасалынып, мақұлданды.
Зерттеу жұмысымыз 2 жыл бойы қарастырылды 1-кезеңде зерттеу тақырыбы алынып, осы проблема бойынша философиялық, педагогикалық, оқу - әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Білім беретін мектептерде табиғат қорғауға бағыттай жүргізілген көпшілік және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер зерттелді. Бұл кезеңде экологиялық білім берудің теориялық негіздері зерттелді және оларды шешу әдістері анықталынды. 2–кезеңде анықталған әдістердің теориялық негіздері №172 қазақ орта мектебінде практикалық жүйеде тәжірибеден өткізіліп, тұжырымдалды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру