Психология | Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері
Мазмұны
КІРІСПЕ.................................................................................................................
І ТАРАУ АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
1.1. Аномальды балалардың даму тарихы.........................................................
1.2. Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
ерекшеліктері.......................................................................................................
ІІ ТАРАУ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКЕМЕЛЕР
2.1 Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды оқыту және
тәрбиелеу мәселелері..........................................................................................
2.2 Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультация қызметі..................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі:
Кез келген мемлекеттің өркендеуі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі және денсаулығымен бағаланады.
Қ.Р. Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Дені сау ұлт» үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары екендігін айта отырып, балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуына аса көңіл бөлді.
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Аномальды балалар тәрбие ісінде, оқытуда көптеген қиындықтар келтіреді. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл-ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде пайда болады. Балалардың өсіп-дамуы бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болатындықтан, аномальды балаларды зерттеу қиындай түседі. Бұзылудың қандай түрі болмасын баланың өсіп-дамуына өз тарапынан ерекше әсер етеді.
Дефектология курсының мақсаты әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру.
Осы курстың міндеттері:
дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы және оның дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық сипаттама беру;
арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жүйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілдері мен формаларын ашу;
мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету;
дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу;
балалардың бойында кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зерттелуінің объективті заңдылықтарын жүзеге асыру;
аномальды балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру;
аномальды балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік ерекшеліктерін зерттеу;
аномальды балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін, білім алуын жақсартуды жолға қою;
арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке даярлау.
Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар:
1. Баланың бас миының дұрыс қызмет жасауы;
2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы;
3. Сезім мүшелерінің сақталып, дұрыс қызмет атқаруы;
4.Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте жүйе бойынша оқытылуы.
Аномальды балалар біздің елімізде жылдан-жылға азаюда. Жұқпалы ауруларды профилактикалық емдеу әдістерімен жолға қою арқылы елімізде балалардың денсаулығы жақсарып келеді.
Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқытудың мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қоймайды, сонымен қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты – аномальды балаларға жалпы білім беру болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні: Аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының объектісі: Аномальды балалар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Аномальды балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анализдей отырып, оларға коррекциялық көмек көрсетудің жолдарын ашу.
Міндеттері:
1. Аномальды балалардың даму тарихын анализдеу;
2. Аномальды балалардың негізгі категорияларын талдау;
3. ОҚО бойынша аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелеріне тоқталу;
4. Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық кеңес қызметін ашып көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Диплом жұмысын орындау барысында жинақталған теориялық материалдар, аномальды балалардың педагогикалық және психологиялық ерекшеліктерін терең түрде түсіну мақсатында, арнаулы мектептерде қолдануға ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының базасы: Ленгір қаласындағы тіл кемістіктері бар балаларға арналған арнаулы мектеп.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, аномальды балалардың ерекшелігі көрсетілген.
Бірінші тарауда аномальды балалардың даму тарихы, аномальды балалардың негізгі категориялары және олардың пайда болу себептері қарастырылған.
Екінші тарауда Оңтүстік Қазақстан облысындағы аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері және оларға көрсетілетін психологиялық-педагогикалық кеңес қызметі сипатталған.
Қорытындыда аномальды балаларды оқыту және тәрбиелеу – әлеуметтік проблема екендігі көрсетілген.
І ТАРАУ АНОМАЛЬДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Аномальды балалардың даму тарихы.
Ерте кезде де аномальды балаларға әлеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын (жағдайын) белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномальды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленді. Киев Русінің негізгі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «Жүз тарауында» («Стоглавасында») аномальды балалардың қоғамдағы орны ерекше бұйрықтармен шектелді.
Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып білуі қалай өтеді деген мәселемен шұғылданды.
Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро және басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.
А.И.Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамуының кейбір заңдылықтарын анықтайды. Неміс философтары Кант және Бауэр аномальды балалардың даму ерекшеліктері жөнінде жазды.
Кемістігі бар балаларға арналған мекемелердің пайда болу тарихы XIX ғасырдың II жартысынан Ұлы Қазан революциясының уақытына дейін созылады. XIX ғасырдың 80 жылдары Ресейде тек соқыр адамдарға арналған Санкт-Петербургтік училище және Петер, Мәскеу, Варшавада құлағы нашар еститіндер мен ақыл-есі кем балаларға арналған приют пен арнайы мектептерде 200-ге жуық балалар ғана тәрбие алатын.
XX ғасырдың басында тек екі қосымша мектептерде ғана балаларға логопедияялық көмек көрсетілді. XIX ғасырдың соңында ғана Ресейде зағип адамдар саны 250 000 жуық, құлағы нашар еститіндер саны 150 000, ақыл-есі кем адамдар саны 200 000 жеткен еді.
Ең алғаш аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу проблемасы 1896 жылы кәсіби-техникалық білімді басқарудың №2 съезінде талқыланған болатын. Сол съезде көзі нашар көретіндер, құлағы нашар еститіндер, ақыл-есі кем балаларды оқыту секциясы құрылды. Бұл жерде талқыланған мәселе – Ресейдегі аномальды балаларға үкімет басшылығының және қоғамның көңілін аударуды және арнайы мекемелер жүйесін ұлғайтып, кеңейтуге ұсыныс етті. Бұл секцияның ең басты жұмысы – Ресейдегі дефектологтардың I съезді болатын. Съезге қатысушылар аномальды балаларға деген қамқорлық – ол қоғамның міндеті екендігін дәлелдеді. Олар балаларға көмектің тек негізгі формасын ғана емес, мектепке дейінгі және мектептегі балаларға арналған мекемелер құрылымын анықтады. Бұл сұрақтардың шешімін тапқан соң шетелдік аномальды балаларға арналған мекемелердің тәжірибесі ескерілді.
Съездің шешімі бойынша осы проблемелар, яғни аномальды балаларға көмек беру, оларды емдеу, оқыту бүкіл ресей қоғамдық бағдарламасының басты міндеті болды.
Ауытқуы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің даму құрылысы филантропикалық негізде болды. Ал арнайы мекемелер жүйесінің даму проблемасы шешілмей қалды.
Ұлы Қазан революциясынан кейінгі барлық іс-шаралар, яғни ауытқушылықпен күресу және оның профилактикасы жалпы өсіп келе жатқан ұрпақтың саулығын сақтауға бағытталады.
Аномальды балаларды тәрбиелеудегі жабық жүйеге Л.С.Выготский қарсы болды. Аномальды балаларға арналған мекемелер жүйесінің түрлері көбейді, олар: балалар үйі, мектептер, қабылдау мектептері және т.б. мекемелер болды.
Н.К.Крупская аномальды балаларға қамқорлық жасай отырып, ақыл-есінің дамуында және физикалық дамуында ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесін ашудың маңыздылығын атап көрсетті.
Аномальды балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі сол уақытта тек мектеп қана емес, мектепке дейінгі де және көзі көрмейтін, құлағы естімейтін ересектерге арналған кешкі оқыту мекемесі қолға алынды.
Арнайы мекемелер – мектеп-интернаттар, ондағы балалар толығымен мемлекеттің қарамағында қадағаланды. Ондағы балаларда кездесетін қиындықтарға байланысты дефектолог - мұғалімдердің еңбекақысына 20% қосымша төленіп отырды.
Нашар еститіндер, нашар көретіндер, тілінде кемістігі бар және ақыл-есі кем балалар жалпы орта білім беретін мектепте білім алғаннан кейін, өз мүмкіншіліктеріне байланысты арнайы және ЖОО-да оқуға мүмкіндігі болады. Арнайы мектептерде оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіби білімді жұмыстан бөлмей оқуға дайындық жүргізілді.
Дамуында ауытқуы бар балаларға «Жалпылама және міндетті оқыту заңы» толық таратылды. Арнайы мектептер жүйесі оқу жоспарымен, оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен қамтамасыз етілді. Барлық аномальды балалар жынысына, әлеуметтік статусына қарамастан арнайы мекемелерге оқуға түсуге құқығы болды.
Жас ерекшелігіне байланысты барлық арнайы мекемелер үш типке бөлінді:
1. Мектепке дейінгі мекемелер (балабақша, балалар үйі, арнайы бөлімдер);
2. Мектеп және мектеп-интернаттар (аномальды балалардың категорияларына байланысты);
3. Ересектерге арналған кешкі мектептер.
Аномальды балаларға арналған мекемелердің типтері:
1. Тілінде кемістігі бар жандарға арналған арнайы мектеп-интернат. Бұл мектептер 1-12 сыныптан тұрады. 1-сыныпқа 7 жастан қабылдайды, дайындық сыныптарында 6 жастан оқытылады.
12-сыныптың түлектері емтихан тапсырады, оларға «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі. Мұнда балалардың сөйлеу және сөздік-логикалық ойлауының қалыптасып, дамуына ерекше назар аударылды. 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін балалар арнайы оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен оқытылады. Ал, 8-12 сыныпқа дейін жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып отырады. Сыныптың құрамы 12 адамнан тұрған. 12 жастан бастап жұмысқа дайындық топтарында 5-7 адамнан оқытылды. Мектеп-интернаттағы алдын алу және қалпына келтіру, гигиеналық және консультациялық жұмыстарды маман-дәрігерлер (оториноларинголог, психоневролог, педиатр) жүргізді.
2. Нашар көретіндер және зағип жандарға арналған мектеп-интернат. Зағип балалар оқу жұмысында тактильді-кинестикалық және есту құралдарымен оқу материалын қабылдайды. Оқушылар офтальмолог-дәрігер, психоневролог, педиатрдың тұрақты бақылауында болады. Мұндай мектеп-интернаттың екі типі бар:
1) он жылдық; 2) он екі жылдық. Сынып құрамы 12 адамнан тұрады. Зағиптарға арналған мектептерде политехникалық білім беріліп және кәсіби дайындық беріледі. Оқыту процесі жалпы білім беру жүйесіне сәйкес келеді. Оқыту «рельефтік-нүктелік» шрифтке негізделген. Оқыту барысы жоғары деңгейде жарықтандырылған (500 мк жоғары емес), парталардың арнайы конструкциясы жылжымалы қақпағымен, оқулықтар үлкен шрифтпен жазылған, дәптерлері ерекше болады. Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелу арнайы бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл мекемелердің жұмысы: тәрбиелейді, емдейді, мүмкіндігі бойынша қалпына келтіреді және көру функциясының өзгерісін дамытуға тырысады.
3. Тілінде кемістігі бар балаларға арналған логопедиялық мекеме. Арнайы сабақтарда әр түрлі тіл кемістіктерін жоюға байланысты жұмыстар енгізіледі. Бұнымен жоғары педагогикалық білімі бар мұғалім-логопед айналысады. Логопедиялық жұмыс психотерапиялық және физиотерапиялық түрде жүргізілген. Мұндай комплекстік-коррекциялық педагогикалық емдеу жұмыстары ұзақ уақыт өтеді, үш айдан бір жылға дейін созылады. Тілінде күрделі ауытқуы бар балалар мектеп-интернатта білім алады. Мәселен алалия, афазия, ауыр дизартрия және дислалия, алексия, аграфия, өткір білінетін дисграфия және ауыр формадағы тұтықпа ауруымен ауыратын балалар оқытылады. Мектеп-интернатта 1-11 сыныпта оқытады. Бірақ «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі.
4. Халықтық білім беру жүйесінде арнайы бала-бақшалар және арнайы балалар үшін мектепке дейінгі топтар ақыл-есі кем балалар үшін қарастырылады. Мектепке дейінгі мекемелерде келесі диагнозы бойынша балалар қабылданады: дебиль сатысындағы олигофрения. Олардың жастары 4-тен 8-ге дейін болуы қажет. Ақыл-есі кем «өте төмен дәрежедегі» балаларға (имбецил, идиот) әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде балалар үйі қарастырылады. Онда 4-18 жас аралығындағы балалар тұрады.. «Өте ауыр дәрежедегі» ақыл-есі кем балалар, яғни идиоттар психохроника колониясына жіберіледі. Емдеу, сауықтыру, қалпына келтіру жұмыстарын дәрігер-маман (ортопед, психоневролог, педиатр, физиотерапевт) және инструктор (әдіскер) емдеу физкультурасының әдістерін логопед жүргізеді. Дайындық топтарында сабақ уақыты 30-35 минутқа қарастырылған. Сынып құрамы 16 оқушыдан тұрады.
5. Соқыр-мылқау балаларды оқыту арнайы мекеме – Загорск қаласындағы балалар үйінде қарастырылып, іске асырылды. Дүниежүзінде мұндай мекемелер көп емес. Мұнда 50 бала оқытылады. Олар: соқыр-мылқаулар, нашар көретін керең-мылқаулар, нашар еститін соқырлар (интелектісі нормада) болып табылады. Бұл балаларды тифло-сурдопедагогтар және әр түрлі маман-педагогтар зерттейді. Балалар үйінде сабақ сыныпта 3-4 оқушымен өтеді. Әр топта үш педагог ауысып отырады, яғни әр оқушыға бір педагогтан болады. Тәрбиелеуші педагогтармен әрдайым тығыз байланыста болады. Сонымен қатар педиатр, офтальмолог, оториноларинголог, невропатолог жұмыс істейді. Оқуды балалар 3 жастан бастап 19-20 жаста аяқтап отырған. Себебі, олар 12 жылдық жүйе бойынша оқиды. Одан бөлек 16 жастан бастап балалар үйінде оқу-еңбек топтары жұмыс істейді. Мұндағы балалар оқып бітіргеннен кейін «Бүкілресейлік соқырлар қоғамы» мекемелерінде жұмыс істейді. Сол мекеменің жатақханасында өмір сүреді.
Аномальды балаларды зерттеумен медицина және биология ғылымының өкілдері де шұғылданады.
Организмнің аномальды тұрғыдан бұзылу механизмі қандай деген мәселеге өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалалары өзара қандай қарым-қатынаста болады? Бала естімегенде оның көзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелермен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айнлысты. Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге үлкен көңіл бөлінуде.
Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан және ақыл-ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттігінен дәрігерлер, физиологтар және медицина-биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жұмыс істеуде.
Психологтарға келетін болсақ, олардың назары қашан да аномальды балаларға аударылып келгені мәлім. Ал педагогтарға келсек, олар керең баланы оқытуға бола ма, көзі көрмейтін балаға жазуды үйретуге бола ма деген мәселемен айналысты. Осыған байланысты бұлардың арасында прогрессивті және реакцияшыл көзқарастары бар көптеген теориялар да орын алды.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар