Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері
Мазмұны
КІРІСПЕ...................................................................................................................
1 БӨЛІМ. МАМАНДЫҚ БАҒДАР БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ.
1.1.Орта буын оқушыларын мамандық таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері..........................................................................................
1.2.Мамандық бағдар беруде жеткіншектердің жас ерекшеліктерін ескеру........
2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚҚА ИКЕМДІЛІГІН
АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
2.1. Мамандық бағдар беру барысында оқушылардың жекелік
қасиеттерін зерттеу..................................................................................................
2.2. Оқушылардың мамандыққа қызығушылығын диагностикалау......................
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................................................
КІРІСПЕ
Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.
Талдау, оқушылардың жеке даралық психикалық қасиеттерін бағалау үшін темпераментті анықтауға Айзенк, Стреляу тестері, мамандыққа икемділігін анықтауға Климовтың жасаған тесті, балалардың ұйымдастырушылық және коммуникативтік қасиеттерін зерттеу тестері көмегімен оқушыларды зерттеу және нәтижесін талдау.
Зерттеу базасы Алматы қаласындағы № 87 орта мектеп.
Дипломдық жұмысты орындау екі кезеңде жүрді.
Бірінші кезеңде мамандық бағдар берудің психологиялық негіздерін зерттеу, бұл жұмыстың мазмұны және әдіс — тәсілдерімен танысу, ғылыми әдістемелік әдебиеттерді талдау, дипломдық зерттеу тақырыбын, зертеу жұмысының ғылыми аппаратын анықтау жұмыстары жүргізілді.
Екінші кезеңде мектеп оқушыларының жекелік психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нәтижелерін талдау арқылы олардың мамандыққа қызығушылығын, қабілеттерінің ерекшеліктері анықталып, баланың қай салада қызмет атқаруға икем екендігі туралы болжам жасалды.
Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 БӨЛІМ. МАМАНДЫҚ БАҒДАР БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Оқушыларды мамандықты таңдауға даярлаудың
психологиялық негіздері
Мамандық - рrоfessio - деген фрацуз тілінде ресми түрде жариялаймын деген мағнаны білдіреді. Мамандық бағдар беру - әр адамның жекелік қасиеттеріне, қызығушылығына, қабілетіне, қоғамдық қажеттілікке байланысты мамандық таңдап алуына ықпал жасау.
Мамандықты дұрыс таңдаудың өр адамның өз өмірінде табысты болуына және әлеуметтік ортада барлық қабілетін толық ашуға негіз болатындығын көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп шыққан. Мамандыққа бағдарлаудың негізін құрушылар Ф.Гальтон, А.Кершенштейнер, Г.Мюнстерберг, П.П.Блонский, Ю.П.Сокольников,
Т.Н.Мальковская, Г.А.Уманов т.б. ғалымдар әлеуметтік-кәсіби бағдарлау идеяларын қалыптастырды. Осы идеяларға сүйене отырып барлық ізгіниетті мемлекеттер өз ұрпақтарын тәрбиелеу барысында оларға кәсіби бағдар беру, кәсіп беру мәселелерін өз халқында қалыптасқан дәстүрлерге сүйене отырып ғылыми негізде шешу жолдарын іздестіруде.
Жалпы білім беру мектептерінің тұжырымдамасында оқушыларды қандай да бір іс-әрекет түріне баулу және әр баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін, қабілеті мен білімділігін анықтауға мүмкіндік беру қажет екені анықталған. Бұл мәселені шешу әр мектепте әр түрлі жолдармен жүргізіліп жатыр. Психологиялық қызмет ұйымдастырылған мектептерде балалардың жекелік психикалық қасиеттерін анықтаумен шектелуде. Ал шын мәнінде бұл қызмет көпқырлы және көпсырлы болуға тиісті.
Оқушыларды алдын-ала кәсіби диагностикалаудан өткізу проблемасын зерттеу үшін көптеген арнайы және жалпы диагностикалық әдістемелер жасалған. Оның ішінде Айзенк пен Стреляудың темпераментті өлшеу тестері, Бине-Симон жасаған интеллектуалдық қабілеттілікті анықтау шкаласы, Айзенктің интеллекті зерттеу тестерінің вербалдық, математикалық және техникалық субтестілері, Филипстің баланың мазасыздану деңгейін анықтау тесті, коммикациялық және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу тестері тағы сол сияқты көптеген әдістемелер. Олардың нәтижесін кәсіби бағдарлауда қолдану ережелерін Айзенк, Лемтес т.б. анықтаған.
Бұл жұмыстың мазмұны жеке адамнаң психофизиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп келесі компоненттер бойынша мағлұмат алудан тұрады:
- мінез-құлқының жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- жүйке қызметінің жеке-даралық ерекшеліктерін анықтау;
- қызығушылығы, бейімділігі, қабілеті, кәсіби ниеттері туралы мағлұматтар алу;
- құндылық бағдарлануы;
- білімі, іскерлігі және дағдалары.
Кәсіби бағдарлауды жүргізуге негіз болатын идеялар жастарға білім беру тұжырымдамасында анықталады. Біздің мектеп тұжырымдамасында кәсіби бағдарлау идеясы әр адамға мамандықты дұрыс таңдауға қажетті қабілеттері мен қызығушылығын анықтауды ұйымдастыру. Әдіснамалық сипатта бұл проблема оқушылардың өмірлік және кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізудің даралық ұстанымы жатады. Бұл ұстаным бойынша оқушылардың өмірлік және кәсіби жоспарларына байланысты топтау арқылы, сыныптастыру жұмысын жүргізу негізінде оларға бағдар беру программасы анықталады.
Кәсіби бағдарлау жұмысын негізгі екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Біріші кезең - әлеуметтік-кәсіби бағдарлау. Бұл кезеңде балаларға жалпы мамандық, мамандық бойынша қызмет атқару, табыс көзі, мамандық шеберлік және сондай жалпы мағлұматтар беріледі. Бұл кезеңнің міндеттері:
- мамандақ туралы жалпы ұғымды меңгерту, мамандықтар әлеміне саяқат жасау арқыла баланың мағлұматтылығын қалыптастыру;
- шебер адамдардың құрметке бөленетінін, олар материалдық және рухани байлыққа өз шеберлігі арқылы жеткендіктерін көрсету;
- мемелкеттің әлеуметтік-экономикалық даму тенденциясына байланысты ңандай мамандықтардың болашағы мол деп болжамдауға болатындығын көрсету;
Туыстарының, таныстарының, достарының мамандықтарын, олардың перспективасын көрсету;
- еңбектің шығармашылық сипатымен таныстыру;
- еңбек романтикасы туралы мағлұмат беру;
- еңбектің материалдық және рухани байлықтың көзі екенін көрсету.
Осылайша еңбек, кәсіби әрекеттің өзі құндылық екенін айқындап, әрбір жеке адамның мамандықты дұрыс таңдап өмірдегі өз орнын табуға ұмтылылысы болғанда ғана оның қызығушылығы одан әрі дамып, мәртебесі өсіп, жоғары мансаптық орынға ие болуына мүмкіндік туады. Мамандыққа қызығушылығы бар адамға оны толық және сапалы меңгеруге жол ашылады.
Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыруда құндылықтардың қалыптасуына үлкен әсерін тигізетін нәрсе — мотивтер екенін ескеру қажет. Мамандықтарды таңдау мотивтерін алты топқа бөлуге болады:
- жалпы мотивировка;
- мамандықтың романтикасы;
- танымдық сипатындағы мотивтер;
- қоғамдық мәні бар мамандық таңдау мотиві;
- беделге, үлгіге сүйену;
- мотивацияланбаған таңдау.
Барлық мотивтері сипаты бойынша төрт топқа бөлеміз: а) нақты еңбекке бағытталған, мақсаты анықталған, дәлелге негізделген мотивтер; б) нақты емес, жеткіліксіз себептестірілген мотивациялар; в) сенімсіз, негізсіз мотивациялар; г) ешқандай негізі жоқ мотивациялар.
Өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтыла отырып, адам өз алдына нақты бір мақсат қояды, бірақ бұл мақсат өз бетімен жүрмейді, ол адамның бағыттылығымен тығыз байланысты жүреді де оның барлық іс-әрекеттерінің бағдарламасын болжамдайды. Қажеттіліктерді, қызығушылықтарды қанағаттандыру, мақсатын жүзеге асыру нақты бір мәселелерді шешусіз, сәйкесінеше жұмысты орындаусыз мүмкін емес. Сондықтан әрбір жағдайда адам объект, құбылыс немесе іс-әрекет түрлерін таңдайды. Осылайша таңдау жеке адамның қажеттілігін өтейді.
Мамандық таңдау мотивтерін анықтауға арналған көптеген әдістемелер бар. Оларды қолданып зерттеу жүргізу нәтижесінде балалардың мектеп бітіру шағында мотивациялық сферасы өте нашар көрініс беретіндігі анықталған. Бұл жағдай мектеп түлектерінің қалаулары анықталмастан, болашақ өмір жолын анықтауға өздері үлес қосуға шамасы келмейтіндігін көрсетіп отыр.
Жеке адамның басқа психикалық қасиеттері де өзара тығыз байланыста болады. Осы байланыстылықты былайша көрсетуге болады: қажеттіліктер - қызығушылықтар - объективті құндылықтар — мотивтер - мақсат — таңдау.
Психологияда темпераментті деп адамның психикалық процестерінің динамикасын анықтайтын қасиетті айтады. Темпераменттің табиғатын И.П.Павлов зерттеген. Оның ілімі бойынша жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері - қозу мен тежелудің жүру күші, олардың алмасуы, динамикасы. Темперамент олардың тек қана біреуіне тәуелді болмайды, олардың үйлесімділігіне тәуелді. Бұл үйлесімділікті И.П.Павлов жүйке қызметтерінің түрлері деп атаған. Неміс ғалымы И.Кантттын сыныптастыруы бойынша темперамент төрт типке бөлінген. Қант берген типологияны Павловтың сипаттамаларымен толықтырып, қазіргі кездегі психологияда ең кең қолданылыатын сыныптастыру негізінде темперамент типтері холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик деп бөледі.
1 - холерик. Бұл темперамент өкілдерінің жүйке процестері күшті жүреді, барлық іс-әрекеттерге белсенді кіріседі де шалағай орындап тастайды, сапаға терең үңілмейді, қозу процесі күшті және басым болғандықтықтан олар көп жерде ұшқалақтық көрсетеді, жаңалықты қуанышпен қолдайды, тәуекелге барғыш, ұрысқақ, кек сақтамайды, жүріс-тұрысы үйлесімсіз.
2 - сангвиник. Сангвиниктердің жүйке процестері күшті жүреді, қозу мен тежелу процестері тепе тең, жеңіл алмасады, іскер, сөзшең, адамдармен тіл табысқаш, барлық әрекетке ынтамен бастайды, бірақ қазағушылығы тез басылады, барлық жұмысты қызықты және қызықсыз деп бөледі, икемделгіш.
3 - флегматик. Флегматиктердің жүйке процестері күшті жүреді, байсалды, барлық нәрсені ойланып, асықпай сапалы орындайды, сыйысымды, тіл табысқыш, ашушаң емес, жай қимылдайды.
4 - меланхолик. Меланхоликтердің жүйке процестері баяу жүреді, салмақты, қозу және тежелі процестері жай алмасады, үйреншікті жерде іскерлік, ашық-жарқындық көрсетеді, жаңалықтан қорқады, сасқалақ, кейде ұстамалы.
Темперамент ерекшеліктерін диагностикалауға Айзенк, Стреляу тестерінен кеңінен қолданады. Осы әдістемелерді қолдану арқылы тек темперамент типі анықталып қана қоймастан, сонымен қатар балалардың экстраверсия-интроверсияның қайсысына жақын екені анықталып, невротизмнің байқалатындығы да диагнотикаланады.
Адамның темпераменті таза бір типте болуы сирек кездеседі. Көбінесе темперамент бірнеше түрінің қосындысы болып келеді. Сондықтан темпераментті зерттеу нәтижесінде доминанта көрсеткіші темпераменттің қай типінен екенін анықтап, қосалқы көрініс берген типтердің де мінездемесіне үлкен көңіл аударған дұрыс болады. Темперамент типін анықтау негізінде балаларға олардың жүйке процестерінің күшті және әлсіз, теріс көрсеткіштерін анықтап беріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында теріс көрсеткіштерінің әсерін төмендету қажет екені түсіндіріледі.
Сондай-ақ жеке адамның даралық ерекшеліктеріне мінез-құлық жатады. Психологияда мінез-құлық ерекшеліктерін келесі төрт көрсеткіштермен бағалайды:
- ұжымға және басқа адамдарға деген қатынасы, сыйласуы, сыйысымдылығы;
- еңбекке деген қатынасы, еңбеккерлігі, шыдамдылығы, табыскерлігі;
- заттарға деген қатынасы, мұқияттылығы, үнемділігі, пысықтығы немесе салақтығы, ықтиярлы немесе ықтиятсыз дығы;
- өзіне деген көзқарасы, өзін-өзі жақсы көруі, көкіректігі, мақтаншақтығы, атақ құмарлығы.
Адамның мінезі кезкелген қасиеттердің кездейсоқ жиынтығы емес. Мінездің жеке көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланыста болып бір тұтастық құрады. Мінездің барлық көрсеткіштері және темперамент ерекшеліктері біріне бірі тәуелді байланыста. Дегенмен, темпераментті өзгертуге болмайды, ал мінез-құлық көріністері тәрбиеленеді, оны адам өзін-өзі тәрбиелеу барсында жетілдіруге болады.
Кәсіби бағдар беру және кәсіби таңдалу барысында осы және тағы басқа жекелік ерекшеліктер талданады. Жекелік психикалық қасиеттерді диагностикалау әдіс-тәсілдері көп мөлшерде қалыптасқан. Олардың көмегімен барлық психикалық ңасиеттерді жан-жақты талдап шығуға мүмкіндіктер мол.
Мінез-құлық ерекшеліктерін анықтауға арналған әдістемелер ішінде Филипс жасаған оқушылардың мектептегі мазасыздану деңгейін анықтау тесті, Шмишектің мінез акцентуациясын анықтау әдістемесі, бала агрессиясын зерттеуге арналған Басса-Даркидің тесті тағы сол сияқты бірнеше әдістемелерді қолданып, әр адамның мінез ерекшеліктерін толық және жан-жақты бағалап шығуға мүмкіндік береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтамалар береді. Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған түқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лоренд, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрация мен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард).
Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект-субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді. Деструктивтік әрекет дегеніміз адамның алдында тұрған бөгетке шабуыл жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екенін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін, немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін.
Жеткіншек жас кезеңінде себепсіз агрессия, немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін, және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, агрессиясы нормадан тыс дамыған балалармен түзету жұмысын жүргізуі керек.
А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі-мотивациялық агрессия, осы құбылысты туғызған еебеп-сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі — инструменталдық агрессия, немесе өзін қорғау үшін, басқаларды зәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Оларды кәсіби бағдар беру барысында анықтау арқылы мінезді тәрбиелеу туралы кеңес ұйымдастыруға негіз болады.
Кәсіби бағдар беру барысында балалардың іс-әрекет түрлеріне қабілеттілігін анықтаудың орны ерекше. осы заңдылықты ескере отырып, біртіндеп бейімділікті тәрбиелеу керек. Бейімділік деген адамның тіршілік объектісіне ықыласымен, жасампаздықпен, шығармашылықпен қарауы және оны меңгеруге белсенділік білдіру. Әдетте оқушының тапсырмаға деген бейімділігі болса, оны орындауға бала уақытын үнемдемейді және өз тілегін сапалы орындалғанын талап етеді. Осы әрекет барысында бала табысты болса, ол қабілетінің бар екенінің кепілі.
Қабілеттіліктің негізгі көрсеткіші ретінде жаңа білімді және іскерлікті тез және сапалы меңгеруі, ептілігін жетілдіруге ынтасы, іс-әрекет нәтижесінің жоғары дәрежеде болуы. Оқушыларда кәсіби бағдарланудың нәтижесі ретінде біз тек мектеп бағдарламасын меңгеруі емес, сонымен қатар қандай-да бір мамандықты меңгеруге бейімділігін қарастырамыз. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті, дағдыны тез және сапалы меңгеруі, іс-әрекетте табысты болуы, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі.
Білімге, ептілікке және дағдаға деген қатынасында адамның қабілеті, қандай да бір мүмкіндігі ретінде көрінеді. Білім, іскерлік, дағдыларды адамның меңгеруі көптеген жағдайларға байланысты жүреді. Мысалы, қоршаған ортасының әсері адам қалай оқытылғаны, оның іс-әрекеттері қалай ұйымдастырылғаны, қарым-қатынас мәдениетіне үлкендердің қандай үлгілері негіз болды - бұлардың бәрі күнделікті өз әсерін тигізіп, сол адамның барлық адамдық қасиеттерді меңгеріп, өзінің қабілеттерін ашуға негіз болады.
Адамның қандай да бір мамандыққа қабілетін дамытатын қолайлы жағдайлар туындаған кезде жоғарыда аталған шарттар мен физиологиялық процестер көрініс береді. Соның нәтижесінде адамның қабілетінің нышаны ашыла бастайды. Адамның мамандықта табысты болуын болжамдау оның табиғи қасиеттерінің ерекшеліктерін зерттеуден бастау керек. Сонымен қатар қабілеттен басқа жеке даралық ерекшеліктерге мінез-құлық ерекшеліктері темпераментпен өте тығыз байланысты.
Бұл қасиеттер консервативтік, кертартпа әсері бар, тұрақты қасиеттер.
Қабілет ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген Б.М.Теплов оны жалпы және арнайы қабілеттерге бөлген. Жалпы қабілет адамның өміріне қажетті барлық іс-әрекет түрлерін тез меңгеруі және оларды сапалы орындауы. Арнайы қабілет адамның іс-әрекет түрлерінің бір саласында ерекше табысқа ие болуын қамтамасыз етеді. Мысал ретінде музыкалық, көркем-өнерлік қабілеттерді атап өтуге болады.
Мамандыққа бағдарлау барысында осы қабілеттірдең түрлерін нақты анықтап, іс-әрекеттің қандай түрлерінде адам ерекше табысқа тезірек жететінін болжамдауға мүмкіндік туады. Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған әдістемелер өте көп. Солардың ішінен Айзенк тестерін атап өтіге болады. Айзенк Тестері сегіз субтестен түрады. Әрқайсысы 50 тапсырмадан құрылған. Олардың ішінен вербалдық, математикалық, техникалық қабілетті анықтау субтестілері деп әр түрін жеке дара қолданып, іс-әрекеттердің қай түрінде адам өзінің қабілеттерін толық ашуға мүмкіндіктері молырақ екені анықталады.
Мамандық бағдар беру барысында балалардың психикалық ерекшеліктерін жан-жақты диагностикалау арқылы олардың болашақта қай салада табыста болуға мүмкіншіліктері молырақ екенін анықтауға көмек еөрсетіледі. Зерттеу нәтижелері бойынша болалармен кеңес жүргізіліп, олардың пәнедерге қызығушылығы, мектептен тыс қызығушылығы, мамандық таңдау мотивациялары, ата-аналарының мамандықтары, мамандықтар туралы мағлұмат алу көздері тағы көптеген мәселелер анықталады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар психология жобалар дипломдық жұмыстар